мынадай мазмұндағы 6-2) және 10-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-2) сақтандыру агентіне тиесілі комиссиялық сыйақының бар немесе жоқ екендігі туралы нұсқау;»;
«10-1) сақтанушының шарт жасасу кезінде сақтандырушыға хабарланған мән-жайларда өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер мүліктік сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі түрде әсер етуі мүмкін болса, сақтандырушыға дереу хабарлау міндеті (осы Кодекстің 834-бабының 1-тармағы);»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) сатып алу сомасын төлеу талаптары мен мөлшері (сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттарын қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру үшін);»;
20) 826-3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтанушының сақтандырушымен келісімі бойынша біртекті мүліктің (тауарлардың, жүктердің және басқаның) әртүрлі партиясын белгілі бір мерзім ішінде ұқсас жағдайларда жүйелі сақтандыру сақтанушыға бас полис ресімдеу арқылы бір сақтандыру шарты негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.»;
21) 827-баптың 1, 2 және 3-тармақтарындағы «міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 828-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) сақтанушыны сақтандыру қағидаларымен таныстыруға және оның талап етуі бойынша қағидалардың көшірмесін ұсынуға (жіберуге);»;
23) 830-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылар, сақтандыру агенті өзінің кәсіби қызметі нәтижесінде алған сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді, сақтандыру нарығының басқа кәсіби қатысушысына не сақтандыру агентіне қайта сақтандыру шарттарын жасасуға немесе ортақ сақтандыру жөніндегі қатынастарға байланысты ақпаратты беру жағдайларын, сондай-ақ осы баптың 4, 4-1, 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жариялауға құқылы емес.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Сақтандыру құпиясы сақтандыру омбудсманына өзінің қарауында жатқан жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі өтініштері бойынша ашылуы мүмкін.»;
5-тармақта:
4-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4-4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарына қатысты - «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен, ал өзге сақтандыру шарттарына қатысты - прокурордың санкциясымен;»;
мынадай мазмұндағы 4-5) тармақшамен толықтырылсын:
«4-5) барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, әшкерелеу және жолын кесу мақсаттарында прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне;»;
24) 832-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«832-бап. Сақтанушы шарт жасасу кезінде ұсынатын мәліметтер
1. Сақтанушы шарт жасасу кезінде сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын және оның басталуынан (сақтандыру тәуекелінен) келтірілуі ықтимал залалдардың мөлшерін айқындау үшін елеулі мәні бар, сақтанушының өзіне белгілі мән-жайларды, егер бұл мән-жайлар сақтандырушыға белгілі болмаса және белгілі болуға тиісті болмаса, хабарлауға міндетті.
Сақтандырушы әзірлеген сақтандыру қағидаларында немесе шарт жасасу кезеңінде сақтанушыға жіберілген сақтандырушының жазбаша сұрау салуында айқын жазылған мән-жайлар елеулі деп танылады.
Міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленген мән-жайлар елеулі деп танылады.
2. Сақтандырушының елеулі мән-жайларға қатысты жазбаша сұрау салуында көрсетілген сұрақтарға сақтанушының жауаптары болмаған кезде сақтандыру шарты жасалмайды.
Егер сақтандыру шарты сақтандырушының қандай да бір сұрақтарына сақтанушының жауаптары болмаған кезде жасалған болса, сақтандырушы сақтанушының тиісті мән-жайларды хабарламағанын негізге ала отырып, кейіннен шартты бұзуды немесе оны жарамсыз деп тануды талап ете алмайды.
3. Егер шарт жасалғаннан кейін сақтанушының сақтандырушыға осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлағаны анықталатын болса, сақтандырушы шартты жарамсыз деп тануды және осы Кодекстің 844-бабы 1-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген салдарларды қолдануды талап етуге құқылы.
Егер сақтанушы айтпай қалған мән-жайлар қажет болмай қалса, сақтандырушы шартты жарамсыз деп тануды талап ете алмайды.»;
25) 833-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Міндетті сақтандыру кезінде сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан келтірілген зиян мөлшерін бағалауды жүргізу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленуі мүмкін.»;
26) 835-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің екінші сөйлеміндегі «міндетті сақтандыру туралы заң» деген сөздер «заңнамалық» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу, егер ол сақтанушының еркіне байланысты емес немесе сақтандыру шартымен дәлелдіге жатқызылмаған себептерге байланысты болса және осы фактіні растайтын тиісті құжаттар ұсынылса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.»;
27) 837-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Зиян келтіргені үшін жауаптылық шарты бойынша сақтанушыдан өзге тұлғаның жауапкершілігі сақтандырылған жағдайда, сақтанушы, егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтандырушыны бұл туралы жазбаша хабардар ете отырып, сақтандыру жағдайы басталғанға дейін кез келген уақытта осы тұлғаны басқамен ауыстыруға құқылы.»;
«3. Егер үшінші тұлғаны сақтандыру Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарынан туындайтын болса, сақтандырылушыны ауыстыру Қазақстан Республикасының көрсетілген заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және соларға негізделген шартпен жүзеге асырылады.»;
28) 839-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы «міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 841-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
3) тармақшадағы «міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) сақтандырушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен ресімдеген сақтандыру полисіне енгізілген талаптар мен мәліметтер өзгертілген;»;
30) 843-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мәмілелер жарамсыздығының осы Кодексте көзделген жалпы негіздерінен басқа, сақтандыру шарты, егер:
1) соттың заңды күшіне енген тиісті шешімі негізінде тәркілеуге жататын мүлік не қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық құқық бұзушылық нысанасы болып табылатын мүлік сақтандыру объектісі болып табылса;
2) сақтандыру жағдайы ретінде осы Кодекстің 817-бабының 3-тармағында көзделген белгілерден айырылған оқиға көзделсе;
3) шарт талаптары сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемін жүзеге асыру мүмкіндігін болғызбаса;
4) сақтанушы шарт жасасу кезінде құқыққа сыйымсыз, оның ішінде сақтандыру жағдайы басталғаннан кейін шарт жасасу арқылы пайда табуды көрінеу мақсат еткен болса;
5) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) сақтандыру мүддесі болмаса;
6) тараптар арасында шарттың осы Кодекстің 826-бабының 1-тармағында көзделген елеулі талаптары туралы келісім болмаса, жарамсыз деп танылады.»;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакция жазылсын:
«1) егер құқыққа қайшы мүліктік мүдделер сақтандыру (қайта сақтандыру) объектісі болса (осы Кодекстің 807-бабының 2-тармағы, 824-бабы 1-тармағының үшінші бөлігі);»;
3) тармақшадағы «(осы Кодекстің 825-бабының 3-тармағы) маңызсыз болады.» деген сөздер «(осы Кодекстің 825-бабының 3-тармағы);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) сақтандыру (қайта сақтандыру) объектісі болмаса, маңызсыз болады.»;
3-тармақтағы «Міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2018 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
242, 254 және 258-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
261 және 262-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«261-бап. Эмитенттің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру шарттары мен тәртібін бұзуы
262-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу»;
263-баптың тақырыбы алып тасталсын;
285-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«285-1-бап. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы»;
2) 214-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Қаржы мониторингі субъектілерінің лауазымды адамдарының» деген сөздер «Қаржы мониторингі субъектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 3) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 230-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы -»;
4) 242, 254 және 258-баптар алып тасталсын;
5) 261 және 262-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«261-бап. Эмитенттің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру шарттары мен тәртібін бұзуы
1. Эмитенттің орталық депозитарийге бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі эмитенттің жеке шоттары бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін құжаттарды бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) ұсынбауы және (немесе) уақтылы ұсынбауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Эмитенттің осы баптың үшінші бөлігінде көзделген әрекеттерді қоспағанда, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру тәртібін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзуы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Эмитенттің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, шет мемлекеттің аумағында мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру және (немесе) қызметін шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздары тізіміне мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды енгізу шарттары мен тәртібін бұзуы -
заңды тұлғаларға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақша сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Эмитенттің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуге қойылатын талаптарды бұзуы, эмитенттің мемлекеттік емес облигацияларды шығару талаптарын бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзуы -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе.
Егер құқық бұзушылық анықталған кезде эмитент:
қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айырылған болса және мәжбүрлеп таратылуға жатса не мәжбүрлеп тарату процесінде болса;
сот банкрот деп таныса, осы бапта белгіленген әкімшілік жауаптылыққа эмитенттер тартылмайды.
262-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу
1. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің ірі мәмілені және (немесе) жасалуына мүдделілік бар мәмілені жасау кезінде «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпті және (немесе) шарттарды сақтамауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының бағалы қағаздар нарығында өзі жүзеге асыратын кәсіби қызмет шеңберінде шарттары Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына қайшы келетін қаржы құралдарымен мәмілені және (немесе) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында жасаудан бас тарту үшін негіздер көзделген мәмілені жасауы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Брокердің және (немесе) дилердің мәмілені жасау кезінде клиенттің тапсырысы болмай оны жасауы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Инсайдерлердің қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ, бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау кезінде инсайдерлік ақпаратты пайдалану, инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға заңсыз беру, үшінші тұлғаларға инсайдерлік ақпаратқа негізделген, бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы ұсынымдар немесе ұсыныстар беру жөніндегі әрекеттері және (немесе) эмитенттерге инсайдерлер деп танылған заңды тұлғалардың осы эмитенттерге қатысты ақпарат беруі жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындамауы, егер бұл әрекеттер ірі залал келтірмесе, -
жеке тұлғаға - екі жүз, лауазымды адамға - төрт жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Эмитент және ол шығарған (берген) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) туралы инсайдерлік ақпаратқа билік етуге және оны пайдалануға бақылауды жүзеге асыру бөлігінде эмитенттердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен және шарттарда өз қызметі туралы анық емес және (немесе) толық емес ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан көп рет) жария етуі және (немесе) ақпаратты белгіленген мерзімдерде жария етпеуі -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе.
Осы баптың алтыншы бөлігінің мақсаттары үшін, өз қызметі туралы ақпарат деп бағалы қағаздар нарығы субъектісі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес жария етуге жататын ақпарат түсініледі.
Бағалы қағаздар нарығының субъектілері:
1) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен және шарттарда, осы ақпаратты ашу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдер аяқталған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жария етілген жағдайда;
2) егер құқық бұзушылық анықталған кезде бағалы қағаздар нарығының субъектісі:
қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айырылған болса және мәжбүрлеп таратылуға жатса не мәжбүрлеп тарату процесінде болса;
сот банкрот деп таныса, осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға жатпайды.»;
6) 263-бап алып тасталсын;
3-тармақтың 7) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 285-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«285-1-бап. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы»;
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «, бірыңғай тіркеушінің» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың 8) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 612-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өзімен бірге жүргізуші куәлігі немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген басқару құқығына арналған уақытша куәлігі, көлік құралына тіркеу және заңнамада белгіленген өзге де құжаттары жоқ жүргізушінің көлік құралын басқаруы -»;
9) 724-баптың бірінші бөлігіндегі «242,», «254,», «258,» және «263,» деген цифрлар алып тасталсын;
3-тармақтың 10) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 797-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде), 367, 368, 370, 372, 381, 382, 383, 392, 393, 394, 395, 396, 506, 510, 511, 512, 513, 514, 515, 516, 517, 571, 572, 573, 575, 581, 582, 586, 589, 590 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 593 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 597 (үшінші, төртінші бөліктерінде), 608, 612 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші бөліктерінде), 613 (екінші бөлігінде), 654 (590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 606, 607, 610, 611, 612, 613-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде) - баптарында көрсетілген бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екінші бөлігінде аталған уәкілетті лауазымды адам көлік құралдарын, кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді уақытша сақтау үшін оларды арнайы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көліктік бақылау бекетіне іргелес жатқан алаңдарға жеткізу, оның ішінде басқа да көлік құралын (эвакуаторды), кемені немесе шағын көлемді кемені пайдалана отырып жеткізу арқылы, кідірту себептері жойылғанға дейін кідіртуге, жеткізуге және пайдаланылуына тыйым салуға құқылы;».
4-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VІ, 114-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
370-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацындағы «тіркеушіге» деген сөз «орталық депозитарийге» деген сөздермен ауыстырылсын.
5-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-І, 22-ІІ, 107-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында 27-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, орталық депозитарийдің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының салық органдарымен өзара іс-қимылы кезіндегі міндеттері»;
2) 19-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «бірыңғай тіркеушіден» деген сөздер «орталық депозитарийден» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 27-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, орталық депозитарийдің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының салық органдарымен өзара іс-қимылы кезіндегі міндеттері»;
1-тармақтың бірінші абзацындағы «бірыңғай тіркеуші» деген сөздер «орталық депозитарий» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-ІІ, 148-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат; № 9, 21-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):