2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт және электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін үлгілік шарттардың негізінде жасалады.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 15-4-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15-4-бап. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер
1. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) электр станцияларының негізгі генерациялайтын жабдығына қатысты ғана жасалады.
2. Жаңғыртуды, кеңейтуді, реконструкциялауды және (немесе) жаңартуды жүзеге асыру үшін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар тиісті инвестициялық бағдарламаларды әзірлейді, оларды әзірлеу кезінде тәуелсіз техникалық және қаржы аудиті жүргізіледі.
3. Техникалық және қаржы аудитінің нәтижелері: жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың оңтайлы схемасын анықтау, негізгі генерациялайтын жабдықтың жұмыс істеу мерзіміне инвестициялық бағдарламаның әсер етуін, инвестициялық бағдарламаның орындылығын және инвестициялық бағдарламаны қаржыландырудың талап етілетін көлемін айқындау болып табылады.
4. Техникалық, қаржы аудитінің нәтижелері және жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасы нарық кеңесінің қарауына жатады.
5. Нарық кеңесінің ұсынымы негізінде уәкілетті орган жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді жасасу туралы (жасасудан бас тарту туралы) шешім қабылдайды.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Уәкілетті орган Тізілімге енгізген энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасуға құқылы емес.
6. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерде әр жылға мына көрсеткіштер бойынша нысаналы индикаторлар белгіленеді: электр және (немесе) жылу энергиясын босатуға шартты отынның үлестік шығыстары; қолда бар электр қуаты; негізгі генерациялайтын жабдықтың жұмыс істеу мерзімі; негізгі генерациялайтын жабдықтың тозу дәрежесі; экологиялық көрсеткіштер.
7. Уәкілетті орган жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім жасағаннан кейін бірыңғай сатып алушы осы энергия өндіруші ұйыммен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.
Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жүйелік оператор ол пайдалануға берілген күннен бастап жыл сайын аттестаттауға тиіс.
Егер электр қуатын кезекті аттестаттауды өткізу нәтижесінде жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемінен аз болған жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі кезекті аттестаттау өткізілгенге дейінгі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
8. Уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей уәкілетті органға тәуелсіз энергетикалық сараптамамен расталған, осы келісімдерде белгіленген көрсеткіштерге (индикаторларға) қол жеткізу туралы есепті ұсынуға міндетті.
Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, уәкілетті орган осы келісімді бұзуға не электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемі мен мерзімдерін жүйелік операторды хабардар ете отырып өзгертуге құқылы.
9. Уәкілетті органмен келісімдер жасасқан және шекті тарифтің инвестициялық құрамдасынан басқа шығын көзі айтарлықтай қосымша сыртқы қаржыландыру (кредиттер, қарыздар) болып табылған электр энергиясына шекті тарифтер бағдарламасының қолданылу кезеңіндегі 2009 - 2015 жылдар аралығында ауқымды инвестициялық бағдарламаларды іске асырған энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен оңайлатылған тәртіппен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімдер жасасады.
10. Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 15-5-баппен толықтырылды
15-5-бап. Тізілімді қалыптастыру және Тізілімге енгізілген тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатын құруға қатысуы
1. Энергия өндіруші ұйымдармен бірге бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушылар осы тұлғалар тобындағы заңды тұлғаларға меншік, жалдау құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен тиесілі генерациялайтын көздер есебінен қуатпен қамтамасыз етілуге құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құқық энергия өндіруші ұйымдармен бірге бір тұлғалар тобына кіретін энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдарға қолданылмайды.
2. Уәкілетті орган тұлғалар тобын Тізілімге осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдар бақылауында болатын заңды тұлғаның өтініші негізінде енгізеді.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған заңды тұлғаның өтініші мыналарды қамтиды:
1) осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес айқындалған бақылау болған жағдайда, өздерімен бірге бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларды өз есебінен электр қуатымен қамтамасыз ететін энергия өндіруші ұйымдардың тізбесі;
2) осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес айқындалған бақылау болған жағдайда, өздерімен бірге бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар есебінен қуатпен қамтамасыз етілетін тұтынушылардың тізбесі.
Тізілім осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылардың тізбесін қамтиды.
4. Тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді уәкілетті орган осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдар бақылауында болатын заңды тұлғаның өтініші негізінде жүзеге асырады.
5. Тізілімге енгізілген тиісті тұлғалар тобы шеңберінде энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар арасында электр қуатымен қамтамасыз ету жөнінде екіжақты шарттар жасалады.
