2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізгі қағидаттары
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау:
1) тұтынушылардың экономикалық мүдделеріне жәрдемдесу және осы мүдделерді қорғау;
2) сатушы (дайындаушы, орындаушы) ұсынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпараттың қолжетімділігі және дұрыстығы;
3) тұтынушыларды сауаттандыру;
4) тұтынушылардың заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету;
5) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысуы;
6) тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) қамтамасыз ету қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.»;
3) 4-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) отырыстарда жылына екі реттен сиретпей тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін қарайды;
1-2) жыл сайын 1 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Президентіне тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жай-күйі туралы жылдық есепті жібереді;»;
4) 5 және 6-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
4) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
5) тұтынушылардың шағымдарына жартыжылдық, жылдық талдауды және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметіне жыл сайынғы талдауды жүргізеді;
6) мемлекеттік органдарға осы Заңды және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұза отырып қабылдаған өз шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныс (ұсынымдар) енгізеді;
7) тұтынушыларға ақпарат беруді, консультация жүргізуді және сауаттандыруды жүзеге асырады;
8) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғайды және қарайды;
9) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
10) оннан астам тұтынушының сол бір мәселе бойынша құқықтары бұзылған жағдайларда тұтынушылардың айқындалмаған тобының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сотқа жүгінеді;
11) жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жай-күйі туралы жылдық есепті жібереді;
12) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысады;
13) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізу бойынша, ақпараттық-сауаттандыру жұмыстары және халыққа консультациялық көмек көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;
14) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті
Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
2) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзушыларға жауаптылық шараларын қолданады;
3) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4) тұтынушыларға ақпарат беруді, консультация жүргізуді және сауаттандыруды жүзеге асырады;
5) тұтынушыларға олардың денсаулығына және қауіпсіздігіне қауіп келтіретін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпарат береді;
6) уәкілетті органға тұтынушылар құқықтарының бұзылуы туралы келіп түскен өтініштер бойынша және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қызмет туралы жыл сайынғы ақпаратты есептік жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей және жартыжылдық ақпаратты ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей ұсынады;
7) оннан астам тұтынушының сол бір мәселе бойынша құқықтары бұзылған жағдайларда тұтынушылардың айқындалмаған тобының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сотқа жүгінеді;
8) тұтынушылар құқықтарының бұзылуы туралы келіп түскен өтініштер, оларды қарау нәтижелері бойынша статистикалық деректерді және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қызмет туралы ақпаратты жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасын тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жетілдіру қажеттілігі нысанасына талдау жасайды және оның қорытындылары бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
5) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру тәртібі
Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
6) 7-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сауаттандыруға;»;
7) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
«8-1-бап. Шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын талаптар
1. Сатушы (орындаушы, дайындаушы) тұтынушымен жасалған шарттарға тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптарды енгізбеуге тиіс.
2. Шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптар:
1) тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген жағдайда сатушыны (орындаушыны, дайындаушыны) жауапкершіліктен босату немесе оны негізсіз шектеу;
2) сатушы (дайындаушы, орындаушы) шарттық міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда тұтынушының құқықтарын болғызбау немесе шектеу;
3) өтеулі тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша сатушы (орындаушы, дайындаушы) қосымша таңған тұтынушылардың міндеттерін белгілеу;
4) тұтынушы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда оның мөлшерден тыс қомақты (тауар, көрсетілетін қызмет, жұмыс құнының отыз пайызынан астам) соманы төлеуі бойынша талапты белгілеу;
5) сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шартты өзгерту және бұзу негiздерi мен тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларын сақтамастан, шартты біржақты тәртіппен өзгерту және (немесе) бұзу құқығын беру;
6) сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шартты бұзған жағдайда ұсынылмаған тауар (көрсетілмеген қызмет, жұмыс) үшін төленген ақшалай соманы қайтармау құқығын беру;
7) тұтынушыға шартты бұзу құқығын берместен, сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) бағаны ұлғайту мүмкіндігін беру;
8) сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) тауардың шарт талаптарына сәйкестігін анықтау құқығын беру немесе оған шартты түсіндіру құқығын беру;
9) сатушының (орындаушының, дайындаушының) өкілдері алған міндеттемелер бойынша оның жауапкершілігін шектеу;
10) егер сатушы (орындаушы, дайындаушы) өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, тұтынушының барлық міндеттемелерді орындау міндетін белгілеу;
11) міндеттемедегі адамдардың ауысуы туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларын сақтамастан, сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шарт бойынша өз құқықтарын және міндеттерін үшінші тұлғаға беру құқығын беру;
12) тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын өзге де талаптар.
3. Егер тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын шарттың талаптарын қолдану нәтижесінде тұтынушыға залал келтірілген болса, кінәлі адам оларды толық көлемде өтеуге тиіс.
4. Тұтынушының өзіне сатушы (орындаушы, дайындаушы) өз жағдайының артықшылықтарын пайдалануына байланысты келтірген залалды өтетіп алуға құқығы бар.
5. Сатушы (орындаушы, дайындаушы) мен тұтынушының арасында жасалған тауарды сату, жұмысты орындау, қызметті көрсету туралы кез келген шарт оларды түсіну үшін арнайы білімді қажет етпейтін, нақты тұжырымдалған және екіұшты түсіндіруді болғызбайтын талаптарды қамтуға тиіс.»;
8) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тұтынушылардың сауаттану құқығы
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тұтынушылардың сауаттану құқығы тиісті талаптарды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және білім беру бағдарламаларына енгізу арқылы, сондай-ақ тұтынушыларды олардың құқықтары және сол құқықтарды қорғау жөніндегі қажетті іс-қимылдар туралы ақпарат беру жүйесін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі.»;
9) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сатып алушы өзіне азық-түлікке жатпайтын тауар берілген кезден бастап он төрт күн ішінде, егер сатушы (дайындаушы) неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, сатып алынған тауарды сатып алу орнында немесе сатушы (дайындаушы) хабарлаған өзге де орындарда бағасында айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, басқа мөлшердегі, нысандағы, габариттегі, пішіндегі, түстегі, жиынтықталымдағы және осы тәріздегі соған ұқсас тауарға не тараптардың келісімі бойынша басқа тауарға айырбастауға құқылы.
Айырбастау осы Заңның 30-бабына сәйкес жүргізіледі.»;
10) 17-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер тауарға кепілдік мерзімі белгіленген болса, тауардағы кемшіліктер кепілдік мерзімі ішінде табылған кезде тұтынушы тауардың кемшіліктерімен байланысты талаптарды қоюға құқылы.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, кепілдік мерзімі тауар сатып алушыға берілген кезден бастап есептеледі.
Егер тауарға кепілдік мерзімі немесе жарамдылық мерзімі белгіленбесе, сатылған тауардағы кемшіліктер тауар тұтынушыға берілген күннен бастап екі жыл шегінде табылған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта бұдан да ұзақ мерзімдер белгіленбесе, тұтынушы тауардың кемшіліктерімен байланысты талаптарды қоя алады.
Шартта көзделген кепілдік мерзімі екі жылдан аз уақытты құраған және тұтынушы тауардағы кемшіліктерді кепілдік мерзімі өткеннен кейін, бірақ тауар тұтынушыға берілген күннен бастап екі жыл ішінде тапқан жағдайларда, егер тұтынушы тауардағы кемшіліктердің тауар тұтынушыға берілгенге дейін немесе сол кезге дейін туындаған себептер бойынша туындағанын дәлелдесе, сатушы (дайындаушы) жауапты болады.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, жиынтықтаушы бұйымға кепілдік мерзімі негізгі бұйымға кепілдік мерзіміне тең болып есептеледі және негізгі бұйымға кепілдік мерзіммен бір мезгілде жүре бастайды.
Тауарды (жинақтаушы бұйымды) ауыстырған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, кепілдік мерзімі қайта есептеледі.
Шартта жиынтықтаушы бұйымдарға және тауардың құрамдас бөлігіне кепілдік мерзімінің ұзақтығы негізгі бұйымға кепілдік мерзімінің ұзақтығынан аз болып белгіленген жағдайда, тұтынушы жиынтықтаушы бұйымдағы және тауардың құрамдас бөлігіндегі кемшіліктер туралы талаптарды олар негізгі бұйымның кепілдік мерзімі ішінде табылған кезде қоюға құқылы.
Егер шартта жиынтықтаушы бұйымдарға кепілдік мерзімінің ұзақтығы негізгі бұйымға кепілдік мерзімінің ұзақтығынан артық болып белгіленсе, егер негізгі бұйымға кепілдік мерзімінің өтіп кетуіне қарамастан, жиынтықтаушы бұйымның кемшіліктері оған белгіленген кепілдік мерзімі ішінде табылса, тұтынушы тауардың кемшіліктері туралы талаптар қоюға құқылы.
Тауарларды үлгілері бойынша, пошта арқылы, электрондық сауда жолымен сату кезінде, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу кезі мен тауарды тұтынушыға беру кезі сәйкес келмейтін жағдайларда, кепілдік мерзімі не тауардың кемшіліктерін анықтау мерзімі - тауарды тұтынушыға берген (жеткізген) күнінен бастап, ал егер тауар арнайы орнатуды (қосуды) немесе жинауды қажет ететін болса, оны орнату (қосу) немесе жинау күнінен бастап есептеледі. Егер тұтынушы сатушыға (дайындаушыға) байланысты мән-жайлар бойынша тауарды пайдалану мүмкіндігінен айырылса, кепілдік мерзімі не тауардың кемшіліктерін анықтау мерзімі сатушы (дайындаушы) осындай мән-жайларды жойғанға дейін есептелмейді. Егер тауарды беру (жеткізу), орнату (қосу) немесе жинау, соның салдарынан тұтынушы тауарды мақсаты бойынша пайдалана алмайтын сатушыға байланысты мән-жайларды жою күнін анықтау мүмкін болмаса, бұл мерзім сатып алу-сату шартын жасасқан күннен бастап есептеледі.
Егер берілген күнді анықтау мүмкін болмаса, бұл мерзімдер тауар дайындалған күннен бастап есептеледі.
Егер тауардың дайындалу күнінде тауардың дайындалған айы мен жылы немесе жылы ғана көрсетілсе, оның дайындалу күні тиісті айдың немесе жылдың соңғы күні болып есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы бапта көрсетілген мерзімдер тұтынушының назарына осы Заңның 25-бабына сәйкес тұтынушыға берілетін тауар туралы ақпаратта жеткізіледі.»;
11) 18-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұтынушыда тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттың болмауы оны куәлардың айғақтарына, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттарға және басқа да дәлелдеу құралдарына, оның ішінде фото- және (немесе) бейнетіркеуге сілтеме жасау құқығынан айырмайды.»;
12) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) кепілдік мерзімін белгілеу жөніндегі құқықтары мен міндеттері
1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше айқындалмаса, дайындаушы (орындаушы) тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) кепілдік мерзімін белгілеуге құқылы, ол мерзім ішінде тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшілігі табылған жағдайда дайындаушы (орындаушы) тұтынушының осы Заңда белгіленген талаптарын қанағаттандыруға міндетті.
2. Дайындаушы (орындаушы) белгілеген кепілдік мерзімін сатушы ұзартуға құқылы, бірақ оны қысқартуға құқығы жоқ.
3. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауардың кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін табылған кемшіліктеріне қатысты міндеттемелерді (қосымша міндеттемені) қабылдауға құқылы.
Дайындаушының қосымша міндеттемесінің мазмұнын, мұндай міндеттеменің қолданылу мерзімін және тұтынушының осындай міндеттеме бойынша құқықтарды жүзеге асыру тәртібін сатушы (дайындаушы, орындаушы) айқындайды.
4. Егер дайындаушы (орындаушы) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тауарға кепілдік мерзімін белгілеу жөніндегі міндеттемені орындамаса немесе оны тиісінше орындамаса, сатушы оны белгілеуге міндетті.
5. Осындай міндеттемені орындау үшін қажетті материалдардың, жиынтықтаушы немесе қосалқы бөлшектердің болмауына байланысты оны орындау мүмкін болмайтын жағдайда кепілдік міндеттеме тоқтатылмайды.»;
13) 24-бап мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Тауардың бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарына қойылған, көрсетілген құнына сәйкес сатушы (дайындаушы) сатуға міндетті, ал тұтынушы сатып алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) фото-, бейнетүсірілімді қолдануға қатысты тұтынушылардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады.»;
14) 25-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сатушы (дайындаушы) осы Заңның 30-бабының 1-тармағына сәйкес айырбастауға немесе қайтарып беруге жатпайтын тиісті сападағы азық-түлікке жатпайтын тауар туралы уақтылы хабарлауға міндетті.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Электрондық сауда жолымен өткізілетін тауар туралы ақпарат тұтынушыға ақпараттық технологиялар арқылы жеткізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Сатушы дайындаушыдан тауар туралы тиісті ақпаратты алмаған жағдайда жауаптылықтан босатылмайды.
6. Тұтынушыға сәйкестіктің тиісті сертификаттары немесе сәйкестік туралы декларация, оның ішінде сәйкестігі міндетті расталуға жататын импорттық тауарға берілуге тиіс.
7. Бір тілде не шет тілінде берілген ақпарат берілмеген болып есептеледі.»;
15) 26-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) уәкілетті органның мекенжайын және телефон нөмірін, тауарларды өткізу (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету) шарттарын, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде сатушының тауарды сату (жұмысты орындау, қызмет көрсету) кезінде тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты беру міндеті туралы ақпаратты маңдайшаға орналастыра отырып, көрсетілген ақпаратты тұтынушының назарына жеткізуге міндетті.»;
16) 28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тиісті сападағы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатушының (дайындаушының, орындаушының) жұмыс режимін ескере отырып, тұтынушыға ыңғайлы уақытта еркін таңдауын қамтамасыз етуге міндетті. Тұтынушыны тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өзіне қажетсіз мөлшерде және (немесе) ассортиментте сатып алуға мәжбүрлеуге тыйым салынады.»;
17) 30-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Сатушы (дайындаушы) жарамдылық мерзімі өткен соң сатылған, техникалық регламенттерде, өнімдер жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде зияткерлік меншік құқықтары бұзыла отырып шығарылған тауарды оның пайдаланылғанына, тауарлық түрінің, тұтынушылық қасиеттерінің, пломбаларының, заттаңбаларының сақталуына-сақталмауына қарамастан, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруды немесе сатып алынған тауар үшін ақшалай соманы тұтынушыға қайтара отырып, қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тұтынушы тауардың кемшіліктерін тапқан және оны ауыстыру туралы талап қойған жағдайда, сатушы (дайындаушы) оны дереу ауыстыруға, ал сатушыға (дайындаушыға) тауардың сапасын қосымша тексеру (сараптама жасау) қажет болған кезде - тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруға міндетті.
Тиісті емес сападағы тауар соған ұқсас жаңа тауарға, яғни бұрын пайдаланылмаған тауарға ауыстырылуға тиіс.
Егер талап қойылған кезде сатушыда (дайындаушыда) ауыстыруға қажетті тауар болмаса, ауыстыру осындай талап қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүргізілуге тиіс.
Тауар сапасын қосымша тексерудің (сараптаманың) құнын сатушы (дайындаушы) төлейді. Егер тауарды тексеру (оның сараптамасы) нәтижесінде тауардың кемшіліктері жоқ екендігі немесе кемшіліктер тұтынушының тауарды пайдаланудың, сақтаудың белгіленген қағидаларын бұзуы немесе үшінші тұлғалардың іс-әрекеттерінен не еңсерілмейтін күштің салдарынан тауар тұтынушыға берілгеннен кейін пайда болғаны белгіленсе, тұтынушы сатушыға (дайындаушыға) тексеру (сараптама) жүргізуге жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ оны жүргізуге байланысты тауарды тасымалдауға жұмсалған шығыстарды өтеуге міндетті.
Тұтынушы сапаны тексеруге және тауарға сараптама жүргізуге өзі немесе өзінің өкілі арқылы қатысуға, сондай-ақ тауарды тексеруді (оның сараптамасын) өз есебінен жүргізуге құқылы.
Тауар (жиынтықтаушы бұйым) ауыстырылған кезде, егер шартта өзгеше көзделмесе, кепілдік мерзімі оны тұтынушыға берген күннен бастап қайтадан есептеледі.
3. Тауарда табылған кемшіліктерді тұтынушының келісімімен сатушы (дайындаушы), егер шартта өзгеше мерзім белгіленбесе, тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде жоюға тиіс.
Тауардың кемшіліктерін жоюдың шартта айқындалатын мерзімі күнтізбелік жиырма күннен аспауы тиіс. Егер тауарда табылған кемшіліктерді жою кезінде олардың мерзімінде жойылмайтыны айқын болған жағдайда, тараптар тауардың кемшіліктерін жоюға арналған мерзімді күнтізбелік он күнге ұзарту туралы қосымша келісім жасасуы мүмкін. Бұл ретте тауардың кемшіліктерін жоюға қажетті қосалқы бөлшектердің (детальдардың, материалдардың), жабдықтардың, маманның және басқалардың болмауы дайындаушыны (сатушыны) тауардың кемшіліктерін жою мерзімдерін бұзғаны үшін жауаптылықтан босатуға негіз болып табылмайды.
Тауардың кемшіліктері жойылған жағдайда оған кепілдік мерзімі тауар пайдаланылмаған уақытқа ұзартылады. Көрсетілген уақыт тұтынушының тауардың кемшіліктерін жою туралы талаппен жүгінген күнінен бастап тұтынушының талабы орындалған кезге дейін есептеледі.
Дайындаушы (сатушы) тауарды берген кезде тұтынушыға кепілдік мерзімінің ұзартылғаны туралы ақпаратты жазбаша нысанда беруге міндетті.»;
18) 31-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тауарларды өндіру (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету) кезінде материалдарды, жабдықтарды, аспаптарды және өзге де құралдарды пайдалануға байланысты дайындаушының (орындаушының) ғылыми және техникалық білім деңгейі олардың ерекше қасиеттерін және сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік берген-бермегеніне қарамастан, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген зиян өтелуге жатады.»;
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиян үшін, сондай-ақ егер тауар өтеусіз немесе төмендетілген бағамен берілген, сатылған, ал қызмет солай көрсетілген болса жауапты болады.
6. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) зиян үшінші тұлғалардың іс-әрекеттерінің не еңсерілмейтін күштің немесе тұтынушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) пайдаланудың, сақтаудың белгіленген қағидаларын бұзуы салдарынан келтірілгені туралы дәлелдемелерді ұсынған кезде жауаптылықтан босатылады.»;
19) 32-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Дайындаушы (орындаушы) тауарды (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің нәтижесі) немесе оның бір бөлігін пайдаланудың белгіленген мерзімі (жарамдылық, қызмет ету мерзімі), оны пайдаланудың міндетті шарттары және оларды орындамаған жағдайда болатын ықтимал салдарлар туралы, сондай-ақ осы мерзім аяқталғаннан кейінгі қажетті іс-әрекеттер туралы тұтынушыға ескертуге тиіс.»;
20) 35-бап мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Шартта көзделген кепілдік мерзімі екі жылдан (жылжымайтын мүлікке бес жылдан) кем болған және жұмыстың (көрсетілген қызметтің) кемшіліктерін тұтынушы кепілдік мерзім өткеннен кейін, бірақ екі жыл (жылжымайтын мүлікке бес жыл) шегінде тапқан жағдайларда, егер тұтынушы осындай кемшіліктердің жұмыстың (көрсетілген қызметтің) нәтижесін өзі қабылдап алғанға дейін немесе ол кезге дейін пайда болған себептер бойынша туындағанын дәлелдесе, осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарды қоюға құқылы.
7. Жұмыстың (көрсетілген қызметтің) елеулі кемшіліктері табылған жағдайда, тұтынушы кемшіліктердің жұмыстың (көрсетілген қызметтің) нәтижесін өзі қабылдап алғанға дейін немесе ол кезге дейін пайда болған себептер бойынша туындағанын дәлелдесе, орындаушыға кемшіліктерді өтеусіз жою туралы талап қоюға құқылы. Бұл талап, егер осындай кемшіліктер жұмыстың (көрсетілген қызметтің) нәтижесін қабылдап алған күннен бастап екі жыл (жылжымайтын мүлікке қатысты бес жыл) өткеннен кейін, бірақ жұмыстың (көрсетілген қызметтің) нәтижесіне белгіленген кепілдік мерзімі шегінде немесе егер кепілдік мерзімі белгіленбесе, жұмыстың (көрсетілген қызметтің) нәтижесін қабылдап алған күннен бастап он жыл ішінде табылған болса, қойылуы мүмкін.»;
21) 36-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Шарт жасасқаннан кейін орындаушы беруге тиіс материалдар мен жабдықтардың, сондай-ақ оған үшінші тұлғалар көрсететін қызметтердің құны айтарлықтай өскен кезде орындаушы белгіленген сметаны ұлғайтуды талап етуге, ал тұтынушы осы талапты орындаудан бас тартқан жағдайда шартты бұзуға құқығы бар.»;
22) 38-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер жұмыс толық немесе ішінара тұтынушының материалынан орындалатын болса, орындаушы сол материалдың сақталуына, оның дұрыс пайдаланылуына жауапты болады.
Жұмысты орындау (қызмет көрсету) туралы шартта немесе өзге де құжатта тұтынушы материалының нақты атауы және сипаттамасы көрсетілуге тиіс.»;
23) 40-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: