4) заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауда, алдын алуда, тыюда, ашуда және тергеуде қылмыстық iс жүргiзу заңында көзделген шекте орындау үшiн басқа органдарға орындалуы мiндеттi тапсырмалар беру;
5) өздерi жүргiзiп жатқан материалдар бойынша азаматтарды ұлттық қауiпсiздiк органдарына шақыру, олардан түсiнiктемелер, анықтамалар, құжаттар алып, бұлардың көшiрмелерiн түсiру, шақыру бойынша келуден бас тартқан адамдарды мәжбүрлеп әкелу;
6) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген негiздi сезiк туғызған ретте азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауына сезiк келтiрiлген адамдарды ұстау, ұсталғандардың құжаттарын қарап, жеке тексеру және олардың көлiк құралдарын тексерудi, сондай-ақ олардың заттары мен құжаттарын алып қоюды жүзеге асыру;
6-1) терроризмге қарсы операцияға қатысу және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз ету кезінде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды және уақытша шектеулерді қолдану;
7) арнайы күзетiлетiн ерекше режимдегi аумақтарға және өзге де объектiлерге кіруге әрекет жасаған және кіруге байланысты құқық бұзған, шекара аймағында заңсыз жүрген адамдарды әкiмшiлiк жолмен ұстауды жүзеге асыру. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, олардан түсiнiктемелер алу, жеке тексеру, заттарын қарау мен құжаттарын тексерiп алып қоюды жүзеге асыру;
8) қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау, құқық бұзушылық жасаған немесе жасады деген күдік туғызған адамдарды қуғындау мен ұстау, ұсталғандарды оларды ұстайтын жерге жеткiзу, сондай-ақ оқиға болған жерге жету және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне әкелу үшiн ұйымдардың, әскери құрамалардың және бөлiмдердiң қарамағындағы байланыс құралдарын, көлiк құралдарын пайдалану, иелерiнiң талап етуi бойынша ұлттық қауiпсiздiк органдары осының салдарынан келтiрiлген нақты залалды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi;
9) егер кiдiру адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызса, елдiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруi мүмкiн болса, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды жасады деген күдік туғызған адамдарды қудалау мақсатымен ұйымдардың, әскери құрамалардың және бөлiмдердiң аумақтары мен үй-жайларына және азаматтардың қарамағындағы тұрғын үй-жайлар мен олардың қарамағындағы жер учаскелерiне кiдiргiсiз кіру. Азаматтардың қарамағындағы тұрғын үйлерге және өзге де үй-жайларға басып кіру оқиғалары туралы ұлттық қауiпсiздiк органдары прокурорды жиырма төрт сағаттың iшiнде хабардар етедi;
10) өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған немесе ұлттық қауіпсіздік органдары қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен ұстап алған адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұстау үшін уақытша ұстау изоляторлары, тергеу изоляторлары бар болуға. Жекелеген жағдайларда, құқық қорғау органдары мен соттар ұстап алғандарды және күзетпен ұсталатындарды, сондай-ақ сотталғандарды ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша ұстау үшін пайдаланылады;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
11) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарындағы, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарындағы мемлекеттiк құпиялардың, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын, арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің және шифрлау жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша бақылауды жүзеге асыру, әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету;
12) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатерлерді іске асыруға, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұсынуларды мемлекеттік органдарға, әскери құралымдарға, бөлімдер мен ұйымдарға енгізу.
Ұсынулардың нысанын және оларды енгізу тәртібін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды;
2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
12-1) жеке және заңды тұлғаларға тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жағдайлар туғызатын іс-әрекетке (әрекетке немесе әрекетсіздікке) жол бермеу туралы орындалуы міндетті ресми алдын ала ескертулерді жазбаша түрде хабарлау;
13) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік құпияларды қорғау туралы белгiленген ережелердi немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланатын радиоэлектрондық хабар беру құралдарының қолданылуына жол бермеу;
14) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты мемлекеттік органдардан, әскери құрамалардан, бөлiмдер мен ұйымдардан өтеусiз және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып алу;
15) ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретiне енетiн мәселелер жөнiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды хабардар ету;
16) ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне қатысты архивтегi оперативтiк, тергеу және басқа да материалдарды сақтау мен пайдалануды жүзеге асыру;
17) ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшiлерiнiң жеке басын, олардың бөлiмшелерiнiң, үй-жайларының және көлiк құралдарының ведомстволық тиесілігін немесе ұлттық қауіпсіздік органдарына құпиялылық негізде жәрдем көрсететін азаматтардың жеке басын шифрлау мақсатында басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құжаттарын пайдалану, әзірлеу және (немесе) ресімдеу, оларды пайдалану, әзірлеу және (немесе) ресімдеу тәртібін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды.
Ұлттық қауіпсіздік органдарының мемлекеттік органдарда тіркелуі талап етілетін мемлекеттік органдардың құжаттарын, оның ішінде олардың беретін құжаттарын осы тармақшада көзделген мақсаттарда пайдалануы қажет болған жағдайда, ұлттық қауіпсіздік органдарының өтінімі бойынша тиісті мемлекеттік органдар бірлескен нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдары үшін оларды өтеусіз негізде әзірлейді және (немесе) ресімдейді;
17-1) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұлттық қауіпсіздік органдарына құжаттардың бланктері мен қызметтік куәліктерді, оларды толтыру үлгілерін беру туралы орындалуы міндетті сауалдарды жолдау;
17-2) сыртқы барлаудың және арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де субъектілерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін, сондай-ақ жасырын көмекшілердің жеке басын шифрлау мақсатында сыртқы барлаудың және арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де субъектілері үшін басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың оларды дайындау және (немесе) ресімдеу тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілермен айқындалатын құжаттарын дайындау және (немесе) ресімдеу.
Сыртқы барлаудың және арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де субъектілерінің мемлекеттік органдарда тіркелуі талап етілетін мемлекеттік органдардың құжаттарын, оның ішінде олардың ұлттық қауіпсіздік органдарының өтінімі бойынша беретін құжаттарын осы тармақшада көзделген мақсатта пайдалану қажеттігі жағдайында, тиісті мемлекеттік органдар бірлескен нормативтік құқықтық актілермен айқындалатын тәртіппен оларды өтеусіз негізде дайындайды және (немесе) ресімдейді;
18) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындау және аталған органдардың қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi ұйымдар мен бөлiмшелердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құру;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
19) арнайы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, арнайы байланыс, қару-жарақ және жарақтандыру құралдарын әзiрлеу, жасау, сатып алу және пайдалану, бұл ретте мемлекеттік шифрлық құралдарды әзірлеу, шығару және жарақтандыруға қабылдау және оларды (барлаудың техникалық құралдарынан) арнайы қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен және ұйымдарымен шарттар, келісімшарттар жасасу;
20) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету проблемалары жөнiнде ғылыми зерттеулер жүргiзу. Автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйелерi мен арнайы байланыс түрлерiнiң жүйелерiн әзiрлеу және жасау;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 20-1), 20-2), 20-3), 20-4) және 20-5) тармақшалармен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
20-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен құру, алу, жинақтау, қалыптастыру, тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану, беру, қорғау;
20-2) мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен құру, пайдалану, дамытуды, қолдап отыруды, интеграциялауды, пайдалануды тоқтатуды, қорғауды жүргізу;
20-3) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындаған тәртіппен, мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді, іздеуді, таратуды, пайдалануды, қорғауды, тіркеуді және жоюды жүзеге асыру;
20-4) арнайы куәландырушы орталықты Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен құру, аккредиттеу, оның қызметін тоқтату, сондай-ақ оның қызметі туралы ережені әзірлеу және бекіту;
20-5) үкіметтік байланыс желілерін, ұлттық қауіпсіздік органдарының шифрланған байланыс желілерін, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының мүддесінде пайдаланылатын арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін құру, пайдалануға қабылдау, пайдалану, дамыту және пайдалануды тоқтату;
21) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерi үшiн шарттық негiзде кадрлар даярлауды жүзеге асыру;
23) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды (2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13-1-бап. Ресми алдын ала ескерту
Ресми алдын ала ескертуді (бұдан әрі - алдын ала ескерту) жазбаша нысанда хабарлау туралы шешімді Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органының уәкілетті басшысы тексеру аяқталғаннан және жеке немесе заңды тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жағдайлар туғызатын іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) жасағаны туралы алынған мәліметтер расталғаннан кейін қабылдайды.
Алдын ала ескертуге қол қою құқығы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасына немесе оның орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының директорларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарының бастықтарына тиесілі.
Тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау үшін жағдайлар туғызатын іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), жеке немесе заңды тұлға оны жасағаны үшін алдын ала ескертілетін бұл іс-әрекетке (әрекетке немесе әрекетсіздікке) жол беруге болмайтыны және жауаптылық туралы көрсетіле (келтіріле) отырып, алдын ала ескерту нақты жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның басшысына (лауазымды адамына) жіберілуге тиіс.
Алдын ала ескертуде жеке немесе заңды тұлғаға оның алдын ала ескертуге Қазақстан Республикасының жоғары тұрған ұлттық қауіпсіздік органына, прокуратураға немесе сотқа шағым жасау құқығы түсіндіріледі.
Алдын ала ескерту хабарланғаннан кейін оның көшірмесі жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі.
Ұлттық қауіпсіздік органдары хабарланған алдын ала ескертулерді есепке алуды жүргізеді.
14-бап. 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15-бап. Берiлген құқықтарды iске асыру
Осы Заңда берiлген құқықтар тек ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi шешу үшiн ғана пайдаланылады.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 3-1-тараумен толықтырылды
3-1-тарау. ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ ДЕНЕ КҮШІН, АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАРДЫ, ҚАРУ МЕН ЖАУЫНГЕРЛІК ТЕХНИКАНЫ ҚОЛДАНУЫ
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 15-1-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-1-бап. Дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік техниканы қолдану шарттары мен шектері
1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері қаруды, жауынгерлік техника мен арнайы құралдарды алып жүруге, сақтауға, қолдануға, сондай-ақ дене күшін қолдануға құқылы.
2. Олар арнайы дайындықтан, дене күшін, арнайы құралдар мен қаруды қолдануға байланысты жағдайлардағы іс-қимылдарға жарамдылығын мерзімді тексеруден өтуге міндетті.
3. Қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды ұстау кезінде ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері немесе әскери қызметшісі өзінде қажетті арнайы құралдары немесе қаруы болмаса, қолына түскен кез-келген құралдарды пайдалануға, сондай-ақ осы Заңда белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен қарулануға алынбаған басқа қаруды қолдануға құқылы.
4. Егер қорғану күзетілетін адамдарға, басқа азаматтарға, күзетілетін объектілерге немесе ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкеріне немесе әскери қызметшісіне өзіне қастандық жасалудың сипатына және қауіптілігіне сай келетін болса, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері мен әскери қызметшісі заңдарда көзделген жағдайларда дене күшін, арнайы құралдар, қару және жауынгерлік техниканы қолдануға байланысты келтірілген моральдық, материалдық зиян және дене зақымы үшін жауапты болмайды.
5. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік техниканы өкілеттілігін асыра қолдануы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
6. Терроризмге қарсы операциялар жүргізу аймағында терроризмге қарсы операцияларға қатысушы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің террористерге қатысты дене күшін, жауынгерлік және басқа да техниканы, қаруды және арнайы құралдарды, оның ішінде қызметтік жануарларды осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген ескертусіз және шектеусіз қолдануға құқығы бар.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 15-2-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-2-бап. Дене күшін қолдану
1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің азаматтардың өміріне, денсаулығына, құқықтарына, бостандығына, жеке басының қадір-қасиетіне, олардың және мемлекеттің меншігіне және қорғалатын мүдделеріне қол сұғатын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу, құқық бұзушылықтардың сипаты мен нақты жағдайларды ескере отырып, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған адамдарды ұстап алу, заңды талаптарға қарсы іс-қимылды еңсеру үшін, егер күш қолданбау тәсілдері ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етпесе, дене күшiн, оның iшiнде жауынгерлiк күрес тәсiлдерiн қолдануға құқығы бар.
2. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері мен әскери қызметшісінің осы Заңда арнайы құралдарды немесе қаруды қолдану рұқсат етілген барлық жағдайларда дене күшiн қолдануға құқығы бар.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 15-3-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-3-бап. Арнайы құралдарды қолдану
1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері қарулануға алынған арнайы құралдарды мынадай жағдайларда:
1) азаматтарға және күзетілетін адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшін;
2) ұлттық қауіпсіздік органдары күзететін ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайларға басқа да объектілер мен көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшін, сол сияқты оларды басып алған жағдайларда осы объектілер мен құралдарды азат ету үшін;
3) қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу үшін;
4) заңсыз қару, оқ-дәрі, жарылғыш, улы және радиоактивті заттары бар адамдарды қарусыздандыру үшін;
5) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне немесе әскери қызметшілеріне, олардың отбасыларының мүшелерiне не күзет іс-шараларын қамтамасыз етуге тартылған басқа адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшін;
6) құқық бұзушыларды, ұлттық қауіпсіздік органдарының немесе құқық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне немесе қызметкерлеріне өздерiне жүктелген қызметтік мiндеттердi атқаруға қарсылық көрсететін немесе қасақана кедергі келтіретін адамдарды ұстау үшін;
7) егер ұсталған, қамауға алынған адамдар, сондай-ақ сотталған, күдiктi және айыпталушы адамдар қашып кетуi немесе айналасындағыларға немесе өзiнің денсаулығына зиян келтіруі мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса, оларды күзетпен апару және күзету кезінде, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінiң немесе әскери қызметшілерінің өздерiне заңмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруына кедергі келтіретін адамдарға қатысты;
8) кепілге алынған адамдарды босату, азаматтардың, күзетілетін адамдар мен объектілердің өміріне, денсаулығына, құқықтарына, бостандығына, жеке басының абыройы мен меншігіне қол сұғатын жаппай тәртіпсіздіктің, топтық іс-әрекеттердің жолын кесу үшін;
9) егер басқа тәсілдермен күзетілетін адамдар үшін нақты қауіпті тойтару мүмкін болмаса, жүргізушісі ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінiң немесе әскери қызметшісінің тоқтау туралы талабын орындамаған көлік құралын тоқтату үшін;
10) қажеттi қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында қолдануға құқылы.
2. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінiң немесе әскери қызметшілерінің, азаматтар мен күзетілетін адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн шабуыл, топтасқан шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, күзетілетін адамға қарата, сондай-ақ жүктілік белгілері анық білінетін әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық бiлiнетін адамдарға және жас балаларға қатысты арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады.
3. Ұлттық қауіпсіздік органдары қолданатын арнайы құралдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 15-4-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-4-бап. Қару қолдану және жауынгерлік техниканы пайдалану
1. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінiң немесе әскери қызметшілерінің қару мен жауынгерлiк техниканы соңғы шара ретiнде мынадай жағдайларда:
1) азаматтарға, күзетiлетiн адамдарға, сондай-ақ күзету ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне немесе әскери қызметшілеріне тапсырылған басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
2) ұлттық қауіпсіздік органдары күзететiн ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайлар мен басқа да объектiлерге және көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшін;
3) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне немесе әскери қызметшілеріне, олардың отбасы мүшелерiне, осы орган күзет іс-шараларын қамтамасыз етуге тартқан басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының қаруын, көлік құралын, арнайы және жауынгерлік техникасын тартып алу әрекеттерінің жолын кесу үшін;
4) азаматтарды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сондай-ақ кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттарды және арнаулы жүктердi азат ету үшiн;
5) қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезiнде үстiнен түскен не тiкелей қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн қарулы қарсылық көрсеткен адамдарды, сондай-ақ өзіндегі қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш, улы және радиоактивті заттарды тапсыру туралы заңды талапты орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшiн;
6) сыртқы белгілері мен іс-әрекеттерінің жиынтығы басқа азаматтардың, күзетілетін адамдардың және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілерінің өмірі мен денсаулығына төндіретін нақты қауіптің болуын айғақтайтын адамдарды оқшаулау және ұстау үшін;
7) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілетін және айыпталатын адамдардың қамауда отырған жерден қашуының немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталған адамдардың, оларға қатысты қамауға алу түріндегі жаза қолданылған, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың күзеттен қашуының, сондай-ақ аталған адамдарды күшпен босатуға ұмтылудың жолын кесу үшін;
8) егер жүргiзушiсi күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауіп тудырса және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің тоқтау туралы талабы бойынша тоқтаудан бас тартса, көлiк құралын тоқтату үшiн;
9) жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн;
10) дабыл белгісін беру немесе көмекке шақыру үшін;
11) қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында қолдануға құқығы бар.
2. Азаматтардың, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінiң немесе әскери қызметшілерінің және күзетілетін адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төндiретiн, сондай-ақ олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, топпен шабуыл жасаған, кепілге адамдарды, объектілерді, көлік құралдарын, оның ішінде әуе кемелерін алған жағдайларды қоспағанда, күзетілетін адамға қарата, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық бiлiнетін адамдарға және кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қару қолдануға тыйым салынады.
3. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері немесе әскери қызметшілері қару қолданған барлық жағдайларда айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және зардап шеккендерге кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шараларды қолдануға, қару қолданғаны туралы тікелей бастығына баяндауға мiндеттi.
4. Адамдардың өліміне немесе өзге де ауыр салдарларға әкеп соққан қару, арнайы құралдар, дене күшін қолданудың әрбір жағдайы туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарланады.
5. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қарулануға алынған қарудың, жауынгерлiк техниканың түрлері мен ұрыс оқ-дәрiлері жиынтығының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
4-тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының кадрлары және олардың құқықтық жағдайы