28-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
28. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-ІІІ, 108-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
33-баптың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы бес жүз он тоғызыншы және бес жүз жиырмасыншы абзацтармен толықтырылсын:
«49) жұмыскердің салық салынатын кірісі - осындай кіріс сомасының 90 пайызы мөлшерінде.
Осы тармақшаның ережесі жұмыскердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен аспайтын кірісіне қолданылады.».
2-бап. Осы Заң:
1) 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 16-тармағының 2) тармақшасын, 17-тармағын, 25-тармағының 6) және 9) тармақшаларын;
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 28-тармағын;
3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы шілденің 2-і.
№ 165-VІ