«1. Мемлекеттік органның даму жоспары Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әр үш жыл сайын бесжылдық кезеңге әзірленеді.
2. Мемлекеттiк органның даму жоспарында мемлекеттiк орган қызметiнiң стратегиялық бағыттары, мақсаттары, нысаналы индикаторлары айқындалады.
3. Мемлекеттiк органның даму жоспарын мемлекеттік органның басшысы мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша бекiтедi.
Мемлекеттік органның даму жоспарында білім, ғылым және (немесе) денсаулық сақтау салаларымен байланысты мақсаттар болған кезде мемлекеттік органның даму жоспары білім, ғылым және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті әзірлеу тәртібі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің стратегиялық жоспарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың даму жоспарларын бекітуге құқылы.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары, мәслихаттардың аппараттары және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейді.
4. Мемлекеттiк органдардың даму жоспарлары немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерiстер мен толықтырулар республикалық бюджет бекiтiлгеннен кейiн пысықталады, Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бiр ай мерзiмде бекiтiледi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпиялардың қорғалуы қамтамасыз етіле отырып, күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
5. Мемлекеттік органның даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мынадай:
1) Қазақстан Республикасының жаңа заңдары қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген;
2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа құжаттары қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген;
3) мемлекеттік органның функциялары, құрылымы өзгерген;
4) нысаналы индикаторларға қол жеткізуге әсер ететін республикалық бюджеттің параметрлері өзгерген жағдайларда жол беріледі.
Республикалық бюджетті ағымдағы қаржы жылының үшінші тоқсанынан кешіктіріп, бюджет қаражатының күтілетін игерілмеуіне байланысты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстарын азайтуды көздейтін нақтылау кезінде мемлекеттік органның даму жоспарының нысаналы индикаторларының мәндері өзгертілуге жатпайды.
Осы Кодексте белгіленген, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлеу және бекіту кезіндегі талаптар мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде сақталады.
Осы Кодексте белгіленген, бюджетті, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлеу және бекіту кезіндегі талаптар мемлекеттік органдардың даму жоспарларына бюджетті нақтылаумен байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда сақталады.
Мемлекеттік органдардың даму жоспарларына қаржыландыру көлемінің өзгеруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын тиісті бюджеттік комиссия қарайды.»;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Меморандум Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, Елді аумақтық дамыту жоспарын іске асыру үшін әзірленеді және қол жеткізілуін (орындалуын) мемлекеттік органның бірінші басшысы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі жоспарлы кезеңде қамтамасыз етуге міндеттенетін түйінді нысаналы индикаторларды қамтиды.»;
30) 63-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«63-бап. Операциялық жоспар
Мемлекеттік органның даму жоспарын іске асыру үшін мемлекеттік орган операциялық жоспар әзірлейді.
Операциялық жоспар бюджеттік бағдарламалар нәтижесінің көрсеткіштерімен өзара байланыста мемлекеттік органның даму жоспарына сәйкес мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты іс-шараларын, мемлекеттік органның бекітілген мақсаттарына, міндеттеріне және оның қызметі нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі осы іс-шаралардың жауапты орындаушылары мен оларды жүзеге асыру мерзімдерін қамтитын құжатты білдіреді.
Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді және оны бірінші басшы не аппарат басшысы мемлекеттік органның даму жоспарына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бекітеді.»;
31) 65-бапта:
1-1-тармақта «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бюджет түсімдерін болжау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін, бюджет түсімдерін болжау әдістемесінің негізінде жүзеге асырылады.»;
32) 65-1-баптың 2-тармағының бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларына Республикалық бюджеттік комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып, ұлттық жобалардың, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары жобаларының немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар жобаларының, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалаудың, алдыңғы жылғы бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалаудың негізінде айқындалады.
Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері ұлттық жобалардың, мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктердің, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалаудың, алдыңғы жылғы бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалаудың негізінде айқындалады.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының және мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктердің негізінде айқындалады.»;
33) 66-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет шығыстарын жоспарлау үшін:
ағымдағы қаржы жылының 15 наурызына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ведомстволық бюджеттік комиссия мақұлдаған, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;
мемлекеттік органдардың даму жоспарлары жобаларының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін қаржылық қажеттіліктің есеп-қисабын;
ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Республикалық бюджеттік комиссияның оң ұсыныстары бар мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
2. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.»;
34) 67-бапта:
3-тармақтағы «инвестициялық жобаларға» деген сөздер «инвестицияларға» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес жалпыұлттық басымдықтардың жаңа бағыттарын іске асыруға;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Егер бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мемлекеттік органның даму жоспарының жобасында немесе мемлекеттік органның даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулардың жобасында қосымша шығыстарды немесе бюджет кірістерін қысқартуды қажет ететін нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынса, онда бюджеттік өтініммен бір мезгілде тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасы енгізіледі.»;
9-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның даму жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;
4) жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;»;
35) 68-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«68-бап. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік органдардың даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:
1) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарына сәйкестігі, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету, нысаналы индикаторларға қол жеткізу дәрежесі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етуі тұрғысынан;
2) мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын нәтижелердің көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, бюджеттік бағдарламалар нәтижелері көрсеткіштерінің мемлекеттік органның даму жоспарының нысаналы индикаторларымен өзара байланысының болуы, нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі тұрғысынан қарайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын қарау нәтижелері бойынша қорытындылар қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылының 15 сәуірінен кешіктірмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына шығару үшін және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жібереді.
Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобалары немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша қорытындының нысанын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджеттік комиссияның ұсыныстарын ескере отырып пысықтайды және осы Кодекстің 66-бабының 1-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізеді.»;
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «стратегиялық жоспарлардың» деген сөздер «мемлекеттік органдардың даму жоспарларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың мемлекеттік органның даму жоспарының мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланысы тұрғысынан;
3) мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.»;
үшінші бөліктегі «стратегиялық жоспарлардың», «стратегиялық жоспарларға» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік органдардың даму жоспарларының», «мемлекеттік органдардың даму жоспарларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «аумақтарды дамыту бағдарламасының» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) және 2) тармақшалардағы «аумақтарды дамыту бағдарламаларының» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:
«4-2. Ұлттық жобаларды іске асыруға арналған шығыстар ұлттық жобалар іс-шараларының басымдықтары ескеріле отырып және бюджет жүйесінің қағидаттары сақтала отырып, бюджет жобасына қосылады.»;
5-тармақтың үшінші абзацындағы «стратегиялық жоспарлардың», «стратегиялық жоспарларға», «стратегиялық жоспарларды» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік органдардың даму жоспарларының», «мемлекеттік органдардың даму жоспарларына», «мемлекеттік органдардың даму жоспарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «стратегиялық жоспарлар» деген сөздер «мемлекеттік органдардың даму жоспарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 69-баптың 3-тармағында:
«немесе оларды өзгерту» деген сөздер «, өзгерту және (немесе) толықтыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қолданыстағы заттай нормаларға ағымдағы қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.»;
37) 71-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстарының болжамы;»;
38) 74-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) бюджеттік тәуекелдер және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді орнықтылығы туралы талдамалық есепті;»;
4) тармақшаның бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«4) елдің жалпыұлттық басымдықтарына қол жеткізу жөніндегі шараларды қамтамасыз ету үшін басым бюджеттік қаржыландырудың бағыттарын көрсететін, республикалық бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.»;
«Түсіндірме жазбаға мемлекеттік бағдарламалар, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар бөлінісінде бюджеттік инвестициялар, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялар тізбесі қоса беріледі;»;
5) тармақшада:
екінші және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын;»;
«жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның даму жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы;»;
он екінші абзацтағы «түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарын ұсынады.» деген сөздер «түсіндірме жазбаны;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
«жергілікті бюджеттік инвестициялар мен шығыстардың атауы көрсетілген төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде есепті екі қаржы жылында республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің пайдаланылуы туралы ақпаратты қамтитын құжаттарын ұсынады.»;
39) 75-баптың 1-тармағы төртінші бөлігінің 4) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы;»;
40) 76-баптың 2-тармағындағы «аумақтарды дамыту бағдарламаларының» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
41) 77-баптың екінші бөлігіндегі «стратегиялық жоспарлардың» деген сөздер «мемлекеттік органдардың даму жоспарларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
42) 79-баптың 2-тармағында:
екінші бөлік мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенцияларды өңірлердің шығыстары бағыттарының бөлінісінде бөлу;»;
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) жоғары тұрған бюджеттен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенцияларды өңірлердің шығыстары бағыттарының бөлінісінде бөлу;»;
43) 84-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) ұлттық жобалар;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мемлекеттік органдардың даму жоспарлары;»;
44) 85-баптың 9-3-тармағының 3) тармақшасындағы «және жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер» деген сөздер «, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер» деген сөздермен ауыстырылсын;
45) 88-бапта:
1-тармақ 12) тармақшасындағы «жүргізуге байланысты операцияларды есепке алуға арналады.» деген сөздер «жүргізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) бюджет ақшасын есепке жатқызуға және оны мемлекеттік бағдарламаларды қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдауды жүзеге асыру үшін пайдалануға (бұдан әрі - қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының шоты);
14) мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздардың ақшасын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен берілген қарыз шарттарына сәйкес есепке жатқызуға және жұмсауға;
15) мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімдерге сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсетуге және оларды өтеуге арналған ақшаны есепке жатқызуға және қарыз алушылардың жұмсауына байланысты операцияларды есепке алуға (ұлттық валютадағы қызмет көрсету шоты) арналады.»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, нысаналы қаржыландырудың, сыртқы қарыздарды немесе байланысты гранттарды қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және шетел валютасындағы шоттар бойынша түсетін түсімдер мен жүргізілген төлемдер бойынша операциялар мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес есепке алынады.»;
46) 89-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет ақшасын есепке жатқызу және оларды шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеуге пайдалану үшін Қазақстан Республикасының заң шығару функцияларын жүзеге асыратын жоғары өкілді органын қаржылық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемеге екінші деңгейдегі банкте валюталар түрлері бойынша ашылатын шетел валютасындағы шот.»;
47) 17-тарау мынадай мазмұндағы 89-1-баппен толықтырылсын:
«89-1-бап. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың шоттары
1. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың мынадай шоттары болуы мүмкін:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен берілген қарыз шарттарына сәйкес мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздардың ақшасын есепке жатқызу және қарыз алушының жұмсауы үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда валюта түрлері бойынша ашылатын шетел валютасындағы мемлекет кепілдік берген қарыз шоты;
2) мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімдерге сәйкес, қарыз алушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсету және оларды өтеу жөніндегі операцияларды жүргізуі үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда валюта түрлері бойынша ашылатын шетел валютасындағы қызмет көрсету шоты.
2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың шоттарын ашу, жүргізу және жабу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
48) 90-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлуді;»;
49) 91-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мекемелердің, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдағы шоттарынан шетел валютасын қайта айырбастау және есепке жатқызу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
50) 92-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«92-бап. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу
1. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір жұмыс күні осы Кодекске сәйкес жүзеге асырады.
2. Түсімдерді бөлу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін, бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттері арасында бөлу кестесінің, кірістерді облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленетін облыстық бюджет пен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында бөлу нормативтерінің, сондай-ақ мұнай секторы ұйымдары тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.»;
51) 93-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Есепті қаржы жылының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт толық пайдаланылмаған жағдайда, кезекті қаржы жылындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт сомасы кезекті қаржы жылының кепілдендірілген трансфертінің бір бөлігі ретінде пайдаланылатын, есепті қаржы жылындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферттің пайдаланылмаған сомасына азайтылады.»;
52) 96-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін шетел валютасында тіркеу үшін шарт сомасы шетел валютасында келтіріледі, тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген, тіркеу күнгі Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы бойынша жүргізіледі.»;
53) 97-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға қаражат көзделген квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының төлемдерi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген нысан бойынша төлем тапсырмаларының негiзiнде жүзеге асырылады.»;
2-тармақ «квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң» деген сөздерден кейін «, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік субсидияларды аударуы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері айқындаған рәсімдерге сәйкес ағымдағы қаржы жылына көрсетілген сомалар шегінде төлемнің негізділігін растайтын құжаттар негізінде бюджеттік субсидияларды түпкілікті алушыларға жүзеге асырылады.»;