Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 846 Қаулысы
(2009.29.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат):
1-тармақта:
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Бірәлиев Әлжан Хамидолаұлы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі;
Yмбетәлиев Мәди Тоқтарұлы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
Әлиев Арыстанбек Мұхамедиұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі;
Скрябин Сергей Васильевич - «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;
көрсетілген құрамнан Досжан Ардақ Дүкенбайұлы, Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы шығарылсын;
2) ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | К. Мәсімов |