6) iске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалар, ендірілген технологиялар, технологиялық болжау бойынша жүргiзiлген талдамалық зерттеу нәтижелерi туралы ақпаратқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi;
7) технологиялық бизнес-инкубациялау, технологияларды коммерцияландыру және технологиялар трансфертi, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң кадрлық, басқарушылық және өндiрiстiк әлеуетiн күшейту бойынша мемлекеттiк қолдау тетiктерiн iске асыруға қатысады;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға сараптамалық қорытындыларды және (немесе) ұсынымдарды бередi;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға инновациялық гранттар беру жөнiнде қызметтер көрсетедi;
10) технологиялық дамыту саласында ақпарат жинауды және индустриялық-инновациялық жүйенiң тиiмдiлiгiн талдауды жүзеге асырады;
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорларды, венчурлік қорларды және венчурлік қаржыландыруды дамытуға жәрдемдеседi.
5. Жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты:
1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқорын қалыптастырады және жүргiзедi;
2) жергiлiктi қамтуды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетедi;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкiлеттi органға iшкi нарықта отандық тауар өндірушілерді, жұмыстарды орындаушылар мен қызмет көрсетушілерді мемлекеттiк қолдау шараларының iске асырылу тиiмдiлiгiн талдау бойынша қызметтер көрсетедi;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң тауарларын, жұмыстары мен көрсетiлетiн қызметтерiн iшкi нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу бойынша қызметтер көрсетедi;
5) жергiлiктi қамту бойынша сараптаманы жүзеге асырады;
Жергілікті қамту бойынша сараптама деп индустрияландыру картасына енуге үміткер индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасындағы жергілікті қамтуды бағалау түсініледі.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) субконтрактация орталығы болып табылады.
Субконтрактация деп өндірістік қызметті оңтайландыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындар қолданатын өндірістік (өнеркәсіптік) аутсорсинг нысандарының бірі түсініледі;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға iшкi нарықтағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн сервистік қолдау бойынша, оның ішінде жергілікті қамтуды дамытуға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтерді сатып алуға арналған ақпараттық жүйелерді қолдап отыру бойынша қызметтер көрсетеді.
Жергілікті қамту деп индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасына тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы жоба бойынша еңбекақы төлеудің жалпы қорынан және (немесе) тауарларда, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерде белгіленген жергілікті өндірілу үлестері құнының индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құнынан пайыздық қамтылуы түсініледі.
Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидаларын қараңыз
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері:
1) Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізеді;
2) инвесторлардың қызметін қолдап отыруды қамтамасыз етеді, оның ішінде инвесторлардың мемлекеттік органдармен, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулерін ұйымдастырады, инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдар, конференциялар және семинарлар өткізеді, жұмыс істеп жатқан және перспективалы инвесторлардың дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді, инвесторларға туындайтын мәселелерді шешуде жәрдемдеседі;
3) Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілетеді, оның ішінде инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпарат береді;
4) инвесторлармен келіссөздердің қорытындылары бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді;
5) инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға мониторинг жүргізеді;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ өзге де ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алуда инвесторларды қолдап отыру бөлігінде «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторлармен өзара іс-қимыл жасайды.
7. Экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институты:
1) сыртқы нарықтарға талдау жүргiзедi;
2) отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша жәрдем көрсетеді;
3) отандық экспорттаушыларға сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, әлеуеттi экспорттық нарықтарды iздестiру және олардың тауарларын, көрсетiлетiн қызметтерiн сыртқы нарықтарға ілгерілету мәселелерi бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсетедi;
4) отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын ілгерілету жөнінде iс-шаралар жүргiзедi;
5) отандық өңделген тауарлардың және көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын ілгерілету мәселелерi бойынша отандық, шетелдiк және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкiлеттi органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі шығындарының бiр бөлiгiн өтеу бойынша қызметтер көрсетедi;
7) отандық өңделген тауарлардың және көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын ілгерілету мақсатында шетелдiк өкiлдiктер құрады.
