2) 3-бапта:
1-тармақ 12) тармақшадағы «операторлары жатады.» деген сөздер «операторлары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
14) ломбардтар;
15) бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
16) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
17) төлемдер қабылдау бойынша операторлар жатады;
18) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жатады.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Адвокаттарды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 7), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Осы баптың 1-тармағының 17) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері туралы тиісті мәліметтерді уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынады.»;
2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 4-бапта:
13-тармақтың 3) тармақшасының екінші - жиырма бірінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы баптың 2-тармағының 6), 7), 9), 11), 18), 19) 20), 21) және 22) тармақшаларында көзделген операцияларды қоспағанда, егер мұндай операция өзiнiң сипаты бойынша осы баптың 2-тармағында көзделген операция түрлерiнiң бiреуiне жататын болса және қолма-қол нысанда жасалса, ал оның сомасы:»;
осы баптың 2-тармағының 1) және 21) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін - 3 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 3 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса;
осы баптың 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін - 5 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 5 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса;
«осы баптың 2-тармағының 9), 20) және 22) тармақшаларында көрсетiлген операциялар үшiн - 7 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 7 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса;»;
осы баптың 2-тармағының 2), 3), 5), 11), 12), 13), 14), 16) және 17) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін - 10 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 10 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса;
осы баптың 2-тармағының 10), 15) және 19) тармақшаларында көрсетiлген операциялар үшiн - 45 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 45 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса;
осы баптың 2-тармағының 18) тармақшасында көрсетiлген операция үшiн - 200 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 200 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция қаржы мониторингіне жатады.
Егер ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция шетел валютасымен жүзеге асырылатын болса, оның теңгеге балама сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, осындай операция жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі.»;
2-тармақта:
3), 5), 6), 7), 17) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) чек немесе вексель бойынша ақша алу;»;
«5) клиенттің банктік шотынан ақша алу немесе банктік шотына ақшаны есепке жатқызу, сол сияқты, осы тармақтың 13) және 14) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттен қолма-қол ақша қабылдау не клиентке қолма-қол ақша беру;
6) оффшорлық аймақта тиісінше тіркелген, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар, сол сияқты оффшорлық аймақта тіркелген банкте шоты бар жеке немесе заңды тұлғаның ақшаны клиенттің банктік шотына есепке жатқызуды немесе аударуды жүзеге асыруы не клиенттің көрсетілген санаттағы тұлғалармен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасайтын операциялары;
7) анонимді иеленушіге арнап ашылған шетелдегі шоттарға (салымдарға) ақшаны аудару, анонимді иеленушіге арнап ашылған шетелдегі шоттан (салымнан) ақшаның түсуі;»;
«17) бағалы металдарды және асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды сатып алу-сату;»;
«19) ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, облигациялармен және мемлекеттік бағалы қағаздармен мәмілелер;»;
мынадай мазмұндағы 20), 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
«20) ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, акциялармен және пайлық инвестициялық қорлардың пайларымен мәмілелер;
21) ақшамен, бағалы қағаздармен, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен және өзге де құндылықтармен (бағалы металдардан жасалған ұлттық валюта монеталарынан басқа) ломбард операцияларын жасау;»;
«22) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды енгізу, аудару жатады.».
4-тармақта:
бірінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен қатысушысы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) тұлға болып табылатын операциялар жасау, сол сияқты осындай мемлекетте (аумақта) тіркелген банктегі шотты пайдалана отырып операциялар жасау міндетті негіздер болып табылады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесін уәкілетті орган Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) басып шығаратын құжаттарды ескере отырып жасайды, тізбе уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.»;
13-тармақтың 4) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
4) 5-бапта:
6-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген, тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты қаржы мониторингінің басқа субъектілері, сондай-ақ шетелдік қаржы ұйымдары қолданған шараларға мынадай талаптар сақталған кезде сүйене алады:
1) қаржы мониторингінің басқа субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы қолданған тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қаржы мониторингі субъектісі осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шаралар шеңберінде, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса алғанда, клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы деректерді дереу алуға тиіс;»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Ішкі бақылау қағидаларында көзделген жағдайларда және тәртіппен, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің дәрежесіне қарай қаржы мониторингі субъектілері клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген және жеңілдетілген шараларын қолданады.
Клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шараларын қолдану қаржы мониторингі субъектісінің мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыруын қамтиды:
1) клиент бойынша сәйкестендіру деректерін жаңарту жиілігін қысқарту;
2) іскерлік қатынастарды тексерудің және клиент осы қаржы мониторингі субъектісі арқылы жүзеге асыратын операцияларды зерделеудің жиілігін қысқарту;
3) операциялар сипаты негізінде іскерлік қатынастардың мақсаттары мен сипатын айқындау.
Қаржы мониторингі субъектісінде іскерлік қатынастардың не клиент жасайтын операцияның мақсаты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру болып табылатындығы туралы пайымдауға негіз болған кезде клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары қолданылмайды.
Клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолдану кезінде қаржы мониторингі субъектілері осы баптың 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, қосымша мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырады:
1) жоспарланған немесе жүргізілген операциялардың себептерін анықтау;
2) одан әрі тексеруді талап ететін операцияларды тексерудің және олардың сипатын анықтаудың саны мен жиілігін арттыру;
3) ұйымның басшы қызметкерінен клиенттермен іскерлік қатынастарды орнатуға, жалғастыруға рұқсат алу.»;
13-тармақтың 5) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
5) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қаржы мониторингi субъектiлерi осы Заңның 4-бабына сәйкес қаржы мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар жүргiзілгенге дейiн, осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шаралар іскерлік қатынастар орнату кезінде қолданылған жағдайларды қоспағанда, осындай шараларды қолданады.»;
13-тармақтың 6) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
6) 9-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) респондент-шетелдік қаржы ұйымының беделі және қызмет сипаты, оның ішінде оны тіркеген елдің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасын бұзғаны үшін оған қатысты тергеп-тексеру жүргізілгені және оған санкция қолданылғаны туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыруға және оларды құжаттық тiркеуге;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) респондент-шетелдік қаржы ұйымының корреспондент банктің шоттарына тікелей қолжетімділігі бар клиентке тиісінше тексеру жүргізгені және оның корреспондент банктің сұратуы бойынша клиентті тиісінше тексеру жөнінде қажетті ақпарат бере алу мүмкіндігінің бар екені жөнінде растау алуға;»;
7) 10-бапта:
7-тармақтың екінші - жетінші абзацтары 2016 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың екінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 6), 8) - 17) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері - операция жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей, бөлiнген байланыс арналары арқылы электрондық тәсiлмен;»;
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері - операция жасалған және (немесе) анықталған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей, бөлiнген байланыс арналары арқылы электрондық тәсiлмен немесе қағаз жеткізгіште уәкілетті органға қазақ немесе орыс тілінде ұсынады.»;
3-1-тармақта:
бірінші, үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Осы Заңға сәйкес алынған ақпаратқа талдау жүргізу кезінде уәкілетті орган қажет болған жағдайда қаржы мониторингі субъектісіне оның қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруі жөнінде сұрау салу жібереді.»;
«Қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды тиісті сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті.
Қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті органның күдікті операцияны талдауға байланысты сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей беруге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Сұрау салуды өңдеу үшін қосымша уақыт талап етілетін жағдайларда уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектісінің жазбаша өтініші бойынша осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімді он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт негізінде берілетін ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды қоспағанда, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған операциялар бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұратуға құқылы емес.».
8) 11-баптың 3-2, 5, 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленетін осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7), 8), 12) - 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін қоспағанда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері бойынша қойылатын талаптар уәкілетті органның және тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.»;
«5. Қаржы мониторингі субъектілері мен олардың жұмыскерлері клиенттер мен өзге де тұлғаларға осы Заңға сәйкес осындай клиенттер туралы және олар жасайтын операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға бергені туралы хабарлауға құқылы емес.
6. Қаржы мониторингі субъектілерінің уәкілетті органға ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды осы Заңда көзделген мақсаттарда және тәртіппен беруі қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны жария ету болып табылмайды.
7. Ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға осы Заңға сәйкес берген жағдайда қаржы мониторингі субъектілері, олардың лауазымды адамдары хабарлау нәтижелеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ азаматтық-құқықтық шартта көзделген жауаптылықта болмайды.»;
13-тармақтың 9) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
«11-1-бап. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау
1. Кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау Қазақстан Республикасында кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың қатерлері мен мүмкіндіктерін айқындау, кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі шараларды іске асырудағы кемшіліктерді анықтау мақсатында жүргізіледі.
2. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін мемлекеттік органдардан және қаржы мониторингі субъектілерінен деректер жинау жөніндегі әдіснаманы уәкілетті орган бекітеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі тәуекелдерге бағалау жүргізу қорытындылары бойынша кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды бекітеді.»;
13-тармақтың 10) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
10) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі
1. Уәкілетті орган терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасайды, ол уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады және оны тиісті мемлекеттік органдарға электрондық түрде жібереді.
2. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау үшін:
1) өз құзыреті шегінде құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін;
2) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы баптың 4-тармағының 5) және 7) тармақшаларында және 5-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін уәкілетті органға жібереді.
Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны мемлекеттік органдардың назарына жеткізу тәртібі уәкілетті органның және тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
3. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі осы баптың 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар уәкілетті органға беретін ақпаратқа сәйкес жаңартылып отырады.
4. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне ұйымды немесе жеке тұлғаны енгізу үшін:
1) ұйымның террористік әрекетті және (немесе) экстремизмді жүзеге асыруына байланысты оны тарату туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген шешімі;
2) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында террористік әрекетті немесе экстремизмді жүзеге асыратын ұйымды террористік немесе экстремистік ұйым деп тану туралы, оның ішінде осы ұйымның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген шешімі;
3) жеке тұлғаны экстремистік және (немесе) террористік қылмыстар жасалуына кінәлі деп тану туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген үкімі;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында танылатын, террористік әрекетті жүзеге асыратын ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға қатысты шет мемлекеттер соттарының үкімдері (шешімдері) және өзге де құзыретті органдарының шешімдері;
5) терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олар уәкілеттік берген органдар жасайтын, террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде ұйымның немесе жеке тұлғаның болуы;
6) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары деректерінің негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жасайтын, террористік және экстремистік әрекетке қатысы бар ұйымдар мен жеке тұлғалардың тізімдері;
7) Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болдырмауға қатысты қарарларына сәйкес ұйымға немесе жеке тұлғаға санкцияларды қолдану не Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және болдырмауға қатысты қарарлары негізінде құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің комитеттері жасайтын санкциялық тізбелерге ұйымды немесе жеке тұлғаны енгізу негіз болып табылады.
5. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен ұйымды және жеке тұлғаны алып тастау үшін:
1) ұйымның террористік әрекетті және (немесе) экстремизмді жүзеге асыруына байланысты осы ұйым бойынша тарату ісін жүргізу аяқталмаған жағдайда оны тарату туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында террористік әрекетті немесе экстремизмді жүзеге асыратын ұйымды террористік немесе экстремистік ұйым деп тану туралы Қазақстан Республикасы соты шешімінің күшін жою;
2) жеке тұлғаны экстремистік және (немесе) террористік қылмыстар жасалуына кінәлі деп тану туралы Қазақстан Республикасы соты үкімінің күшін жою;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында танылған, террористік әрекетті жүзеге асыратын ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға қатысты шет мемлекеттер соттары үкімдерінің (шешімдерінің) және өзге де құзыретті органдары шешімдерінің күшін жою;
4) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның қайтыс болғандығы туралы құжатпен расталған деректердің болуы;
5) экстремистік және (немесе) террористік қылмыстар жасағаны үшін сотталған жеке тұлғаның сотталғандығының жойылғаны немесе алынғаны туралы құжатпен расталған деректердің болуы;
6) терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олар уәкілеттік берген органдар жасайтын, террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен ұйымды немесе жеке тұлғаны алып тастау;
7) Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болдырмауға қатысты қарарларына сәйкес ұйымға немесе жеке тұлғаға қолданылған санкциялардың күшін жою не Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болдырмауға қатысты қарарлары негізінде құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің комитеттері жасайтын санкциялық тізбелерден ұйымды немесе жеке тұлғаны алып тастау;
8) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының деректері негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жасайтын, террористік және экстремистік әрекетті қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалардың тізіміне оларды енгізуге негіз болған мән-жайлар әрекетінің тоқтатылуы негіз болып табылады.
6. Осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес түзілетін тізімдерде мынадай мәліметтер болуға тиіс:
1) жеке тұлғаға қатысты:
оның жеке басын куәландыратын құжат деректері;
жеке сәйкестендіру нөмірі;
тұрғылықты жері;
жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің бар-жоғы туралы мәліметтер;
заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы және дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы мәліметтер;
2) заңды тұлғаға қатысты:
атауы;
бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
мемлекеттік тіркелген орны және орналасқан жері туралы мәліметтер;
лауазымды адамдар туралы мәліметтер, құрылтайшылар туралы деректер.
7. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне қате енгізілген, өздерінің террористік және экстремистік әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер бар не көрсетілген тізбеден алып тасталуға жататын, бірақ көрсетілген тізбеден алып тасталмаған ұйымдар мен жеке тұлғалар өздерін көрсетілген тізбеден алып тастау туралы жазбаша уәжді өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді.
Уәкілетті орган ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінен алып тастау туралы өтінішті «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде қарайды және мынадай:
1) ұйымды немесе жеке тұлғаны көрсетілген тізбеден алып тастау туралы;
2) бас тартудың уәжді негізін бере отырып, өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы уәжді шешімдердің бірін қабылдайды.
Өтініш беруші уәкілетті органның шешіміне сот тәртібімен шағым жасай алады.
8. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлға өзінің тыныс-тіршілігін, сондай-ақ өзімен бірге тұратын, дербес кіріс көздері жоқ өз отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында осы баптың 4-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша:
1) күнтізбелік ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққанда тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде жалақы түрінде алынған;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы, стипендия, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлем түрінде алынған ақшамен немесе өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асыру үшін қаржы мониторингі субъектісіне жүгінуге, сондай-ақ салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеуді жүргізуге құқылы.
Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінен ұйымды және жеке тұлғаны алып тастау терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген ұйымдарға және жеке тұлғаларға тиесілі ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шараларды қолданудың күшін жою үшін негіз болып табылады.