6. Осы Заңның 15-1-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайда, Тізілімге енгізілген тұтынушылар болжамды тапшылық туындаған кезге есептелген, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде жалпы жоғары жүктемеге өздерінің жоғары жүктеме үлесіне пропорционал түрде тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыру арқылы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қатысуға міндетті:
1) жаңа электр қуатын салу;
2) өзінің бұрыннан бар электр қуатын кеңейту;
3) шығып қалған не алдағы жеті жылдық кезеңде шығып қалуға жататын өзінің бұрыннан бар электр қуатын реконструкциялау немесе жаңғырту;
4) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді бірыңғай сатып алушыдан сатып алу.
7. Осы баптың 6-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген кез келген көтерме сауда нарығының субъектісі жүзеге асыруы мүмкін. Бұл ретте Тізілімге енгізілген тиісті тұлғалар тобының қалған тұтынушылары Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларына сәйкес электр қуатын құруға қатысудан босатылады.
Осы баптың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген әрекетті тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген тұтынушылар Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
8. Тізілімге енгізілген тұтынушылардың электр қуатын құру бойынша осы баптың 6-тармағында көзделген міндеттемелері тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері құрған электр қуатының шамасына жиынтығында мынадай шарттар орындалған кезде:
1) электр қуаты 2019 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген;
2) электр қуатының жабылмайтын тапшылығы болжанатын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның аймақтарының қандай да бірінде электр қуаты құрылған;
3) электр қуаты уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тетігін қолданбай енгізілген;
4) электр қуаты уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім жасаспай енгізілген;
5) электр қуатының көлемі бұрын осы баптың 6-тармағында көзделген міндеттемелерді орындау кезінде ескерілмеген кезде төмендетіледі.
9. Осы баптың 6-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді орындау арқылы осы баптың 6-тармағында көзделген міндеттемелер орындалған кезде Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін орналастыру орнын (алаңын), отынның типі мен түрін Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның аймақтарының қандай да бірінде электр қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге болжамды тапшылығы ескеріле отырып, бекітілген Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларына сәйкес уәкілетті органмен келіседі.
10. Тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген тұтынушылар уәкілетті органның Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның аймақтарының қандай да бірінде электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығының туындауы туралы хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде осы баптың 6-тармағында көзделген әрекеттер туралы шешім қабылдайды, бұларға сәйкес олар тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысатын болады және оны уәкілетті органға жібереді.
11. Осы баптың 6-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді орындау арқылы электр қуатын құруға қатысу туралы шешім қабылданған кезде тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен бес күн ішінде уәкілетті органмен электр қуатын құруға шарт жасаса, онда генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру мерзімі айқындалады.
12. Электр қуатын құруға шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірыңғай сатып алушы қосылған құн салығы ескерілмей бір айға 1 мегаватт үшін 1 теңге мөлшерінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке тариф бойынша уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерге тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектісімен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.
Бірыңғай сатып алушы сатып алатын электр қуатының көлемі болжамды тапшылықтың тиісті тұлғалар тобы өзінің тұтынуы үшін талап ететін электр қуатын шегере отырып, болжамды тапшылық туындаған кезге есептелген, тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген тұтынушылардың жоғары жүктеме үлесіне, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның аймақтарының қандай да бірінде жалпы жоғары жүктемеге арақатынасы ретінде айқындалады.
Тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектісімен жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзімі жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпаздарымен жасалған дәл сол кезеңге белгіленеді.
13. Осы баптың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген әрекетті орындау жолымен электр қуатын құруға қатысу туралы шешім қабылданған кезде тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген тұтынушылар бірыңғай сатып алушыдан Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларына сәйкес электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алады.
14. Осы баптың 11 және 12-тармақтарында көзделген шарттар қабылданған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықты көздейді және үлгілік шарттар негізінде жасалады.
15. Осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес айқындалған бақылау болған кезде бір тұлғалар тобына кіретін, бірақ Тізілімге енгізілмеген энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушыларға осы бап пен осы Заңның 15-3, 15-4 және 15-6-баптарының тұлғалар тобы үшін белгіленген ережелері қолданылмайды.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 15-6-баппен толықтырылды
15-6-бап. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібі
1. Осы Заңның 15-1-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайда, уәкілетті орган осы Заңның 15-5-бабының 11-тармағында көзделген уәкілетті органмен жасалған шартқа сәйкес Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері құратын электр қуатының шамасын шегере отырып, болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатының көлеміне жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді.
2. Тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін орналастыру орны (алаңы), отынның типі және түрі уәкілетті органның тапсырысы бойынша жүргізілген техникалық-экономикалық негіздеменің нәтижелері бойынша айқындалады.
