2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 13-3-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13-3-бап. Ерекше реттеу режимін енгізу мақсаттары және оның шеңберінде қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Ерекше реттеу режимі уәкілетті орган белгілейтін, қаржы саласындағы қызметті, қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асырудың арнайы шарттарының жиынтығын білдіреді.
2. Ерекше реттеу режимі мынадай мақсаттарға қол жеткізуге:
1) қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы бәсекелестікті және қаржы нарығының инвестициялық тартымдылығын арттыруға;
2) қанағаттану дәрежесін арттыру және тұтынушылардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және мемлекеттің мүдделеріне сәйкес келу үшін жаңа көрсетілетін қызметтерді ендіруге және қаржы нарығын дамытуға;
3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын оңтайлы реттеу мен қадағалауды қалыптастыруға, қаржылық тұрақтылықты және тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
3. Мыналар:
1) ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысу шарттарының теңдігін қамтамасыз ету;
2) ерекше реттеу режимі қатысушыларының тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтауы ерекше реттеу режимінің қағидаттары болып табылады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Ерекше реттеу режимі уәкілетті орган Басқармасының шешімімен енгізіледі, онда қаржы саласындағы қызметтің (көрсетілетін қызметтер, өнімдер), қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметтің түрлері, оларды ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырудың арнаулы шарттары, қатысушылар тізбесі, ерекше реттеу режимінің қатысушыларына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қолданудың тәртібі мен шарттары көрсетіледі.
Көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметке қатысты ерекше реттеу режимін енгізу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган Басқармасының шешімімен жүзеге асырылады.
Ерекше реттеу режимінің жалпы мерзімі бес жылдан аспайды.
5. Ерекше реттеу режимі енгізілген мерзім өткеннен кейін өз қолданысын тоқтатады.
6. Ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітіледі.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 13-4-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13-4-бап. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру
1. Қаржы ұйымдары және (немесе) қаржы саласындағы қызметті, қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар ерекше реттеу режимінің қатысушылары (бұдан әрі - ерекше реттеу режимінің қатысушылары) бола алады.
2. Ерекше реттеу режимі қатысушысының қызметі уәкілетті органмен жасалатын, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Ерекше реттеу режимі шеңберінде көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыру туралы шарт ерекше реттеу режимінің қатысушысы, уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалады.
Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартты уәкілетті орган бекітеді.
Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартта ерекше реттеу режимінің қатысушысы көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды өзінің ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыратыны туралы хабардар етуі міндетті болатын талап қамтылуға тиіс.
3. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасу үшін құжаттарды іріктеу өлшемшарттары және қарау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітіледі.
4. Мәлімделген қызмет түрі ерекше реттеу режимін енгізу мақсаттарына сәйкес келмеген, ерекше реттеу режимінің қатысушысы болғысы келетін тұлға іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келмеген және (немесе) ұсынылған құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, уәкілетті орган ерекше реттеу режимінің қатысушысы болғысы келетін тұлғаға ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады.
5. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы:
1) ерекше реттеу режимі енгізілген мерзімнің өтуіне байланысты оның қолданысы тоқтатылған не оның күші жойылған кезде;
2) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың мерзімі өткен немесе ол мерзімінен бұрын бұзылған кезде;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген өзге де жағдайларда, тоқтатылады.
6. Ерекше реттеу режимінің қатысушысы шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, сондай-ақ, егер ерекше реттеу режимінің қатысушысы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келуді тоқтатқан жағдайда, уәкілетті орган ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Уәкілетті орган ерекше реттеу режимінің қатысушысын ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелердің орындалмағаны және бұзушылықтарды хабардар етілген күннен бастап алпыс жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жою қажеттігі туралы хабардар етеді.
Ерекше реттеу режимінің қатысушысы анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әзірлейді және уәкілетті органға ұсынады. Іс-шаралар жоспарында жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, ерекше реттеу режимінің қатысушысы оны іске асыруға кіріседі және іс-шараларды орындау туралы есепті уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде уәкілетті органға ұсынады.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда, ерекше реттеу режимінің қатысушысы уәкілетті органның ескертулерін жояды.
Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған және (немесе) ерекше реттеу режимінің қатысушысы көрсетілген ескертулерді жою бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, уәкілетті орган ерекше реттеу режимінің қатысушысын ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзатыны туралы хабардар етеді.
7. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылғаннан кейін бұрын ерекше реттеу режимінің қатысушысы болған тұлға ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға жататын немесе өзіне қатысты рұқсат беру тәртібі қолданылатын қызметті дереу тоқтатуға, сондай-ақ өзінің клиенттері алдындағы міндеттемелерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға міндетті.
8. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға жататын немесе өзіне қатысты рұқсат беру тәртібі қолданылатын қызметті ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылғаннан кейін жүзеге асыру заңсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
9. Уәкілетті органның осы баптың 4 және 6-тармақтарында көзделген көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметке қатысты өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша жүзеге асырылады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 13-5-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13-5-бап. Уәкілетті органның уәжді пайымдауды пайдалану жөніндегі өкілеттіктері
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті орган:
1) банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, банк холдингтеріне, банктің ірі қатысушыларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру топтарына және (немесе) сақтандыру топтарының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру брокерлеріне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлерге, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларына;
2) банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) басшы қызметкерлеріне, басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттарға қатысты уәжді пайымдауды пайдалануға құқылы.
2. Уәкілетті органның алқалы органының негізделген кәсіби пікірі уәжді пайымдау деп түсініледі, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қадағалап ден қою шараларын қолдану үшін, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де жағдайларда шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.
Уәкілетті орган уәжді пайымдауды мынадай:
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім, банктің және (немесе) банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдар капиталдарына қомақты қатысуына рұқсат, банктің және (немесе) банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына рұқсат, сондай-ақ банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру (келісім беруден бас тарту) кезінде, банк, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру брокері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау) туралы хабардар еткен кезде, банк немесе өзге де операцияларды жүргізуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыруға, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияларды беру кезінде мінсіз іскерлік беделінің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделін бағалау, сондай-ақ орнықсыз қаржылық жағдайының болуы не болмауы тұрғысынан қаржылық жағдайын бағалау;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) басшы қызметкерлерінің өз міндеттерін жүзеге асыруы кезеңінде немесе банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімнің қолданысы кезеңінде мінсіз іскерлік беделінің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделін бағалау;
2) банкпен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылатын тұлғаларды айқындау, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздерімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті шарттар беру фактілерін анықтау, сондай-ақ банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған мәмілелерді жеңілдікті шарттары бар мәмілелерге жатқызу;
3) банктегі және банк конгломератындағы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы және сақтандыру тобындағы, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыдағы (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің сапасын банктің, банк конгломератының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қызмет сипатына, ауқымдарына және күрделілігіне, сондай-ақ олардың көлемдеріне сәйкес келетін тиімді ішкі саясат пен рәсімдердің болуы және іске асырылуы тұрғысынан бағалау;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) провизияларының (резервтерінің), сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий есептеген сақтандыру резервтерінің барабарлығын, оның ішінде оларды қалыптастыру жөніндегі әдістемелердің банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының тәуекелдеріне сәйкес келуі, сондай-ақ оларды қалыптастыру үшін пайдаланылатын ақпараттың анықтығы тұрғысынан бағалау;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, банк, сақтандыру холдингтері болып табылатын (бірлесе отырып) тұлғаларды айқындау жағдайларында пайдалануға құқылы.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті органның алқалы органының құрамын уәкілетті орган Төрағасының орынбасарлары, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатарынан уәкілетті органның Басқармасы бекітеді. Уәкілетті органның алқалы органының отырысын уәкілетті органның Төрағасы орынбасарларының бірі жүргізеді.
Уәкілетті орган уәжді пайымдауды заңдылық, негізділік, объективтілік және біркелкі тәсіл қағидаттарын сақтай отырып пайдаланады.
Уәжді пайымдау уәкілетті органның осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы шеңберінде алынған ақпарат пен жеке және заңды тұлғалардан, халықаралық ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, оның ішінде шетелдік қадағалау органдары мен ұйымдарынан, өзге де қолжетімді көздерден алынған және уәжді пайымдауды қалыптастыру үшін маңызды болып табылатын өзге де ақпаратқа негізделеді.
Уәкілетті орган уәжді пайымдауды қалыптастыру кезінде осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалардың түсініктері болған кезде оларды назарға алады.
Уәжді пайымдаудың жобасы осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаға жіберіледі. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға уәжді пайымдаудың жобасымен келісетіні не келіспейтіні туралы уәжді жауап ұсынуға тиіс. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның белгіленген мерзімде уәжді жауапты ұсынбауы уәжді пайымдаудың жобасымен келісу деп есептеледі.
Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға уәжді пайымдаудың жобасымен келіспейтіні туралы уәжді жауапты ұсынған жағдайда, оны қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган уәжді пайымдаудың жобасын уәкілетті органның алқалы органының қарауына шығару қажеттігін айқындайды.
4. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға уәкілетті орган уәжді пайымдау негізінде қолданған қадағалап ден қою шарасымен келіспеген жағдайда, қадағалап ден қою шарасы қолданылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз қарсылықтарын уәкілетті органға жазбаша түрде ұсынуға құқылы.
Қадағалап ден қою шарасын қолдануға қатысты қарсылықтар уәкілетті органның Төрағасы қатысатын кеңесте қаралады не уәкілетті орган Төрағасының ұсынысы бойынша уәкілетті орган Басқармасының қарауына шығарылады. Егер уәжді пайымдау негізінде қолданылған қадағалап ден қою шарасы пруденциялық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің белгіленген мәндерден төмен төмендеуіне алып келуі мүмкін болған жағдайда, алынған қарсылықтарды уәкілетті орган Басқармасы қарайды. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның өкілдері қарсылықтарды қарауға қатысуға құқылы.
Қарсылықтар келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Қарсылықтарды қарау мерзімі он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет ұзартылуы мүмкін.
Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның қарсылықтарын қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган қарсылықтармен негізді түрде келіспейтіні не уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шарасының күшін жою туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Уәжді пайымдау негізінде қолданылған қадағалап ден қою шарасы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен соң не қарсылықтар ұсынылған жағдайда, осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаға қарсылықтармен негізді түрде келіспейтіні туралы жазбаша хабарлама жіберілген күннен бастап күшіне енеді.
Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға уәжді пайымдау негізінде қолданылған қадағалап ден қою шарасына сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
Уәкілетті орган уәжді пайымдау негізінде қабылданған, заңсыз деп танылған шешімдер үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапты болады.
5. Уәкілетті орган құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере келе, уәжді пайымдауды пайдалана отырып қадағалап ден қою шараларын қолданудың қорытылған практикасын жариялайды.
6. Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
7. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 13-6-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13-6-бап. Қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өкілеттіктер
Қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган тиісті бағыттар бойынша:
1) ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінен қорғалу деңгейін бағалау тәртібін бекітеді;
2) қаржы ұйымдарын ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі бойынша саралау тәртібін қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесін бекітеді;
3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамдардың біліктілігін арттыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлерінің құзыретіне қойылатын талаптарды бекітеді;
4) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметтеріне, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ішкі тергеп-тексерулер жүргізуге қойылатын талаптарды бекітеді;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-бап жаңа редакцияда
14-бап. Ақпарат алу және беру жөніндегі өкiлеттiктер
Бірінші бөліктің қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
Уәкiлеттi органға жүктелген, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету, осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарын iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган кез келген жеке және заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарынан, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтiк, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi өтеусіз алуға құқылы. Бұл ретте алынған ақпарат жария етілуге жатпайды.
Уәкілетті орган осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген, алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, соның ішінде оның уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы береді.
Үшінші бөліктің қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
Мемлекеттік органдар, қаржы және өзге де ұйымдар, олардың қауымдастықтары (одақтары), сондай-ақ жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары уәкілетті органның сұрау салуы бойынша құжаттарды, қаржылық есептілікті қоса алғанда, есептілікті және қажет болған жағдайда уәкілетті органның өз функцияларын орындауы үшін қажетті өзге де қосымша ақпаратты беруге міндетті.
Уәкілетті органның жұмыскерлері бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруы барысында алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14-1-бап. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзара іс-қимылы
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша мыналар:
1) жалпымемлекеттік мәні бар болжамды іс-әрекеттер және қол жеткізілген нәтижелер туралы бір-біріне ақпарат беру;
2) қаржылық тұрақтылық үшін тәуекел факторларын бірлесіп бағалау;