2. Тауар биржасындағы мемлекеттік сатып алу қосарланған қарсы аукцион режимінде жүзеге асырылады.
3. Тапсырыс беруші үшін тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қызметтері тапсырыс берушінің тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражаттар шеңберінде өтеулі негізде көрсетіледі.
4. 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 13-2-баппен толықтырылды
13-2-бап. Тауар биржасының құқықтары мен міндеттері
1. Тауар биржасының:
1) осы Заңның 15-1-бабына сәйкес биржалық сауда-саттықты өзі өткізетін сауда режимдерін айқындауға;
2) биржалық сауда-саттықты фьючерстермен, опциондармен өткізуге;
3) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Тауар биржасы:
1) тармақша 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды сақтауға;
2) өз интернет-ресурсын иеленуге;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) өзінің интернет-ресурсында тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің жаңаланған тізбесін орналастыруға міндетті.
Тізбеде тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің атауы, орналасқан жері, басшысы мен қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
Тауар биржасы мүшелерінің атауы, орналасқан жері өзгерген, сондай-ақ басшысы ауысқан және (немесе) қызметкерлерінің құрамы өзгерген кезде, тауар биржасына тауар биржасының мүшелерінен ақпарат келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде тауар биржасы тізбені жаңартады;
3) коммерциялық құпияны жария етпеуге;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) биржалық сауда-саттықтың нәтижелерін сауда-саттық күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей өз интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
5) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-бап. Тауар биржасының кірістері
1. Тауар биржасының кірістері тауар биржасы мүшелерінің кіру жарналары мен жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдаланғаны, биржалық мәмілелерді тіркегені және ресімдегені үшін төлемдер есебінен және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да түсімдер есебінен құралады.
2. Тауар биржасы мыналарды:
1) тауар биржасы мүшелерінің кепілдік жарналарының мөлшері мен оларды енгізу тәртібін;
2) биржалық сауданың ережелеріне сәйкес сауда-саттыққа қатысқаны үшін төлемдердің мөлшерін;
3) алыпсатарлық әрекеттерді болдырмау мақсатында сауда-саттықты тоқтата тұру үшін алдыңғы сауда-саттық нәтижесінде қалыптасқан бағаларды ескере отырып, бір сауда күні шеңберінде нақты биржалық тауарға бағалар деңгейлерінің ең аз және ең көп шектерін белгілеуге құқығы бар.
3. Тауар биржасына биржалық мәмілелердегі делдалдық үшін брокерлер және дилерлер алатын сыйақы мөлшерін белгілеуге тыйым салынады.
4. Тауар биржасының мүшелерінен алынатын төлемдердің мөлшері биржалық сауданың ережелерімен айқындалады және биржалық сауданың кез келген қатысушысының танысуы үшін қолжетімді болуға тиіс.
15-бап. Биржалық мәміле
1. Биржада айналымға жіберілген мүлік нысанасы болып табылатын және Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына және биржалық сауда ережелеріне сәйкес ол жүргізетін сауда-саттыққа қатысушылармен жасалатын мәміле биржалық мәміле болып танылады.
2. Тауар биржасында жасалған, бірақ осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес емес мәмілелер биржалық болып табылмайды.
3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлармен тауар биржаларынан тыс жасалған мәмілелер мүдделі адамдардың, уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылады.
4. Биржалық мәмілелер тауар биржасының атынан және оның есебінен жасалмайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Биржалық тауарлардың тізбесінде мыналар қамтылады:
1) биржалық тауарлардың қысқаша атаулары және олардың Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес кодтары;
2) жекелеген биржалық тауарлар бойынша - беру партиясының ең төмен мөлшері, ол тең болған немесе одан асып кеткен кезде, оларды өткізу тауар биржасында ғана жүзеге асырылуға жатады;
3) жекелеген биржалық тауарлар бойынша - тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын ең аз үлес, сондай-ақ өздеріне осындай мiндет қолданылатын субъектiлер санаты.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 15-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-1-бап. Биржалық сауда-саттықтарды жүргiзу режимдерi
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Биржалық сауда-саттық мынадай сауда режимдерінде жүргізіледі:
1) стандартты аукцион режимі;
2) қосарланған қарсы аукцион режимі.