3. Уәкілетті орган тендерлік құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті инвесторлар тендерге қатысу үшін құжаттар мен материалдарды ұсынатын соңғы күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
4. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерлік құжаттама топтамасы:
1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың сипатын және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын;
2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын қамтиды.
5. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерге:
1) құрылтай құжаттарының көшірмелерін;
2) генерациялайтын қондырғылар құнының жалпы көлемінің кемінде отыз пайызын өз қаражаты есебінен қаржыландыру есебімен алғанда, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу үшін жеткілікті қаржы және материалдық ресурстарының бар екенін растайтын құжаттарды ұсынған әлеуетті инвесторлар қатысады.
6. Тендерлік комиссия жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер қорытындысын тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде шығарады.
Уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпазы деп танылған әлеуетті инвесторға жібереді.
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпазы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетілген шартқа қол қояды.
7. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер:
1) әлеуетті инвесторлар екеуден аз болған;
2) барлық әлеуетті инвесторлар ұсынған құжаттар осы баптың 5-тармағына сәйкес келмеген жағдайларда өтпеді деп танылады.
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өтпеді деп танылған жағдайда, уәкілетті орган қайта тендер өткізеді.
8. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде уәкілетті орган тендер жеңімпазымен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға шарт жасасады, онда генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру мерзімі және тендер жеңімпазының қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауаптылық айқындалады.
9. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерге тендер жеңімпазымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.
Тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуаты пайдалануға берілген күнінен бастап жүйелік оператордың жыл сайынғы аттестаттауына жатады.
Электр қуатын кезекті аттестаттауды өткізу нәтижесінде тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болған жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі кезекті аттестаттау өткізілгенге дейінгі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
10. Осы баптың 8 және 9-тармақтарында көзделген шарттар үлгілік шарттар негізінде жасалады.
11. Уәкілетті орган Тізілімге енгізген энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға уәкілетті орган өткізетін тендерге қатысуға құқылы емес.
16-бап. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығы
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығына қол жеткiзу тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.
2. Өңiрлiк электр желiлерi компаниялары электр энергиясын оның баланстық тиесiлiк шекараларында электр желiлерi бойынша беру функцияларын жүзеге асырады.
3. 2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Шаруашылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде электр энергиясын кепiлдiк берiп жеткiзушiлерге энергиямен жабдықтаушы өзге ұйымдарға қарағанда артықшылықтар беруге болмайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
5. Электр энергиясын кепiлдiкпен берушiні және оның жауапкершілігіндегі аймақты айқындау тәртібі электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларымен белгіленеді.
17-бап. Электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы шарттар
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Электр энергиясын сатып алу-сату, электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендiру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру, электр энергиясының орталықтандырылған саудасына қатысу, электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысу бойынша қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалатын шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Электр энергиясын сатып алу-сату шарттарында:
1) тәулiктiк электр тұтыну кестесi;
2) энергия өндiрушi ұйымдардың электр қуатын резервтеу тәртібі болуға тиiс.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Электр энергиясын сатып алу-сату шарттарында, электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендiру, электр қуатын реттеу, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру, электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттарда, орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шарттарында шарттар бойынша уақтылы ақы төленбеген жағдайда тиiстi қызметтер көрсетудi тоқтату шарттары мен тәртiбi қамтылуға тиiс.
18-бап. Электр және жылу энергиясының бөлшек сауда нарығындағы шарттар
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Бөлшек сауда нарығында электр және жылу энергиясын сатып алу-сату тұтынушылар энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен жасасатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар тұтынушыларға тұтынатын электр энергиясының көлемдеріне қарай (жеке тұлғалар үшін) сараланған тарифтер бойынша электр энергиясын өткізуден (сатудан) бас тартуға құқылы емес.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушыларға жылу энергиясын есепке алу аспаптарының бар болуына немесе жоқ болуына байланысты сараланған тарифтер бойынша жылу энергиясын өткізуден бас тартуға құқығы жоқ.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар пайдаланылған электр энергиясы үшін ақы төлеу бойынша берешегі бар болған кезде тұтынушыға жылу энергиясын беруді тоқтатуға құқығы жоқ.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар пайдаланылған жылу энергиясы үшін ақы төлеу бойынша берешегі бар болған кезде тұтынушыға электр энергиясын беруді тоқтатуға құқығы жоқ.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттарын тұтынушылардың мынадай топтары бойынша жасасады:
1) тұрмыстық тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты;
2) электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты;