2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын;
18-тармақтың 12) тармақшасының алтыншы - тоғызыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш беруші ұсынған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, анықтаманы екі данада жасауға міндетті.
Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру төлемі туралы өтінішін электрондық тәсілмен жөнелткен жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсынуы мүмкін.
Өтініш беруші сақтандырушыға өзі келіп өтініш жасаған кезде анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, өтініш берушінің оны алғаны туралы белгі қойылған екінші данасы сақтандырушыда қалады.»;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Сақтандырушы жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі болмаған кезде, сақтандыру төлемін ішкі істер органдары берген оқиғаның схемасы бар жол жүрісі қағидаларының бұзылғаны туралы хаттама негізінде жүзеге асыруға құқылы.»;
21) 26-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру жағдайы басталған кезде жәбірленуші немесе жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқығы бар тұлға келтірілген зиянның өтемін алу үшін, кінәсінан сақтандыру жағдайы болған адамның көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты болған кезде, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша жәбірленушінің жауапкершілігін сақтандырған сақтандырушыға өтініш жасауға құқылы.»;
22) 5-тарау мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын:
«29-1-бап. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы):
талаптарын көрсете отырып және оның талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге не
көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды реттеудің одан кейінгі тәртібін көрсете отырып жазбаша жауап береді.
3. Сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының, жәбірленушінің (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.»;
23) 30-1, 30-2, 30-3 және 30-4-баптар алып тасталсын.
19. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесі - қор биржасының материалдық-техникалық құралдары мен ішкі құжаттарының кешені, оларды пайдалана отырып оның пайдаланушылары арасында белгіленімдермен алмасуға қолдау көрсетіледі және мәмілелер жасасу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі;»;
19-тармақтың 1) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтары 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
14) тармақша алып тасталсын;
15) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесі - орталық депозитарийдің материалдық-техникалық құралдары мен ішкі құжаттарының кешені, оларды пайдалана отырып ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында белгіленімдермен алмасуға қолдау көрсетіледі және мәмілелер жасасу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі;»;
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) бірыңғай оператор - Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор;»;
19-тармақтың 1) тармақшасының оныншы абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18) тармақша алып тасталсын;
22) тармақшадағы «ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған» деген сөздер алып тасталсын;
23) тармақша алып тасталсын;
19-тармақтың 1) тармақшасының он үшінші - он жетінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) депонент - орталық депозитарийдің осы Заңның 59-бабының 1-тармағында айқындалған функцияларды жүзеге асыратын клиенті;»;
29) тармақшадағы «, тіркеуші» деген сөз алып тасталсын;
32) тармақшадағы «тіркеуші мен» деген сөздер алып тасталсын;
51) тармақшадағы «және (немесе) бірыңғай тіркеушінің» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 52-1) тармақшамен толықтырылсын:
«52-1) ковенанттар (шектеулер) - басталуы мемлекеттік емес облигациялар эмитентінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісінде белгіленген міндеттемелердің туындауына алып келетін жағдайлар;»;
мынадай мазмұндағы 55-1) тармақшамен толықтырылсын:
«55-1) қор биржасының ресми тізімі - енгізу және болу үшін бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің және қор биржасының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес келетін қор биржасы тізімінің бір бөлігі;»;
19-тармақтың 1) тармақшасының жиырма екінші, жиырма үшінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 55-2) тармақшамен толықтырылсын:
«55-2) корпоративтік оқиғалар - эмитент қызметіне елеулі әсер ететін, бағалы қағаздарды ұстаушылар мен эмитент инвесторларының осы Заңның 102-бабында айқындалған мүдделерін қозғайтын оқиғалар;»;
59) тармақшадағы «тізімінің санатына енгізу және сол санатта болу үшін» деген сөздер «тізімінің санатына және (немесе) секторына енгізу және соларда болу үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 60-1) тармақшамен толықтырылсын:
«60-1) маржиналдық мәміле - бағалы қағаздарды номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие брокер және (немесе) дилер клиентінің тапсырмасы негізінде жасайтын, брокер және (немесе) дилер клиентке қайтарымдылық, мерзімділік пен төлемділік талаптарында ұсынған ақшаны немесе бағалы қағаздарды пайдалана отырып есеп айырысу жүргізілетін бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілесі;»;
19-тармақтың 1) тармақшасының жиырма жетінші - жиырма тоғызыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
73) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«73) орталық депозитарий - осы Заңның 45-бабының 2-1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес акционерлік қоғам;»;
74) тармақша «депозитарлық қызметті» деген сөздерден кейін «және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті» деген сөздермен толықтырылсын;
19-тармақтың 1) тармақшасының отызыншы, отыз бірінші абзацтары 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
81) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«81) сауда-саттықты ұйымдастырушы - осы Заңға сәйкес орталық депозитарийдің клиенттері арасындағы белгіленімдермен алмасу жүйесін пайдалану және оған қолдау көрсету арқылы сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыруы кезіндегі қор биржасы немесе орталық депозитарий;
82) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«82) қор биржасының тізімі - қор биржасының сауда жүйесіне айналысқа жіберуге рұқсат етілген, қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес жасалған қаржы құралдарының тізімі;»;
19-тармақтың 1) тармақшасының отыз төртінші абзацы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
89) және 90) тармақшалардағы «сауда-саттықты ұйымдастырушының» деген сөздер «қор биржасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтың 1) тармақшасының отыз бесінші және отыз алтыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
91) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«91) халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) - бағалы қағаздарды және басқа да қаржы құралдарын сәйкестендіру және есепке алуды жүйелеу мақсатында оларға орталық депозитарий беретін әріптік-цифрлық код;»;
2) 3-баптың 2-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының аумағындағы бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің, басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті, бағалы қағаздар нарығын және бағалы қағаздар нарығы субъектілерін реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;»;
5) тармақша алып тасталсын;
10), 11), 14), 15) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, тоқтата тұру және одан айыру тәртібін белгілейді;
11) пруденциалдық нормативтерінің түрлері мен лицензиаттардың қаржылық тұрақтылығының өзге де сақталуы міндетті нормаларын және лимиттерін, олардың мәндерін есептеу тәртібі мен әдістемесін белгілейді;»;
«14) мыналардың:
орталық депозитарийдің;
19-тармақтың 2) тармақшасының оныншы абзацы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
тіркеушінің;
бірыңғай оператордың;
өтініш берушілердің (лицензиаттардың) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім береді;
15) мыналардың:
орталық депозитарийдің;
19-тармақтың 2) тармақшасының он бесінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
тіркеушінің;
бірыңғай оператордың;
лицензиаттардың;
инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының есептерінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін белгілейді;»;
«19) өз құзыреті шегінде мыналардың:
эмитенттердің;
орталық депозитарийдің;
19-тармақтың 2) тармақшасының жиырма екінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
тіркеушінің;
бірыңғай оператордың;
лицензиаттардың қызметін реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;»;
3) 5-1-бапта:
3-тармақтағы «және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның инвестициялық басқаруындағы инвесторларды білікті инвесторлар деп тануынсыз, осындай инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алынуы мүмкін.»;
19-тармақтың 4) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 7-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
5) 8-бапта:
19-тармақтың 5) тармақшасының екінші - он екінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақта:
1) тармақшадағы «және олардың сараптамасының» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы «эмиссиялық бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін беруді және», «олар және» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағазға орталық депозитарий берген халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) туралы мәліметтерді Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізуді;»;
мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жіберуді (беруді);
5) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының (он екі айдан аспайтын айналыс мерзімі бар мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын қоспағанда) проспектісін жіберуді (беруді) қамтиды.»;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «бастап күнтізбелік отыз күн» деген сөздер «кейін он бес жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «күнтізбелік отыз» деген сөздер «жиырма жұмыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«уәкілетті органға мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеуге табыс етілген құжаттарда дәйектемесіз мәліметтер бергені» деген сөздер «мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге қойылатын талаптарды бұзғаны» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, сондай-ақ құжаттарды табыс ету мерзімін бұзғаны үшін» деген сөздер алып тасталсын;
19-тармақтың 6) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 9, 11, 12 және 13-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі
1. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде мыналар қамтылуға тиіс:
1) эмитенттің атауы және оның орналасқан жері туралы ақпарат;
2) эмиссиялық бағалы қағаздар туралы, оларды төлеу және олар бойынша кіріс алу тәсілдері туралы мәліметтер;
3) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру, айналысы, өтеу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ осы Заңның 15 және 18-4-баптарында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша шарттары, олар бар болса;
4) ковенанттар (шектеулер), олар бар болса (акциялар шығарылымы проспектісін қоспағанда);
5) эмиссиялық бағалы қағаздарды конвертациялау шарттары, мерзімдері мен тәртібі (конвертацияланатын бағалы қағаздарды шығару кезінде);
6) шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету болып табылатын облигациялар эмитенті мүлкінің құнын көрсете отырып, осы мүлік туралы мәліметтер (қамтамасыз етілген облигациялар бойынша);
7) облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты туралы;
8) эмитенттің орналастырылған (акционерлік қоғам сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызын иеленетін құрылтайшылары туралы немесе ірі акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтер;
9) эмитенттің басқару органы және атқарушы органы туралы мәліметтер (акциялар шығарылымының проспектісін қоспағанда);
10) эмитент қызметінің негізгі түрлерін көрсете отырып, эмитенттің қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметінің көрсеткіштері;
11) эмитент туралы және ол орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздар туралы қосымша мәліметтер.
2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, эмитент мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды олар туындаған немесе эмитенттің немесе облигацияларды ұстаушылардың тиісті органдары шешім қабылдаған күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
3. Осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіндегі мәліметтерді өзгертуді эмитент облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысының шешімі негізінде бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
1) орналастырылған (сатып алынғандарын қоспағанда) облигациялардың жалпы санының кемінде сексен бес пайызын иеленетін ұстаушылар осы шешім үшін дауыс берген кезде;
2) эмитент сатып алған облигацияларды қоспағанда, облигациялар ұстаушылардың құрамында осы шығарылым облигацияларының он пайызынан астамын дербес иеленген екі және одан көп тұлға болған жағдайда, шығарылым шарттарын өзгерту үшін осындай облигациялар ұстаушылардың жалпы санының жетпіс бес және одан көп пайызы дауыс берген кезде жүзеге асырады.
