353-бап. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау тәртібін бұзу
1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарын жою бойынша міндетемелерді орындамау -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Жүргізілу салдарларын жою «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына сәйкес қамтамасыз етілмеген, пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану және кен іздеушілік жөніндегі операцияларды жүргізу -
жер қойнауының тиісті учаскесіндегі немесе учаскелеріндегі қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұруға алып келеді.
3. Жер қойнауын пайдаланушының осы баптың екінші бөлігінде көзделген талапты бұзушылықты жер қойнауының тиісті учаскесіндегі немесе учаскелеріндегі қызметті тоқтата тұру мерзімі ішінде жоймауы -
жер қойнауының тиісті учаскесіндегі немесе учаскелеріндегі қызметке (жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға) тыйым салуға алып келеді.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 354-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
354-бап. Мемлекеттік бақылау органдарына жер қойнауын пайдалану туралы ақпаратты, геологиялық ақпаратты беруден бас тарту немесе жалтару
Мемлекеттік бақылау органдарына жер қойнауын пайдалану, өндірілген пайдалы қазбалар туралы ақпаратты, сондай-ақ геологиялық ақпаратты уақтылы, толық және анық беруден бас тарту немесе жалтару - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алты, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне -
он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
355-бап. Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi
Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың бұзылуына әкеп соғатын нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 356-баптың тақырыбы жаңа редакцияда
356-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын бұзушылық
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын бұзу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жер қойнауын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптарды орындамау -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 3 - 14 бөліктермен толықтырылды; 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттарын бұзу, сондай-ақ көмірсутектерді барлау мен өндіру жөніндегі жобалау құжаттарының талаптарын бұзу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жер қойнауын пайдалану саласында жобалау құжаттарынсыз белгіленген тәртіппен бекітпей іздестіру, бағалау жұмыстарын және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз немесе рұқсат шарттарын сақтамай шикі газды жағу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 6-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Жер қойнауын пайдаланушының шикі газды кәдеге жаратпай және (немесе) қайта өңдемей көмірсутектерді өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуі -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Көмірсутегін өндіру, дайындау, сақтау және оны өндіру және сақтау орнынан магистральдық құбыржолға және (немесе) көліктің басқа түріне қайта тиеу орнына дейін тасымалдау үшін қажет, қажетті кәсiпшiлiк объектілерін және өзге де инфрақұрылым объектілерін салу кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық құжаттамадан ауытқуы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Заңнамада белгіленген талаптарды бұза отырып, ұңғымаларды пайдалану -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 9-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз немесе рұқсат шарттарын сақтамай теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 11-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушының, теңізге мұнайдың төгілу тәуекелімен байланысты теңізде қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның бекітілген мұнай төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жоспарының болмауы -
жеке тұлғаларға - бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 12-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Теңізге мұнайдың бірінші және екінші деңгейлерде төгілу салдарын жою үшін қажет өзінің материалдары мен жабдығынсыз не мамандандырылған ұйыммен жасалған шартсыз теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу -
жеке тұлғаларға - бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
13. Осы баптың сегізiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Осы баптың төртінші, бесiншi, алтыншы және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
қызметін немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 357-бап өзгертілді
357-бап. Табиғат пайдалану жөнiндегi заңсыз мәмiлелердi тiркеу
Лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүддесi үшiн жасаған табиғат пайдалану жөнiндегi көрiнеу заңсыз мәмiлелердi тіркеу, табиғи ресурстарды мемлекеттiк есепке алу мен олардың мемлекеттiк кадастрларының деректерiн бұрмалау, сол сияқты табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны және молықтырғаны үшін төлемақыны қасақана төмендету, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен 358-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
358-бап. Су объектілерін және олардағы су ресурстарын ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғау жөніндегі талаптарды бұзу, сондай-ақ судың зиянды әсерін алдын алу жөніндегі шараларды қабылдамау
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер ететін объектілерді пайдалануға беру талаптарын бұзу -
жеке тұлғаларға - бір жүз қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз сексен, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - төрт жүз тоқсан, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне тоғыз жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының су заңнамасында айқындалған су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ететін іс-шараларды жүргізбеу, жерүсті су объектілеріне санациялауды жүргізбеу, су ысыраптарының көлемін қысқарту, айналымдық және (немесе) қайталама сумен жабдықтау жүйелеріне кезең-кезеңімен (бес жылдан аспайтын) көшу, қолда бар ең озық технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамау, сондай-ақ елді мекендерді, өнеркәсіптік объектілерді, ауыл шаруашылығы алқаптарын, көліктік инфрақұрылым объектілерін, қауіпті өндірістік объектілерді тасқын және еріген сулардан қорғаудың инженерлік жүйелерін құру және (немесе) оларды су қоймаларын, көл жүйелерін және жерасты сулары кен орындарын толықтыру үшін бұру және (немесе) қайта бөлу жөніндегі шараларды қабылдамау, жерүсті су объектілерінің су жайылған учаскелерінде ормандандыруды жүргізбеу -
