33) 569-баптың екінші бөлігінің 1) тармағындағы «егемендігіне,» деген сөз «Егемендігіне, ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын;
34) 617-4-баптың екінші бөлігіндегі «заңнамалық» деген сөз «заңдарда» деген сөзбен ауыстырылсын;
35) 631-баптың бірінші бөлігінің 2) тармағындағы «мемлекет» деген сөз «мемлекеттің ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне:
1) бүкіл мәтін бойынша «шетелдіктер», «Шетелдікті», «Шетелдіктің», «шетелдік немесе», «шетелдікті» деген сөздер тиісінше «шетел азаматтары», «Шетел азаматын», «Шетел азаматының», «шетел азаматын немесе», «шетел азаматын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 18-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың» деген сөздер «Қазақстан Республикасы астанасының, облыстарының, республикалық маңызы бар қалаларының, аудандарының, облыстық маңызы бар қалаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 32-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшада:
«Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
«облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың» деген сөздер «астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы» деген сөздер «астанадағы, облыстағы және республикалық маңызы бар қаладағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 33-баптың бірінші бөлігіндегі «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 34-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана» деген сөздер «Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 6) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
6) 90-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Қауіпсіздігі аралас мекеменің әкімшілігі сотталған адамды күшіне енген сот үкімін немесе қаулысын алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-1-бабының ережелерімен жазбаша таныстыруға міндетті.»;
3-тармағының 7) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
7) 96-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Мекеме түрін өзгерту туралы мәселені қарау кезінде сотталған адамның жазасының өтелген мерзіміне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 73-1-бабының бірінші бөлігі негізінде қолданылған бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту (шартты түрде қысқартулар) қосылады.»;
3-1-бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сотталған әйелдерге, сондай-ақ мүгедектігі бар сотталғандарға қатысты мекеме түрін толық қауіпсіз мекемеге өзгертуге жол берілмейді.»;
8) 97-баптың сегізінші бөлігіндегі және 103-баптың үшінші бөлігіндегі «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 104-баптың үшінші бөлігінің 5) тармақшасындағы «республикалық» деген сөз «жалпыхалықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармағының 10) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
10) 109-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың екінші бөлігінде белгіленген телефон арқылы сөйлесуге қойылатын шектеулер жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған сотталған әйелдерге және жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ер адамдарға қолданылмайды, олардың телефон арқылы сөйлесу құқығы осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген кезеңділікке сәйкес жас балаларымен байланысып тұру үшін ғана сақталады.»;
11) 110-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сотталғандарға Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауды немесе үгіттеуді қамтитын, сондай-ақ порнографиялық сипаттағы басылымдарды алуға, сатып алуға, жаздырып алуға, сақтауға және таратуға тыйым салынады.»;
3-тармағының 12) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
12) 113-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған сотталған әйелдердің және жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған сотталған ер адамдардың олармен кездесу үшін жылына екі рет қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден тысқары жерге қысқа мерзімге шығуға құқығы бар.»;
3-тармағының 13) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
13) 116-бап мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-бөліктермен толықтырылсын:
«3-1. Тиісті күзету және оқшаулау жағдайында босанудың мекемеде емес, мекеме тұрған жердегі медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының босандыру бөлімшесінде өтуіне жол беріледі. Егер бала мекемеде туылса, ол жөнінде туу туралы куәлігінде көрсетілмейді.
3-2. Сотталған жүкті әйелдер мен бала емізетін аналардың медициналық қорытындыға сәйкес өз қаражаты есебінен ана мен баланың қалыпты денсаулығын сақтау үшін қажетті мөлшерде және ассортиментте тамақ өнімдерін сатып алуына болады.»;
3-тармағының 14) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
14) 129-баптың үшінші бөлігінің екінші сөйлеміндегі «Жазаны» деген сөз «Жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған сотталған әйелдерді және жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған сотталған ер адамдарды қоспағанда, жазаны» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 15) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
15) мынадай мазмұндағы 136-1 және 138-1-баптармен толықтырылсын:
«136-1-бап. Әйелдерді ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
1. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты тоғыз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл ішінде жеті сауқат немесе сәлемдеме және жеті бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде жеті қысқа мерзімді және үш ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
2. Жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл ішінде он екі сауқат немесе сәлемдеме және он екі бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде жеті қысқа мерзімді және жеті ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
3. Жазасын жеңілдікті жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он сегіз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл ішінде он бес сауқат немесе сәлемдеме және он бес бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде он екі ұзақ мерзімді кездесу, саны шектеусіз қысқа мерзімді кездесулер алуға құқылы.
4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл ішінде төрт сауқат немесе сәлемдеме және төрт бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде үш қысқа мерзімді кездесу алуға;
4) күн сайын ұзақтығы екі сағат сейілдеуді пайдалануға құқылы.»;
«138-1-бап. Әйелдерді ұстауға арналған қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
1. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталған адамдар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты жеті айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл ішінде алты сауқат немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде бес қысқа мерзімді және екі ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
2. Жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл ішінде сегіз сауқат немесе сәлемдеме және сегіз бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде алты қысқа мерзімді және алты ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
3. Жазасын жеңілдікті жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл ішінде он сауқат немесе сәлемдеме және он бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде жеті ұзақ мерзімді кездесу, саны шектеусіз қысқа мерзімді кездесулер алуға құқылы.