Осы тармақтың талабы қаржы ұйымдарына немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда олар қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды.
4. Эмитент:
1) орналастырылған акциялар санын азайтуды көздейтін акциялар шығарылымының проспектісіне;
2) жарияланған облигациялар санын ұлғайтуды көздейтін мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы емес.
5. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес арнайы қаржы компаниясы шығаратын облигациялар шығарылымының проспектісіне қойылатын қосымша талаптар Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасында белгіленеді.
6. Ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектісі исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеспен келісуге жатады.
Эмитент ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірілетін жағдайларда, ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектісінде белгіленген ислам бағалы қағаздарын орналастыру, айналысы және өтеу шарттарын өзгертуге құқылы емес.
7. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
8. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі) уәкілетті органға қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Шетел валютасында номиналданған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылған жағдайда, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі уәкілетті органға ағылшын тілінде қосымша ұсынылады.»;
«11-бап. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу
1. Жарияланған акцияларды шығару туралы шешімді акционерлік қоғамның құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшысы) немесе акционерлердің жалпы жиналысы (дауыс беретін барлық акцияларды иеленетін акционер) қабылдайды.
Акционерлік қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды:
1) акционерлік қоғам заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген;
2) егер бұрын акциялар шығарылымы жарияланған акциялар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы сот шешімі негізінде жойылған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысы (жалғыз акционердің шешімімен) жарияланған акцияларды шығару туралы шешім қабылдаған күннен кейін күнтізбелік бір ай ішінде ұсынуға міндетті.
2. Уәкілетті орган акционерлік қоғам заңды тұлға ретінде тіркелген күннен кейін не жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану туралы сот шешімі негізінде акционерлік қоғамның акциялар шығарылымы жойылған күннен кейін бір жыл өткеннен кейін жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға құқылы емес.
3. Егер акционерлік қоғамның акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу осы баптың 1-тармағында көрсетілген күннен бастап бір жыл өткеннен кейін жүзеге асырылмаса:
1) акционерлік қоғам ерікті түрде таратылуды немесе басқа ұйымдық-құқықтық нысанға қайта ұйымдастырылуды жүзеге асыруға міндетті;
2) уәкілетті орган акционерлік қоғамды тарату не қайта ұйымдастыру мақсатында сотқа жүгінуге құқылы.
4. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу акционерлік қоғам уәкілетті органға ұсынған мынадай құжаттар:
1) еркін нысанда жазылған өтініш;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда жарияланған акцияларды шығару туралы құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшы шешімінің) немесе акционерлердің жалпы жиналысы (дауыс беретін барлық акцияларды иеленетін акционер шешімінің) хаттамасының көшірмесі;
3) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда, жарияланған акциялар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі;
4) акционерлік қоғам жарғысының (болған кезде) көшірмесі;
5) акциялар шығарылымы проспекті;
6) акционерлік қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын жарияланған акцияларға ақы төленгенін растайтын құжаттар;
7) акционерлік қоғам акцияларды ұйымдастырылмаған нарықта сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесі негізінде жүзеге асырылады.
5. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады және акционерлік қоғамға жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік пен акциялар шығарылымы проспектісін береді (жібереді).
6. Акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін акционерлік қоғам уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) акциялар шығарылымы проспектісінің өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін құрылымдық бірліктерін көрсете отырып, еркін нысанда жазылған өтініш;
2) акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар;
3) электрондық түрдегі өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген акциялар шығарылымы проспектісі;
4) акционерлік қоғамның акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге негіз болған шешімнің (хаттаманың) көшірмесі;
5) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы (жарияланған акциялар саны ұлғайған және (немесе) олардың түрі өзгерген, акционерлік қоғамның атауы өзгерген, акционерлік қоғамның орналасқан жері өзгерген кезде);
6) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында белгіленген жағдайларда жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлі түрде шығару туралы сот шешімінің көшірмесі (акционерлік қоғамның жарияланған акциялары болмаған немесе олар мерзімі өткен салық берешегін өтеуге жеткіліксіз болған жағдайда).
7. Акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган акционерлік қоғамға:
1) егер акциялар шығарылымы проспектісіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар бұрын берілген жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтерді өзгертуді көздесе, жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
2) егер енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар бұрын берілген жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтерді өзгертуді көздемесе, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы хабарламаны;
3) акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды береді (жібереді).
8. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден немесе акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуден бас тартылған жағдайда, акционерлік қоғам осы баптың 4 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттарды бас тартуды алған күннен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде қайта ұсынады, бұл ретте уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі қайтадан есептеледі.
9. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу тәртібі, сондай-ақ жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
12-бап. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу