тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешек сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда - салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң;
тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешек сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда - салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң мәжбүрлеу тәртiбiмен өндіріп алады.
Осы тармақтың ережелерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес өндiрiп алуды қолдануға жол берiлмейтiн банктік шоттарға қолданылмайды.
2. Салық төлеушінің (салық агентінің) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашылған банктік шоттарынан салықтық берешек сомасын өндіріп алу, осындай екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ақша сомасын қоспағанда, көрсетiлген қарыздың өтелмеген негiзгi борышы мөлшерiнде салық органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.
3. Салық органы инкассалық өкімді оны жасау күнгі салықтық берешек сомасы туралы деректер негізінде жасайды.
4. Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бір банктік шотынан инкассалық өкімді орындаған кезде салық төлеушінің (салық агентінің) көрсетілген екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банктік шоттарына шығарылған инкассалық өкімдер, егер мұндай инкассалық өкімдер сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарылған болса, салық органына орындалмай қайтарылады.
5. Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бірнеше банктік шотынан инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға ақшаны есептен шығару арқылы осындай инкассалық өкімді толық орындаған кезде, салық төлеушінің (салық агентінің) көрсетілген екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашылған басқа банктік шоттарына сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарылған инкассалық өкімдер орындалмай қайтарылады.
6. Инкассалық өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен нысан бойынша шығарылады және салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешек сомаларын өндiрiп алу жүргiзiлетiн сол банктік шотын көрсетуді қамтиды.
Салық органы инкассалық өкімді екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда телекоммуникация желілері бойынша беру арқылы жібереді. Электрондық нысанда инкассалық өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес қалыптастырылады.
7. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) банктік шотында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда, салықтық берешекті өндіріп алу салық органдары ұлттық валютада шығарған инкассалық өкiмдер негiзiнде шетел валютасындағы банктік шоттардан жүргізіледі.
8. Клиентке қойылған талаптардың барлығын қанағаттандыру үшін клиенттің екінші деңгейдегі банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасы жеткілікті болған кезде салықтық берешек сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімді екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезектегі тәртіппен және көрсетілген өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банктік шоттағы сомалар шегінде орындайды.
9. Клиентке бiрнеше талап қойылған кезде салық төлеушiнiң (салық агентінің) банктік шоттарында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда, екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осындай шоттарға ақша түсуiне қарай және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртібімен салықтық берешекті өтеу есебіне клиенттiң ақшасын алып қоюды жүргiзедi.
10. Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоты жабылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген инкассалық өкімді тиісті салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шотының жабылғаны туралы хабарламамен бірге қайтарады.
11. Салық органы салықтық берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей инкассалық өкімді кері қайтарып алады.
Салық органы инкассалық өкімді кері қайтарып алуды екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда телекоммуникация желілері бойынша беру арқылы жібереді. Электрондық нысанда инкассалық өкімді кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес қалыптастырылады.
123-бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) салықтық берешегі сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу
1-тармақтың қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 17-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
1. Тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекел деңгейі жоғары немесе орташа санатқа жатқызылған салық төлеушiде (салық агентінде) банктік шоттар болмаған жағдайда, сондай-ақ осы Кодекстің 122-бабында айқындалған тәртіппен жүргізілген, банктік шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алынғаннан кейін салықтық берешек өтелмеген кезде салық органы түзілген салықтық берешек шегiнде салық төлеушiге (салық агентіне) берешегi бар үшiншi тұлғалардың (бұдан әрi - дебиторлардың) банктік шоттарындағы ақшаға өндіріп алуды қолданады.
2. Салық төлеушi (салық агенті) салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей осындай хабарлама жiберген салық органына дебиторлық берешек сомасын көрсете отырып, дебиторлар тiзiмiн ұсынуға мiндеттi.