8. Даму институттарын, қаржылық ұйымдарды басқару жүйесін оңтайландыру жөніндегі шаралар және ұлттық экономиканы дамыту шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысады;
2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;
3) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар:
1) тиісті өңірдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізеді;
2) инвесторлардың қызметін ақпараттық қолдап отыруды қамтамасыз етеді, оның ішінде жергілікті және орталық мемлекеттік органдармен, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулер ұйымдастырады, инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдар, конференциялар мен семинарлар өткізеді, инвесторлардың өңірлік дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді;
3) өңірдің қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілетеді, оның ішінде өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат береді;
4) инвесторлармен келіссөздердің қорытындылары бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді;
5) өңірдің аумағында инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға мониторинг жүргізеді;
6) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері инвестициялық тақырып бойынша ұйымдастырған, оның ішінде шет мемлекеттің аумағындағы іс-шараларға қатысады;
7) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияға және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктеріне өңірдегі инвестициялық қызмет туралы, оның ішінде инвестицияларды қажет ететін индустриялық-инновациялық жобалар, инвесторлар туралы өзекті ақпаратты тұрақты түрде береді;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ өзге де ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алу кезінде инвесторларды қолдап отыру бөлігінде «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторлармен өзара іс-қимыл жасайды.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды
10. Инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен айқындалады.
247-бап. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым
Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтерi мыналар болып табылады:
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) арнайы экономикалық аймақтар;
2) индустриялық аймақтар;
3) технопарктер;
4) тәуекелмен инвестицияланатын акционерлiк инвестициялық қорлар;
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) венчурлік қорлар;
5) технологияларды коммерцияландыру орталықтары;
6) конструкторлық бюролар;
7) технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтары;
8) инновациялық кластерлер.
248-бап. Арнайы экономикалық аймақтар
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Арнайы экономикалық аймақ қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыру үшiн арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимi қолданылатын, дәл белгiленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бiр бөлiгiн білдіреді.
Арнайы экономикалық аймақтың аумағында арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшiн осы Кодексте, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы», «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының салық, кеден, жер заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгiленген арнайы құқықтық режім қолданылады.
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында немесе оның бiр бөлiгiнде еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмi қолданылады. Шегiнде еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмi қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың шекаралары Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы экономикалық аймақ құру туралы актiсiне сәйкес айқындалады.
Арнайы экономикалық аймақтың аумағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк аумағының бiр бөлiгi болып табылады.
Еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмi Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қолданылады. Еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмi қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады.
3. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық
шарттармен қамтамасыз етiлетiн құқықтар мен мүдделердi қорғауға кепiлдiк берiледi.
Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының мүлкiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп алып қоюға (мемлекет меншігіне алуға, реквизициялауға) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген айрықша жағдайларда және тәртiппен жол берiледi.
Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдердi төлегеннен кейiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтi жүзеге асырудан алынған кірістерін өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
249-бап. Индустриялық аймақтар
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызмет объектілерін, оның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, туристік индустрия, көліктік логистика, қалдықтарды басқару саласындағы объектілерді орналастыру және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп пен жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін аумақ индустриялық аймақ болып табылады.
2. Индустриялық аймақтар кәсiпкерлiктi дамыту үшiн экономикалық және ұйымдық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
3. Индустриялық аймақтардың мiндеттерi:
1) өнеркәсiп саласындағы кәсiпкерлiктi жедел дамытуға жәрдемдесу;
2) жаңа өндiрiстер инфрақұрылымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру;
3) өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру;
4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 250-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
250-бап. Технологиялық парк
1. Технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты немесе дербес білім беру ұйымы құрған не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, индустриялық-инновациялық қызметтi iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасалатын бiрыңғай материалдық-техникалық кешенi бар аумаққа меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде иелiк ететiн заңды тұлға технологиялық парк (бұдан әрi - технопарк) болып табылады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Технопарктер қызметiнiң негiзгi түрi индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы субъектілердің жұмыс iстеуiнiң бастапқы кезеңiнде оларға үй-жайлар, жабдықтар беру, бухгалтерлiк есеп жүргiзу, заңдық, ақпараттық және консультациялық қолдау, инвестициялар тарту, жобаларды басқару бойынша қызметтер, сондай-ақ индустриялық-инновациялық жобаларды, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыру үшiн қажеттi өзге де қызметтер көрсетуді бiлдiретiн технологиялық бизнес-инкубациялау болып табылады. Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерiн көрсету, сондай-ақ мұндай көрсетілетін қызметтер құнын айқындау қағидаларын, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.
