2. Қалған жағында қорғалуға құқығы бар куәдан жауап алу осы Кодекстің 210-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.»;
35) 220-бапта:
13-3-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«13-3. Материалдар сотқа келіп түскен соң тергеу судьясы қарап-тексеруді жүргізу туралы қаулыны дереу қарайды.»;
13-4-бөліктегі «өтінішхатты» деген сөз «қаулыны» деген сөзбен ауыстырылсын;
36) 221-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелер, егер иесiне қайтарылуы мүмкін болмаса, жергілікті атқарушы орган айқындайтын тиiстi ұйымдарға мақсатына сай пайдалану не алынған сомаларды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргiзетін органның депозитiне сала отырып, өткізу үшін тапсырылады. Сақталуы елеулі материалдық шығындарды талап ететiн заттай дәлелдемелер, егер иесiне қайтарылуы мүмкiн болмаса, не олардың иесі анықталмаған жағдайда, өткізіледі. Заттай дәлелдемелер алынған сомаларды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін органның депозитiне сала отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өткізіледі. Негiздер болған кезде пайдаланылған немесе өткізілген заттай дәлелдемелер иесіне сондай түрдегі және сападағы нәрселермен өтеледі немесе соңғысына соттың шешімі бойынша мемлекеттік бюджет есебінен олардың құны төленедi.»;
37) 231-баптың 9) тармағындағы «сатып алу;» деген сөздер «сатып алу жүзеге асырылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 10) тармағы алып тасталсын;
38) 232-бапта:
төртінші бөліктің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жасалғаны үшін санкциясы бір жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін қылмыстар туралы істер бойынша;»;
бесінші бөліктегі «7) - 10)» деген цифрлар «7), 9)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
39) 234-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тергеу судьясы осы Кодекстің 231-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттерін прокурордың өтінішхаты бойынша тоқтатуы мүмкін. Осы Кодекстің 231-бабының 7) және 9) тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттерін прокурор тоқтатуы мүмкін.»;
40) 251-бап алып тасталсын;
41) 272-бапта:
төртінші бөлік «куәны,» деген сөзден кейін «, оның ішінде қорғалуға құқығы бар куәны» деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші бөліктегі «екі данада жасалып, оның біреуі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға» деген сөздер «екі данада жасалып, оның біреуі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, екіншісі - сараптамалық қорытынды беру туралы сұрау салудың бастамашысына» деген сөздермен ауыстырылсын;
42) 304-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Прокурор айыптау актісінің айыпталушыға табыс етілуін қамтамасыз етеді. Айыпталушының құқықтарын түсіндіру қамтылған, айыптау актісін айыпталушының алғаны туралы қолхат іске қоса тігіледі.»;
43) 321-бапта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Алдын ала тыңдау барысында судья аса ауыр қылмыстарды жасады деп айыпталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталатын сотталушыдан оның ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхатының бар-жоғын, егер осындай өтінішхат мәлімделген болса, оның өз өтінішхатын қолдайтынын-қолдамайтынын анықтайды. Мұндай өтінішхат:
1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;
2) бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылыстың негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар;
3) террористік және экстремистік қылмыстар;
4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;
5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар туралы істерді қарау жағдайында сұратылмайды.»;
бесінші бөлік «соттылығы бойынша» деген сөздерден кейін «прокурорға» деген сөзбен толықтырылсын;
44) 350-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«350-бап. Басты сот талқылауының ашылуы
Басты сот талқылауы үшін тағайындалған уақытта сот отырысының хатшысы немесе пристав сот отырысы залында қатысып отырғандарға: «Бәріңіздің тұруларыңызды өтінемін! Сот келе жатыр!» деп жариялайды. Содан кейін төрағалық етуші сот отырысының залына кіріп, барлық қатысып отырғандарға өз орындарына отыруын ұсынады және қандай қылмыстық iстiң және ашық немесе жабық сот отырысында қаралатынын жариялайды. Егер жабық сот отырысы туралы жарияланса, төрағалық етуші процеске қатысушылардан және сот отырысына шақырылған адамдардан басқа, барлық қатысып отырғандардың залдан шығуын ұсынады.
