1021-бап. Заңды тұлғаның фирмалық атауын тауар белгiсінде пайдалану
Заңды тұлғаның фирмалық атауы оған тиесілі тауар белгісінде пайдаланылуы мүмкiн.
1022-бап. Фирмалық атауға құқықтың қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаны белгiлеу ретiнде Қазақстан Республикасында тiркелген фирмалық атауға айрықша құқық қолданылады.
Шет мемлекетте тiркелген немесе кеңiнен танымал фирмалық атауға Қазақстан Республикасының аумағындағы айрықша құқық заң актілерінде көзделген жағдайларда қолданылады.
2. Заңды тұлғаның таратылуына және оның фирмалық атауының өзгертiлуiне байланысты фирмалық атауға құқықтың қолданылуы тоқтатылады.
1023-бап. Фирмалық атауды иелiктен алу құқығы
1. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған және кәсiпорын тұтасымен иелiктен алынған жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаның фирмалық атауын құқық иелiгiнен алуға және ауыстыруға жол берiлмейдi.
2. Фирмалық атауға құқықтың иесi басқа тұлғаға шартта келісілген әдістермен өз атауын пайдалануға рұқсат етуі (лицензия беруі) мүмкiн. Бұл орайда лицензиялық шартта тұтынушыны жаңылыстыруға жол бермейтiн шаралар көзделуге тиiс.
2. Тауар белгiсi
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 1024-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
1024-бап. Тауар белгiсiн құқықтық қорғау талаптары
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тауар белгiсiн құқықтық қорғау оны тiркеудiң негiзiнде не Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың негiзiнде тiркеусiз берiледi.
Тiркелген не халықаралық шартқа орай тiркеусiз қорғалатын сөзбен жазылған, бейнеленген, көлемдiк белгiлер немесе бiр тұлғаның тауарларын немесе көрсететiн қызметтерiн екiншi тұлғаның бiртектес тауарлары мен қызметтерiнен ерекшелеу үшiн қолданылатын басқа да белгiлер тауар белгiсi (қызмет көрсету белгiсi) деп танылады.
Егер бiр жеке немесе заңды тұлғаның тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі) басқа заңды тұлғаның фирмалық атауымен бiрдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас болса және осындай бiрдейлiктің немесе ұқсастықтың нәтижесiнде тұтынушыларды жаңылыстыруы мүмкiн болса, онда осы Кодекстiң 1020-бабының 4-тармағында көзделген ережелер қолданылады.
2. Тауар белгiсi ретiнде тiркеуге жол берiлмейтiн белгiлер, тауар белгiлерiн тiркеу, олардың қолданылуын тоқтату және тiркелген жарамсыз деп тану тәртібі, сондай-ақ тiркелмеген тауар белгiлерiн құқықтық қорғауға жол берiлуi мүмкiн болатын жағдайлар тауар белгiлерi туралы заң актілерімен белгiленедi.
3. Тауар белгiсiне құқық куәлiкпен куәландырылады.
1025-бап. Тауар белгiсiн пайдалану құқығы
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тауар белгiсiне құқық иесiнiң өзiне тиесiлi белгiлердi қолдануға және билiк етуге айрықша құқығы бар.
Тауар белгісі иелерінің оны пайдалануға құқықтарын тауар белгісінің ерекшелену қабілетіне нұқсан келтіруі мүмкін талаптармен шектеуге жол берілмейді.
2. Тауар белгiсiн кез келген айналымға енгізу: дайындау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, тауар белгiсiн немесе осы белгiмен белгіленген тауардан сату, маңдайшадағы жазуда, жарнамада, баспа өнімдерінде немесе өзге де іскерлік құжаттамада пайдалану тауар белгiсiн пайдалану болып саналады.
2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды
3. Тауар белгілері және тауар белгілерімен белгіленген тауарлар жарнамасының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 1026-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1026-бап. Қазақстан Республикасының аумағында тауар белгiсiн құқықтық қорғау
Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық қорғау сараптама ұйымы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа орай халықаралық ұйым тіркеген тауар белгісіне берiледi.
1027-бап. Тауар белгiсiне құқықтың қолданылу мерзiмi
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Тауар белгiсiнiң басымдығы «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа орай белгiленедi.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тауар белгiсiне құқық өтiнiм тiркелген кезден бастап он жыл бойы күшiнде болады.