4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты төрт айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл ішінде үш сауқат немесе сәлемдеме және үш бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде үш қысқа мерзімді кездесу алуға;
4) күн сайын ұзақтығы екі сағат сейілдеуді пайдалануға құқылы.»;
16) 143-баптың сегізінші бөлігінің бірінші және екінші абзацтарындағы және оныншы бөлігіндегі «тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана» деген сөздер тиісінше «астананың, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «астана, тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 150-баптың сегізінші бөлігінің екінші абзацындағы «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 18) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
18) мынадай мазмұндағы 162-1-баппен толықтырылсын:
«162-1-бап. Бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартуға ұсыну тәртібі
1. Мекеме әкімшілігі сотталған адамды:
1) соттың үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енген;
2) бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту осының алдында қолданылған;
3) соңғы жазалау өтелген немесе алып тасталған күннен бастап ол бас бостандығынан айыру жазасының бір жылын өтегеннен кейін бес күн ішінде және қолданыстағы жазалау болмаған жағдайда бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартуды қолдану үшін құқықтық негіздердің басталғаны туралы хабардар етуге міндетті.
2. Сотталған адамға қатысты бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартуды қолдану үшін құқықтық негіздер басталған күннен бастап он күн ішінде мекеме әкімшілігі растайтын материалдарды қоса тіркей отырып, сотқа ұсыну жібереді, сондай-ақ прокурорды жазбаша нысанда хабардар етеді.
3. Егер сотталған адам бас бостандығынан айыру жазасын өтеу кезеңінде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, мекеме әкімшілігі он күн ішінде:
1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған күннен бастап қылмыстық қудалау органына сотталған адамға қолданылған бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартуды (шартты түрде қысқартуларды) растайтын мәліметтерді қоса беріп, іске қосу үшін күдіктінің, айыпталушының жеке басына мінездеме беретін материалдарды жібереді;
2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 65-бабының бірінші бөлігінде, 68-бабының бірінші және үшінші бөліктерінде, 78-бабының екінші және төртінші бөліктерінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны алған күннен бастап сотқа бұрын қолданылған бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартудың (шартты түрде қысқартулардың) күшін жою туралы ұсыну жібереді.
Сонымен бір мезгілде мекеме әкімшілігі прокурорды осы бапта көзделген ережелердің сақталғаны туралы жазбаша нысанда хабардар етеді. Сотқа жолданатын материалдар мен прокурорға жолданатын хабарлама электрондық құжат түрінде жіберілуі мүмкін.»;
19) 166-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында:
«облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың,» деген сөздер «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тұрғын үйінің» деген сөздер «тұрғынжайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
20) 168-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың,» деген сөздер «Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне:
1) бүкіл мәтін бойынша «заңнамалық актілеріне», «заңнамалық актілерде», «заңнамалық актілерінің», «заңнамалық актісіне», «заңнамалық актілерінде», «заңнамалық актісінде», «заңнамалық актісінің», «заңнамалық актіде», «заңнамалық актілерге» деген сөздер тиісінше «заңдарына», «заңдарда», «заңдарының», «заңына», «заңдарында», «заңында», «заңының», «заңда», «заңдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) бүкіл мәтін бойынша «шетелдіктер», «шетелдікті», «шетелдіктерді», «шетелдіктерден», «шетелдіктерге», «шетелдіктермен», «шетелдікке», «Шетелдіктердің», «шетелдіктердің», «шетелдік не», «шетелдіктің», «шетелдік немесе», «Шетелдік немесе», «Шетелдікті», «Шетелдіктерді» деген сөздер тиісінше «шетел азаматтары», «шетел азаматын», «шетел азаматтарын», «шетел азаматтарынан», «шетел азаматтарына», «шетел азаматтарымен», «шетел азаматына», «Шетел азаматтарының», «шетел азаматтарының», «шетел азаматы не», «шетел азаматының», «шетел азаматы немесе», «Шетел азаматы немесе», «Шетел азаматын», «Шетел азаматтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) бүкіл мәтін бойынша «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыс, республикалық маңызы бар қала, астана», «облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың» және «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың» деген сөздер тиісінше «астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың», «Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «астана, облыс, республикалық маңызы бар қала», «астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы», «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың», «Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың» және «Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 8-баптың үшінші бөлігінде:
бірінші абзац:
«актілерді» деген сөзден кейін «, олардың жекелеген ережелерін» деген сөздермен толықтырылсын;
«акт» деген сөзден кейін «, оның жекелеген ережелері» деген сөздермен толықтырылсын;
«осы актіні» деген сөздерден кейін «немесе оның жекелеген ережелерін» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «конституциялық емес», «негізделген шешімдері орындалуға жатпайды» деген сөздер тиісінше «Конституцияға сәйкес келмейді», «, оның жекелеген ережелеріне негізделген шешімдері орындалмауға тиіс» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Жеке өмірге қол сұғылмау және құпияны қорғау
Жеке өмірге қол сұғылмау құқығына, жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік беріледі.