жеке тұлғаларға - бір жүз қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз отыз сегіз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жеті жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне тоғыз жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен 359-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
359-бап. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды, құрылғыларын, алынған және ағызылған су ресурстарының көлемін өлшеу құралдарын және сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерін бүлдіру, оларды пайдалану қағидаларын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды, құрылғыларын, алынған және ағызылған су ресурстарының көлемін өлшеу құралдарын, сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерін бүлдіру, сондай-ақ есепке алу аспаптарына салынған пломбаларды жұлып тастау -
жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды, сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерін пайдалану қағидаларын бұзу -
жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен 359-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
359-1-бап. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуді бұзу
1. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде инженерлік-техникалық қамтамасыз ету объектілерінің техникалық жай-күйін зерттеп-қарауды жүргізбеу немесе тиісінше жүргізбеу, сондай-ақ оны жүргізу мерзімдерін бұзу -
жеке тұлғаларға - бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жоғары қауіп төндіретін гидротехникалық құрылысжайларды көпфакторлы зерттеп-қарауды жүргізбеу немесе тиісінше жүргізбеу, сондай-ақ оны жүргізу мерзімдерін бұзу -
жеке тұлғаларға - бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есеп тік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Гидротехникалық құрылысжайларды гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясынсыз пайдалану -
жеке тұлғаларға - бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бес жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бес жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жеті жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 360-баптың тақырыбы жаңа редакцияда
360-бап. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызметті заңсыз жүзеге асыру
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Ғимараттарды, құрылысжайларды және басқа да объектілерді жерүсті су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде заңсыз салу, су объектісінің шекараларын заңсыз өзгерту -
заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - төрт жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Жерасты суларын алу үшін ұңғымаларды заңсыз бұрғылау және жерасты суларының су тарту құрылысжайларын заңсыз салу-
жеке тұлғаларға - алпыс, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне тоғыз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен 3-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, орман өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізуге арналған құжаттардың жобаларын келісу шарттарын бұзу -
жеке тұлғаларға - бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 361-бап өзгертілді
361-бап. Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оларды пайдалану қағидаларын бұзу
Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оларды пайдалану қағидаларын бұзу -
жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 362-бап өзгертілді
362-бап. Су ресурстарын есепке алу мен есептілік деректерiн бұрмалау
Суды алу, пайдалану және су бұру туралы деректерді бұрмалау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде ұсынбау -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен 363-бап өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
363-бап. Су ресурстарын реттеуге кедергi келтіру
Су ресурстарын кешендi пайдалану, экология және су бөлу мүдделерi үшін оларды реттеуге кедергi келтіру -
жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
364-бап. Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу
1. Ортақ су пайдалану қағидаларын:
1) тыйым салынған жерлерде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын көлемді кемелермен және басқа да жүзетін құралдармен жүзу;
2) жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдаланудағы су объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеу түрінде жасалған бұзушылық -
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - екі, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жеті, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он жеті, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
365-бап. Белгіленген су сервитуттарын бұзу
2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Белгіленген су сервитуттарын бұзу -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 366-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
366-бап. Орман қоры жерлерінде заңсыз тегістеу, құрылыстар тұрғызу, сүректі қайта өңдеу, қоймалар орналастыру
Орман қоры жерлерінде заңсыз тегістеу, құрылыстар тұрғызу, сүректi қайта өңдеу, қоймалар орналастыру -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы Кодекстің 366, 368, 370, 371, 375, 381, 382, 386, 387 және 388-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасаған тұлғалар айлық есептік көрсеткіштен бес және одан да көп есе асатын залал келтірген жағдайда, олар әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылады.
367-бап. Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу
2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Өрттiң шығуына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет, егер бұл әрекет ірі залал келтірмесе, -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.