13) 26-бапта:
3-тармақта:
«және дербес», «қатысуға құқылы» деген сөздер тиісінше «, сондай-ақ дербес», «қатысады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурс «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган жариялайды және хабарландыру конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
5. Гранттық қаржыландыруға қатысуға өтінімдерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдары конкурс жариялаған уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға береді.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Берілген өтінімдерді конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган тиісті ұлттық ғылыми кеңестің қарауы үшін Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына жібереді.
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы өтінімдерді қоспағанда, ұлттық ғылыми кеңестер қарайтын өтінімдер тізбесі Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.»;
7-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыруды жүзеге асыруға уәкілеттік берген өзге тұлға (орган)» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыратын заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 27-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді, оның ішінде ұлттық ғылыми-техникалық міндеттерді шешу мақсатында стратегиялық ғылыми зерттеулер жүргізуге бөлінеді және конкурстық негізде немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылады.»;
2-тармақтағы «ұйымдары қатысуға», «қатысуға құқылы» деген сөздер тиісінше «ұйымдары», «қатысады» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсты уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган жариялайды және хабарландыру конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
4. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға қатысуға өтінімдерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдары конкурс жариялаған уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға береді.
Берілген өтінімдерді конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган тиісті ұлттық ғылыми кеңестің қарауы үшін Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына жібереді.
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы өтінімдерді қоспағанда, ұлттық ғылыми кеңестер қарайтын өтінімдер тізбесі Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.»;
8-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыруды жүзеге асыруға уәкілеттік берген өзге де тұлға (орган)» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыратын заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақта:
«қолданбалы зерттеулерді» деген сөздер «қолданбалы ғылыми зерттеулерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларында» деген сөздер «ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру қағидаларында» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-І, 118, 119-құжаттар; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 12, 61-құжат; № 14, 68-құжат; № 19-20, 81-құжат; № 21-22, 86, 91-құжаттар; 2021 ж., № 1, 1-құжат):
134-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «ғылыми қызметтің нәтижелерін» деген сөздер «ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 71-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 16, 56-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 8, 45-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат; № 16, 77-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2021 жылғы 24 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
67-баптың 1-тармағының 17) тармақшасындағы «қолданбалы зерттеулер» деген сөздер «қолданбалы ғылыми зерттеулер» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 62-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 24-ІІ, 122-құжат):
4-баптың 4) тармақшасындағы «қолданбалы зерттеулердің» деген сөздер «қолданбалы ғылыми зерттеулердің» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-VІІ, 118-құжат; 2018 ж., № 15, 50-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат):
1) 1-баптың 1) тармақшасы «орындау барысында» деген сөздерден кейін «тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-баптың 4) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
3) 5-баптың 4-4) және 4-5) тармақшалары алып тасталсын;
4) 11-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған грант ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектісі мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасында мәлімделген өзге де қатысушыларға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру қағидаларында көзделген тәртіппен беріледі.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасын іске асыруға арналған шарт ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектісі мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасында мәлімделген өзге де қатысушы (қатысушылар) және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыратын заңды тұлғалар арасында ол іске асырылатын бүкіл мерзімге, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге жасалады.
Бюджеттен тыс қаражаттан қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған грант ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысушыларға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар айқындайтын тәртіппен беріледі.»;
2-тармақтағы «, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты» деген сөздер «және (немесе) бюджеттен тыс қаражат» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 5-6, 26-құжат):
1) 1-баптың 26) тармақшасындағы «іргелі зерттеулер» деген сөздер «іргелі ғылыми зерттеулер» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-баптың 6) тармақшасындағы «қолданбалы зерттеулерді» деген сөздер «қолданбалы ғылыми зерттеулерді» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 24-ІІ, 121-құжат; 2020 ж., № 16, 77-құжат; 2021 ж., № 1, 1-құжат):
14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Педагогтерді аттестаттау және педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау)
Педагогтер аттестаттаудан өтеді, соның нәтижелері бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен біліктілік санаттары беріледі (расталады).».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 31 наурыз
№ 24-VІІ ҚРЗ