3. Ғарыш аппараттарының транспондерлік сыйымдылығын беру жөніндегі байланыс қызметтерін көрсету байланыс операторының сұрау салуы бойынша резервке қоюды қамтамасыз етумен жүзеге асырылады.
10-тарау. Қорытынды ережелер
40-бап. Байланыс операторлары мен байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың жауапкершiлiгi
1. Байланыс операторлары:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелетiн пошта жөнелтiмдерiнiң жоғалғаны, жетiспеушiлiгi, бүлiнгенi (бұзылғаны) үшiн;
2) жеделхат мәтiнi оның мағынасы өзгеретiндей бұрмаланғаны үшiн;
3) жеделхаттың жеткiзiлмегенi немесе жеделхаттың белгiленген мерзiм өтiп кеткен соң жолданым иесiне табыс етiлгенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Mүлiктiк жауапкершiлiкте болады.
Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарын бұза отырып байланыс қызметтерiн көрсеткен байланыс операторлары байланыс қызметтерiн пайдаланушыға осындай бұзушылықтан болған шығындарды өтеуге мiндеттi.
2009.10.07. № 178-ІV ҚР Заңымен мазмұн 1-1-тармақпен толықтырылды; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-1. Байланыс операторлары қызметтік ақпаратты жинау және сақтау жөніндегі міндетін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды; 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 1-2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 24 ақаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-2. Байланыс операторларына қызметтік ақпаратты жинау және сақтау жүйесіне абонент және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушы туралы мәліметтерді енгізбей, байланыс қызметтерін көрсетуге тыйым салынады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды
1-3. Байланыс операторы байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата тұруға алып келуі мүмкін меншікті байланыс желісіндегі ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын анықтайды.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1-4-тармақпен толықтырылды
1-4. Байланыс операторы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен байланыстың абоненттік құрылғысының Интернетке қолжетімділігін:
байланыс операторы анықтаған, көрсетілетін байланыс қызметтерін тоқтата тұруға алып келуі мүмкін ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын абонент жоймаған кезде;
Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығынан, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінен, ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығынан ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің жұмыс істеуін тоқтата тұруға алып келуі мүмкін ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы хабарлар келіп түскен кезде шектеуге міндетті.
2. Байланыс қызметiн пайдаланушы шарт талаптарын, жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзған, телекоммуникация желісінде сертификатталмаған жабдықтарды пайдаланған жағдайда, сондай-ақ байланыс қызметтерiне уақтылы ақы төлемеген жағдайда, жазбаша хабардар етiлгеннен кейiн он күн өткен соң, байланыс операторы, осы Заңның 15-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, байланыс қызметiн пайдаланушы байланыс операторының кiрiс шығындарын және жабдықтардың бүлiнуi немесе тоқтап тұруы салдарынан байланыс операторына келтiрiлген зиянды өтей отырып, кемшiлiктердi жойғанға дейiн пайдаланушының байланыс желісіне қол жеткізуiн Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес тоқтата тұруға құқылы.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Абоненттер және байланыс қызметтерін пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу фактілерін жасыру мақсатында жасалған, желілік мекенжайларды ауыстырғаны үшін жауапты болады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Абонент байланыс операторы, ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларына ден қою қызметі анықтаған оқыс оқиғаларды және оның абоненттік құрылғысындағы ақпараттық қауіпсіздіктің қауіп-қатерлерін жояды.
3. Байланыс операторы хабарламаларды беру немесе қабылдап алу не пошта жөнелтiмдерiн жөнелту немесе жеткізу жөніндегі мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн, егер мiндеттемелердiң осылайша орындалмауы немесе тиiсiнше орындалмауы байланыс қызметiн пайдаланушының кiнәсiнен не еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан болғаны дәлелденсе, жауап бермейдi.
41-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 41-1-баппен толықтырылды; 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 41-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
41-1-бап. Байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын тоқтата тұру тәртібі
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Байланыс желілері және (немесе) құралдары жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын бұзатын, экстремистік және террористік әрекетті жүзеге асыруға, жаппай тәртіпсіздіктерге, сол сияқты белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін, кәмелетке толмағандарды сексуалдық қанауды және балалар порнографиясын насихаттайтын бұқаралық (жария) іс-шараларға қатысуға шақыруды қамтитын, балаға қатысты кибербуллинг мақсатында, электрондық казино, интернет-казино жарнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға құқығы жоқ тұлға ұйымдастыратын және өткізетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу жарнамасын қамтитын ақпаратты тарату үшін пайдаланылған жағдайларда, осы баптың 1-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасарлары Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін уақытша тоқтата тұру бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыну енгізеді не бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органға интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді уақытша тоқтата тұру бойынша шаралар қабылдау туралы талаппен заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізеді.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді
1-1. Таратылуына заңды күшіне енген сот актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған, сондай-ақ қолжетімділігі Қазақстан Республикасы Бас прокурорының немесе оның орынбасарларының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органға енгізілген заң бұзушылықты жою туралы ұсынымымен уақытша тоқтатыла тұрған ақпарат телекоммуникациялар желісі арқылы таратылған жағдайларда, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның нұсқамасы бойынша байланыс операторлары және (немесе) онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) заңды өкілдері және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу бойынша дереу шаралар қабылдауға міндетті.