Тауар белгiсiне құқық иесiнiң тауар белгiсi қолданылуының соңғы жылы ішінде сараптама ұйымына берген арызы бойынша тауар белгiсiнiң қолданылу мерзiмiн он жылға ұзартудың тiркелуi мүмкiн. Ұзарту шектеусiз сан мәрте жүргiзiлуi мүмкiн.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 1028-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
1028-бап. Тауар белгісін пайдаланбаудың салдары
Тауар белгiсiн дәлелсiз себептермен үш жыл бойы үздiксiз пайдаланбаған жағдайда кез келген мүдделi тұлғаның талап етуi бойынша оның тiркелу күшiнiң жойылуы мүмкiн.
Тауар белгiсiн пайдалануға лицензиялық шарт жасасу оны пайдалану болып есептеледi.
1029-бап. Тауар белгісiне құқықтың ауысуы
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Құқық иесi барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге не олардың бiр бөлiктерiне қатысты тауар белгiсiне құқығын шарт бойынша басқа тұлғаға беруi мүмкiн.
2. Егер тауар белгiсiне құқық тауарға немесе оны дайындаушыға қатысты жаңылыстыруға себепкер болса, ол белгiге құқықты беруге жол берiлмейдi.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Тауар белгiсiне құқықтың ауысуы, соның iшiнде оның шарт бойынша немесе құқықтық мирасқорлық тәртібімен берiлуi сараптама ұйымында тiркелуге тиiс.
1030-бап. Тауар белгiсiн пайдалануға рұқсат беру
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Құқық иесi тіркелген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге не олардың бөлiктерiне қатысты тауар белгiсiн пайдалану құқығын лицензиялық шарт бойынша басқа тұлғаға беруi мүмкiн (осы Кодекстiң 966-бабы).
2. Лицензиатқа тауар белгiсiн пайдалануға рұқсат ететiн лицензиялық шартта, лицензиат тауарларының немесе көрсететiн қызметiнiң сапасы лицензиар тауарларының немесе көрсететiн қызметтерiнiң сапасынан төмен болмайтындығы және лицензиардың осы шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар екендiгi туралы талапты қамтуға тиіс.
3. Тауар белгiсiне құқықтың қолданылуы тоқтатылған жағдайда лицензиялық шарттың қолданылуы тоқтатылады.
4. Тауар белгiсiне құқықтың басқа тұлғаға ауысуы лицензиялық шарттың тоқтатылуына әкеп соқпайды.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1031-бап жаңа редакцияда
1031-бап. Тауар белгiсiне құқық беру және тауар белгісін пайдалануға құқықты табыстау
Тауар белгiсiне құқық беру туралы шарт, лицензиялық, қосалқы лицензиялық шар ттар жазбаша нысанда жасалады. Тауар белгiсiне құқық беру немесе тауар белгісін пайдалануға құқықты табыстау уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен тіркелуге жатады.
Шарттың жазбаша нысанының және (немесе) тіркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың маңызсыздығына алып келеді.
Тіркеудің күшін жою «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 1032-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 1032-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1032-бап. Тауар белгiсiне құқықты бұзғаны үшін жауаптылық
1. Тауар белгiсi иесінің құқығын бұзған тұлға бұзушылықты дереу тоқтатуға және тауар белгісі иесінің шеккен залалдарын өтеуге міндетті.
2. Тауар белгісін немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені немесе жалпыға бірдей белгілі тауар белгісін пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын айқындауға байланысты дауларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
3. Тауар белгісі немесе оған айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгілеме құқық иеленушінің келісімінсіз орналастырылған тауар және оның қаптамасы контрафактілік деп танылады. Контрафактілік тауарлар және олардың қаптамалары, сондай-ақ оларды жасау үшін пайдаланылған саймандар, жабдық немесе өзге де құралдар мен материалдар осындай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болатын және Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзбайтын жағдайларды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде айналымнан шығарылуға және тәртіп бұзушының есебінен жойылуға жатады.
4. Құқық иеленуші осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда контрафактілік тауарлардан және олардың қаптамаларынан заңсыз орналастырылған тауар белгісін немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастауды талап етуге құқылы.
5. Тауар белгісі иесінің құқығын бұзған тұлға жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету кезінде жұмыстарды орындаумен немесе қызметтер көрсетумен бірге жүретін материалдардан, оның ішінде құжаттамадан, жарнамадан, маңдайша жазулардан тауар белгісін немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастауға міндетті.
