Техникалық құжаттамаға сараптама Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақпараттандыру саласындағы стандарттардың талаптарына сәйкестікті бағалау мақсатында жүргізіледі.
Бағдарламалық қамтылымға, бағдарламалық кодқа, интернет-ресурсқа, ақпараттық жүйелерге сынақтар мен техникалық құжаттамаға сараптама меншік иесінің немесе иеленушінің бастамасы бойынша жүзеге асырылады және оларды сынақ зертханалары осы Заңға және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізеді.
50-бап. Ақпараттық жүйелердің аудиті
1. Ақпараттық жүйелерді құру, ендіру және пайдалану кезеңінде ақпараттық жүйелердің меншік иесінің немесе иеленушісінің бастамасы бойынша ақпараттық жүйелердің аудиті жүргізілуі мүмкін.
2. Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізуді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында арнайы білімі мен жұмыс тәжірибесі бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
51-бап. Аттестаттау
1. Аттестаттау міндетті түрде немесе меншік иесінің бастамасы бойынша жүргізіледі.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мыналар:
1) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік заңды тұлғаның ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйе міндетті түрде аттестатталуға жататын аттестаттау объектілері болып табылады.
Осы тармақшада белгіленген талаптар қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйелері өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы интеграцияланған кезде оларға қолданылмайды;
3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйе;
4) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасы;
5) мемлекеттік органның интернет-ресурсы міндетті түрде аттестатталуға жататын аттестаттау объектілері болып табылады.
Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалылығын тексеру бойынша сервистерін пайдаланған кезде осы тармақта көрсетілген аттестаттау объектілері үшін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өту талап етілмейді.
3. Мыналар:
1) мемлекеттік емес ақпараттық жүйе;
2) мемлекеттік емес интернет-ресурс міндетті аттестатталуға жатпайтын аттестаттау объектілері болып табылады.
4. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйені, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйені, мемлекеттік органның интернет-ресурсын және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын өнеркәсіптік пайдалануға ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестаты болған кезде ғана жол беріледі.
5. Аттестаттық зерттеп-қарау мерзімі аттестаттық зерттеп-қарау жүргізу шарты күшіне енген күннен бастап отыз жұмыс күннен аспауға тиіс.
Егер аттестатталатын ақпараттық жүйе аумақтық жағынан бөлінген болса, аттестаттық зерттеп-қарау мерзімі қырық жұмыс күнінен аспайды.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Аттестаттық зерттеп-қарау актісін ескере отырып, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде мынадай:
1) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестатын беру туралы;
2) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестатын беруден бас тарту туралы;
3) өтінім берушінің анықталған сәйкессіздіктерді жоюы туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Өтінім берушінің анықталған сәйкессіздіктерді жоюы туралы шешім аттестаттауды жүргізуге өтінім бойынша бір реттен артық қабылданбайды.
7. Аттестаттық зерттеп-қарау кезінде анықталып, шешім көшірмесін алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жойылмайтын сәйкессіздіктер ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестатын беруден бас тартуға негіз болып табылады.
8. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестаты, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын қоспағанда, көрсетілген мерзім ішінде қорғалатын ақпараттың өңделуін қамтамасыз ететін және ақпараттың қауіпсіздігін айқындайтын аттестаттау объектісінің, аппараттық-бағдарламалық кешеннің және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жұмыс істеуі мен функционалдылығы шарттарының өзгермеуі сақталған (қамтамасыз етілген) жағдайда, аттестаттау объектісінің өнеркәсіптік пайдаланылу мерзіміне беріледі.
9. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестаты бір жылға беріледі.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Аттестаттау объектісінің жұмыс істеуі және функционалдылығы шарттары өзгерген жағдайда, аттестаттау объектісінің меншік иесі немесе иеленушісі оны дамыту жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға жүргізілген барлық өзгертулердің сипаттамасын қоса бере отырып, осы Заңда белгіленген тәртіппен объектіге қайтадан аттестаттау жүргізу қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Аттестаттау объектісінің, қорғалатын ақпаратты өңдеу технологиясының жұмыс істеуінің белгіленген шарттарының және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптардың орындалуына жауапкершілік аттестаттау объектісінің меншік иесіне немесе иеленушісіне жүктеледі.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аттестаттау объектісіне қайтадан аттестаттау жүргізу туралы шешім қабылдайды.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган аттестаттау объектісінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестатын кері қайтарып алу туралы шараларды мынадай:
1) аттестаттау объектісінің меншік иесінің немесе иеленушісінің жазбаша өтініші бар болған;
2) аттестаттау объектісінің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілген тексеру кезінде анықталған ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) осы баптың 2-тармағында көрсетілген аттестаттау объектісінің жұмыс істеуі мен функционалдылығы шарттары өзгерген;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) осы баптың 2-тармағында көрсетілген аттестаттау объектісін пайдалану тоқтатылған жағдайларда қабылдайды.
13. Жаңа сервистік бағдарламалық өнімді ендіру, сервистік бағдарламалық өнімді өзгерту «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестатын кері қайтарып алуға әкеп соқпайды.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Аттестаттау объектісінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестатын кері қайтарып алу туралы шешімнің көшірмесі аттестаттау объектісінің меншік иесіне немесе иеленушісіне жіберіледі, ол көрсетілген шешімнің көшірмесін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аттестаттау объектісінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестатын ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға қайтарады.
Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестаты кері қайтарылып алынғаннан кейін аттестаттау объектісін аттестаттау осы Заңда және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
15. Аттестаттау объектісінің меншік иесі немесе иеленушісі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 1 наурыздан кешіктірмей ағымдағы жылы аттестатталуы жоспарланатын объектілердің тізбесін жібереді.
52-бап. Ақпараттандыру саласындағы сәйкестікті растау
Ақпараттандыру саласындағы сәйкестікті растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
9-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ ОБЪЕКТІЛЕРІН ҚОРҒАУ
53-бап. Ақпараттандыру объектілерін қорғаудың мақсаттары
1. Ақпараттандыру объектілерін қорғау ақпараттандыру объектілерінің сақталуына, оларға құқыққа сыйымсыз түрде және (немесе) әдейі жасалмаған қол жеткізуді және (немесе) ықпал етуді болғызбауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін іске асыру болып табылады.
2. Ақпараттандыру объектілерін қорғау:
1) электрондық-ақпараттық ресурстардың тұтастығын және сақталуын қамтамасыз ету;
2) қолжетiмдiлiгi шектелген электрондық ақпараттық ресурстардың құпиялылық режимін қамтамасыз ету;
3) ақпараттандыру субъектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу құқығын iске асыру;
4) электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты оларға санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған қол жеткізуге, ақпараттың таралып кетуіне және өзге де әрекеттерге, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған ықпал етуге жол бермеу;
5) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің жұмыс істеуінің бұзылуына жол бермеу мақсаттарында Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Ақпараттандыру объектілеріне қатысты санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған өзге де әрекеттер:
1) электрондық ақпараттық ресурстарды және (немесе) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін бұғаттау, яғни электрондық ақпараттық ресурстарға және (немесе) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті шектеуге немесе жабуға әкелетін әрекеттер жасау;
2) ақпараттандыру объектілерін санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған түрлендiру;
3) электрондық ақпараттық ресурсты санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған көшiру;
4) электрондық ақпараттық ресурстарды санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған жою, жоғалтып алу;
5) құқық иеленушінiң рұқсатынсыз бағдарламалық қамтылымды пайдалану;
6) ақпараттық жүйелердiң және (немесе) бағдарламалық қамтылымның жұмысын бұзу не телекоммуникациялар желiлерінiң жұмыс iстеуiн бұзу болып табылады.
4. Ақпараттық жүйелерді қорғау сыныптауышқа сәйкес берілген сыныпқа сай жүзеге асырылады.
54-бап. Ақпараттандыру объектілерін қорғауды ұйымдастыру
1. Ақпараттандыру объектілерін қорғауды:
1) электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты - олардың меншік иелері, иеленушілері және пайдаланушылары;
2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қатысты - олардың меншік иелері немесе иеленушілері жүзеге асырады.
2. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік иелері немесе иеленушілері:
1) санкцияланбаған қол жеткізуді болғызбауды;
2) егер мұндай санкцияланбаған қол жеткізуді болғызбау мүмкін болмаса, санкцияланбаған қол жеткізу фактілерін уақтылы анықтауды;
3) қол жеткізу тәртібін бұзудың қолайсыз салдарларын барынша азайтуды;
4) электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу мен беру құралдарына санкцияланбаған ықпал етуге жол бермеуді;
5) санкцияланбаған қол жеткізу салдарынан түрлендірілген не жойылған электрондық ақпараттық ресурстарды жедел қалпына келтіруді;
6) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелерін және (немесе) иеленушілерін қоспағанда, ақпараттық қауіпсіздіктің орын алған оқыс оқиғасы туралы мемлекеттік техникалық қызметке дереу хабарлауды;
7) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, олардың қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мониторингі мәселелері бойынша мемлекеттік техникалық қызметпен ақпараттық өзара іс-қимылды;
8) мемлекеттік техникалық қызметтің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингін іске асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүргізуі үшін оған «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қолжетімділікті беруді қамтамасыз ететін шаралар қолдануға міндетті.
3. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына жатқызылған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың ережелері мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер меншік иелерінің және иеленушілерінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері меншік иелерінің және иеленушілерінің қолдануы үшін міндетті.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Елдің қорғанысы мен қауіпсіздігі үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды іске асыру мақсатында тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімінен жүзеге асырылады.
Бұл ретте электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімінде қажетті тауарлар болмаған жағдайда, олардың аналогтарын сатып алуға рұқсат беріледі.
4. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде интернет-ресурстар мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның объектілерін басқаруды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
55-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау шаралары
1. Электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғаудың құқықтық шараларына:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақпараттандыру саласындағы стандарттар;
2) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық;
3) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның меншiк иесiмен немесе иеленушiсiмен жасасатын, оларда осы объектілердің жұмыс істеу, оларға қол жеткiзу немесе оларды пайдалану шарттары, сондай-ақ оларды бұзғаны үшiн жауаптылық белгіленетін келісімдер жатады.
2. Электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғаудың ұйымдастырушылық шараларына ақпаратқа, электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге (ақпараттың электрондық жеткізгіштеріне) қол жеткізу жүзеге асырылуы мүмкін аумаққа (ғимараттарға, үй-жайларға) кіру режимін белгілеу және қамтамасыз ету, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қол жеткізуді шектеу жатады.
3. Электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларына:
1) ақпаратты қорғау құралдарын пайдалану, ал мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қатысты - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген, дайындалған және (немесе) пайдалануға қабылданған, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарын қолдана отырып қана пайдалану;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қол жеткізуді бақылау және қол жеткізу фактілерін тіркеу жүйесін пайдалану;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) ақпараттандыру объектілері меншік иелерінің немесе иеленушілерінің қорғау шараларын айқындауы үшін бекітілген қорғау бейіндерінің негізінде қауіпсіздік жөніндегі тапсырманы әзірлеу жатады.
4. Электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларын пайдалану жеке тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкіне және мемлекеттік мүлікке зиян келтірмеуге немесе зиян келтіру қатерін төндірмеуге тиіс.
56-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау
Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды алған ақпараттық жүйелердің меншік иелері және иеленушілері осы Заңға және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға сәйкес оларды қорғау бойынша шараларды қолдануға міндетті.
Бұл міндет дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар алынған кезден бастап және олар жойылғанға не иесіздендірілгенге дейін туындайды.
3-БӨЛІМ. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
10-тарау. УӘКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ ҚҰЖАТТАРҒА САРАПТАМА ЖҮРГІЗУІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КЕЛІСУІ
57-бап. Инвестициялық ұсынысқа ақпараттандыру саласындағы сараптаманың қорытындысы
1. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құруға немесе дамытуға арналған инвестициялық ұсынысты мемлекеттік орган инвестициялық ұсынысқа ақпараттандыру саласындағы сараптаманың қорытындысын алу үшін жыл сайын 15 наурызға дейін уәкілетті органға енгізеді.
2. Ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсынысты уәкілетті орган ол келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
58-бап. Бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе қаржылық-экономикалық негіздемесіне ақпараттандыру саласындағы сараптаманың қорытындысы
1. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құруға немесе дамытуға арналған бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесіне ақпараттандыру саласындағы сараптаманың қорытындысы толық құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Ақпараттандыру саласындағы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне ақпараттандыру саласындағы сараптаманың қорытындысы толық құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
2. Егер мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі стандартты шешім болып табылса не ведомствоаралық немесе өңірлік құрамдастарды қамтитын болса, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құруға немесе дамытуға арналған бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесіне ақпараттандыру саласындағы сараптаманың қорытындысын беру мерзімі елу жұмыс күніне дейін ұзартылады.
59-бап. Техникалық тапсырманы және жобалауға арналған тапсырманы келісу
1. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырманы келісуді уәкілетті орган құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешікпейтін мерзімде жүзеге асырады.
Егер мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі стандартты шешім болып табылса не ведомствоаралық немесе өңірлік құрамдастарды қамтыса, келісу мерзімі елу жұмыс күніне дейін ұзартылады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. «Электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы әзірлеген ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманы келісуді мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларында айқындалған тәртіпке және мерзімдерге сәйкес жүргізеді.
60-бап. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарына уәкілетті органның қорытындысы
1. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі уәкілетті органның қарауына жыл сайын 1 наурызға дейін енгізеді.
2. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарын уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде қарайды.
3. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарын қараудан бас тарту:
1) ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарының нысаны мен мазмұны осы Заңның және Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;
2) құжаттар уәкілетті орган бекіткен белгіленген талаптарға сәйкес ұсынылмаған жағдайларда жүзеге асырылады.
4. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарын «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталына орналастырады.
11-тарау. АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫН ДАМЫТУ
61-бап. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау
1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдауды Қазақстан Республикасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды ынталандыру мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты және басқа да ұлттық даму институттары жүзеге асырады.
2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты өз қызметін осы Заңға және Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
3. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидаттары:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын жеке кәсіпкерлік және мемлекеттік-жекешелік әріптестік базасында дамыту;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, ақпараттық жүйелерді әзірлеуге тапсырыстар алу кезіндегі отандық заңды тұлғалардың басымдығы;
3) отандық бағдарламалық қамтылым, бағдарламалық өнімдер өндірісін және техникалық құралдар өндірісін дамытуды ынталандыру;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар нарығының құрылымын дамыту;
5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар нарығында адал бәсекелестікті қолдау.
4. Мемлекеттік қолдау қағидаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген шаралардан басқа, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының өсуін ынталандыру жөніндегі шаралар мыналар:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтің нормативтік-әдіснамалық базасын қалыптастыру және дамыту, оның ішінде халықаралық стандарттарды ендіру;
2) жергілікті қамтудың жоғары үлесі бар инновациялық бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық өнімдерді әзірлеуге және беруге арналған мемлекеттік (квазимемлекеттік) тапсырыстар жүйесін іске асыру және жетілдіру;
3) жергілікті қамтудың үлесін өсіруге бағытталған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды бюджеттен тыс өтеулі және өтеусіз қаржыландыру;
4) ақпараттандыру саласындағы көрсетілетін қызметтер үлесін өсіруге бағытталған, мемлекеттік заңды тұлғалардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақпараттандыруға арналған шығындар құрылымын үйлестіру;