Лизинг беруші сараптамалық қорытынды шығарылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде медициналық техниканың бір бірлігі үшін және жиынтық бөлігінде, әрбір атауы бойынша шекті құнын көрсете отырып, бекітілген сараптамалық қорытындыны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
442. Мұндай өзгерісті енгізуге тараптардың өзара келісімі бойынша жылына бір рет қана жол беріледі.
443. Бұл ретте сатып алу жылына медициналық техниканың шекті құнына осы Қағидалардың 422-тармағына сәйкес формула қолданылатын болады.
444. Медициналық техниканы жеткізудің ұзақ мерзімді шартын жасасу конкурсы мынадай:
1) лот бойынша ұсынылған өтінімдер болмаған;
2) лот бойынша ұсынылған барлық өтінімдер қайтарылған;
3) ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсімі кезінде барлық әлеуетті өнім берушілердің баға жеңілдігін ұсынбаған жағдайларда, толық не жекелеген лоттар бөлігінде өткізілмеді деп танылады.
445. Мыналар:
1) шартта көзделген міндеттемелердің бірнеше рет бұзылуы;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензияланатын қызметті орындауға лицензияның кері қайтарылуы;
3) екі жыл бойы беруден бас тарту (себептері мен мән-жайларына қарамастан);
4) бірнеше рет сапасы лайықсыз тауарды жеткізудің ұзақ мерзімді жеткізу шартын бұзуға негіздеме болып табылады.
20-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың қоймасында
дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың
төмендемейтін қорын қалыптастыру және пайдалану тәртібі
446. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың төмендемейтін қоры бірыңғай дистрибьютордың өз қаражаты есебінен қалыптастырылады.
447. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың төмендемейтін қорын бірыңғай дистрибьютор алдыңғы жылы тапсырыс беруші нақты сатып алған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жалпы көлемінің 10 %-ына дейін бірыңғай дистрибьютор төмендемейтін қор тізбесін бекіткен күні сатып алады.
448. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың төмендемейтін қорын бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушінің өтінімі бойынша мынадай жағдайларда:
1) өнім берушілер бірыңғай дистрибьюторға жеткізу мерзімін бұзған кезде;
2) өнім берушілер беруден бас тартқан кезде;
3) өнім берушінің кінәсінен шарт бұзылған кезде;
4) тапсырыс берушілерден сол қаржы жылында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемін ұлғайтуға қатысты қосымша өтінім келіп түскен кезде;
5)осы Қағидаларға сәйкес сатып алу тәсілдерінің бірімен (өз қалауы бойынша) жасалатын шарттар есебінен қалған жарамдылық мерзімін жаңартқан жағдайда келесі қаржы жылына тапсырыс берушілерден өтінімдер түскен кезде пайдаланылады.
449. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың төмендемейтін қорын осы Қағидаларда белгіленген тәсілдермен (дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалдықтарын есепке алғанда) бірыңғай дистрибьютор толықтырып отырады (өз қалауы бойынша).
4-бөлім. Лизинг берушінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету шеңберінде медициналық техниканы сатып алуы
21-тарау. Лизинг берушінің бірыңғай дистрибьютор арқылы
медициналық техниканы сатып алуы
1-параграф. Лизинг берушінің медициналық техниканы сатып алу тәртібі
450. Денсаулық сақтау ұйымдарына одан әрі жеткізу үшін лизинг берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын медициналық техника үшін бірыңғай дистрибьютор осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
451. Денсаулық сақтау ұйымдары лизинг берушіге бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілмеген медициналық техниканы қаржы лизингі жағдайларында сатып алу үшін өтінім береді, ол:
1)клиникалық және техникалық негіздемеден;
2)медициналық техниканың атауы, моделі, шыққан жері және өндірушінің атауы, сондай-ақ сатып алынатын медициналық техниканың жеке өндірушіге тиесілігін айқындайтын өзге де сипаттамалары көрсетілген техникалық ерекшеліктен;
3)лизинг беруші оңтайлы техникалық сипаттамаларына, клиникалық-техникалық негіздемесіне және құнына сараптамалық бағалау жүргізу үшін, сондай-ақ ұйымдастырушылық сараптама және қаржы лизингінің шарттары мен талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу үшін айқындайтын тәртіппен және құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттардан тұрады.
452. Лизинг беруші денсаулық сақтау ұйымынан өтінім келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде сараптамалық бағалау мен ұйымдастырушылық сараптама және қаржы лизингінің шарттары мен талаптарына сәйкестігін тұрғысынан сараптама жүргізеді.
