Жер учаскесі орналасқан жер бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдары және тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін өтініш келіп түскен кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде айқындайды және материалдарды жер комиссиясына енгізеді.
Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық (олардың әкімшілік бағынысына берілген аумақты қоспағанда) және аудандық маңызы қалаларда орналасқан жер учаскесін қоспағанда, объект салу үшін жер учаскесі сұралған кезде жер учаскесін алдын ала таңдау жүргізіледі. Объект салу үшін, ал қажет болған жағдайларда оның күзет немесе санитариялық-қорғау аймағын белгілеу үшін де жер учаскесін таңдау нәтижелерін облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) және ауданның уәкілетті органы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, жер учаскесін таңдау туралы актімен ресімдейді.
Жер учаскесін таңдау және жер учаскесін таңдау туралы актіні ресімдеу осы баптың 2-тармағына сәйкес қарау және қорытындыны дайындау үшін кейіннен жер учаскесін таңдау туралы актіні жер комиссиясына жібере отырып, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Егер өтініш беруші жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімінде тұрған болса немесе өтініш беруші жер учаскесіне құқық беру туралы не құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған болса, жер учаскесі орналасқан жер бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдары екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге өтінішті қараудан жазбаша бас тарту береді.
Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін сұрау жағдайларын қоспағанда, жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі келіп түскен кезінен бастап он бес жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды.
Көрсетілген мерзiмге:
жерге орналастыру жобасын жасау;
осы Кодекстің 44-бабының 7-тармағында белгіленген келісу;
жергілікті жердегі жер учаскесінің шекарасын белгілеу кезеңдері кірмейді.
4. 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды; 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен 6-1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 6-1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6-1. Жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықтарда (аукциондарда) жүзеге асыру қажеттігі себепті осындай құқық беруден бас тартылған жағдайда, облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның жергілікті атқарушы органы, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі сұралып отырған жер учаскесі бойынша сауда-саттықты (аукционды) жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс.
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның жергілікті атқарушы органының, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскелерiне тиiстi құқықтар беру не оларды беруден бас тарту туралы шешімінің көшірмесі шешім қабылданған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тапсырылады (жіберіледі).
Жер учаскелерін беру жоғары тұрған жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін жағдайларда төмен тұрған жергілікті атқарушы орган, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жерге орналастыру жобасын осындай берудің мүмкін екендігі туралы өз шешімімен бірге жоғары тұрған жергілікті атқарушы органға түпкілікті шешім қабылдау үшін жібереді.
Жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау үшін облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның уәкілетті органы бекітілген жерге орналастыру жобасын облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның жергілікті атқарушы органына, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне бір жұмыс күні ішінде жібереді.
Облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның жергілікті атқарушы органының, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінiң жер учаскесiне құқық беру туралы шешiмi бекітілген жерге орналастыру жобасы және жер комиссиясының оң қорытындысы келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданады.
Облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның тиісті уәкілетті органы жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде, сол шешімнің негізінде сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасады.
Жергілікті жердегі жер учаскесінің шекарасын белгілеу өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтініш беруі негізінде жүзеге асырылады.
2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 7-1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7-1. Облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның жергілікті атқарушы органының және кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасында:
жер учаскесіне құқық берілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) немесе заңды тұлғаның атауы;
жер учаскесінің орналасқан жері;
жер учаскесінің нысаналы мақсаты;
жер санаты;
жер учаскесінің алаңы;
жерге құқық түрі, ауыртпалықтар, сервитуттар;
жер комиссиясы хаттамалық шешімінің нөмірі мен күні;
жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларының нөмірі мен бекітілген күні;
жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілетін жер учаскесі телімінің түрі;
жер учаскесі төлемақыға берілетін жағдайда жер учаскесін немесе жер пайдалану құқығын сатып алу бағасы;
жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалға алу шарттарын жасасу мерзімдері;
жер учаскелерінің сәйкестендіру сипаттамалары көрсетіле отырып, осындай жер учаскелерін алып қою, мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүргізілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) немесе заңды тұлғаның атауы;
жер учаскесінің бөлінетіндігі (бөлінбейтіндігі) туралы мәліметтер;
жер учаскесін берумен байланысты өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 8-тармақ өзгертілді
8. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау мен беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төрт жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық (олардың әкімшілік бағынысына берілген аумақты қоспағанда) және аудандық маңызы бар қалалардың жерлерінде орналасқан жер учаскесін қоспағанда, мынадай құжаттар:
жер учаскесi жеке меншiкте болған кезде - жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актici;
тұрақты жер пайдалану кезiнде - тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi;
уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) кезiнде - уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы актiсi;
уақытша өтеусiз жер пайдалану кезiнде - уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы актiсi жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттары болып табылады.
Жер учаскесiне құқықтар ауысқан кезде сәйкестендiру құжаты сатып алушыға немесе өзге де құқық иеленушiге берiледi. Жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларында өзгерiстер болмаған жағдайда, мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзетін Мемлекеттік корпорация жаңа сәйкестендiру құжатын бермейдi, ал жер-кадастр кітабына және жердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтер «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құқықтық кадастрдың мәліметтері негізінде енгізіледі.
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
9-1. Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық (олардың әкімшілік бағынысына берілген аумақты қоспағанда) және аудандық маңызы бар қалалардың жерлерінде орналасқан жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты болып табылады.
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10. Егер облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның жергілікті атқарушы органының және кент, ауыл, ауылдық округ әкімінiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi.