2. 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Стандартты аукцион режиміндегі биржалық сауда-саттықтар:
1) жалпыға белгілі болып табылатын аукционның бастамашысы туралы ақпаратты қоспағанда, биржалық саудаға қатысушылар туралы ақпаратты немесе оның құпиялығын ашу;
2) аукциондарды бағаның төмендеуіне немесе көтерілуіне қарай жүргізу;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) стандартталмаған тауарды сатып алушының немесе сатушының тапсырысы бойынша аукцион өткізу;
4) аукционға тапсырыс берушіні қоса алғанда, аукционға кемінде аукционға қатысушының үшеуінің қатысуы;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) аукцион қорытындылары бойынша стандартталмаған тауардың биржалық мәміле жасалатын бағасын қалыптастыру және оны төмендетуге арналған аукционға қатысушылар ұсынған бағалар арасында ең төмен баға және жоғарылатуға арналған аукционға қатысушылар ұсынған бағалар арасында ең жоғары баға ретінде айқындау;
6) егер биржалық сауда қағидалары бойынша өзгеше көзделмесе, биржалық қамтылымды енгізу ескеріле отырып жүргізіледі.
4. Қосарланған қарсы аукцион режиміндегі биржалық сауда-саттықтар:
1) биржалық саудаға қатысушылар туралы ақпараттың құпиялығы;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) кросс-мәміле жасасуға тыйым салу;
3) сатып алушылар, сатушылар ұсыныстары бәсекелестігі процесінде биржалық мәміле жасалатын биржалық тауарға арналған бағаны қалыптастыру және сатып алушы үшін ең жақсы баға (сатушы ұсынған ең төменгі баға) ретінде немесе сатушы үшін ең жақсы баға (сатып алушы ұсынған ең жоғары баға) ретінде оны айқындау;
4) биржалық қамтылымды енгізу ескеріле отырып жүргізіледі.
5. Сауда режиміндегі биржалық сауда-саттықты өткізу тәртібі биржалық сауданың үлгілік қағидаларында айқындалады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Тауар биржалары стандартталмаған тауарлар бойынша жасалатын мәмілердің жеке есебін жүргізеді.
16-бап. Биржалық мәмілелердің түрлері
Тауар биржасында:
1) халықаралық іскерлік операцияларымен өзара байланысты мәмілелерді қоса алғанда, спот-тауарларға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара беріп отыратын мәмілелер;
2) фьючерстік мәмілелер;
3) опциондық мәмілелер;
4) қоймалық құжаттарға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара беріп отыратын мәмілелер жасалады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды
16-1-бап. Тауар биржасының биржалық мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қорлары
Биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тауарлық биржа кепілдік беру және сақтандыру қорларын құрады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Биржалық мәмiлелер бойынша клирингтік қызмет
1. Биржалық мәмiлелер бойынша клирингтік қызметті тауар биржасының клирингтік орталығы жүзеге асырады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Тауар биржасы клирингтік қызмет көрсету туралы шарт жасасқан дербес клирингтік ұйым тауар биржасының клирингтік орталығы болып табылады. Бұл ретте шетелдік заңды тұлғаның тауар биржасына оның клирингтік орталығы функцияларын орындай отырып, клирингтік қызмет көрсетуіне жол берілмейді.
3. 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Тауар биржасы клирингтік орталығының биржалық мәмілелер бойынша қызметі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
5-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. Тауар биржасының клирингтік орталықтарының өз қызметін жүзеге асыру үшін клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін және уәкілетті орган белгілеген талаптарға жауап беретін аппараттық-бағдарламалық кешені болуға тиіс.
