мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Театр қызметінің негізгі міндеттері театр мәдениетінің өзіндік болмысын, ұлттық сана-сезімді және Қазақстан халқының тілдерін сақтау және дамыту, сондай-ақ, театрлық қойылымдарды жасау, көпшілік алдында орындау және (немесе) көпшілік алдында көрсету, театр қызметінде инновациялық жобаларды іске асыру болып табылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Театрлар көркемдік бағыттарды, репертуарды таңдауда, театрлық қойылымдарды жасау, көпшілік алдында орындау және (немесе) көпшілік алдында көрсету туралы шешімді қабылдауда, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін, тиімді шығармашылық және өндірістік даму үшін қажетті өзге де қызметті жүзеге асыруда ерікті.»;
6-тармақтың 15) тармақшасының жетінші абзацы 2013 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгiзiлді
3-тармақтағы «қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді ұсынуға», «субсидиялар» деген сөздер тиісінше «қамтамасыз етуге», «бюджеттік субсидиялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4, 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Театрдың бүкіл қызметіне тікелей басшылықты театр басшысы жүзеге асырады.
5. Театрлық қойылымды жасау, көпшілік алдында орындау және (немесе) көпшілік алдында көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттық негізде сырттан шақырылған шығармашыл қызметкерлер тартылуы мүмкін.
6. Әрбір театрлық қойылымның қоюшы режиссерінің ұсынымдары негізінде мемлекеттік театрдың басшысы қоюшы топты құрады.
Әрбір театрлық қойылымның қоюшы тобы мемлекеттік театрдың шығармашыл қызметкерлері және (немесе) сырттан шақырылған шығармашыл қызметкерлер арасынан қалыптастырылады.
7. Мемлекеттік театрларда әрбір театрлық қойылымның көпшілік алдында орындауға және (немесе) көпшілік алдында көрсетуге дайын екендігі туралы шешімді театрдың көркемдік кеңесінің ұсынымы бойынша театр басшысы қабылдайды.
Мемлекеттік театрдың көркемдік кеңесінің құрамын және ол туралы ережені театр басшысы бекітеді.»;
16) 22-1-бапта:
2-тармақтағы «, эстрадалық-цирк жанрындағы туындыларды көпшілік алдында орындау, сахналық туындыларды жасау және кеңінен таныту туралы шешімдерді қабылдауды таңдауда» деген сөздер «таңдауда, эстрадалық-цирк жанрындағы туындыларды жасау және сахнада көрсету туралы шешімдерді қабылдауда» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Эстрадалық-цирк жанрындағы туындыларды жасау және сахнада көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттық негізде сырттан шақырылған шығармашыл қызметкерлер тартылуы мүмкін.»;
17) 23-бапта:
2-тармақтағы «бағдарламалар мен нөмірлер жасаудың жағдайларын» деген сөздер «шығармашылық бағдарламалар мен нөмірлер жасау үшін жағдайларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «шығармашылық бағдарламалар жүргізуде және» деген сөздер «шығармашылық бағдарламалар мен нөмірлер жүргізуде,» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Шығармашылық бағдарламалар мен нөмірлерді жасау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттық негізде сырттан шақырылған шығармашыл қызметкерлер тартылуы мүмкін.»;
18) 24-баптың 2-2-тармағы алып тасталсын;
19) мынадай мазмұндағы 24-1 және 24-2-баптармен толықтырылсын:
«24-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеме нысанында құрылған мәдениет ұйымы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы:
1) баспасөз архивін статистикалық есепке алуды және оның сақталуын қамтамасыз етуді;
2) баспасөз архивіндегі баспа өнімін мерзімсіз сақтауды қамтамасыз етуді;
3) баспа өнімін библиографиялық өңдеудi;
4) баспасөз архивінде сақталатын баспа өнімінің электрондық жеткізгіштерге көшірілуін ұйымдастыруды;
5) жарғыға сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.
3. Баспасөз архиві басылымның міндетті тегін данасын алу, сондай-ақ өзге де баспа өнімін сыйға тарту, өтеусіз алу арқылы жинақталады.