Құқық белгiлейтiн құжаттары ресiмделмеген жер учаскелерiне қатысты мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi.
11. Осы Кодекс қолданысқа енгiзiлгенге дейiн азаматтар мен заңды тұлғаларға бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген жер учаскелерiне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген жер учаскелерiне құқықтардың өзгеруi ескерiле отырып, заңдық күшiн сақтайды.
Осы Кодекске сәйкес мұндай құжаттарды жер учаскелерiне меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарға ауыстыру құқық иеленушілердiң қалауы бойынша жүзеге асырылады.
2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен 11-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1. Мемлекеттік органдардың шешімімен елді мекендердің әкімшілік-аумақтық құрылысы өзгерген кезде немесе шекаралары (шектері) өзгерген жағдайда жер учаскелері елді мекендер шегіне қосылған кезде жер учаскелерінің сәйкестендіру құжаттарын ауыстыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Мұндай құжаттарды ауыстыру жер учаскесіне құқықтарды қайта ресімдеу жағдайлары туындаған не азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалған кезде немесе өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.
12. Жер учаскелерiн Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұрагерлiк тәртібімен алған кәмелетке толмағандарға жер учаскелерiне құқықты ресiмдеу жағдайларын қоспағанда, жер учаскелерiне құқық кәмелетке толған адамдарға беріледі. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерi бұл жер учаскелерiн мұрагерлер кәмелетке толғанға дейiн жалға беруге құқылы.
13. Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқық беру тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 14-тармақ өзгертілді
14. Жергілікті атқарушы органдар жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері бар ақпаратты жер учаскесін беру негізін, нысаналы мақсатын, алаңын, орналасқан жерін, құқық түрін, жалға алу мерзімін, ал шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірін де көрсете отырып, халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиісті уәкілетті органының интернет-ресурсында ай сайын, ал тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында кемінде тоқсанына бір рет жариялау арқылы орналастыруға міндетті.
Осы тармақтың ережелері осы бапта және осы Кодекстің 43-1, 44, 44-1 және 44-2-баптарында көзделген тәртіппен берілген жер учаскелеріне, сондай-ақ осы Кодекстің 48-бабына сәйкес сауда-саттыққа (аукциондарға) шығарылатын жер учаскелеріне қолданылады.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген деректер Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында ашық қолжетімділікте орналастырылады.
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 43-1-баппен толықтырылды
43-1-бап. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру ерекшеліктері
1. Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беру осы бапта белгіленген тәртіппен және шарттарда шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс негізінде жүзеге асырылады.
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Жер учаскесіне құқық беруді шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурстарда жүзеге асыру қажеттілігі себепті мұндай беруден бас тартылған жағдайда, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органы сұралып отырған жер учаскесі бойынша конкурстарды жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс.
2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2. Қоныс аударушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері иеліктен шығару, шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғам акцияларының төлеміне немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде беру құқығынсыз, осы Кодекстің 50-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген ең аз мөлшерден аспайтын мөлшерде конкурстан тыс тәртіппен бес жылға дейінгі мерзімге уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беріледі.
Жер учаскелерін аталған мақсаттар үшін қайта беруге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерден тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыру осы Кодекстің 81-бабына сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігі негізінде берілген жер пайдалану құқығын тоқтатуға алып келеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде бес жылдан астам тұратын қоныс аударушыларға осы Кодекстің 37-бабында көзделген тәртіппен ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығының жаңа мерзіміне шарт жасасу құқығы беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шектеулер жаңа мерзімге жасалған шартқа қолданылмайды.
2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.27.02. № 65-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы осындай жер учаскелерін беруге бұрын келіп түскен өтінімдерді ескере отырып қалыптастырады және бұл қоғамдық кеңестермен, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдармен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен келісіледі.
Жайылымдарды шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесіне енгізу Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Келісуші органдар мен ұйымдар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі олардың орналасу схемасымен бірге келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз ұстанымының уәжді негіздемесі бар қорытынды береді.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі келісуші органдар мен ұйымдар жалпы санының кемінде төрттен үші оң қорытынды берген жағдайда келісілді деп есептеледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің келісілген тізбесін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы келісілген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бекітеді.
Тізбеге енгізілген жер учаскелері шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа жерге орналастыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін шығарылады, жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу мерзімі көрсетілген тізбе бекітілген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімдерімен айқындалады.
Бұл ретте көрсетілген мөлшерлер осы Кодекстің 50-бабының 4-тармағына сәйкес белгіленген жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерінен аспауға тиіс.
3. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізуді аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
4. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізуді қамтамасыз ету үшін:
1) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жариялауды;
2) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті облыс шегіндегі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, сондай-ақ орталық уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді жүзеге асырады.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес осы хабарламаны өзінің интернет-ресурсында, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерінде орналастырады және оны аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне олардың интернет-ресурстарында және халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру үшін дереу жібереді.
5. Хабарламада:
1) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың өткізілетін күні, уақыты және орны, сондай-ақ өтінімдер беру мерзімі мен орны;
2) жер учаскесінің сипаттамасы (орналасқан жері, алаңы, алқаптардың құрамы, топырақтың сапалық сипаттамасы, бонитет балы, сумен қамтамасыз етілуі, өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы) қамтылуға тиіс.
6. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауды шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда, күнтізбелік он бес күн өткен соң бастайды.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу - өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім міндетті түрде тіркеу нөмірі беріліп және өтінім берушіге хабарлама беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес, конкурс қорытындысы шығарылған күні ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына жіберіледі.