Әр адамның банк операцияларының, жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта хабарламаларының және байланыс құралдары, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы берілетін өзге де хабарламалардың құпия болуына құқығы бар.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында бұл құқықтарды шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайларда және тәртіппен ғана жол беріледі.»;
6) 20-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңда көзделген жағдайларда азаматтарға ақы төленбейтін білікті заң көмегі көрсетіледі.»;
7) 44-баптың бірінші бөлігінің он жетінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
8) 63-баптың екінші бөлігіндегі «Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 11-тараудың тақырыбындағы «республикалық» деген сөз «жалпыхалықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 101-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы «республикалық» деген сөз «жалпыхалықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 102-баптың бірінші абзацындағы «республикалық» деген сөз «жалпыхалықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
12) 105-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы «республикалық» деген сөз «жалпыхалықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 106-баптың бірінші абзацында:
«республикалық» деген сөз «жалпыхалықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
«таңдаушылар,» деген сөз алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
14) 107-баптың тақырыбындағы, бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы және екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «республикалық» деген сөз «жалпыхалықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
15) 110-баптың бірінші абзацындағы «республикалық» деген сөз «жалпыхалықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
16) 111-бапта:
тақырыптағы «республикалық» деген сөз «жалпыхалықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы «республикалық» деген сөз «жалпыхалықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармағының 17) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
17) 112-бапта:
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Эфирден және баспасөз бетінен орын бергені немесе үгіт материалдары жарияланымдарының саны үшін төлемнің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметті сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ сайлау комиссиясына ұсынбаған бұқаралық ақпарат құралдарының, онлайн-платформаларды пайдаланушылардың сайлауға қатысатын кандидаттардың, саяси партиялардың үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-бөлікпен толықтырылсын:
«6-1. Онлайн-платформаларды пайдаланушылардың кандидаттардың, партиялық тізімді ұсынған саяси партияның біріне ақпарат көлемін беруден бас тартуы, егер басқа кандидатқа, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға осы онлайн-платформаларды пайдаланушы ақпарат көлемін беруге келісім берген болса -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Онлайн-платформаларды пайдаланушылардың кандидаттарға және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға бұқаралық ақпарат құралдарында эфир уақытын, баспасөз бетінен орын, ақпарат көлемін беру туралы шарт талаптарымен қандай да бір кандидатқа, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға артықшылық жасауы -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
18) 113-баптың бірінші абзацындағы «республикалық» деген сөз «жалпыхалықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
19) 115-баптың тақырыбындағы «республикалық» деген сөз «жалпыхалықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармағының 20) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
20) мынадай мазмұндағы 116-1-баппен толықтырылсын:
«116-1-бап. Сайлау қорларынан тыс қаржыландыруды тарту немесе өзге де материалдық көмекті қабылдау
Кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларға шығумен, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізумен, қосымша үгіт материалдарын шығарумен, көлік және іссапар шығыстарын жабумен байланысты шығыстарды төлеу мақсатында өздерінің сайлау қорларынан тыс басқа көздерден өзге ақшаны тартуы, сондай-ақ сайлау науқаны барысында кандидаттар пайдаланатын, сайлау қорлары қаражатынан ақысы төленбеген жеке және заңды тұлғалардың кез келген тауарын, жұмысы мен көрсететін қызметін кандидаттардың қабылдауы, осы қызметтерді ұсынғаны үшін аталған жеке және заңды тұлғаларға кандидат тарапынан кез келген жәрдем көрсетілуі -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, заңды тұлғаларға елу бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
21) 119-бапта:
тақырыптағы «республикалық» деген сөз «жалпыхалықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацындағы «республикалық» деген сөз «жалпыхалықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармағының 22) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
22) 120-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы «Бұқаралық ақпарат құралдарының» деген сөздерден кейін «, онлайн-платформаларды пайдаланушылардың» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы «Бұқаралық ақпарат құралдарында » деген сөздерден кейін «, онлайн-платформаларда» деген сөздермен толықтырылсын;
23) 121-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы «(таңдаушылар)» деген сөз алып тасталсын;
4-тармағының 24) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
24) 125-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«125-бап. Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты нысаналы жұмсамау
Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы лауазымға кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт жүргізуге мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты нысаналы жұмсамауы -
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
25) 193-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацында және 252-1-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
26) 434-1-баптың бірінші бөлігі 2) тармақшасының бірінші абзацындағы «, тектік-топтық және рулық» деген сөздер «және этностық» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармағының 27) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
27) 444-бап мынадай мазмұндағы 3-1 және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«3-1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тек шетелдік азаматтарға, азаматтығы жоқ адамдарға, ойын мекемесінің жұмыскерлеріне және ойын мекемесінде еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты болатын өзге де адамдарға ғана кіруге рұқсат етілетін казиноларға, ойын автоматтары залдарына Қазақстан Республикасының азаматтарын жіберу -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
«6. Осы баптың 3-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
лицензияның қолданысын тоқтата тұруға алып келеді.»;