4. Баспасөз архиві мемлекеттік меншік болып табылады және иеліктен шығаруға жатпайды.
24-2-бап. Басылымның міндетті тегін даналары
Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында басылымның міндетті тегін даналарын дайындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде басып шығарушы немесе оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлға ұлттық кітапханаларға және Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жібереді.»;
20) 25-бапта:
6-тармақтың 20) тармақшасының екінші - бесінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогін жүргізуді Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған музей заттарына және музей коллекцияларына сараптаманы Қазақстан Республикасының бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы заңнамасына сәйкес уәкілетті ұйымдар өтеулі негізде жүзеге асырады.»;
5-тармақтың 5) тармақшасындағы «өткізуге құқығы бар.» деген сөздер «өткізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) музей қоры материалдарын өңдеуге және (немесе) музей заттары және музей коллекциялары, сондай-ақ жеке меншіктегі заттар және коллекциялар туралы ақпараттар мен анықтамалар құрастыруға құқығы бар.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Музей қорының құрамына енгізілген музей заттары және музей коллекциялары туралы алғашқы жариялау құқығы осы музей заттары және музей коллекциялары бекітіп берілген музейге тиесілі болады.»;
21) 28-баптың 1-тармағындағы «, прокаттауға және көрсетуге» деген сөздер «және прокаттауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 28-1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «көпшілікке көрсету (демонстрациялау)» деген сөздер «прокаттау» деген сөзбен ауыстырылсын;
23) 28-2-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «және көпшілікке көрсету (демонстрациялау)» деген сөздер алып тасталсын;
24) 28-3-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «және көпшілікке демонстрациялау» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «фильмнің жариялы көрсетіліміне (демонстрациясына)» деген сөздер «фильмді прокаттауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «көрсетуге» деген сөз «прокаттауға» деген сөзбен ауыстырылсын;
25) 28-6-баптың 3-тармағындағы «, прокаттау және көрсету» деген сөздер «және прокаттау» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 32-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жекелей немесе коллекциялардағы ерекше (тарихи, көркем, ғылыми, әдеби) қызығушылық тудыратын сирек қолжазбалар, көне және сирек кітаптар, құжаттар және басылымдар;».
7. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат):
1) 1-баптың 55) тармақшасындағы «пен өнер» деген сөздер алып тасталсын;
2) 5-бапта:
2-1) тармақша «мамандықтар бөлінісінде» деген сөздердің алдынан «республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарындағы мәдениет және өнер мамандықтарын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
25) тармақшадағы «оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын,» деген сөздер «мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын,» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-бапта:
2-тармақта:
8) тармақшадағы «орта білімнен кейінгі білімі» деген сөздер «орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-1) тармақшадағы «кәсіптік білімі» деген сөздер «кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақшадағы «орта білімнен кейінгі білім берудің» деген сөздер «орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
7) тармақшадағы «орта білімнен кейінгі білімі» деген сөздер «орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) тармақшадағы «орта білімнен кейінгі білімнің» деген сөздер «орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 61-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Республикалық және жергілікті бюждеттердің қаражаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру көздері болып табылады.».
8. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 171-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
1) 5-баптың 4-тармағында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тапсырыс берушілер айына бір реттен асырмай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы мынадай:
1) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған;
2) бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша, оның ішінде камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, хабарламалар орындалған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджет нақтыланған (түзетілген) кезде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайларға қолданылмайды.»;
2) 39-баптың 3-тармағының 46) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«46) мәдениет ұйымының, мәдениет саласындағы білім беру ұйымының, телерадио хабарларын тарату ұйымының өнер туындыларын сахнада көрсетуді, көпшілік алдында орындау мен көрсетуді және мәдени құндылықтарды көрсетуді жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;».
2-бап. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн, 1-баптың 3-тармағының 2) тармақшасын;
2) 2013 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгiзiлетiн, 1-баптың 6-тармағы 15) тармақшасының жетінші абзацын;
3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн, 1-баптың 6-тармағы 20) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы мамырдың 5-і.
№ 60-VІ