6. Құқық иеленуші құқық бұзу фактісі дәлелденген кезде залалдарды өтеудің орнына бұзушылықтың сипатын, тауар белгісі немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілеме құқық иеленушінің келісімімен орналастырылған біртектес (түпнұсқа) тауарлардың нарықтық құнын негізге ала отырып, бұзушыдан сот айқындайтын мөлшерде өтемақы төлеуді талап етуге құқылы.
3. Тауар шығарылатын жердiң атауы
1033-бап. Тауар шығарылатын жердiң атауын құқықтық қорғау талабы
1. Тауар шығарылатын жердiң атауына, заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оны тiркеудiң негiзiнде құқықтық қорғау берiледi. Айрықша қасиет ерекшелiгiмен немесе негiзiнен географиялық объектiге тән табиғи жағдайлармен немесе өзге де факторлармен не табиғи жағдайлардың және сол факторлардың ұштасуымен айқындалатын тауарды белгiлеу үшiн пайдаланылатын елдiң, елдi мекеннiң, жердiң немесе басқа да географиялық объектiнiң атауы тауардың шыққан жерiнiң атауы (шыққан жерiн көрсету) деп танылады.
Тауар шығарылатын жердiң атауы географиялық объектiнiң тарихи атауы болуы мүмкiн.
2. Географиялық объектiнi бiлдiретiн немесе оның атауын беретін, бірақ Қазақстан республикасында тауар әзірленген жерге байланыссыз белгiлi бiр тауар түрiнiң белгiсi ретiнде жаппай қолдануға енiп кеткен белгi осы параграфтың ережелерiне сәйкес тауар шығарылатын жердiң атауы деп танылмайды және ол құқықтық қорғау мақсаты үшiн тiркелуге жатқызылмайды. Алайда бұл мұндай атауды адал пайдаланбаудан құқықтары бұзылған тұлғаны оларды заң актілерінде көзделген өзге де әдістермен, соның iшiнде терiс пиғылды бәсеке туралы ережелердiң негiзiнде қорғау мүмкiндiгiнен айырмайды.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау оны тіркеген кезде немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа орай беріледі.
1034-бап. Тауар шығарылатын жердiң атауын пайдалану құқығы
1. Тауар шығарылатын жердің атауын пайдалану құқығын иеленушi тұлға осы атауды тауарға, оның қорабына, жарнамада, анықтамалықтарда, шоттарда орналастыруға және осы тауарды азаматтық айналымға енгізуге байланысты оны өзге де түрде пайдалануға құқылы.
2. Осы Кодекстiң 1033-бабының 1-тармағында аталған талаптарға сай келетiн тауарды белгiлеу үшiн тауар шығарылатын жердiң атауын бiрнеше тұлға бiрлесiп те, бiр-бiрiне тәуелсiз де тiркетуi мүмкiн. Тауар шығарылатын жердiң атауын пайдалану құқығы мұндай тұлғалардың әрқайсысында болады.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Тауар шығарылатын жердiң тiркелген атауымен бірдей немесе ұқсас географиялық белгiлеудi алғаш тiркелген күніне дейiн кемiнде алты ай бұрын адал ниетпен пайдаланған тұлға тауар шығарылған жердiң көрсетілген атауы тіркелген күннен бастап жетi жыл бойы одан әрi пайдалану құқығын сақтайды.
4. Тауар шығарылатын жердiң атауын пайдалану құқығын иелiктен алуға, оны беру туралы өзге де мәмiлелерге және оны лицензия негізінде пайдалануға беруге жол берілмейді.
1035-бап. Тауар шығарылатын жердiң атауын құқықтық қорғаудың қолданылуы аясы
1. Қазақстан Республикасында республика аумағында орналасқан тауарлар шығарылатын жердің атауларына құқықтық қорғау берiледi.
2. Басқа мемлекеттегi тауар шығарылатын жердiң атауын құқықтық қорғау, егер осы атау тауар шығарылатын елде, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіркелген болса, осы Кодекске сәйкес Қазақстан Республикасына берiледi.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 1036-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1036-бап. Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімі
Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығы сараптама ұйымына өтiнiм берілген күннен бастап есептегенде он жыл бойы қолданылады.
Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзiмi оның иесiнің соңғы қолданылу жылы iшiнде берген өтiнiші бойынша, тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беретiн шарттар сақталған кезде он жылға ұзартылуы мүмкiн. Ұзартылу шектеусiз сан мәрте жүргiзiлуi мүмкiн.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 1037-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1037-бап. Тауар шығарылған жердiң атауын құқыққа сыйымсыз пайдаланғаны үшін жауаптылық
1. Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын бұзған тұлға бұзушылықты дереу тоқтатуға және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығы иесінің шеккен залалдарын өтеуге міндетті.
2. Тауар шығарылған жердiң атауын немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын айқындауға байланысты дауларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
3. Тауар шығарылған жердiң атауы немесе оған айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгілеме құқық иеленушінің келісімінсіз орналастырылған тауар және оның қаптамасы контрафактілік деп танылады. Контрафактілік тауарлар және олардың қаптамалары, сондай-ақ оларды жасау үшін пайдаланылған саймандар, жабдық немесе өзге де құралдар мен материалдар осындай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болатын және Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзбайтын жағдайларды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде айналымнан шығарылуға және бұзушының есебінен жойылуға жатады.
4. Құқық иеленуші осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда контрафактілік тауарлардан және олардың қаптамаларынан заңсыз орналастырылған тауар шығарылған жердiң атауын немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастауды талап етуге құқылы.
5. Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын бұзған тұлға жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету кезінде жұмыстарды орындаумен немесе қызметтер көрсетумен бірге жүретін материалдардан, оның ішінде құжаттамадан, жарнамадан, маңдайша жазулардан тауар шығарылған жердiң атауын немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастауға міндетті.
6. Құқық иеленуші құқық бұзу фактісі дәлелденген кезде залалдарды өтеудің орнына бұзушылықтың сипатын, тауар шығарылған жердiң атауы немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілеме құқық иеленушінің келісімімен орналастырылған біртектес (түпнұсқа) тауарлардың нарықтық құнын негізге ала отырып, бұзушыдан сот айқындайтын мөлшерде өтемақы төлеуді талап етуге құқылы.
6 бөлiм Мұрагерлік құқық
57-тарау. Мұрагерлік туралы жалпы ережелер
1038-бап. Мұрагерлiк
1. Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.
2. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлiмнiң ережелерiнен өзгеше туындамаса, бiрыңғай тұтас нәрсе ретiнде және бiр-ақ мезгiлде ауысады.
3. Мұрагерлiк осы Кодекспен, ал тiкелей өзi белгiлеген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледi.
1039-бап. Мұрагерлiктiң негiздерi
1. Мұрагерлiк өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады.
2. Өсиет қалдырылмаған не бүкiл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген өзге де жағдайларда мұрагерлiк заң бойынша орын алады.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1040-бап өзгертілді
1040-бап. Мұраның құрамы
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi.
Мұраның құрамына мұра қалдырушының тірі кезінде ресімделмеген мүліктік құқықтарын ресімдеу үшін қажетті құқықтар, оның ішінде оларды тіркеу құқығы да кіруі мүмкін.
2. Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен мiндеттер:
1) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
2) өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу құқығы;
3) алименттiк мiндеттемелерден туындайтын құқықтар мен мiндеттер;
4) зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақылар мен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңдарының негізінде басқа да төлемдер алу құқығы;
5) заңнамалық актілерде белгіленген жағдайларды қоспағанда, мүлiктiк құқықтармен байланысы жоқ жеке мүлiктiк емес құқықтар мұраның құрамына кiрмейдi.
3. Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игiлiктердi мұрагерлердiң жүзеге асыруы және қорғауы мүмкiн.
1041-бап. Ортақ бiрлескен меншiк болып табылатын мүлiкке мұрагерлiк
1. Ортақ бiрлескен меншiкке қатысушының қайтыс болуы оның меншiктегi үлесiн айқындау және ортақ мүлiктi бөлу не осы Кодекстiң 218-бабында белгiленген тәртiппен одан қайтыс болған қатысушының үлесiн бөлiп шығару үшiн негiз болып табылады. Бұл жағдайда мұра қайтыс болған қатысушының ортақ мүлiктегi үлесiне, ал мүлiктi заттай бөлу мүмкiн болмаған кезде - үлестiң құнына қатысты ашылады.
2. Ортақ бiрлескен меншiкке қатысушы ол қайтыс болғаннан кейiн осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалатын ортақ мүлiктегi өз үлесiне өсиет қалдыруға құқылы.
1042-бап. Мұраның ашылуы
1. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.
2. Мұра қалдырушының қайтыс болған күнi, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.