Дебиторлар тiзiмi осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетiлген мерзiмде ұсынылмаған жағдайда, салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дебиторларын анықтау мақсатында салық органдарының ақпараттық жүйелерінің деректерін пайдалануға, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселесі бойынша салық төлеушiге (салық агентіне) тексеру жүргiзуге құқылы. Бұл ретте салық органы сотта дау айтылатын дебиторлық берешек сомасын растауға құқылы емес.
Салық төлеушi (салық агенті) салықтық берешекті өтеген жағдайда, дебиторлар тiзiмi немесе өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсi ұсынылмайды.
3. Салық төлеушi (салық агенті) ұсынған дебиторлар тiзiмiнiң және (немесе) салық органдарының ақпараттық жүйелерінен алынған дебиторлар туралы мәліметтердің және (немесе) дебиторлық берешек сомасын растайтын салық төлеушіні (салық агентін) тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы дебиторларға салық төлеушiнiң (салық агентінің) салықтық берешегін өтеу есебіне олардың банктік шоттарындағы ақшаға дебиторлық берешек сомалары шегiнде өндiрiп алуды қолдану туралы хабарлама жiбередi.
Дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей, хабарламаны жiберген салық органына хабарламаны алған күнге салық төлеушiмен (салық агентімен) бiрлесiп жасалған өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсiн қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуға мiндеттi.
Салық төлеушi мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсiнде мынадай мәлiметтер:
1) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының атауы, олардың сәйкестендіру нөмiрлерi;
2) дебитордың салық төлеушi (салық агенті) алдындағы берешегінің сомасы;
3) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының заңдық деректемелерi, мөрi (ол болған кезде) және қолтаңбалары не салық төлеушi мен оның дебиторының электрондық цифрлық қолтаңбалары;
4) бюджетке берешекті өтеу туралы хабарлама алынған күннен бұрын болмауға тиіс салыстырып-тексеру актiсiнiң жасалған күнi қамтылуға тиiс.
4. Дебиторлар өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсiн осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзiмде ұсынбаған жағдайда, салық органы көрсетілген дебиторларға салықтық тексеру жүргiзеді. Бұл ретте салық органы сотта дау айтылатын дебиторлық берешек сомасын растауға құқылы емес.
5. Өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актісінің немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын дебиторды тексеру актісінің негізінде салық органы дебитордың банктік шоттарына салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегі сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер шығарады.
Дебитор мен салық төлеушi (салық агенті) арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсiнде көрсетiлген дебиторлық берешек өтелген жағдайда, салық төлеушiнiң (салық агентінің) салықтық берешегі сомасын өндiрiп алу туралы дебитордың банктік шоттарына шығарылған инкассалық өкiмдер дебитор немесе салық төлеушi (салық агенті) салық органына мұндай берешектiң өтелгенiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсiн ұсынған күннен кейінгі бір жұмыс күнi iшiнде керi қайтарып алуға жатады.
6. Салық төлеушi - дебитордың екінші деңгейдегі банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымы салық органы шығарған, осы Кодекстiң 122-бабында белгiленген талаптарға сәйкес салық төлеушiнiң (салық агентінің) салықтық берешегі сомасын өндiрiп алу туралы инкассалық өкiмдi орындауға мiндеттi.
Бұл ретте дебитордың бірнеше екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашылған банктік шоттарынан ақшаны инкассалық өкiмде көрсетілген сомадан асатын мөлшерде есептен шығарған жағдайда, артық есептен шығарылған соманы салық органы дебиторға оның өтініші негізінде қайтарады.
7-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегін осы бапта айқындалған тәртіппен оның дебиторларының шоттарынан өндіріп алу тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес дебитор жатқызылған тәуекел деңгейіне қарамастан жүзеге асырылады.
124-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін бюджетке берешек есебіне өткізу есебінен өндіріп алу
1-тармақтың қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 18-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
1. Салық органы тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекел деңгейі жоғары немесе орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның банктік шоттарында және оның дебиторларының банктік шоттарында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның және (немесе) оның дебиторларының банктік шоттары болмаған жағдайларда, оның келісімінсіз салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулы шығарады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелері қоса беріле отырып, уәкілетті заңды тұлғаға жіберіледі.
2. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін салықтық берешек шотына өткізуді уәкілетті заңды тұлға сауда-саттық өткізу арқылы жүзеге асырады.
Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3. Уәкілетті заңды тұлға сот орындаушысы тыйым салған, билік ету шектелген мүлікті өткізген жағдайда, осындай мүлікті өткізуден түскен ақша сомасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген борышкер мүлкінің есебінен талаптарды қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес бөлінеді.
125-бап. Салық төлеуші (салық агенті) - жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығарту
Осы Кодекстiң 121-бабы 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген барлық шара қабылданғаннан кейін салық төлеуші (салық агенті) - жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам салықтық берешек сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығарту туралы талап арызбен сотқа жүгінеді.
Сот шешімі бойынша оларды өтеу үшін жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығарту жүргізілетін салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді, сондай-ақ өсімпұлды, айыппұлдарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мерзімдері соттың жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
126-бап. Салық төлеушіні (салық агентін) банкрот деп тану
1. Осы Кодекстің 121-бабында көзделген барлық шара қабылданғаннан кейін салық төлеуші (салық агенті) бюджетке берешек сомасын өтемеген жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қабылдауға құқылы.
2. Банкрот деп танылған салық төлеушiнi (салық агентін) тарату тәртібі Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
127-бап. Салықтық берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тізімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
1. Салық органдары салықтық берешек туындаған күннен бастап төрт ай ішінде өтелмеген:
дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен асатын;
заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерінен асатын салықтық берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Бұл ретте тізімдерде салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не атауы, экономикалық қызмет түрі, сәйкестендіру нөмірі, салық төлеуші (салық агенті) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және салықтық берешегінің жалпы сомасы көрсетіледі.
2. Уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тізімі осы бапта көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін салық төлеушілерді (салық агенттерін) қосу, сондай-ақ салықтық берешегін өтеген немесе салықтық міндеттемелері тоқтатылған салық төлеушілерді (салық агенттерін) шығару арқылы аяқталған тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей тоқсан сайын жаңартылады.
128-бап. Салық төлеуші - дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаның салықтық берешегін өндіріп алу
1. Дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 1 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтық берешегін жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады (бұдан әрі - салық бұйрығы) және оны шығарған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеке тұлғаға жібереді.
2. Жеке тұлға салықтық берешегін өтемеген кезде салық органы жеке тұлғаға салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осындай салық бұйрығын Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындау үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына жібереді.
3. Салық бұйрығын шығарған салық органы жеке тұлға салықтық берешегін өтеген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық бұйрығының күшін жояды.
15-тарау. САЛЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГ
129-бап. Жалпы ережелер
1. Салықтық мониторинг салық төлеушілердің қаржылық-шаруашылық қызметін талдау арқылы олардың нақты салық салынатын базасын айқындау, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын нарықтық бағаларды бақылау мақсатында жүзеге асырылады.
2. Салықтық мониторинг:
1) ірі салық төлеушілер мониторингінен;
2) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) деңгейлес мониторингтен тұрады.
130-бап. Ірі салық төлеушілер мониторингі
1. Ірі салық төлеушілер мониторингіне, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдар болып табылатын, осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзету есепке алынбағанда жылдық жиынтық кірісі неғұрлым көп, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) тіркелген активтерінің құндық балансының сомасы салықтық кезеңнің соңына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың соңында қолданыста болатын, кемінде 325 000 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайтын;
2) жұмыскерлерінің саны кемінде 250 адамды құрайтын салық төлеушілер жатады.
Осы баптың мақсаттары үшін:
1) осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, жылдық жиынтық кіріс ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың алдындағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация деректерінің негізінде айқындалады;
2) тіркелген активтердің құндық баланстарының сомасы ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың алдындағы жыл үшін салықтық есептілік негізінде айқындалады;
3) жұмыскерлердің саны ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың бірінші тоқсанының соңғы айы үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның деректері негізінде айқындалады.
Осы тармақта белгіленген шарттардың сақталуына қарамастан, ірі салық төлеушілер мониторингіне:
1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы арасында жасалған және міндетті салықтық сараптамадан өткен өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) көрсетілген, осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда жиынтық жылдық кірісі неғұрлым көп және (немесе) көрсетілген келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес мұнай-газ конденсаты кен орнында қызметін жүзеге асыратын сенім білдірілген тұлға (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар);
2) ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі қолданысқа енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 қазанында мынадай шарттарға сәйкес келетін:
жер қойнауын пайдаланушымен, кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасалса;
жер қойнауын пайдаланушы өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес қала құраушы заңды тұлғалар санатына жатқызылса, жер қойнауын пайдаланушы жатады.
2. Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесіне:
1) осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген шарттарға сәйкес келетін ірі салық төлеушілердің ішінен, осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда жиынтық жылдық кірісі неғұрлым көп алғашқы үш жүз ірі салық төлеуші;
2) осы баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген салық төлеушілер кіреді.
3. Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі, көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ұсынылған салықтық есептілік деректерінің негізінде қалыптастырылады және оны уәкілетті орган көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.
Егер ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін салық төлеуші таратылу сатысында тұрған болса, мұндай салық төлеуші бұл тізбеге енгізілуге жатпайды.
Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің бекітілген тізбесі оны бекіткен жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізіледі, қолданысқа енгізілген күнінен бастап екі жыл ішінде қолданыста болады және осы кезең ішінде қайта қаралуға жатпайды.
4. Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда, оның құқықтық мирасқоры (құқықтық мирасқорлары) ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің келесі тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін ірі салық төлеушілер мониторингіне жатады.
5. Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеуші таратылған жағдайда, сондай-ақ соттың оны банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап осы салық төлеуші ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесінен шығарып тасталған деп танылады.
131-бап 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
131-бап. Деңгейлес мониторинг
1. Деңгейлес мониторинг уәкілетті орган мен салық төлеуші арасында ақпарат және құжаттар алмасуды көздейді, ол мынадай:
ынтымақтастық;
негізделген сенім;
заңдылық;
айқындық;
кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына негізделеді.
Деңгейлес мониторинг туралы келісімнің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
2. Деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап деңгейлес мониторинг жүргізіледі және ұзарту мүмкіндігімен үш жылдың ішінде қолданыста болады.
Бұл ретте деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасасу және бұзу тәртібін, сондай-ақ деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалатын салық төлеушілердің санатын уәкілетті орган белгілейді.
Деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап деңгейлес мониторингке жататын салық төлеушілер ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілер болып табылмайды.
3. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу:
1) бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:
деңгейлес мониторингте тұрған салық төлеушінің деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарламамен келіскен;
деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарламаға сот тәртібімен шағым жасау фактісі болмаған кезде деңгейлес мониторинг;
2) салық төлеуші деңгейлес мониторингте болған кезеңге салықтық тексеру нәтижелері бойынша осындай бұзушылық фактісі анықталған кезде басталмайды, ал басталған іс тоқтатылуға жатады.
132-бап. Ірі салық төлеушілер мониторингін жүргізу тәртібі
1. Ірі салық төлеушілер мониторингін жүргізу барысында уәкілетті орган ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілерден салықтарды есептеудің дұрыстығын және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеудiң (ұстап қалудың және аударудың) уақтылы болуын растайтын құжаттарды және жазбаша түсіндірулерді, сондай-ақ, еншiлес ұйымдарының қаржылық есептiлiгiн қоса алғанда, салық төлеушiнің (салық агентінің) қаржылық есептiлiгін ұсынуды талап етуге құқылы.