4) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4) салық есептілігінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылмауы туралы - солар бойынша хабарлама жіберу мерзімі осы Кодексте белгіленген оны ұсыну мерзімінен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілетін корпоративтiк кіріс салығы және қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда, бұзушылық анықталған күннен бастап жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жеке тұлғалар декларацияларының Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылмауы туралы - декларация ұсынылатын жылдың 15 қазанынан кешіктірмей;»;
2-тармақтың 94) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
94) 610-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, өсімпұл салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді, оның ішінде солар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, мерзімі өткен әрбір күн үшін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін есепке жазылады.»;
мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
«14. Салық органдары тиісті салық кезеңі үшін салықтарды төлеу мерзімі басталғаннан кейін есептеген салық сомаларын қайта қарау нәтижесінде қалыптасқан, жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы, жер салығы мен көлік құралдары салығы бойынша бересі сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.»;
95) 625-баптың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тәуекелдерді басқару жүйесі салықтық бақылауды жүзеге асыру үшін, оның ішінде:»;
96) 626-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«626-бап. Салық органдарының тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі іс-қимылдары
Осы Кодекстің 625-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін салық органдары салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігінің деректерін, уәкілетті мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті адамдардан алынған мәліметтерді, салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттарды және (немесе) мәліметтерді талдауды, сондай-ақ жеке тұлғаларды камералдық бақылау нәтижелерін пайдаланады.»;
97) 643-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«643-бап. Жекелеген жағдайларда салық салуға жататын кірістерді айқындау»;
1-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілмеген немесе осы Кодекстің 187-2-бабында белгіленген талаптарды бұза отырып көрсетілген мәліметтер жеке тұлғалардың шығыс көздерін растау үшін негіз бола алмайды.
1-2. Жеке тұлғаның осы Кодекстің 21-1-бөлімінде көзделген декларациясында көрсетілген мынадай:
1) осы Кодекстің 224-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттегі мүлік туралы;
2) дебитор және (немесе) кредитор болып табылатын жеке тұлға немесе заңды тұлға осы Кодекстің 224-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген жағдайда басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешектері (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешектері (кредиторлық берешегі) туралы мәліметтер шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органы берген растау құжаттары болған кезде ғана жеке тұлғаның шығыстарын жүзеге асыруға бағытталған кірістерді растау үшін ескерілуі мүмкін.»;
98) 89-тарау мынадай мазмұндағы 643-1-баппен толықтырылсын:
«643-1-бап. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жанама әдіспен айқындау
1. Осы бап жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша салық міндеттемесінің туындауына әкеп соғатын декларацияларында ол көрсеткен мәліметтердің толықтығы мен анықтығын айқындау мақсатында жеке тұлғаға қатысты салықтық тексеру барысында қолданылады.
2. Осы баптың қолданысы дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға қатысты оның осындай қызметті жүзеге асыруы кезеңінде қолданылмайды.
3. Егер жеке тұлғаның салық декларацияларында көрсеткен кірістері оның жұмсаған шығыстарына, соның ішінде мүлік сатып алуға жұмсаған шығыстарына сәйкес келмейтін болса, салық органдары жеке тұлғаларды салықтық тексеру барысында жеке тұлғаның кірісін айқындаудың жанама әдісінің мынадай түрлерін қолдануға құқылы:
1) активтердің құн өсімі әдісі жеке тұлғада салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті сатып алуға арналған шығыстар болған жағдайда пайдаланылады.
Бұл әдіс осы тармақшада көрсетілген, белгілі бір кезең ішіндегі мүлік өсімінің құнын жеке тұлғаның декларациясында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолданылады;
2) шығындарды есепке алу әдісі жеке тұлғада салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген шығыстар болған жағдайда пайдаланылады.
Бұл әдіс жеке тұлғаның осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген шығыстарын жеке тұлғаның декларациясында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолданылады;
3) банк шоттарындағы қаражаттың қозғалысын есепке алу әдісі жеке тұлғада салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде банктердегі және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарда жеке тұлғаның ақша жинақтары өзгерген жағдайда пайдаланылады.
Бұл әдіс банктердегі және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарда жеке тұлғаның ақша жинақтарының өзгеруін жеке тұлғаның декларациясында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолданылады.
4. Салықтық тексеруді жүргізу кезінде қажет болған жағдайда салық органдары осы бапта айқындалған әдістердің комбинациясын пайдалануы мүмкін.
5. Осы бапта айқындалған әдістерді қолдану кезінде салықтық тексеруді жүргізу барысында жеке тұлғаның міндеттемелері ескеріледі.
6. Жеке тұлғаның кірістерін осы бапта көрсетілген әдістермен айқындау тәртібін уәкілетті орган бекітеді.»;
99) 657-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) жеке тұлғалардың декларацияларын салық органдарының мобильдік топтарының уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қабылдауы арқылы салық төлеушілерге (салық агенттеріне) көмек көрсетеді.
Осы Кодекстің мақсатында жеке тұлғаларға декларациялар толтыру жөнінде консультация беретін және салық төлеушілердің жекелеген санаттарынан осындай декларациялар қабылдауды жүзеге асыратын салық органдары қызметкерлерінен тұратын көшпелі топ салық органының мобильдік тобы болып табылады;».
3. 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат):
169-баптың 8-тармағының 8) тармақшасындағы «ұсынуға;» деген сөз «ұсынуға міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 9) тармақшасы алып тасталсын.