6. Клирингтік қызмет жүзеге асырылатын биржалық мәмілелерге байланысты тауар биржасының клирингтiк орталықтары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жасасқан биржалық мәмілелер бойынша ақпарат жинауды және оны өңдеуді жүзеге асырады;
2) жасасқан биржалық мәмілелер шарттарының есебін және растауын жүргізеді;
3) биржалық мәмiлелер жасау нәтижесiнде жүзеге асырылатын есеп айырысуларға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен мiндеттемелерiнiң есебiн жүзеге асырады;
4) биржалық сауда-саттыққа қатысушылардың биржалық қамтылымын қабылдайды және оның есебін жүргізеді;
5) тараптардың биржалық мәмілелер бойынша талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындайды, олар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырады;
6) биржалық мәмілелердің орындалуына қолдау көрсетеді.
7. Биржалық мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
8. Осы баптың талаптары фьючерстiк және опциондық мәмiлелер жөніндегі клирингтік қызметке қолданылмайды, оларды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасымен реттеледі.
18-бап. Биржалық баға
1. Тауарға биржалық баға биржалық тауарлардың бағасын белгілеу нәтижесінде қалыптасады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Тауар биржалары биржалық тауарларға баға белгiлеудi өз интернет-ресурстарында орналастырады.
5-тарау. Брокерлік және дилерлік қызмет. тауар биржасындағы коммерциялық құпия
19-бап. Брокердің және дилердің қызметін жүзеге асыру тәртібі
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Тауар биржасындағы брокерлік және дилерлік қызмет тауар биржасында аккредиттеу негізінде жүзеге асырылады.
Тауар биржасында аккредиттеуден теріс себептер бойынша шығарылған кезде, брокерлер және (немесе) дилерлер екі жыл бойы басқа тауар биржаларында аккредиттеле алмайды.
2. Брокер және дилер осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде, тауар биржасының ішкі құжаттарында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Брокер мен оның клиенттері арасындағы қатынастар брокерлік қызметтер көрсету туралы, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормалары қолданылатын шарттың негізінде туындайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Жеке тұлға екі және одан көп брокердің және (немесе) дилердің басшысы бола алмайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды
19-1-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі және өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу)
1. Өзін-өзі реттейтін ұйым өз қызметін осы Заңға, «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысына, стандарты мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
2. Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу) ерікті негізде жүзеге асырылады.
3. Брокерлер немесе дилерлер өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) болып табылады. Брокерлер мен дилерлер тек бір өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) бола алады.
4. Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қабылдау және ондағы мүшелікті (қатысуды) тоқтату шарттары мен тәртібі өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында, стандарты мен қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қабылдаудан бас тарту, мүшелерінен (қатысушыларынан) шығару туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
5. Өзін-өзі реттейтін ұйым өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерінің (қатысушыларының) тізбесін өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. Тізбеде мүшелердің (қатысушылардың) атауы, басшысы мен қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
Мүшелердің (қатысушылардың) басшысы ауысқан және (немесе) қызметкерлерінің құрамы өзгерген кезде, өзін-өзі реттейтін ұйым үш жұмыс күні ішінде тізбені жаңартады.
6. Өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін бақылауы «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және негіздерде жүзеге асырылады.
Бұл ретте өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) тексеруді ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі өзін-өзі реттейтін ұйымның уәкілетті органмен келісілген қағидаларында айқындалады.
7. Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу) мынадай негіздер бойынша:
1) брокердің және дилердің өтініші бойынша;
2) мүшесі (қатысушы) осы Заңды, биржалық сауда қағидаларын, өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысын, стандарттары мен қағидаларын бірнеше рет бұзған жағдайда тоқтатылады.
Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелігі (қатысуы) теріс себептермен тоқтатылған мүшелері (қатысушылары), сондай-ақ осы Заңды бұзған басшылар мен қызметкерлер кемінде екі жыл мерзімде биржалық саудаға қатыса алмайды.
8. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығару Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде жүзеге асырылады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Брокердің және дилердің мәмілелер жасауы
1. Брокер биржалық мәмілелер жасауды - клиенттің бұйрығына сәйкес, дилер өз мүддесі үшін және өз есебінен жүзеге асырады. Клиенттердің бұйрықтарының түрлері, олардың мазмұны мен ресімделуі тауар биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
2. Брокер клиенттің бұйрығын орындауды осы бұйрықта көрсетілген мәмілелерді жасау шарттарын сақтай отырып жүзеге асырады. Егер мәміле жасау кезінде мәміле шарттарын өзгерту қажеттігі туындаса, брокер өз әрекеттерін клиентпен келісуге міндетті.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Тауар биржасында брокер мен оның клиенттерінің арасындағы қатынастар
Тауар биржасы өз өкілеттіктері шегінде брокерлер мен олардың клиенттерінің өзара қатынастарын регламенттейді, биржалық сауданы бұзушыларға шаралар қолданады.
