10-тармақ 2026 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
10. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 23-бапта:
1-1-тармақтың 3) тармақшасындағы «(лейтенант)» деген сөз «(лейтенант, аға лейтенант)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Лейтенант арнаулы атақтары, «3-сыныпты заңгер» сыныптық шені:»;
мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:
«5-2. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында, шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанының толық курсын үздік бітірген түлектерге «аға лейтенант» арнаулы атағы беріледі.»;
2) 24-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Ауылдық жерлерде учаскелік полиция инспекторлары лауазымдарын атқаратын қызметкерлердің арнаулы атақтарында еңбек сіңірген жылдарының мерзімі қызметтің бір айы үшін бір жарым ай есебімен жеңілдікті жағдайларда есептеледі.»;
3) 29-бап мынадай мазмұндағы 5-3-тармақпен толықтырылсын:
«5-3. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында, шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанының толық курсын үздік бітірген түлектерге алған мамандығы бойынша орта басшы құрамның бос лауазымын таңдаудың басым құқығы беріледі, олар осы бос лауазымға құқық қорғау органының басшысы айқындайтын тəртіппен тағайындалады.».
11. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
139-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заңда көзделген жағдайларда басшыны тағайындау, басшының кандидатурасын келісу, оны аттестаттаудан өткізу, білім беру жəне мəдениет саласындағы жекелеген мемлекеттік кəсіпорындардың Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын жəне лауазымнан босататын бірінші басшыларын қоспағанда, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.»;
7-тармақ алып тасталсын.
12-тармақ 2026 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
12. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 27-бапта:
3-тармақтың 1) тармақшасы «(осы баптың 4-1-тармағында көзделген жағдайларда - аға лейтенант)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Арнаулы мемлекеттік органдардың жолдамасымен əскери, арнаулы оқу орнында немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанының толық курсын үздік бітірген түлектерге «аға лейтенант» арнаулы атағы беріледі.»;
2) 30-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың жолдамасымен əскери, арнаулы оқу орнында немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымында күндізгі оқу нысанының толық курсын үздік бітірген қызметкерлер арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған басым тəртіппен офицерлер құрамының лауазымдарына тағайындалады.».
13-тармақ 2026 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
13. «Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 21-баптың 5-тармағының 8) тармақшасы «офицерлік құрамның «лейтенант» деген сөздерден кейін «(осы Заңның 39-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда - «аға лейтенант»)» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 39-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Қазақстан Республикасының əскери, арнаулы оқу орындарында немесе шет мемлекеттердің əскери, арнаулы оқу орындарында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанының толық курсын үздік бітірген түлектерге уəкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тəртіппен, алған мамандығы бойынша бос лауазымдарды таңдаудың басым құқығы беріле отырып, «аға лейтенант» əскери атағы беріледі.».
14-тармақ 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
14. «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1-2) жəне 2-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2) əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызмет - мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жеке немесе заңды тұлғаға көрсетілетін жəне оның базалық жəне қоғамдық маңызы бар қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған көрсетілетін қызмет;»;
«2-1) Бiрыңғай байланыс орталығы - мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уəкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк жəне өзге де қызметтер көрсету мəселелерi бойынша ақпарат беру, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мəселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 2-2) жəне 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызмет - мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өлшемшарттарына сай келетін, бірақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілмеген мемлекеттік функция;
2-3) жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес дара кəсіпкерлерді жəне жеке практикамен айналысатын адамдарды, заң консультанттарын қоспағанда, жеке тұлғалардың бақуаттылығын арттыруға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер немесе өзге де мемлекеттік қолдау нысандары;»;
5-2) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нəтижесіне автоматтандырылған қол қою - цифрлық объектілер мен жүйелерден барлық қажетті деректер мен растамалар алынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жəне (немесе) көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің қатысуынсыз мемлекеттік көрсетілетін қызметтің электрондық нəтижесіне электрондық цифрлық қолтаңбаны автоматтандырылған түрде түсіру;»;
2) 3-баптың екінші бөлігінің үшінші абзацы «көріністеріне» деген сөзден кейін «, сондай-ақ формальды негіздер бойынша бас тартуға» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 4-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы «көрсетілетін қызметті берушінің» деген сөздерден кейін «, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 10-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) мемлекеттік қызметтер көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің уақтылы қабылдануын қамтамасыз етеді, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердегі қарама-қайшылықтар мен олқылықтарды жояды;»;
9-2) тармақша «сəйкес» деген сөзден кейін «, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нəтижесіне автоматтандырылған қол қоюды қолдануды қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 11-бапта:
8) тармақшадағы «жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар» деген сөздер алып тасталсын;
13) тармақша «көрсетілетін қызметті берушілердің» деген сөздерден кейін «, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілердің» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 11-1-баптың 4-тармағының 6) тармақшасы «арқылы» деген сөзден кейін «, сондай-ақ жеделдетілген тəртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 14-бапта:
2) тармақшада:
екінші жəне үшінші абзацтар «көрсетілетін қызметті берушінің» деген сөздерден кейін «, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзац «көрсетілетін қызметті берушілермен» деген сөздерден кейін «, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілермен» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша «көрсетілетін қызметті берушілерге» деген сөздерден кейін «, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілерге» деген сөздермен толықтырылсын;
3-1) тармақшаның төртінші абзацы «көрсетілетін қызметті берушінің» деген сөздерден кейін «, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 18-1-бапта:
1-тармақта:
үшінші бөлік «көрсетілетін қызметті берушілерді» деген сөздерден кейін «, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілерді» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші жəне бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету мерзімдері осы Заңда белгіленген жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін.
Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету мерзімдерін ұзартуға жол берілмейді.»;
2-тармақтың екінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Айлармен есептелетін мерзім мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде аяқталады.»;
9) 18-2-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік «актіде» деген сөзден кейін «немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету қағидаларында» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету процесін, оның ішінде көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің шешімі негізінде тоқтата тұру туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға жіберген күннен басталады. Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші немесе көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.»;
2-тармақта:
бірінші абзац «Көрсетілетін қызметті беруші» деген сөздерден кейін «немесе көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «органдар қарайтын не сот тəртібімен қаралатын мəселелер шешілгенге дейін мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайларда тоқтата тұруға міндетті.» деген сөздер «органдар, сот қарайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тəртіппен қаралатын мəселелер шешілгенге дейін мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мүмкін болмаған;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште жəне (немесе) құжаттарда қателер немесе дəлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сəйкес келмеген, мемлекеттік қызмет көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіде жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету қағидаларында көзделген тізбеге сəйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда тоқтата тұруға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) көрсетілетін қызметті берушінің немесе көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс, бұған өтініш жəне (немесе) құжаттар «цифрлық үкімет» веб-порталы, стационарлық абоненттік құрылғы, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар айқындаған өзге де цифрлық объектілер арқылы берілген жағдайлар кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктер тоқтата тұру мерзімі шегінде жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.
Бұл ретте осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру субсидиялауға байланысты, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларды іріктеудің конкурстық рəсімдері арқылы немесе белгіленген лимиттер шегіндегі көрсетілетін қызметтерге қолданылмайды.»;
3-тармақта:
1) тармақшадағы «қайтыс болған» деген сөздер «тиісті» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «көзделген жағдайларда», «немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.» деген сөздер тиісінше «көзделген жағдайларда -», «, сот актісі заңды күшіне енгенге дейін немесе мəселе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тəртіппен шешілгенге дейін;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда, анықталған кемшіліктер көрсетілетін қызметті беруші немесе көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші белгілеген ақылға қонымды мерзімде жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген тоқтата тұру мерзімі мемлекеттік қызмет көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіде немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету қағидаларында белгіленген тиісті мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсетудің жалпы мерзімінен аспауға тиіс.»;
10) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуі
1. Көрсетілетін қызметті берушілердің (көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілердің) мемлекеттік қызметтер көрсетуіне қойылатын талаптар мен оның тəртібі мемлекеттік қызметтер көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіде айқындалады.
2. Əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуге қойылатын талаптар мен оның тəртібін көрсетілетін қызметті берушілер əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің үлгілік қағидаларына сəйкес əзірлейді жəне көрсетілетін қызметті берушілер осы Заңның талаптарына сəйкес бекітеді.
3. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште жəне (немесе) құжаттарда қателер немесе дəлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сəйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіде немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету қағидаларында көзделген тізбеге сəйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіз бойынша көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) көрсетілетін қызметті берушінің немесе бірлескен қызмет көрсетушінің сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс, бұған өтініш жəне (немесе) құжаттар «цифрлық үкімет» веб-порталы, стационарлық абоненттік құрылғы, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар айқындаған өзге де цифрлық объектілер арқылы берілген жағдайлар кірмейді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, ол мемлекеттік қызмет көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіде немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету қағидаларында белгіленген тиісті мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды жəне одан аспауға тиіс.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш жəне (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
4. Осы баптың 3-тармағының ережелері субсидиялауға байланысты, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларды іріктеудің конкурстық рəсімдері арқылы немесе белгіленген лимиттер шегіндегі көрсетілетін қызметтерге қолданылмайды.»;
11) 19-1-бапта:
тақырып «Көрсетілетін қызметті берушілердің» деген сөздерден кейін «жəне көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілердің» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.
Бас тарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші бұл жөнінде көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді, ол соның шешімі негізінде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.»;
мынадай мазмұндағы 1-1 жəне 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1 Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.
1-2. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.»;
2-тармақта:
бірінші абзац «Көрсетілетін қызметті берушілер» деген сөздерден кейін «жəне көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілер» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) субсидиялауға байланысты, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларды іріктеудің конкурстық рəсімдері арқылы немесе белгіленген лимиттер шегіндегі көрсетілетін мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар ұсынған құжаттардың жəне (немесе) олардағы деректердің (мəліметтердің) анық еместігін анықтау;»;
6) тармақшадағы «болмауы бойынша мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетуден бас тартады.» деген сөздер «болмауы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) осы Заңның 18-2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы бойынша мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетуден бас тартады.»;
12) 20-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1 жəне 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште жəне (немесе) құжаттарда қателер немесе дəлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сəйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге сəйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіз бойынша көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) Мемлекеттік корпорацияның сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, ол мемлекеттік қызмет көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіде белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды жəне одан аспауға тиіс.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш жəне (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
2-2. Осы баптың 2-1-тармағының ережелері субсидиялауға байланысты, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларды іріктеудің конкурстық рəсімдері арқылы немесе белгіленген лимиттер шегіндегі көрсетілетін қызметтерге қолданылмайды.»;
13) 21-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсету кезінде шешім автоматтандырылған түрде қабылданған жағдайда оның нəтижесін көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз цифрлық жүйе қалыптастырады. Көрсетілетін қызметті алушы нəтижемен келіспеген кезде оны көрсетілетін қызметті берушінің қатысуымен қайта қаратуға құқылы.»;
14) 24-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша мемлекеттік қызметті, оның ішінде цифрлық форматта жəне (немесе) жеделдетілген түрде көрсеткен кезде одан жеделдетіп қызмет көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық мемлекеттік органдар қатарынан айқындайтын уəкілетті органның шешімімен бекітілген бағалар прейскурантына сəйкес төлем алуға құқылы.»;
15) 25-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі «көрсетілетін қызметті берушінің,» деген сөздерден кейін «көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің,» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
1) тармақша «көрсетілетін қызметті беруші,» деген сөздерден кейін «көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «ауылдық округтің əкімі» деген сөздерден кейін «, көрсетілетін қызметті беруші, көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші, Мемлекеттік корпорация» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша «ауылдық округтің əкімі» деген сөздерден кейін «, көрсетілетін қызметті беруші, көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші, Мемлекеттік корпорация» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 27-баптың 2-тармағындағы «Көрсетілетін қызметті берушілер» деген сөздер «Көрсетілетін қызметті берушілер, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілер» деген сөздермен ауыстырылсын.
15-тармақ 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
15. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 25-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың күші мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып саналатын рұқсаттың жəне (немесе) оған қосымшаның берілуіне қолданылмайды.»;
2) 34-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың күші мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып саналатын лицензияның жəне (немесе) лицензияға қосымшаның қайта ресімделуіне қолданылмайды.».
16. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 1-1) тармақшасындағы «мемлекеттік саяси лауазымды не «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымын» деген сөздер «саяси мемлекеттік лауазымды не «А» корпусының əкімшілік мемлекеттік лауазымын не сайланатын мемлекеттік лауазымды» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
3-баптың 1-тармағы 5) тармақшасындағы «бағытталуға тиіс.» деген сөздер «бағытталуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін қажетті жағдайларды көздеуге, оларды іске асыруды қиындататын немесе шектейтін кедергілерді болғызбауға тиіс.».
18-тармақ 2026 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
18. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2025 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
66-баптың 5-тармағында:
бірінші бөліктегі «9-тармағында» деген сөздер «8-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші жəне үшінші бөліктердегі «9-тармағының» деген сөздер «8-тармағының» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 18-тармағын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10, 12 жəне 13-тармақтарын;
3) 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 14 жəне 15-тармақтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 19 мамыр
№ 291-VIIІ ҚРЗ