5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мазмұнында:
272-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«272-бап. Салықтық есептiлiкті, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбау, сондай-ақ салықтық есептілікте толық емес, анық емес мәліметтер ұсыну»
274-баптың тақырыбы алып тасталсын;
471-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«471-бап. Жергілікті атқарушы органдардың, өзге де уәкілетті органдардың және уәкілетті адамдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы»;
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) 272-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«272-бап. Салықтық есептiлiкті, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбау, сондай-ақ салықтық есептілікте толық емес, анық емес мәліметтер ұсыну»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік кіріс органына салық есептілігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде ұсынбау -
ескерту жасауға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-бөліктермен толықтырылсын:
«2-1. Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке жазуға әкеп соғатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда, кірістер мен мүлік туралы декларацияда, жеке табыс салығы бойынша декларацияда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсыну -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Осы баптың 2-1 және 2-2-бөліктерінің ережелері активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтер тиісті мемлекеттік органдарда болған кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда осындай мәліметтер көрсетілмеген жағдайда қолданылмайды.»;
3) 274-бап алып тасталсын;
4) 285-баптың үшінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мемлекеттік кіріс органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, салық төлеушілердің осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы, сондай-ақ сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, тексерілетін жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы ақпаратты ұсынбау түрінде орындамауы - »;
5) 471-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«471-бап. Жергілікті атқарушы органдардың, өзге де уәкілетті органдардың және уәкілетті адамдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мәлiметтердi жергілікті атқарушы органдардың, өзге де уәкілетті органдардың және уәкілетті адамдардың ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының осы бапта пайдаланылатын ұғымы мен терминдері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында пайдаланылатындай мағынада ғана қолданылады.»;
6) 720-баптың бірінші бөлігіндегі және 721-баптың бірінші бөлігіндегі «274,» деген цифрлар алып тасталсын.
6. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж.,№ 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18,72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18,21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 г. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) 17-1-баптың 4-тармағының 3-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-3) кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпаратты, ал Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы сондай-ақ банктің ірі қатысушысы мәртебесін иемденіп алу туралы өтінішті уәкілетті органға берген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылған, нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның көшірмесін және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынылған, кірістер мен мүлік туралы декларацияның нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған көшірмесін ұсынады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мәліметтер активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын айдың бірінші күніне көрсетіледі;
Көрсетілген мәліметтерге өтініш берушінің қаржылық жағдайын талдау үшін жеткілікті растайтын құжаттар қоса беріледі.»
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) 50-бапта:
6-тармақтың д) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«тексерілетін жеке тұлғаға;»;
6-1-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақта, осы баптың 6-тармағының д) тармақшасында, 6-2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген мәліметтер мемлекеттік кіріс органының сұрау салуы негізінде тек салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша ұсынылады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 6-2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында, 6-3 және 6-4-тармақтарында көзделген мәліметтер мемлекеттік кіріс органының сұрау салуы негізінде тек салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана уәкілетті органмен келісу бойынша ұсынылады.»;
мынадай мазмұндағы 6-2, 6-3 және 6-4-тармақтармен толықтырылсын:
6-тармақтың 2) тармақшасының жетінші - он бірінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
«6-2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға оның сұрау салуы негізінде мынадай:
1) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндетті жеке тұлғалардың банк шоттарының бар-жоғы, нөмірлері туралы және олардың осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы;
2) сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндетті жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы мәліметтерді ұсынады.
Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған жеке тұлғаларда активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша сұратады.
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сұрау салуына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғалардың тізімі қоса берілуге тиіс.
6-3. Тексерілетін жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы, оның ішінде сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомалары көрсетілген мәліметтерді банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мемлекеттік кіріс органдарының сұрау салулары бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұсынады.
Мемлекеттік кіріс органдары осы тармақта көрсетілген мәліметтерді тексерілетін тұлғаға салық салумен байланысты мәселелер бойынша салықтық әкімшілендіру мақсатында пайдаланады.
6-4. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуі туралы мәліметтерді беру бөлігіндегі банктік құпия мемлекеттік кіріс органдарының талабы негізінде ашылуы мүмкін. Мемлекеттік кіріс органдарының талабы банктердің немесе жекелеген банктік операциялар түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеу туралы мәліметтер беруіне жеке тұлға (шот иесі) келіскен жағдайда ресімделеді.»;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) 54-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы болып табылатын банктің ірі қатысушысы осы баптың 1-тармағында көзделген есептіліктен басқа салық органына кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде салық органына декларацияны ұсынғаны туралы растаумен бірге уәкілетті органға оның көшірмесін ұсынуға тиіс.»;
7. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат):
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) 26-баптың 6-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпаратты, ал Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иемденіп алу туралы өтінішті уәкілетті органға берген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылған, нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның көшірмесін және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынылған, кірістер мен мүлік туралы декларацияның нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған көшірмесін ұсынады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мәліметтер активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын айдың бірінші күніне көрсетіледі;»;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) 74-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы осы баптың 1-тармағында көзделген есептіліктен басқа салық органына кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде салық органына декларацияны ұсынғаны туралы растаумен бірге уәкілетті органға оның көшірмесін ұсынуға тиіс.»;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3,32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
1) 72-1-баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кірістер мен мүлік туралы мәліметтер, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпарат, ал Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденіп алу туралы өтінішті уәкілетті органға берген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылған, нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның көшірмесі және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынылған, кірістер мен мүлік туралы декларацияның нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған көшірмесі.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мәліметтер активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын айдың бірінші күніне көрсетіледі;».
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақшамен толықтырылды
2) 72-4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы осы баптың 1-тармағында көзделген есептіліктен басқа салық органына кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде салық органына декларацияны ұсынғаны туралы растаумен бірге уәкілетті органға оның көшірмесін ұсынуға тиіс.»;