6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік аударымдардың сомалары төлеушілердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні осы сомаларды Қорға Мемлекеттік корпорация арқылы аударуға міндетті.
7. Мемлекеттік кіріс органдары агенттің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасын көрсете отырып, туындаған күнінен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеушілердің тізімдерін жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.».
17. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №11, 63-құжат; 2005 ж., №14, 55-құжат; 2006 ж., №4, 25-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №8, 52-құжат; 2009 ж., №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №17-18, 112-құжат; 2012 ж., №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; 2014 ж., №14, 84-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №22-VІ, 159-құжат):
4-1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Қордың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым алынады.».
18. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №6, 44-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №23, 141-құжат; 2009 ж., №17, 80-құжат; №18, 84-құжат; №24, 129-құжат; 2010 ж., №15, 71-құжат; 2011 ж., №2, 26-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №2, 11, 14-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат; №15, 81-құжат; №21-22, 114-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №11, 52-құжат; №19-I, 101-құжат; №20-IV, 113-құжат; 2016 ж., №8-II, 70-құжат; №12, 87-құжат; 2017 ж., №12, 34-құжат):
1) 1-бапта:
21-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«21-4) халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану - бұл халықаралық мамандандырылған көрменің обьектілерін басқару (пайдалану);»;
мынадай мазмұндағы 21-5) тармақшамен толықтырылсын:
«21-5) халықаралық мамандандырылған көрменiң объектiлерi -ғимараттар, сәулет объектiлерi, құрылыстар, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы және халықаралық мамандандырылған көрменің аумағында орналасқан, оны өткізуден кейін қалған өзге де объектілер;»;
2) 6-бапта:
14-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14-1) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны құрады;»;
14-2) тармақша алып тасталсын;
3) 28-бапта:
4-тармақтың бірінші абзацы және 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға өз қызметінің мақсатына қол жеткізу үшін мынадай функцияларды орындайды:»;
«3) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаның жарғысында көзделген өзге де функциялар.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
19. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №21, 124-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №15, 92-құжат; №24, 148-құжат; 2008 ж., №15-16, 60-құжат; 2009 ж., №17, 80-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №2, 26-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №5, 41-құжат; №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №4, 21-құжат; №14, 75-құжат; №15, 81-құжат; №21-22, 114-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-ІV, 113-құжат; №22-V, 156-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-ІІ, 53-қүжат; 2017 ж., №11, 29-құжат):
1) 24-баптың 6-тармағындағы «Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрменi ұйымдастыруға және өткiзуге» деген сөздер «халықаралық мамандандырылған көрменiң аумағын көрмеден кейін пайдалануға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 33-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрменi ұйымдастыруға және өткiзуге» деген сөздер «халықаралық мамандандырылған көрменiң аумағын көрмеден кейін пайдалануға» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №2, 15-құжат; 2009 ж., №9-10, 48-құжат; №18, 84-құжат; №19, 88-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №17-18, 111-құжат; №22, 132-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; №19, 145-құжат; 2012 ж., №15, 97-құжат; 2014 ж., №1, 4, 9-құжаттар; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 44-құжат; №20-ІV, 113-құжат):
9-баптың 3-тармағындағы «мөлшері, оны есептеу мен төлеудің тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес» деген сөздер «, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері, оларды есептеу және төлеу тәртібі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі)» деген сөздермен ауыстырылсын.
21. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №3, 19-құжат; 2008 ж., №23, 114-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №17-18, 101-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; №10-11, 56-құжат; №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; 2015 ж., №15, 78-құжат; №22-I, 143-құжат; №22-V, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., №22, 116-құжат):
9-бапта:
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
4) мыналар:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатын;
Қазақстан Республикасында салық салу объектілерін иеленетін;
Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері болып табылатын;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 220-бабының 9-тармағына сәйкес қызметін өзінің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар үшін тіркеу куәлігі болып табылады.»;
8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мыналар:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатын;
Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері болып табылатын;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 220-бабының 9-тармағына сәйкес қызметін өзінің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын;
филиал, өкілдік ашпай қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын;
Қазақстан Республикасында салық салу объектілерін иеленетін;
резидент-банктерде ағымдағы шоттар ашатын бейрезидент-заңды тұлғаларды мемлекеттік кіріс органында салық төлеушілер ретінде тіркеу кезінде жүзеге асырылады.»;
10-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мүлкі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаның өткізілген акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 және одан көп пайызын құрайтын, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленетін резиденттің немесе консорциумның тұрған жері бойынша;».
22. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №20, 151-құжат; 2008 ж., №23, 124-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 149-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №2, 21-құжат; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №16, 128-құжат; №18, 142-құжат; 2012 ж., №2, 11-құжат; №4, 32-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №2, 7-құжат; №7, 34-құжат; №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 81-құжат; 2014 ж., №1, 4, 6-құжаттар; №3, 21-құжат; №10, 52-құжат; №14, 84-құжат; №19-І, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №10, 50-құжат; №14, 72-құжат; №20-IV, 113-құжат; №21-III, 135-құжат; №22-І, 140-құжат; №22-V, 156, 158-құжаттар; №23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., №8-II, 67-құжат; №23, 119-құжат; 2017 ж., №8, 16-құжат; №9, 17, 18-құжаттар; №13, 45-құжат; №14, 50, 53-құжаттар; №16, 56-құжат):
8-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 10) тармақшасындағы «азаматтар жатады.» деген сөздер «азаматтар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар жатады.».
23. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №15-16, 65-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №11, 58-құжат; №15, 71-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №11, 80-құжат; 2013 ж., №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат):
23-тармақтың 1) тармақшасының бірінші - жиырмасыншы абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 2-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) бақылау - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес айқындалатын бақылау.
«Бақылау» деген ұғым трансферттік баға белгілеу бойынша есептіліктің мақсаттары үшін пайдаланылады;»;
10-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1) қаржы жылы - халықаралық топтың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігі жасалатын кезең;»;
мынадай мазмұндағы 10-2), 28-1), 30-1), 30-2), 30-3), 30-4) және 32) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-2) қолайсыз әлеуметтiк-экономикалық салдар - ұлттық мүдделерді іске асыруға кедергі жасайтын немесе оларға қауіп тудыратын, сондай-ақ ұлттық экономиканың орнықты дамуына қатер төндіретін әлеуметтік және экономикалық салдардың жиынтығы;»;
«28-1) түсім - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілік жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес айқындалатын, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін кірістер;»;
«30-1) халықаралық топ - осындай халықаралық топтың негізгі компаниясын қоса алғанда, халықаралық топқа қатысушылар болып табылатын, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін тұлғалардың жиынтығы:
осы тармақшаның бiрiншi абзацында көрсетiлген тұлғалар жиынтығының құрамына Қазақстан Республикасының резидентi болып танылатын не Қазақстан Республикасының резиденті болып танылмайтын, бірақ Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтi құрылымдық бөлiмше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын ең болмағанда бiр тұлға кіреді;
бақылау және (немесе) қатысу арқылы өзара байланысты болады;
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына немесе бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес өздеріне қатысты шоғырландырылған қаржылық есептілік жасалады не қаржылық есептілігі тек қана осындай тұлғалардың мөлшеріне немесе деректерінің елеулілігіне орай шоғырландырылған қаржылық есептілік жасалған кезде ескерілмейді;
30-2) халықаралық топқа қатысушы - мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін тұлға:
халықаралық топтың негізгі компаниясы;
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, өзіне қатысты халықаралық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігі жасалатын не егер осындай тұлғаның бағалы қағаздары қор биржасындағы сауда-саттыққа жіберілген болса, шоғырландырылған қаржылық есептілік (ол болмаған жағдайда) жасалуы мүмкін болған тұлға;
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес қаржылық есептілігі тек қана осындай тұлғаның мөлшеріне немесе деректерінің елеулілігіне орай халықаралық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігі жасалған кезде ескерілмейтін тұлға;
осы тармақшаның екінші және (немесе) үшінші және (немесе) төртінші абзацтарында айқындалған, осындай құрылымдық бөлімшені немесе тұрақты мекемені құрған тұлғаны ішкі бақылау не оның қаржылық, салықтық немесе өзге де реттеушілік есептілігі мақсаттары үшін өзіне қатысты жеке қаржылық есептілік жасалатын тұлғаның құрылымдық бөлімшесі немесе тұрақты мекемесі;
30-3) халықаралық топқа уәклетті қатысушы - халықаралық топтың негізгі компаниясы болып табылмайтын, бірақ:
халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топтың атынан еларалық есептілікті дайындауға және (немесе) ұсынуға уәкілеттік берген және еларалық есептілікті ұсыну бойынша құқықтық қатынастарда халықаралық топтың негізгі компаниясы сияқты құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыратын,
23-тармақтың 1) тармақшасының жиырма бірінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
немесе халықаралық топқа өзге қатысушы халықаралық топтың немесе осындай қатысушының атынан негізгі есептілікті және (немесе) жергілікті есептілікті тиісті өкілеттіктерді берген халықаралық топқа өзге қатысушы резиденті болып табылатын не халықаралық топқа осындай қатысушы кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын мемлекетте (аумақта) дайындауға және (немесе) ұсынуға уәкілеттік берген халықаралық топқа қатысушы. Уәкілетті қатысушы негізгі есептілікті және (немесе) жергілікті есептілікті ұсыну бойынша құқықтық қатынастарда тиісті өкілеттіктерді берген халықаралық топқа өзге қатысушы сияқты құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
23-тармақтың 1) тармақшасының жиырма екінші - жиырма жетінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Осы Заңда реттелетін құқықтық қатынастарда халықаралық топқа уәкілетті қатысушының әрекеттері (әрекетсіздігі) халықаралық топқа уәкілетті қатысушыға тиісті өкілеттіктер берген халықаралық топқа қатысушының әрекеттері (әрекетсіздігі) болып танылады;
30-4) халықаралық топтың негізгі компаниясы - бір мезгілде мынадай шарттарды қанағаттандыратын халықаралық топқа қатысушы:
осындай қатысушы халықаралық топқа басқа қатысушылардың жарғылық капиталына тікелей және (немесе) жанама қатысады және мұндай қатысудың үлесі халықаралық топқа қатысушыларға қатысты шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау үшін жеткілікті шаманы құрайды;
осындай қатысушының үстінен басқа негізгі компания болмайды;
халықаралық топқа бірде-бір өзге қатысушы осы тармақшада көрсетілген барлық шарттарды бір мезгілде қанағаттандырмайды;»;
«32) шоғырландырылған қаржылық есептілік - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілік жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес жасалатын, халықаралық топтың негізгі компаниясының және халықаралық топқа басқа да қатысушылардың активтері, міндеттемелері, капиталы, кірістері, шығыстары және ақша ағындары бір тұлғаның активтері, міндеттемелері, капиталы, кірістері, шығыстары және ақша ағындары ретінде ұсынылған халықаралық топтың қаржылық есептілігі.»;
23-тармақтың 2) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 4-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасындағы «жасасуға құқылы.» деген сөздер «жасасуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
4-бабы 1-тармағының 7) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2019 ж. 1 қаңтарға дейін осы Заңның 6-бабының редакциясында қолданылды
«7) осы Заңның 7-2 және 7-3-баптарында белгіленген жағдайларда, халықаралық топқа қатысушыға есепті қаржы жылы үшін негізгі және (немесе) еларалық есептілікті уәкілетті органға ұсыну туралы талапты жіберуге құқылы.»;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның ережелері қолданылатын мәмілеге қатысушылардың және халықаралық топқа қатысушылардың құқықтарын сақтауға;»;
23-тармақтың 3) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
5-бап. Мәмілеге қатысушылардың және халықаралық топқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
1. Мәмілеге қатысушылардың және халықаралық топқа қатысушылардың:
1) уәкілетті органдарға қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын және дифференциалды растайтын құжаттарды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірін қолдану туралы ақпаратты және қолданылатын бағаны растайтын басқа да ақпаратты беруге;
2) уәкілетті органдардан Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы бойынша ақпарат пен түсіндірмелер алуға;
3) бақылауды жүзеге асыруға байланысты туындайтын мәселелер бойынша жеке өзі не өзінің өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өз мүдделерін білдіруге;
4) бақылауды жүзеге асыру және салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау барысында уәкілетті органдарға қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін және қолданылатын бағаны растайтын басқа да ақпаратты беруге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен тексерулердің актілері бойынша хабарламаларға және уәкілетті органдар лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
6) тексеруге дейін мәміленің бағасын және (немесе) салық салу объектілерін, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілерді дербес түзетуге;
7) уәкілетті органдармен трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісімдер жасасуға құқығы бар.
5-бабы 1-тармағының екінші бөлігі 2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2019 ж. 1 қаңтарға дейін осы Заңның 7-бабының редакциясында қолданылды
Бұл ретте халықаралық топқа қатысушының өзінің атынан еларалық және (немесе) негізгі және (немесе) жергілікті есептілікті дайындауға және (немесе) ұсынуға халықаралық топқа басқа қатысушыға уәкілеттік беруге де құқығы бар.
2. Мәмілеге қатысушылардың және халықаралық топқа қатысушылардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары бар.
3. Мәмілеге қатысушылар:
1) осы Заңға сәйкес міндеттерін уақтылы және толық көлемде орындауға;
2) уәкілетті органдардың заңды талаптарын орындауға;
3) мәміленің қолданылатын бағасының негізділігін растайтын есептілікті және құжаттаманы жүргізуге;
4) осы Заңда айқындалған тәртіппен уәкілетті органдарға мәмілелер мониторингі бойынша ақпаратты және есептілікті, сондай-ақ өзге де құжаттарды ұсынуға міндетті.
Уәкілетті органдардың сұрау салуы бойынша мәмілеге қатысушы мәміленің қолданылатын бағасының негізділігін растайтын ақпаратты және құжаттарды күнтізбелік тоқсан күн ішінде ұсынады;
5) тексерулер жүргізу барысында уәкілетті органдардың талап етуі бойынша қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын және дифференциалды растайтын құжаттарды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірін қолдану туралы ақпаратты және қолданылатын бағаны растайтын басқа да ақпаратты беруге міндетті.
5-бабының 4-тармағы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап 2019 ж. 1 қаңтарға дейін осы Заңның 9-бабының редакциясында қолданылды
4. Халықаралық топқа қатысушылар:
1) осы Заңға сәйкес міндеттерін уақтылы және толық көлемде орындауға;
2) уәкілетті органдардың заңды талаптарын орындауға;
3) осы Заңның 5-1-бабына сәйкес уәкілетті органға халықаралық топқа қатысу туралы өтінішті ұсынуға;
4) егер халықаралық топқа қатысушыға жергілікті және (немесе) негізгі және (немесе) еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндет немесе талап жүктелген болса, осындай есептілікті жүргізуге;
5) осы тармақтың 6) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның ережелеріне сәйкес уәкілетті органға трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті ұсынуға;
6) осы Заңның ережелеріне сәйкес уәкілетті органдардың талап етуі бойынша негізгі және (немесе) еларалық есептілікті ұсынуға міндетті.
5. Мәмілеге қатысушылар және халықаралық топқа қатысушылар осы Заңда көзделген өзге де міндеттерді орындайды.»;
4) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
«5-1-бап. Халықаралық топқа қатысу туралы өтініш
1. Халықаралық топқа қатысушы уәкілетті органға есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей өзінің халықаралық топқа қатысуы туралы өтінішті ұсынуға міндетті.
Өтініштің нысанын және оны толтыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
2. Халықаралық топқа қатысу туралы өтінішті ұсыну жөніндегі міндет халықаралық топқа мынадай қатысушыларға:
1) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясына;
2) халықаралық топқа уәкілетті қатысушыға (егер халықаралық топқа уәкілетті қатысушы трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті ұсынуға тиіс болған жағдайда);
3) осы Заңға сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті ұсыну жөніндегі міндет немесе талап болған кезде халықаралық топқа қатысушы болып табылатын және халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы болып табылмайтын резидентке;
4) осы Заңға сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті ұсыну жөніндегі міндет немесе талап болған кезде халықаралық топқа қатысушы болып табылатын және Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке жүктеледі.
3. Халықаралық топқа қатысушы мәліметтердің толық емес екенін, халықаралық топқа қатысу туралы ұсынылған өтінішті толтыруда дәлсіздіктерді не қателерді анықтаған жағдайда осындай қатысушы жаңартылған ақпаратты ескере отырып, түзетілген өтінішті ұсынуға міндетті.
Бұл ретте осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім түзетілген өтінішті ұсынуға қолданылмайды.