251-бап. Акционерлiк инвестициялық қорлар
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қызметiнiң айрықша түрi «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген талаптарға және өзiнiң инвестициялық декларациясына сәйкес осы қоғамның акционерлерi оның акцияларын төлеу үшiн қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесiнде алынған активтердi жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлiк қоғам акционерлiк инвестициялық қор болып табылады.
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тәуекелмен инвестицияланатын акционерлiк инвестициялық қорлардың қызметi «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 251-1-баппен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 251-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
251-1-бап. Венчурлік қорлар, жеке венчурлік инвесторлар және венчурлік қаржыландыру
1. «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес венчурлік қаржыландыру мақсаттарында ғана ақша мен өзге де мүлікті тартуды және жинақтауды жүзеге асыратын жай серіктестік немесе акционерлік қоғам немесе шаруашылық серіктестік нысанындағы заңды тұлға венчурлік қор болып табылады.
Венчурлік қор Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерімен банктік салым шарттарын жасасуға құқылы.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Стартап-компанияларды венчурлік қаржыландыруды жүзеге асыратын және оларға сараптамалық қолдауды қамтамасыз ететін жеке тұлға жеке венчурлік инвестор болып табылады.
2. Венчурлік қаржыландыру деп инновациялық қызметті ғана жүзеге асыратын тұлғаларды олардың жарғылық капиталына инвестициялар салу, олар шығарған қаржылық құралдарды сатып алу немесе оларға ақшалай қарыз ұсыну арқылы қаржыландыруға байланысты қызмет түсініледі.
252-бап. Технологияларды коммерцияландыру орталығы
1. Жаңа немесе жетiлдiрiлген тауарларды, процестер мен көрсетiлетiн қызметтердi нарыққа шығару мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерiн практикалық қолдануға байланысты, оң экономикалық әсер алуға бағытталған қызметті (технологияларды коммерцияландыруды) жүзеге асыратын заңды тұлға, ғылыми ұйымның, жоғары оқу орнының немесе дербес бiлiм беру ұйымының құрылымдық немесе оқшауланған бөлiмшесi технологияларды коммерцияландыру орталығы болып табылады.
2. Технологияларды коммерцияландыру орталықтары қызметiнiң негiзгi бағыттары: коммерцияландыру үшiн технологияларды iздестiрудi және бағалауды, маркетингтiк зерттеулердi, зияткерлiк меншiктi қорғау саласында консультациялық қызметтер көрсетудi, технологияларды коммерцияландыру стратегиясын әзiрлеудi, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектiлерi мен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң технологияларды коммерцияландыру саласында шарттар жасасуы мақсатында олардың өзара iс-қимылын ұйымдастыруды қоса алғанда, бiрақ олармен шектелмей, технологияларды коммерцияландыру жөнiндегi қызметтер кешенiн көрсету болып табылады.
Технологияларды коммерцияландыру орталықтарын әдiснамалық, консультациялық және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгедей қолдауды технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты жүзеге асырады.
253-бап. Конструкторлық бюро
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жаңа немесе жетiлдiрiлген тауарлар өндiрудi ұйымдастыруда жәрдемдесу үшiн құрылған, материалдық-техникалық кешенге иелiк ететiн заңды тұлға конструкторлық бюро болып табылады.
2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жаңа немесе жетiлдiрiлген тауарларды жасауда, оның iшiнде технологиялар трансфертi, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы иемдену, бейiмдеу, әзiрлеу, оны кейiннен индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне өтеулi негiзде беру және оның негiзiнде тауарлар өндiрiсiн ұйымдастыру үшiн қажеттi қызметтер көрсету арқылы жәрдемдесу конструкторлық бюролардың негiзгi мiндетi болып табылады.
254-бап. Технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтары
Технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтарын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi шетелдiк әрiптестермен бiрлесiп iске асыратын жобаларды iске асыруға жәрдем көрсету мақсатында технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты құрады.
Технологиялар трансферті деп индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерінің меншік, иелену және (немесе) пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған тәсілдермен алынған жаңа немесе жетілдірілген технологияларды ендіру процесі түсініледі.
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 255-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
255-бап. Инновациялық кластер
Өзара iс-қимыл жасау және қолда бар мүмкiндiктердi бiрлесiп пайдалану, бiлiм және тәжiрибе алмасу, технологияларды тиiмдi беру, орнықты әрiптестiк байланыстарды жолға қою және ақпарат тарату арқылы индустриялық-инновациялық қызметтi ынталандыруға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған ғылыми ұйымдардың, бiлiм беру ұйымдарының, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлiк инвестициялық қорлардың, венчурлік қорлардың, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бiрлестiгi инновациялық кластер болып табылады.
256-бап. Индустриялық-инновациялық жүйе құралдары
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Индустриялық-инновациялық жүйенi жоспарлау құралдарына технологиялық болжау және басым тауарлар мен көрсетілетін қызметтердiң бiрыңғай картасы жатады.
Технологиялық болжау деп игерілуі мемлекеттің орнықты индустриялық-инновациялық дамуы үшін қажетті шарт болып табылатын технологияларды анықтауға бағытталған талдамалық зерттеулер кешені түсініледі.
Технологиялық болжауды инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган тұрақты негiзде бес жылда кемінде бiр рет қорытындылар шығара отырып жүргiзедi.
Технологиялық болжау инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін технологиялық болжау жүргізу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Технологиялық болжау процесiн технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты шетелдiк және отандық сарапшыларды тарту, сауалнама мен талдамалық зерттеулер жүргiзу, технологиялық болжау қорытындыларын шығару үшiн алынған деректерді жинақтап қорыту және ұсынымдарды қалыптастыру арқылы қамтамасыз етедi.
Технологиялық болжау қорытындылары инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау кезінде, оның ішінде нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыру кезінде ескеріледі.
Нысаналы технологиялық бағдарлама деп мемлекеттің, кәсіпкерлік субъектілерінің және ғылымның өзара іс-қимылына негізделген кәсіпорындардың (салалардың) технологиялық міндеттерін шешу жөніндегі шаралар кешені түсініледі.
Басым тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрыңғай картасы Қазақстан Республикасында өндiру үшiн стратегиялық бәсекелестiк артықшылықтарға ие, экономиканың әрбiр басым секторы бойынша айқындалған және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдаудың басымдықтары болып табылатын тауар топтарының, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бiлдiредi.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Индустрияландыру картасы республика деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйені мониторингтеу (іске асыру) құралы болып табылады және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалар жиынтығын білдіреді.
Өңірдің кәсіпкерлікті қолдау картасы өңір деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйені мониторингтеу (іске асыру) құралы болып табылады және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалар жиынтығын білдіреді.
3. Инновацияларды ақпараттық-насихаттық қолдау және білімді, оның ішінде технологияларды коммерцияландыру бойынша тарату инновациялық белсенділікті ынталандыру және инновациялық қызметті танымал ету құралдары болып табылады.
Инновацияларды ақпараттық-насихаттық қолдауды технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты жүзеге асырады және инновациялық белсенділікті ынталандыру, инновациялық қызметті ақпараттық қолдау және танымал ету жөніндегі іс-шараларды ұымдастыруды көздейді.
Технологияларды коммерцияландыруға жәрдемдесу (қолдау):
1) технологиялық кәсіпкерлік саласындағы құзыретті қалыптастыру мен дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және (немесе) өткізу;
2) технологияларды іздестіру жүйесін қалыптастыру және дамыту, оларды сәйкестендіру және оларды нарыққа ілгерілетуге жәрдем көрсету;
3) жобалық менеджерлер институтын дамыту;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсiлдер арқылы жүзеге асырылады.
Технологияларды коммерцияландыруда индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жәрдемдi осы Кодекстің 264-бабына сәйкес технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты көрсетедi.
4. Мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілері жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау индустриялық-инновациялық жүйені талдау құралы болып табылады.
Мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметтi қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектiлерi жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларының iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтедi.
3-параграф. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау