3) еңбекке баулу, кәсiби диагностика;
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де қызметтер көрсету жатады.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5. Білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететiн ұйымдар болып табылады.
6. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетуге:
1) Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк көмек көрсету;
2) протездеу және протез-ортопедия бұйымдарымен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтердi көрсету;
3) арнаулы техникалық және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету;
4) кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына консультациялық көмек көрсету;
5) әлеуметтiк қызметкерлердiң қызметтер көрсетуi жатады.
Әлеуметтiк қызметкерлердiң құқықтық мәртебесi Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленедi.
10-бап. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды, айғақтамаларын анықтауды, оларға білiм берудiң түрi мен нысандарын айқындауды, оларды оңалтудың жеке бағдарламасын жасау мақсатында диагностика және психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерудi жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер болып табылады.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қызметiн ұйымдастыру азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсе отырып білім беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелермен айқындалады.
2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар кемтар балаларды арнаулы түзеу ұйымдары мен басқа да ұйымдарға медициналық, арнаулы білім және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуы үшiн ата-аналарының және өзге де заңды өкiлдерiнiң келісімiмен ғана жiбередi.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Кемтар балаларға білім берудi ұйымдастыру
1. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысына және оқытудың жеке жоспарына сәйкес кемтар балалар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды - үш жастан бастап, бастауыш және негiзгi орта білімдi жетi - он жастан бастап алуына болады. Бұл ретте мемлекеттік білім беру бағдарламаларына сәйкес бастауыш және негiзгi жалпы білім берудiң ұзақтығы он жылдан кем болмауға тиiс.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысы бойынша айғақтамалары болған кезде кемтар балаларды тәрбиелеу мен оқыту үйде жеке және тегін жүзеге асырылады.
2. Кемтар балалардың Қазақстан Республикасының білім туралы заңдарында белгiленген тәртiппен білім алуға құқығы бар.
Мемлекет кемтар балаларды кәсiби даярлауға жәрдемдеседi.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
3. Жалпы білім беретін арнаулы білім беру ұйымдары ымдау тілін, Брайль әліпбиін, басқа да балама қаріптерді және қарым-қатынас әдістерін пайдалана отырып, тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру және (немесе) есту және (немесе) сөйлеу қабілеттері бұзылған балалардың білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды.
Арнаулы білім беру ұйымдары педагог жұмыскерлерді, оның ішінде ымдау тілін, Брайль әліпбиін, басқа да балама қаріптерді және қарым-қатынас әдістерін меңгерген мүгедектерді жұмысқа тартады.
12-бап. 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 13-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13-бап. Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау iсiн қаржыландыру
Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау iсiн қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылады.
14-бап. Кемтар балаларды еңбекке даярлау және оларға кәсiби білім беру
1. Кемтар балалар Қазақстан Республикасының білім беру туралы заң актілеріне сәйкес кәсiби білім ала алады.
2. Кемтар балаларды еңбекке даярлау отбасында, арнаулы білім беру ұйымдарында жүргiзiледi. Кемтар балалардың болашақ кәсiби қызметiнiң мүмкiндiктерi мен сипатын айқындау үшiн кәсiби-консультациялық орталықтарда, арнаулы білім беру ұйымдарында кәсiби диагностика жүргiзiледi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Кемтар балаларға техникалық және кәсіптік білім беру арнаулы білім беру ұйымдарында, арнаулы түзеу ұйымдарында жүзеге асырылады.
4-тарау. Кемтар балалардың құқықтары, олардың ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері
15-бап. Keмтap балалардың құқықтары
1. Кемтар балалардың:
1) әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепiлдiктi түрде тегiн алуға;
2) мемлекеттік медициналық ұйымдарда, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда немесе медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмдерiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тегiн тексерiлуге және тегін медициналық көмек алуға;
3) дене немесе психикалық кемiстiктерi байқалған сәттен бастап, оның көрiну дәрежесiне қарамастан, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысына сәйкес тегiн медициналық-психологиялық-педагогикалық түзеуге;
4) медициналық айғақтамалары бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен протез-ортопедия бұйымдарымен және аяқ киiммен, арнайы қарпi бар баспа басылымдарымен, дыбыс күшейткiш аппаратурамен және сигнал бергiш құралдармен, компенсаторлық техникалық құралдармен тегiн қамтамасыз етiлуге;
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысына сәйкес арнаулы білім беру ұйымдарында немесе мемлекеттік жалпы білім беретiн оқу орындарында тегiн мектепалды және жалпы орта білім алуға;
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) мемлекеттік оқу орындарында мемлекеттік білім беру бағдарламалары шегiнде конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім алуға;
7) оқу бiтiргеннен кейiн алған білімiне және (немесе) кәсiби даярлығына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жұмысқа орналасуға құқығы бар.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бюджеттен қаржыландыру арқылы мемлекеттік тегiн білім алу, білім беру гранттарын алу конкурсына қатысқан кезде көрсеткiштерi басқалармен бiрдей болған жағдайда, медициналық-әлеуметтiк сараптау бөлiмдерiнiң қорытындысына сәйкес тиiстi білім беру ұйымдарында білім алуына болатын I және II топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер басым құқыққа ие болады.
3. Жетiмдер қатарындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, толықтай мемлекет қамтамасыз ететiн кемтар балалар арнаулы білім беру ұйымдарында болуын аяқтағаннан кейiн және кәмелеттiк жасқа жеткен соң, жергiлiктi атқарушы органдар оларды заңдарда белгiленген тәртiппен тұрғын үймен қамтамасыз етедi.
16-бап. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерiнiң құқықтары
Кемтар балалардың ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерiнiң:
1) баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда куәландыру кезiнде қатысуға;
2) баланы тексерудiң нәтижелерi, жеке әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мақсаттары мен нәтижелерi туралы дұрыс ақпарат алуға, медициналық, арнаулы білім берумен және арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетумен айналысатын органдар мен ұйымдардан консультациялар алуға;
3) өз балаларының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуына;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын жергілікті өкілді органдардың шешімімен айқындалатын тәртiппен және мөлшерлерде өндіріп алуға құқығы бар.
17-бап. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерiнiң мiндеттерi
1. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерi, заңдарда белгiленген мiндеттерден басқа, өздерiнiң балаларын асырауды, тәрбиелеудi, білім берудi, медициналық байқаудан өткiзудi, емдетудi қамтамасыз етуге, оларға күтiм жасауға, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға оңалтудың жеке бағдарламасын icкe асыруға қатысуға тиіс.
2. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерi балаларына күтiм жасау мен оларды тәрбиелеу жөніндегі мiндеттерiн орындаудан жалтарғаны, оларға қатыгездiк көрсеткенi, олардың денсаулығына зақым келтiргенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
5-тарау. Қорытынды ережелер
18-бап. Қазақстан Республикасының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау саласындағы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
19-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының