«19-1-бап. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік бақылауды ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектілері қызметінің Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан осы бапқа сәйкес қашықтан бақылау және жоспардан тыс тексерулер нысанында жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Парламентін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, соттарды және сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды қоспағанда, осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілер ақпаратқа қол жеткізу саласындағы бақылау субъектілері (бұдан әрі - бақылау субъектілері) болып табылады.
3. Мыналар ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік бақылау объектілері болып табылады:
1) қызметі туралы ақпараты бар ақпараттық стендтер және (немесе) ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралдар;
2) ақпарат иеленушілердің интернет-ресурстары;
3) «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдастары;
4) ашық отырыстардың онлайн-трансляциялары, ашық отырыстың жалпыға қолжетімді интернет-ресурста сақталған жазбалары және (немесе) жазбаларына сілтемелері;
5) ашық отырыстардың хаттамалары мен стенограммалары;
6) қашықтан бақылау және (немесе) жоспардан тыс тексеру нысанасына жататын қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі материалдар, құжаттар мен мәліметтер не олардың көшірмелері.
4. Қашықтан бақылауды ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектісіне бармай, талдау және ақпараттық жүйелердің, электрондық ақпараттық ресурстардың, ашық дереккөздердің, масс-медианың деректері, сондай-ақ бақылау субъектісінің қызметі туралы басқа да мәліметтер негізінде жүргізеді.
5. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру қашықтан бақылаудың мақсаттары болып табылады.
6. Қашықтан бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
7. Қашықтан бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде бірінші басшының не оны алмастыратын адамның атына бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бұзушылықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ресімделеді және жіберіледі.
8. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда:
1) ұсынымның жасалған күнін, нөмірі мен орнын;
2) осы Заңның және ақпаратқа қол жеткізу саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің нақты нормаларына сілтеме жасала отырып анықталған бұзушылықтарды;
3) бұзушылықтарды жою үшін бақылау субъектісінің қабылдауы қажет ұсынымдар мен шараларды;
4) ұсыным табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын, бұзушылықтарды жоюға арналған мерзімдерді;
5) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамының (лауазымды адамдарының) тегі мен аты-жөнін, қолтаңбасын көрсетеді.
9. Бұзушылықтарды жою туралы ұсыным төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберіледі және мынадай жағдайларда:
1) поштамен - пошта жөнелтілімін тапсырысты хатпен алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;
2) электрондық тәсілмен - электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жеткізілгені туралы хабардар етілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
10. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органға қарсылық жіберуге құқылы.
Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектісінің қарсылығын қарайды және бес жұмыс күні ішінде уәжді жауап береді.
Уәжді жауап қайта қаралуға жатпайды.
11. Бақылау субъектісі ақпаратқа қол жеткізу саласын дағы уәкілетті органға бұзушылықтарды жою туралы ұсынымның орындалуы жөніндегі ақпаратты ұсыным орындалған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.
Бақылау субъектісі берілген ақпаратқа бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса береді.
12. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган ұсынымда көрсетілген бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты алғаннан кейін мынадай:
1) ұсынымның орындалғаны туралы;
2) ұсынымның орындалмағаны не ішінара орындалғаны туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
13. Жоспардан тыс тексеруді тағайындауға мыналар негіз болып табылады:
1) бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарды орындамау не ішінара орындау;
2) бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдардың орындалуы жөніндегі ақпаратты бермеу;
3) сенімді негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;
4) жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің не зиян келтіру қатерінің нақты фактілері бойынша прокурордың талабы;
5) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы.
Жоспардан тыс тексерулер анонимдік жолданымдар түскен жағдайларда жүргізілмейді.
14. Жоспардан тыс тексеру осы баптың 13-тармағында көзделген негіздердің бірі туындаған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде бақылау субъектісі хабардар етілместен тағайындалады.
15. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері жоспардан тыс тексеру жүргізілген кезде:
1) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның тексеруді жүргізу үшін келген лауазымды адамдарын:
тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болса, мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген, осы бапта белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
осы баптың 20-тармағының бірінші бөлігінде көзделген құжаттар болмаған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) егер құжаттар мен мәліметтер жүргізілетін тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
3) тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығындары қажет болған жағдайда, үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органға бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге;
4) тексеру нәтижелері туралы актіге, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамының (лауазымды адамдарының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
5) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамының (лауазымды адамдарының) тексерілетін бақылау субъектісінің қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйымдарын орындамауға;
6) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамының (лауазымды адамдарының) тексеру шеңберінде өзі (өздері) жүргізетін жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) қызметіне кедергі келтірмей, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.
16. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері жоспардан тыс тексеру жүргізілген кезде:
1) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамының (лауазымды адамдарының) рұқсаттамалық және объектішілік режимдердің талаптарын сақтай отырып, тексерілетін бақылау субъектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамына (лауазымды адамдарына) жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тігу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті ұсынуға;
3) тексеру басталған күні тексеруді тағайындау туралы актіні және аяқталған күні жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актіні алғаны туралы белгі қоюға;
4) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
5) басшының не оның уәкілетті адамының тексеру тағайындалған мерзімдерде тексерілетін бақылау субъектісі тұрған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
17. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамының (лауазымды адамдарының) жоспардан тыс тексеру немесе қашықтан бақылау жүргізу кезінде:
1) рұқсаттамалық және объектішілік режимдердің талаптарын сақтай отырып, тексеру нысанасына сәйкес тексерілетін бақылау субъектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тексерудің нәтижелері туралы актіге қоса тігу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін немесе бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды алуға, сондай-ақ тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;
3) мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға;
4) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға құқығы бар.
18. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) жоспардан тыс тексеруді немесе қашықтан бақылауды жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерілетін бақылау субъектісінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) тексеруді немесе қашықтан бақылауды осы бапта белгіленген тәртіп негізінде және соған қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) тексеруді жүргізу кезеңінде тексерілетін бақылау субъектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) тексерілетін бақылау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің тексеруді жүргізу кезінде қатысуына кедергі келтірмеуге, тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
5) тексерілетін бақылау субъектісіне тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нысанасына жататын қажетті ақпаратты беруге;
6) тексерілетін бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болса, мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде) немесе бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда (болған кезде) көрсетілген тексеру немесе қашықтан бақылау аяқталған мерзімнен кешіктірмей, тексерудің нәтижелері туралы актіні немесе бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды табыс етуге;
7) тексеруді немесе қашықтан бақылауды жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға міндетті.
19. Жоспардан тыс тексеру жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.
20. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) бақылау субъектілеріне жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезінде:
1) жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлікті не сәйкестендіру картасын береді.
Жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің күні мен нөмірі;
2) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның атауы;
3) жоспардан тыс тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жоспардан тыс тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
5) бақылау субъектісінің атауы және оның тұрған жері;
6) тағайындалған жоспардан тыс тексерудің нысанасы;
7) жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі;
8) жоспардан тыс тексеру жүргізу негіздері;
9) осы баптың 15 және 16-тармақтарында көзделген бақылау субъектісінің құқықтары мен міндеттері;
10) актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның мөрі;
11) бақылау субъектісі басшысының не оның уәкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.
21. Жоспардан тыс тексерулерді тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және ұзарту туралы актілерге ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) қол қояды және олар бақылау субъектісінің басшысына не ол уәкілеттік берген адамға танысу үшін табыс етіледі.
22. Жоспардан тыс тексерулер мерзімінің өтуі табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың қолданылуы, төтенше жағдай режимінің енгізілуі, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуының, уланулардың, радиациялық авариялардың және оларға байланысты шектеулердің туындауының немесе олардың туындау қатерінің мерзіміне, сондай-ақ бақылау субъектісі қайта ұйымдастырылған жағдайда тоқтатыла тұрады.
Жоспардан тыс тексеру табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың қолданылуы, төтенше жағдай режимінің енгізілуі, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуының, уланулардың, радиациялық авариялардың және оларға байланысты шектеулердің туындауы немесе олардың туындау қатері тоқтатылған, сондай-ақ қайта ұйымдастырылған бақылау субъектісінің құқықтық мирасқоры айқындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қайта басталады.
Жоспардан тыс тексеру мерзімінің өтуі бақылау субъектісі таратылған жағдайда тоқтатылады.
23. Жоспардан тыс тексеруді жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
24. Жоспардан тыс тексеруді жүргізу мерзімін ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның басшысы не оны алмастыратын адам тек бір рет бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
Жоспардан тыс тексеруді жүргізу мерзімін ұзарту бақылау субъектісі хабардар етіле отырып, жоспардан тыс тексеруді ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні, нөмірі және ұзарту себебі көрсетіледі.
Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган жоспардан тыс тексеру мерзімін ұзарту туралы хабарламаны бақылау субъектісіне табыс етілгені туралы хабардар ете отырып, ұзартудан бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.
25. Бақылау субъектісіне не оның уәкілетті адамына жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.
26. Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіні үш данада жасайды.
Жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасы өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға электрондық нысанда тапсырылады, екінші данасы, бақылау субъектісінде түпнұсқасы бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшалардың көшірмелерімен бірге қағаз жеткізгіште қолын қойғызып немесе электрондық нысанда бақылау субъектісіне танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және басқа да әрекеттер үшін беріледі, үшінші данасы тексеру жүргізген ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органда қалады.
Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, бақылау субъектісі оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертулер және (немесе) қарсылықтар жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі қойылады.
27. Жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні, нөмірі, уақыты мен орны;
2) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның атауы;
3) жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның жоспардан тыс тексеру жүргізген лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жоспардан тыс тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
6) бақылау субъектісінің атауы және оның тұрған жері;
7) жоспардан тыс тексерудің нысанасы;
8) жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі мен кезеңі;
9) бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты талаптарды орындау және шаралар қабылдау мерзімін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;
10) бақылау субъектісі басшысының не оның уәкілетті адамының, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба;
11) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның жоспардан тыс тексеру жүргізген лауазымды адамының (лауазымды адамдарының) қолтаңбасы.
28. Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылық болмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
29. Жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып айқындалады, бірақ ол жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
30. Жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіні белгіленген мерзімде орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
31. Жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Шағым жасау жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
32. Жоғары тұрған мемлекеттік орган не сот жарамсыз деп таныған жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы акт бақылау субъектісінің Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасының талаптарын бұзуының дәлелі бола алмайды.
33. Жоспардан тыс тексерулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптардың өрескел бұзылуына мыналар жатады:
1) жоспардан тыс тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;
2) жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;
3) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жоспардан тыс тексеруді тағайындау;
4) жоспардан тыс тексеруді жүргізудің осы бапта көзделген мерзімін бұзу.
34. Бақылау субъектісіне жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіні жоспардан тыс тексеру тағайындау туралы актіде (бар болса, мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген жоспардан тыс тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей табыс еткен күн жоспардан тыс тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.».
8-тармақ 2025 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
16-бапта:
1, 2, 3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарын жыл сайынғы негізде бекітеді.»;
6-тармақ алып тасталсын;
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспары:».
2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағын, 6-тармағының 1) тармақшасын және 8-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 13 қаңтар
№ 157-VІІІ ҚРЗ