Сот жабық сот отырысына қатысатын адамдарға өзінің рұқсатынсыз істе бар мәліметтерді жария етуге жол берілмейтіні туралы ескертеді, бұл туралы жауаптылық жөнінде ескертуі бар қолхат алынады.
Төрағалық етуші соттың сот отырысын аудио-, бейнежазу құралдарын пайдаланатыны туралы жариялайды.
Аудио-, бейнежазу құралдарын пайдаланудың мүмкін болмауы сот отырысын жалғастыруды жоққа шығармайды.
Аудио-, бейнежазудың болмау себептері сот отырысының хаттамасында міндетті түрде көрсетілуге тиіс.»;
45) 382-баптың бірінші бөлігінің 5) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған кезде қысқартылған тәртiппен жүргiзiледі.»;
46) 390-баптың бірінші бөлігінің 8) тармағындағы «74 және 76» деген сөздер «74, 75 және 76» деген сөздермен ауыстырылсын;
47) 414-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Үкімге, қаулыға апелляциялық шағым жасау құқығы сотталған адамға, ақталған адамға, олардың қорғаушыларына, оның ішінде үкім, қаулы жария етілгеннен кейін іс бойынша іс жүргізуге кіріскен қорғаушыларына, олардың заңды өкілдеріне, жәбірленушіге (жекеше айыптаушыға), олардың өкілдеріне және заңды өкілдеріне тиесілі. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері және заңды өкілдері үкімге азаматтық талап қоюға қатысты бөлігінде шағым жасауға құқылы.»;
екінші бөлік «үкімді» деген сөзден кейін «, қаулыны» деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «қаулыға» деген сөз «сот актісіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 428-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Кодекстің 414-бабына сәйкес үкімге шағым жасау құқығы берілген тұлғалар соттың апелляциялық отырысына барлық жағдайда да жіберіледі. Оларға өздерінің өтінуі бойынша, берілген шағымды немесе прокурордың келтірілген өтінішхатын не оларға қарсылықтарды негіздеп сөйлеу үшін сөз беріледі.»;
49) 442-баптың бірінші бөлігінің 7) тармағындағы «қылмыстық жауаптылықтан» деген сөздер «жазаны өтеуден» деген сөздермен ауыстырылсын;
50) 476-бапта:
4) тармақ «үкім бойынша» деген сөздерден кейін «не үкімді орындау кезінде шығарылған сот қаулысы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақтағы «96» деген цифрлар «93, 96» деген цифрлармен ауыстырылсын;
51) 477-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Үкiмдi орындауға байланысты мәселелерді - осы Кодекстің 478-бабының 3-1-бөлігінде көзделген жағадайды қоспағанда, үкім орындалатын жерде жұмыс істейтін аудандық және оған теңестірілген сот, ал ол болмаған кезде жоғары тұрған сот шешедi.
Апелляциялық үкімді орындауға байланысты мәселелерді де осы соттар қарайды.
Мамандандырылған ауданаралық соттар, осы баптың үшінші бөлігінде және осы Кодекстің 476-бабының 22) тармағында көрсетілген мәселелерді қоспағанда, көрсетілген мәселелерді қарамайды.»;
52) 478-бапта:
екінші бөліктегі «14) және 18)» деген сөздер «14), 18) және 21)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-1-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Үкім шығарған сот осы Кодекстің 476-бабының 22) тармағында көрсетілген мәселені сот үкімімен тәркіленген мүлікті қабылдаған уәкілетті мемлекеттік органның және өзге де мүдделі тұлғалардың өтінішхаты бойынша қарайды.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сот үкімді орындауға байланысты мәселелерді өтінішхат келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде сотталған адамның қатысуымен ашық сот отырысында жеке-дара қарайды. Осы Кодекстің 476-бабының 1), 3), 6), 7), 8), 10), 13), 14) және 17) тармақтарында көзделген мәселелерді қарау сотталған адамның қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкін.
Осы Кодекстің 476-бабының 7) тармағында көзделген мәселелерді сот ұсыну келіп түскен күннен бастап он тәулік ішінде қарайды.»;
53) 483-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«483-бап. Судьяның қаулысына шағым жасау және оны прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау
1. Үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешу кезiнде шығарылған сот қаулыларына осы Кодекстiң 48, 49-тарауларында белгiленген қағидалар бойынша апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы және олар прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкiн.
2. Осы Кодекстің 482-бабы тәртібімен шығарылған сот қаулыларына прокурордың өтінішхаты қаулы жария етілген күннен бастап он тәулік ішінде берілуі мүмкін.
Шағымдар мен өтінішхаттар үш тәулік ішінде апелляциялық тәртіппен қаралуға жатады.»;
54) 526-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Анықтау органы жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі шегінде осы Кодекстің 64-бабы бірінші бөлігінің 4) тармағында көзделген тәртіппен адамнан күдікті ретінде жауап алынған кезден бастап он тәулік ішінде қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасайды.»;
екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;
55) 527-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өздерінің нәтижелері қылмыстық құқық бұзушылықтың іздерін және күдікті, айыпталушы кінәсінің өзге де дәлелдемелерін тіркейтін тергеу әрекеттері мен өзге де процестік әрекеттерді ғана жүргізуге құқылы.
Егер күдікті мен оның қорғаушысы, жәбірленуші істің анықталған мән-жайларына дау айтпаса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жиналған дәлелдемелермен шектелуге құқылы.
Қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша осы Кодекстің 189-бабында көзделген тәртіппен анықтау не алдын ала тергеу тағайындалған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасаумен аяқталады.
Саралаудың қылмыстан қылмыстық теріс қылыққа өзгертілуі кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасаумен аяқталады.»;
56) 613-баптың бірінші бөлігінің 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жәбірленуші іске қатысқан жағдайда, ол процестік келісім жасасуға келіскен кезде жасалуы мүмкін.»;
57) 614-баптың бірінші бөлігінің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Кодекстің 192-бабында белгіленген мерзімдерде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтау;»;
58) 615-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жәбірленуші келіспеген кезде процестік келісім жасалмайды. Егер жәбірленуші келіскен болса, онда оның қылмыспен келтірілген зиянды өтеу мәселесі жөніндегі пікірін ескере отырып, прокурор және қорғаушы тарап процестік келісім жасасады, ол жазбаша түрде жазылады және оған келісімге қатысушылар қол қояды.
Кінәні мойындау туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат жөніндегі шешім қылмыстық іс прокуратураға келіп түскен кезден бастап жеті тәулік ішінде қабылданады.
Прокурордың процестік келісім жасасудан бас тартуы шағым жасалуға жатпайды, бірақ бұл кейіннен процестік келісім жасасуға кедергі келтірмейді.»;
59) 617-баптың бірінші бөлігі «күдіктіге» деген сөзден кейін «, айыпталушыға» деген сөзбен толықтырылсын;
60) 618-баптың екінші бөлігі «тиісінше» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры,» деген сөздермен толықтырылсын;
61) 619-бапта:
алтыншы бөлік «тиісінше» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«7. Ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу туралы мәселені шешу үшін прокурор қосымша материалдарды талап етуге құқылы.»;
62) 620-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Бекітуге келіп түскен процестік келісім бойынша күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, облыстың прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор, олардың орынбасарлары, ал сотталған адамға қатысты - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры не оның орынбасары:»;
3) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ынтымақтастық туралы процестік келісімді бекітеді не оны бекітуден бас тарту туралы қаулы шығарады.»;
63) 621-баптың бірінші бөлігіндегі «Облыс» деген сөз «Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, облыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
64) 622-бапта:
1) тармақ «сатысында» деген сөзден кейін «барлық күдіктімен, айыпталушымен» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақ «кінәні» деген сөздің алдынан «барлық сотталушымен» деген сөздермен толықтырылсын;
65) 628-баптың екінші бөлігі «жеткізбеген» деген сөзден кейін «не барлық сотталушымен процестік келісім жасаспаған» деген сөздермен толықтырылсын;
66) 629-1-бапта:
екінші бөліктің 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың санкциясы негізгі жаза түрлерінің бірі ретінде айыппұлды, оның ішінде, егер санкцияда осы құқықтан айырудың дәл мерзімі белгіленсе, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түрінде міндетті қосымша жаза түрін көздесе;»;
үшінші бөліктің 4) тармағындағы «белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру,» деген сөздер алып тасталсын;
67) 629-3-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Прокурор қылмыстық істі зерделеп шығып, іс келіп түскен кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей, ол бойынша мына шешімдердің бірін қабылдайды:»;
68) 629-5-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) тармақпен толықтырылсын:
«4-1) сотталушыны белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы шешім;»;
69) 631-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот:
1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;
2) бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылыстың негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар;
3) террористік және экстремистік қылмыстар;
4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;
5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы істерді алқабилердің қатысуымен қарайды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстарды да сот алқабилердің қатысуымен қарайды.
2. Егер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң бiрнеше бабында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталса, егер қылмыстардың осындай жиынтығына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген, сондай-ақ:
1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;
2) бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылыстың негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар;
3) террористік және экстремистік қылмыстар;
4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;
5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған қылмыстың ең болмағанда бiреуi кiрсе, айыпталушының өз iсiн алқабилер қатысатын сотқа қаратуға құқығы бар.»;
70) 633-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«633-бап. Алқабиге ықпал етуге жол бермеу
Бүкiл сот талқылауы барысында іс бойынша төрағалық етушінің, мемлекеттiк айыптаушының, жәбiрленушiнің, сотталушының және оның қорғаушысының, сондай-ақ процестiң басқа да қатысушыларының осы iстi қарауға қатысатын алқабилермен белгiленген тәртiптен бөлек қарым-қатынас жасауына тыйым салынады.»;
71) 639-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы «кейiн» деген сөзден кейін «жабық сот отырысында» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Алқабилерге кандидатты iстi қарауға қатысудан босату туралы мәселенi объективтi түрде шешу мақсатында төрағалық етушi, сондай-ақ тараптар алқабилердi iрiктеу кезiнде кандидаттарға алқабилер алқасын қалыптастыру үшін маңызы бар сұрақтарды қоя алады. Сұрақтарды қою тәртібін төрағалық етуші айқындайды.»;
бесінші бөлік «төрағалық етушi» деген сөздерден кейін «және тараптар» деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші бөліктегі «қосалқы» деген сөз «бірыңғай» деген сөзбен ауыстырылсын;
72) 648-бапта:
екінші бөліктегі «алқабилер жоқ» деген сөздер «алқабилер бар» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
73) 673-бап мынадай мазмұндағы 8-1-бөлікпен толықтырылсын:
«8-1. Тоқтата тұру туралы шешім осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қабылданған тоқтата тұрылған қылмыстық іс бойынша іс жүргізу осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен қайта басталады.
Ол бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс жүргізуге іс қабылданған кезден бастап бір айдан асырылмай жүргізіледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін одан әрі ұзарту осы Кодексте көзделген жалпы негіздерде жүргізіледі.».
4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
1) 12-бапта:
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру жазаны орындайтын мекеме немесе орган бастығының қаулысы бойынша отыз тәулікке дейінгі мерзімге жүргізіледі. Сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.»;
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мекемелерде қауіпсіз орын ретінде тәртіптік изоляторлар камералары, уақытша оқшаулау үй-жайлары, қамаққа алуды өтеу орындарында - жалғыз адамдық камералар пайдаланылуы мүмкін.»;
2) 14-баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қамаққа алуға, бас бостандығынан айыруға, өлiм жазасына сотталғандардың жазаны орындайтын мекемелердің немесе органдардың жоғары тұрған басқару органдарына, сотқа,прокуратура органдарына, өзге де мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға жіберетін шағынымдары жазаны орындайтын мекемелердің немесе органдардың әкiмшiлiгi арқылы жiберiледi. Сотталғандар сотқа, прокуратура органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға жіберетін шағынымдарды электрондық құжат түрінде бере алады. Әкімшіліктер мұндай шағынымдардың сотталғандарға қолжетімді жерлерде мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында белгіленген тәртіппен берілуін қамтамасыз ететін камералық ұстау жағдайларындағы мекемелерді қоспағанда, мекемелердің әкімшіліктері мұндай шағынымдардың бас бостандығынан айыруға сотталғандардың тікелей тұратын орындарында берілуін қамтамасыз етеді. Өзге жаза түрлерiне және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларына сотталғандар шағынымдарын өздерi жiбередi.
2. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда олардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне сотталғандардың шағынымдар беруіне арналған арнайы пошта жәшіктерінің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Пошта жәшіктеріне салынған шағынымдарды прокурор жазаны орындайтын мекеме немесе орган әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен аптасына бір реттік кезеңділікпен алып отырады, бұл жөнінде акт жасалады. Арнайы пошта жәшіктері жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың аумағында және үй-жайларында сотталғандарға қолжетімді жерлерде орнатылады.
3. Қамаққа алуға, бас бостандығынан айыруға, өлiм жазасына сотталғандардың жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың қызметiн бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жіберетін шағынымдары бақылануға жатпайды және бiр тәулiктен кешiктiрiлмей адресатқа жiберiледi.»;
3) 16-баптың бірінші бөлігі 18) тармақшасындағы «қағидаларын бекітеді.» деген сөздер «қағидаларын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталған адамдармен теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді.»;
4) 25-бап мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Шетелдіктің келгені туралы хабарлама көрсетілген мерзімде өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге де өкілдігіне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы жіберіледі.»;
5) 52-баптың бірінші бөлігіндегі «жиырмадан қырыққа» деген сөздер «оннан елуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 53-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «айына» деген сөз «тоқсанына» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 56-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «айына» деген сөз «тоқсанына» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 60-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеуден жалтарып жүрген сотталған адамға қатысты пробация қызметі сотқа қылмыстық теріс қылық үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін - қамаққа алумен, ал қылмыс үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін бас бостандығын шектеумен не бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыну жібереді.»;
9) 86-баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «мен жеделхаттар» деген сөздер алып тасталсын;
10) 88-бапта:
төртінші бөлік мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«Қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы сотталған адамды осы бөліктің 1) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша ауыстыру туралы қабылданған шешім жөнінде келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, жазбаша нысанда прокурорды хабардар етуге міндетті.»;
4-1-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес басқа мекемеге жіберілген не ауыстырылған сотталған адамды одан әрі ұстауға негіз болмаған кезде, ол әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдау мақсатында өзінің өтініші бойынша не өзінің келісімімен тиісті түрдегі басқа мекемеде орын болса, соған ауыстырылуға жатады.
Осы баптың үшінші бөлігіне, төртінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес жіберілген немесе ауыстырылған сотталған адам үшін - теріс мінез-құлық дәрежесінің болмауы, ал осы баптың төртінші бөлігінің 4) тармақшасы негізінде ауыстырылған сотталған адам үшін оң мінез-құлық дәрежесінің болуы сотталған адамды ауыстырудың міндетті шарттары болып табылады.
Бұл ретте сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстары құжатпен расталады.
Сотталған адамды әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдау үшін ауыстыру Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.»;
11) 89-баптың жетінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Кодекстің 92-бабының бірінші бөлігіне және 96-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес жiберiлген сотталғандар өтейді.»;
12) 90-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы мәселені қарау үшін сотқа өтінішхат беру құқығы туындаған жағдайда, қауіпсіздігі аралас мекеменің әкімшілігі осы Кодекстің 162-бабының бірінші және тоғызыншы бөліктерінде көзделген іс-шараларды орындауға міндетті.»;
13) 91-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сотталғандардың орнын ауыстырған кезде олар бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидаларына сәйкес маусым бойынша киіммен, аяқкиіммен, сондай-ақ сотталғандар үшін белгіленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі.»;
14) 92-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеуі тағайындалған, бес жылдан аспайтын мерзiмге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар қауіпсіздігі аралас мекемелерде немесе толық қауіпсіз мекемелерде шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін тартылады. Қалдыру және еңбекке тарту туралы шешім олардың келісімімен, мекеме комиссиясы материалдарының негізінде қауіпсіздігі аралас мекеме бастығының қаулысы бойынша жүзеге асырылады.