11) тармақшадағы «мемлекеттік білім беру ұйымдарының» деген сөздер «білім беру ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылсын, «шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта:
5) тармақшадағы «, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, балаларға қосымша білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын» деген сөздер «білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнаулы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-6) тармақшамен толықтырылсын:
«7-6) өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;»;
8) 8-баптың 2-2-тармағында:
бірінші бөліктегі «Жатақханаларда тұру» деген сөздер «Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік тапсырыс құрамында жатақханада тұру шығыстарын мемлекет субсидиялаған жағдайларды қоспағанда, жатақханаларда тұру» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «білім беру саласындағы уәкілетті орган, білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы және жатақхананың меншік иесі арасында үш жылдан асатын мерзімге жасалады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде міндетті тіркелгенінен кейін күшіне енеді» деген сөздер «білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы мен жатақхананың меншік иесі арасында жасалады» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 8-2-бап:
«білім беру жүйесі мен білім беру» деген сөздерден кейін «, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Білім беру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын білім беру саласындағы уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша айқындайды.»;
10) 11-бап алып тасталсын;
11) 14-баптың 8 және 8-1-тармақтарындағы «білім беру саласындағы уәкілетті органмен және (немесе)» деген сөздер алып тасталсын;
12) 17-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады.»;
13) 20-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады.»;
14) 21-баптың 2-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады.»;
15) 22-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады.»;
16) 26-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Мектепке дейінгі ұйымдарға, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқуға қабылдау ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша жүзеге асырылады және тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларында айқындалады.»;
8-1-тармақта:
«жоғары білімнің» деген сөздер «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«оқуға қабылдау» деген сөздерден кейін «мемлекеттік білім беру тапсырысы беріліп және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 28-баптың 10-тармағындағы «білім беру саласындағы» деген сөздер «ғылым және жоғары білім саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 30-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
«тәрбиелеу» деген сөз «тәрбие беру мен оқыту» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
«Мектепке дейінгі» деген сөздерден кейін «тәрбие беру мен» деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
19) 32-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «және сырттай оқу» деген сөздер «, сырттай оқу және (немесе) онлайн-оқыту» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 33-баптың үшінші бөлігіндегі «және сырттай оқу» деген сөздер «, сырттай оқу және (немесе) онлайн-оқыту» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 37-2-баптың 1 және 2-тармақтары «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен толықтырылсын;
22) 40-баптың 2-1-тармағының екінші бөлігі «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен толықтырылсын;
23) 43-1-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы «білім беру» деген сөздер «ғылым және жоғары білім» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 44-баптың 9-тармағының екінші бөлігі «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен толықтырылсын;
25) 47-бапта:
9-тармақта:
«Білім алушыларды» деген сөздер «Мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес оқуға қабылданған білім алушыларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақта:
бүкіл мәтін бойынша «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлікте:
«оқуға түскен» деген сөздер «білім алған» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
екінші бөліктегі «педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен» деген сөздер «педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша білім алған» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «докторантураға оқуға түскен» деген сөздер «докторантурада білім алған» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөлікте:
«оқуға түскен» деген сөздер «білім алған» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
сегізінші бөліктің бірінші және төртінші абзацтары «жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын», «жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымды», «немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымнан» деген сөздермен толықтырылсын;
26) 57-бапта:
7-тармақтың 26) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1-тармақтағы «Заңды тұлғалардың» деген сөздер «Заңды тұлға құрмай, мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын» деген сөздер «мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың төртінші бөлігінің бірінші абзацы «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың 27) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
27) 57-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«57-1-бап. Балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
1. Балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған білім беру ұйымдарының қызметі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.
2. Балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
3. Балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының және мен мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған білім беру ұйымдарының қызметі тоқтатыла тұрған кезде білім беру ұйымдары:
1) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;
2) бұзушылықтар жойылғанға және білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі қызметті қайта бастағанға дейін қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
4. Балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған білім беру ұйымдары тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі білім беру ұйымдарын балаларға арналған қосымша білім беру бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастайды.»;
28) 59-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «аумақтық бөлімшелері» деген сөздерден кейін «, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган, оның ведомствосы, жергілікті атқарушы органдар» деген сөздермен толықтырылсын;
29) 62-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен толықтырылсын;
30) 64-баптың 3-тармағы «уәкілетті органмен» деген сөздерден кейін «, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен» деген сөздермен толықтырылсын;
31) 65-баптың 3-тармағы «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың 32) тармақшасы 2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
32) 68-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Заңның 57-1-бабы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«57-1-бап. Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
1. Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының қызметі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.
Балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған білім беру ұйымдарының қызметі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.
2. Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
3. Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған білім беру ұйымдарының қызметі тоқтатыла тұрған кезде білім беру ұйымдары:
1) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;
2) бұзушылықтар жойылғанға және білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі қызметті қайта бастағанға дейін қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
4. Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары, балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған білім беру ұйымдары тексеру және (немесе) мемлекеттік аттестаттау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі білім беру ұйымдарын мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту және балаларға қосымша білім беру бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастайды.».
8. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-қосымшада:
8-тармақтың 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3-жолда:
3-баған мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту.»;
4-баған «Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацы 2024 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
88-жолдағы «88. Денсаулық сақтау саласындағы» деген сөздер «87-1. Денсаулық сақтау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-қосымшада:
8-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
12-тармақ алып тасталсын;
8-тармақтың 2) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама».
9. «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
«3-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, қағидаттары мен міндеттері
1. Осы Заңның негізгі мақсаттары педагогтердің ерекше жағдайына қол жеткізу және оны сақтап-тұру, олардың мәртебесін бекіту, сондай-ақ құқықтық жағдайын арттыру болып табылады.
2. Осы Заң ізгілік, әділеттілік, педагогтердің кәсіптік қасиеттерін еркін дамыту, педагогтердің кәсіптік қызметпен айналысу құқықтарының теңдігі, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қағидаттарына негізделеді.
3. Осы Заң мынадай негізгі міндеттерді орындауға бағытталған:
1) педагогтерге әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету;
2) педагогтердің өздеріне тән емес функцияларды жүзеге асыруына шектеу қою;
3) педагогтердің ғылымның, техниканың және мәдениеттің жаңа жетістіктері негізінде өз білімін жетілдіруі;
4) педагогтердің педагогтік әдеп ережелерін сақтауы.»;
2) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Педагогтік қайта даярлау тәртібін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайды.».
2-бап. Осы Заң:
2024 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацын;
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағының 32) тармақшасын, 8-тармағы 2) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын;
2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 10) және 11) тармақшаларын, 12) тармақшасының екінші абзацын, 14) және 22) тармақшаларын, 5-тармағы 2) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 6) тармақшасының екінші абзацын;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 5) тармақшасының бесінші, алтыншы және оныншы абзацтарын, 26) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 27) тармақшасын, 8-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 2) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 30 желтоқсан
№ 148-VІІІ ҚРЗ