22-бап. Брокерлер мен дилерлердің ішкі құжаттарына және жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізуге қойылатын талаптар
1. Брокерлер мен дилерлерге арналған тауар биржасының ішкі құжаттары тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ететін, биржалық саудаға қатысушылардың, олардың өкілдерінің немесе үшінші тұлғалардың мүдделері үшін пайдалануға жол бермейтін шарттарды қамтуға тиіс.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Брокерлер жасалатын биржалық мәмілелердің есебін әрбір клиент бойынша жеке жүргізуге және осы мәмілелер туралы мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жыл бойы сақтауға міндетті.
23-бап. Тауар биржасындағы коммерциялық құпия
1. Коммерциялық құпия:
1) тіркелген биржалық саудаға қатысушылар туралы мәліметтерді;
2) тауар биржасында жасалатын мәмілелер туралы мәліметтерді қамтиды.
2. Брокерлер мен дилерлер табиғи баға белгілеуді бұзуға және тауар нарығының тұрақсыздануына әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерге (әрекетсіздіктерге) жол беруге құқылы емес.
3. Өзінің қызметтік жағдайына байланысты көрсетілген ақпаратты алуға мүмкіндігі бар адам коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа ие адам болып табылады.
24-бап. Тауар биржаларының қызметі туралы коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну
1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер жария етілуге жатпайды.
2. Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер биржалық саудаға қатысушыға оның құқықтарына қатысты не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде оның өкіліне берілуі мүмкін.
3. Тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер:
1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: прокурордың санкциясымен олардың іс жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша;
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
1-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне: барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу үшін қажетті ақпаратты беру туралы олардың талап етуі бойынша;
2) соттарға: ұйғарым, қаулы негізінде олардың іс жүргізуіндегі істер бойынша;
3) прокурорға: оның құзыреті шегінде тексеру ісін жүргізу туралы қаулы негізінде оның қарауындағы материалдар бойынша;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына: әділет органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен куәландырылған және прокурор санкциялаған сот орындаушысының қаулысы негiзiнде өздерінің іс жүргiзуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) уәкілетті органға: оның сұрау салуы бойынша өз құзыреті шегінде;
2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына;
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға: «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) монополияға қарсы органға: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген мақсаттарда және тәртіппен ұсынылуға тиіс.
6-тарау. Тауар биржалары саласындағы мемлекеттік бақылау
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25-бап жаңа редакцияда
25-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеріс, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерістер және профилактикалық бақылау арқылы жүзеге асырылады.
3. Жоспардан тыс тексеріс және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
26-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі
1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган олардың қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен жүзеге асырады.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың жолын уақтылы кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға салынатын әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау бақылау субъектілері ұсынатын есепті, сондай-ақ бақылау субъектісінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша тауар биржалары саласындағы бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау органы бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным ресімдейді және жібереді.
5. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырыс хатпен;
3) электрондық тәсілмен - уәкілетті орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жіберілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
7. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, ұсынымды жіберген уәкілетті органға қарсылық жіберуге құқылы.
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
28-бап. Уәкілетті органның нұсқамалары
Уәкілетті органның нұсқамаларын тауар биржалары нұсқамаларда көзделген мерзімде, бірақ оларды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей орындайды.
7-тарау. Қорытынды ережелер
29-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
30-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған тауар биржалары 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өз қызметін осы Заңға сәйкес келтіруге міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын орындамау уәкілетті органның заңды тұлғаны тарату туралы сотқа талап қоюына негіз болып табылады.
31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Тауар биржалары туралы» 1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 26-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 143-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы мамырдың 4-і
№ 155-ІV ҚРЗ