3. Егер бiрiнен кейiн бiрi мұрагер болуға құқылы адамдар бiр күнде қайтыс болса олар бiр мезгiлде қайтыс болған деп танылады және олардың әрқайсысынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың әрқайсысының мұрагерлері мұрагерлiкке шақырылады.
1043-бап. Мұраның ашылу орны
Мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса - мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi мұраның ашылу орны болып табылады.
1044-бап. Мұрагерлер
1. Мұра ашылған кезде тiрi жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тiрi кезiнде iште қалған және мұра ашылғаннан кейiн тiрi туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.
2. Мұра ашылғанға дейiн құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкiн.
2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 1045-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
1045-бап. Мұрадан лайықсыз мұрагерлердi шеттету
1. Мұра қалдырушыны немесе мүмкiн болатын мұрагерлердiң бiреуiн қасақана өлтiрген немесе олардың өмiрiне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның өмiрiне қастандық жасалғаннан кейiн өздерiне қатысты өсиет қалдырған адамдар кiрмейдi.
2. Мұра қалдырушының соңғы еркiн жүзеге асыруға қасақана кедергi жасаған және сол арқылы олардың өздерiн немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлiкке шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін көбейтуге ықпал жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.
3. Балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтiрмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнiнде өздерiне заң күшiмен жүктелген мiндеттердi орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынша мұраны алуға құқығы жоқ.
4. Лайықсыз мұрагерлердi мұрагерлiктен шеттетуге негiз болатын мән-жайларды сот белгiлейдi.
4-1. Осы баптың негізінде мұрагерлікке құқығы жоқ немесе мұрагерліктен шеттетілген адам (лайықсыз мұрагер) мұраның құрамынан негізсіз алған барлық мүлікті қайтаруға міндетті.
Мұрагерлік мүлікті қайтару мүмкін болмаған кезде лайықсыз мұрагер оның нарықтық құнын өтеуге міндеті.
5. Осы баптың ережелері өсиеттік бас тартуға да қолданылады (осы Кодекстің 1057-бабы).
Лайықсыз бас тартушы үшін белгілі бір жұмысты орындау немесе оған белгілі бір қызмет көрсету өсиеттік бас тартудың нысаны болған жағдайда, ол өсиеттік бас тартуды орындаған мұрагерге атқарған жұмыстың немесе оған көрсетілген қызметтің құнын өтеуге міндетті.
6. Осы баптың ережелерi барлық мұрагерлерге, соның iшiнде міндеттi үлеске құқығы бар мұрагерлерге де қолданылады.
58-тарау. Өсиет бойынша мұрагерлік
2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 1046-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
1046-бап. Жалпы ережелер
1. Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады.
1-1. Өсиетті оны жасаған кезде толық әрекет қабілеттілігі бар азамат жасайды.
2. Азамат өзінің барлық мүлкiн немесе оның бiр бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кiретiн де, кiрмейтiн де бiр не бiрнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етiп қалдыра алады.
3. Өсиеттi өзi жасауға тиiс. Өкiл арқылы өсиет жасауға жол берiлмейдi.
4. Өсиет қалдырушы себебiн түсiндiрместен заң бойынша мұрагерлердiң бiреуiн, бiрнешеуiн немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагердi мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлiк етушi ұрпақтарына қолданылмайды.
5. Мұра қалдырушы өзінің кез келген мүлкі, оның ішінде болашақта сатып алуы мүмкін мүлкі туралы да өкім бар өсиет жасауға құқылы.
Өсиет қалдырушы мұрагерлердің мұрадағы үлесін кез келген түрде белгілеуі мүмкін, әртүрлі мүлікке қатысты бір немесе бірнеше өсиет жасай отырып, өз мүлкіне немесе оның қандай да бір бөлігіне билік ете алады.
6. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттiң оны жасағаннан кейiн кез келген уақытта күшiн жоюға және өзгертуге ерiктi және күшiн жоюдың немесе өзгертудiң себебiн көрсетуге мiндеттi емес.
7. Мұра қалдырушының өсиетте өзi мұрагер етiп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегiнде өсиет еткен мүлiктi белгiлi бiр түрде билiк ету мiндетiн жүктеуге құқығы жоқ.
1047-бап. Талап қойылған өсиет
1. Өсиет қалдырушы мұрагер мiнез-құлқының сипатына қатысты мұра алуды белгiлi бiр талаппен байланыстыруға құқылы.