453. Оңтайлы техникалық сипаттамаларына, клиникалық-техникалық негіздемесіне және құнына сараптамалық бағалау жүргізілгеннен кейін, сондай-ақ ұйымдастырушылық сараптама және қаржы лизингінің шарттары мен талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде лизинг беруші сатып алынуға жоспарланған медициналық техниканың тізбесін жасайды, ол саны мен жеткізу орнын келісу үшін лизингтік төлемдерді өтеу көзіне байланысты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға немесе денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына жіберіледі.
454. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган немесе денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы осы Қағидалардың 453-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде медициналық техниканың саны мен жеткізу орнын келіседі.
455. Лизинг беруші бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға сатып алуды ұйымдастыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен немесе денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органымен келісілген қағаз және электрондық жеткізгіштегі медициналық техниканың тізбесін жібереді, ол медициналық техниканың атауы, моделі, шыққан жерінің атауы және өндірушінің атауы, сондай-ақ сатып алынатын медициналық техниканың жеке өндірушіге тиістілігін айқындайтын өзге де сипаттамалар көрсетілген техникалық ерекшелікті қамтиды.
456. Бірыңғай дистрибьютор осы Қағидалардың 455-тармағына сәйкес ұсынылған медициналық техниканың тізбесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес сатып алуды ұйымдастырады. Хабарландыруда тізбесін, санын, жеткізу мерзімін, шарттары мен орнын, бағасы мен сатып алуға бөлінген соманы, медициналық техниканың атауы, моделі, шыққан жерінің атауы және өндірушінің атауы көрсетілген техникалық сипаттамаларын (техникалық ерекшеліктерін) қамтитын сатып алынатын медициналық техниканың тізімі көрсетіледі.
457. Сатып алу қорытындылары шығарылғаннан кейін бірыңғай дистрибьютор осы қағидалардың 241-тармағына сәйкес бес жұмыс күні ішінде лизинг берушіге қорытындылар хаттамасының куәландырылған көшірмесін жібереді.
458. Егер екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты өткізілмеді деп танылса, лизинг беруші:
1)екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуды қайта өткізу туралы;
2)екі кезеңдік тендер шарттарын өзгерту және екі кезеңдік тендер тәсілімен қайта өткізу туралы;
3)бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
459. Лизинг беруші сатып алу қорытындылары хаттамасының көшірмесін алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде лизинг беруші айқындаған нысан бойынша денсаулық сақтау ұйымдарымен және медициналық техниканың жеңімпазымен қаржы лизингі шартын жасайды.
460. Қаржы лизингі шартын жасағаннан кейін өнім беруші денсаулық сақтау ұйымына лизинг талаптарын ұсынады, іске қосу-жөндеу жұмыстарын, персоналды оқытуды және аталған шартта көзделген тәртіппен және шарттарда медициналық техникаға кепілдікті сервистік қызмет көрсетуді жүргізеді. Бұл ретте медициналық техникаға кепілдікті сервистік қызмет көрсету медициналық техника пайдалануға енгізілген күннен бастап қаржы лизингі шартының қолданылу мерзіміне қолданылады.
461. Денсаулық сақтау ұйымдары лизинг берушіге бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілген медициналық техниканы қаржы лизингі жағдайларында сатып алу үшін өтінім береді, ол мыналарды:
1)клиникалық және техникалық негіздемені;
2)медициналық техниканың атауы, моделі, шыққан жерінің атауы және өндірушінің атауы, сондай-ақ сатып алынатын медициналық техниканың жеке өндірушіге тиесілігін айқындайтын өзге де сипаттамалары көрсетілген техникалық ерекшелікті;
3)лизинг беруші оңтайлы техникалық сипаттамаларына, клиникалық-техникалық негіздемесіне және құнына сараптамалық бағалау жүргізу үшін, сондай-ақ ұйымдастырушылық сараптама және қаржы лизингінің шарттары мен талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу үшін айқындайтын тәртіппен және құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды қамтиды.
462. Лизинг беруші денсаулық сақтау ұйымынан өтінім келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде сараптамалық бағалау және ұйымдастырушылық сараптама және қаржы лизингінің шарттары мен талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізеді.
463. Оңтайлы техникалық сипаттамаларына, клиникалық-техникалық негіздемесіне және құнына сараптамалық бағалау жүргізілгеннен кейін, сондай-ақ ұйымдастырушылық сараптама және қаржы лизингінің шарттары мен талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде лизинг беруші сатып алу жоспарланған отандық өндірушінің медициналық техникасының тізбесін жасайды және оны атауы, құны, саны, жеткізу мерзімі мен орны бөлігінде келісуге лизингтік төлемдерді өтеу көзіне қарай денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға немесе денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына жібереді.
464. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган немесе денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы осы Қағидалардың 463-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде медициналық техниканың тізбесін келіседі.
465. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен немесе денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органымен медициналық техниканың тізбесін келіскеннен кейін лизинг беруші жиырма жұмыс күні ішінде лизинг беруші айқындаған нысан бойынша денсаулық сақтау ұйымдарымен және отандық тауар өндіруші болып табылатын өнім берушімен қаржы лизингі шартын жасайды.
466. Қаржы лизингі шартын жасасқаннан кейін өнім беруші-отандық тауар өндіруші денсаулық сақтау ұйымына медициналық техниканы береді, іске қосу-жөндеу жұмыстарын, персоналды оқытуды және аталған шартта көзделген тәртіппен және шарттарда медициналық техникаға кепілдікті сервистік қызмет көрсетуді жүргізеді. Бұл ретте медициналық техникаға кепілдікті сервистік қызмет көрсету медициналық техника пайдалануға енгізілген күннен бастап қаржы лизингі шартының қолданылу мерзіміне қолданылады.
2-параграф. Қаржы лизингі шартын кепілдікті қамтамасыз ету
467. Қаржы лизингі шартының кепілдікті қамтамасыз ету (бұдан әрі - кепілдікті қамтамасыз ету) мазмұны, нысаны және енгізу шарттары осы Қағидаларға сәйкес қаржы лизингі шартында белгіленеді.
468.Қаржы лизингі шартын кепілдікті қамтамасыз ету мынадай:
1) лизинг берушінің банктік шотына салынатын кепілдікті ақша жарнасы;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қағаз жеткізгіштегі банктік кепілдік түрінде беріледі.
469. Өнім берушінің қаржы лизингі шарты бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не бiр бөлiгiнде талап қою құқығының пайда болуына алып келетін іс-әрекеттер жасауына жол берiлмейді.
470. Кепілдікті қамтамасыз ету өнім беруші, егер шартта өзгеше көзделмесе, қаржы лизингі шартын жасаған күннен кейін он жұмыс күні ішінде енгізіледі.
471. Қаржы лизингі шартының орындалуын кепілдікті қамтамасыз ету осы шарт бойынша өнім беруші өзінің барлық міндеттемелерін толық және тиісінше орындағаннан кейін оның жазбаша өтініші бойынша өнім берушіге қайтарылады.
472. Лизинг беруші қаржы лизингі шартын орындауды қамтамасыз етуді өнім берушіге мынадай:
1) өнім берушінің шарттық міндеттемелерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты қаржы лизингі шарты бұзылған;
2) қаржы лизингі шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған (жеткізу мерзімдерін бұзу, сапасыз медициналық техниканы беру, шарттың басқа талаптарын бұзу) жағдайда қайтармайды.
473. Шартты орындауды қамтамасыз ету мөлшері лизинг беруші қаржы лизингі шартының жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
474. Егер қаржы лизингі шартында аванс төлеу көзделсе, әлеуетті өнім беруші шартты орындауды қамтамасыз етуге қосымша авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.
Өнім беруші аванстың толық сомасынан не аванстың бір бөлігінен бас тартуға құқылы. Аванстан ішінара бас тартылған жағдайда, өнім беруші авансты қамтамасыз етуді алатын аванстың бөлігіне тең мөлшерде енгізеді.
Бұл тармақ лизинг берушінің өнім берушіге ақы төлеуі бойынша бөліп төлеуді көздейтін қаржы лизингі шартына қолданылмайды.
475. Қаржы лизингі шарты бойынша медициналық техниканы жеткізу бөлігінде міндеттемелердің орындалуына қарай лизинг беруші бес жұмыс күні ішінде өнім берушінің жазбаша хабарламасы бойынша авансты орындауды қамтамасыз етуді қайтарады.
5-бөлім. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды
немесе медициналық техниканы сатып алудың арнайы ережелері
476. Түпнұсқасын қоспағанда, ашылған тендерлік немесе конкурстық өтінімдер әлеуетті өнім берушілерге қайтарылмайды. Бұл ретте тапсырыс беруші немесе тендерді ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор аталған құжаттың көшірмесін сақтауы тиіс.
477. Сатып алуды өткізу кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың басшысы мұндай сатып алуды тұтастай не тиісті лоттар бойынша жарамсыз деп таниды.