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-2. Кейінге қалдыруға болмайтын және ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстардың жасалуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, оның орынбасарлары немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарының бастықтары не оларды алмастыратын адамдар кейіннен байланыс, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органдарды және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын жиырма төрт сағат ішінде хабардар ете отырып, жедел-іздестіру қызметінің барлық субъектілерінің мүддесінде байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұруға құқылы.
Байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұру тәртібі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша жедел-іздестіру қызметі субъектілері мен байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды
1-3. Заңды күшіне енген сот шешімінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізу мақсатында байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысына, байланыс қызметтерін көрсетуге, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуге тыйым салынады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынуды алған кезден бастап бір сағат ішінде байланыс операторларына, онлайн-платформалардың меншік иелеріне және (немесе) заңды өкілдеріне және (немесе) мемлекеттік техникалық қызметке оны орындау бойынша шаралар қабылдау туралы нұсқама жібереді.
2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Байланыс операторлары, онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) заңды өкілдері және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет:
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) бұқаралық егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, бұқаралық ақпарат құралдары құралдары саласындағы уәкілетті органнан және (немесе) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан осы баптың 1, 1-1 және 1-2-тармақтарында көрсетілген ұсынуды немесе шешімді орындау жөнінде шаралар қолдану туралы нұсқаманы алғаннан кейін оны байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді уақытша тоқтата тұру жолымен екі сағаттан аспайтын уақыт ішінде орындауға міндетті;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) байланыс желілерін және (немесе) құралдарын жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы бұзатын, экстремистік және террористік әрекеттерді жүзеге асыруға, жаппай тәртіпсіздіктерге, сонымен қатар белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілетін бұқаралық (жария) іс-шараларға қатысуға шақыруды қамтитын ақпарат тарату үшін пайдаланатын адамды анықтауда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жәрдем көрсетеді.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары өз құзыреті шегінде осы баптың 1, 1-1 және 1-2-тармақтарында көрсетілген ақпаратты таратқан адамды анықтау және жауаптылыққа тарту бойынша жедел-іздестіру, қарсы барлау және қылмыстық-процестік шараларын қабылдайды.
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратты таратқан адамның мекенжайына хабарламаны алған кезден бастап алты сағат ішінде оны жою бойынша шаралар қабылдау талап етілген хабарлама жібереді.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Егер, байланыс желілерін және (немесе) құралдарын жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы бұзатын, экстремистік және террористік әрекеттерді жүзеге асыруға, жаппай тәртіпсіздіктерге, сонымен қатар белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілетін бұқаралық (жария) іс-шараларға қатысуға шақыруды қамтитын, балаға қатысты кибербуллинг мақсатында ақпарат тарату үшін пайдаланған адам оны алып тастаған жағдайда, онда ол бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органға хабарлама жібереді.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны алғаннан және оның анықтығын тексергеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган байланыс операторларына және (немесе) онлайн-платформалардың меншік иелеріне және (немесе) заңды өкілдеріне және (немесе) мемлекеттік техникалық қызметке осы баптың 1-1 және 2-тармақтарында көрсетілген нұсқаманың күшін жою және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен интернет-ресурсқа қол жеткізуді қайта бастау туралы тапсырма береді.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Байланыс операторлары және (немесе) онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) заңды өкілдері және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органнан осы баптың 5-тармағында көрсетілген тапсырманы алғаннан кейін оны дереу орындауға міндетті.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, байланыс операторлары, онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) заңды өкілдері және мемлекеттік техникалық қызмет байланыс желілерінің және (немесе) байланыс құралдарының жұмысын тоқтата тұрудың, сондай-ақ интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді уақытша тоқтата тұрудың осы бапта айқындалған тәртібін орындамағандары үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады.
42-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі туралы
1. Осы Заң, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 26-бабының 3-тармағын, 5-тармағының 2) тармақшасын және 6-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. «Байланыс туралы» 1999 жылғы 18 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 12, 396-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 1-2, 10-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының