Поиск 
Введите текст для поиска, например, Налоговый кодекс Украины
Найти
Кодексы бесплатно      
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Сохранить(документ)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 4 нормативтік қаулысы (2022.16.11. берілген өзгерістермен)

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме!
Получить полный доступ к документу
Вход для пользователей
Для того, чтобы получить текст документа, вам нужно ввести логин и пароль.

Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.
Контактный телефон: +7 (495) 972-24-02, email: info@continent-online.com
  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 4 нормативтік қаулысы

(2022.16.11. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, құрамында Төраға Қ.Ә. Мәми, Кеңес мүшелері А.Қ. Дауылбаев, В.А. Малиновский, И.Д. Меркель, Р.Ж. Мұқашев, Ә.А. Темірбеков және У. Шапак қатысқан

өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі А.Қ. Дауылбаевтың баяндамасын тыңдап, конституциялық іс жүргізудің материалдарын, мемлекеттік органдардың қорытындыларын, халықаралық тәжірибені, жекелеген шет елдердің заңнамасы мен практикасын талдап, сарапшы - заң ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ж. Балтабаевтың қорытындысын зерделеп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі төмендегіні

 

анықтады:

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабының 2-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтініш жолдады. Өтініште мынадай сұрақтар қойылған:

«Республика Конституциясының 15-бабы 2-тармағының конституциялық ережелері оларда көзделген барлық қылмыстық іс-әрекеттер үшін қылмыстық заңда өлім жазасын белгілеуге міндеттей ме?

Ең ауыр жаза қолданылуы мүмкін қылмыстар шеңберіне қатысты конституциялық талаптар тұрғысынан алғанда Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы онда жол берілген ескертпемен ратификациялау мүмкін бе?».

Негізгі Заңның қаралып отырған нормасын өтініш нысанасына қатысты түсіндірген кезде Конституциялық Кеңес мынаны негізге алады.