1. Автомобиль, теңiз, iшкi су, темір жол, әуе, құбыржол және өзге де көлiк түрі объектiлерiнiң қызметiн қамтамасыз ету және (немесе) оларды пайдалану үшiн берiлген жер көлiк жерi болып танылады.
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Автомобиль, теңiз, iшкi су, темір жол, әуе, құбыржол және өзге де көлiк түрi объектiлерiн дамыту, салу және қайта жаңғырту үшiн жағдай жасау мақсатында осы Кодексте көзделген тәртiппен жердi резервте ұстау жүзеге асырылуы мүмкiн.
2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен 114-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
114-бап. Темір жол көлiгiнiң жерi
1. Темір жол көлiгi қажеттерiне арналған жерге:
1) магистраль жолдарына және солармен технологиялық байланыстағы құрылыстар мен ғимараттарға (темір жол белдеуi, көпiрлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдықтар, қызметтiк-техникалық үйлер);
2) кiрме жолдарға;
3) энергетика, локомотив, вагон, жол және жүк шаруашылықтары, сумен жабдықтау және канализация құрылыстары, қорғау және бекіту екпелерi, қызметтiк және темір жол көлiгiне қызмет көрсететiн арнаулы мақсаттағы өзге де объектiлерi бар темір жол станцияларына (вокзалдарға);
4) темір жолдарға берiлген белдеулер мен күзет аймақтарына;
2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдар мен теміржол көлігі объектілеріне бөліп берілген жер жатады.
2. Темір жол көлiгiнiң қажеттерiне арналған жер учаскелері темір жолдар мен темір жол станцияларын дамытудың жобалау-техникалық құжаттамасына және бас схемасына сәйкес белгiленген тәртiппен бекітілетiн нормативтер бойынша берiледi.
3. Тұрғын халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ темір жол көлiгi қажеттерiне арналып бөлiнген белдеуге iргелес жер учаскелеріндегі объектiлердi қауiпсiз пайдалану мақсатында жер пайдаланудың ерекше шарттарымен күзет аймақтары белгiленедi, олардың шегiнде аймақтарды белгiлеу мақсаттарына сай келмейтiн қызмет түрлерi шектеледi немесе оларға тыйым салынады.
4. Темір жол көлiгiнiң күзет аймақтарына: орманды қорғау белдеулерi, көлiк құрылыстарының, құрылғылары мен басқа да объектiлерiнiң сақталуын, төзiмдiлiгi мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн қажеттi жер учаскелерi, сондай-ақ темір жол көлiгiне бөлiнетiн белдеуге iргелес орналасқан, сел қаупi, көшкiн қаупi бар аймақтардағы және басқа да қауiптi әсерлер төнетiн жерлердегi жер учаскелерi кiредi.
Күзет аймақтары жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн алып қоймай белгiленуi мүмкiн.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 115-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 115-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
115-бап. Автомобиль көлiгiнiң жерi
1. Автомобиль көлiгi қажеттерiне арналған жерге:
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) автомобиль жолдарына, көлік құралдарына арналған тұрақтар мен орынтұрақтарға, олардың конструкциялық элементтерi мен жол ғимараттарына және олармен технологиялық байланысқан құрылыстар мен ғимараттарға;
2) автовокзалдар мен автостанцияларды, автомобиль көлiгiнiң басқа объектiлерiн және жер бетi мен жерасты үйлерiн, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтiп-ұстау, салу, қайта жаңғырту, жөндеу, дамыту үшiн қажеттi жол шаруашылығы объектiлерiн орналастыру үшiн;
3) автомобиль жолдарына бөлiнетiн белдеулердi белгiлеу үшiн бөлiнген жер жатады.
2. Автомобиль көлiгiнiң қажеттерi үшiн бөлiнетiн белдеуге арналған жер учаскелерi жолдың санатына байланысты және жобалау құжаттамасына сәйкес белгiленген нормалардың негiзiнде берiледi.
3. Тұрғын халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және автомобиль жолдарын пайдалануға жағдай жасау үшiн жолда жүру қауiпсiздiгiнің талаптары ескерiле отырып, оларды пайдаланудың ерекше режимi белгiленiп, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарына бөлiнетiн белдеулерге екi жағынан iргелес жатқан жер учаскелерi түрiнде жол бойындағы белдеулер жасалады.
Жол бойындағы белдеудің мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жеке және заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалануға беруі мүмкін.
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.02.07. № 355-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кедендік, шекаралық, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін, ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылыстарды және (немесе) тіреуіштерді, автоматтандырылған өлшеу станцияларын қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы бойынан бөлінген белдеу шегінде ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар тартуға тыйым салынады.
Халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын реконструкциялау жөніндегі жұмыстар жүргізілген кезде ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылыстардың және (немесе) тіреуіштердің иелері оларды ауыстыруды өз қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.
116-бап. Теңiз және iшкi су көлiгiнiң жерi
Теңiз және iшкi су көлiгiнiң қажеттерiне арналған жерге теңiз және өзен порттарын, айлақтар, пристаньдар, гидротехникалық ғимараттар, жер бетi және жер асты үйлерiн, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтiп-ұстау, салу, қайта жаңғырту, жөндеу, кеңейтiп ұлғайту үшiн қажеттi басқа объектiлердi және теңiз және iшкi су көлiгiнiң басқа да объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жер жатады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 117-бап өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
117-бап. Әуе көлiгiнiң жерi
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесінің меншік иесімен немесе жер пайдаланушысымен (жалға алушымен) шарт жасасу кезінде бір жыл ішінде үш айдан аспайтын шектеулі кезеңде пайдаланылатын қону алаңдарын қоспағанда, әуе көлігінің мұқтаждарына арналған жерге әуежайлар, әуеайлақтар, аэровокзалдар, ұшып көтерiлу-қону белдеулерiн және жер бетi мен жер асты үйлерiн, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтiп-ұстау, салу, қайта құру, жөндеу, кеңейтiп ұлғайту үшiн қажеттi басқа да жер үстіндегі объектiлердi және әуе көлiгiнiң басқа да объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жер, сондай-ақ олардың күзет аймақтары жатады.
Күзет аймақтары жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн алып қоймай белгiленуi мүмкiн.
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 118-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
118-бап. Құбыр көлігінің жерлері
Құбыр көлiгiнiң мұқтаждарына арналған жерлерге су құбырларын, газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырлары мен жербеті және жерасты үйлерiн, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтiп-ұстау, салу, реконструкциялау, жөндеу, кеңейтiп ұлғайту үшiн қажеттi объектiлердi және құбыр көлiгiнiң басқа да объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жерлер жатады.
Аталған жерлерге шекаралары Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттары бар магистральдық құбырлардың күзет аймақтарын қоса алғанда, магистральдық құбырлардың мұқтаждарына арналған жерлер де жатады.
Күзет аймақтары жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн алып қоймай-ақ белгiленуi мүмкiн.
Магистральдық құбырлардың желілік бөлігін орналастыру және пайдалану мақсаттарында жер учаскелерін бөлу қауымдық сервитут қағидалары бойынша (осы Кодекстің 69-бабының 4-тармағы) жүзеге асырылады.
119-бап. Байланыс және энергетика жерi
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.02.07. № 355-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Байланыс, радио хабарларын тарату, теледидар, ақпарат қажеттерiне арналған жерге тиiстi инфрақұрылымдардың объектiлерiн орналастыру, байланыстың кабель, радиореле және әуе желiлерi, соның iшiнде жер астындағы желiлер үшiн бөлiнiп берiлген жер, сондай-ақ олардың күзет аймақтары, ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылыстар және (немесе) тіреуіштер салу үшін бөлініп берілген жер жатады.
Байланыс объектілері үшін белгіленген тәртіппен бекітілген құрылыс нормалары мен қағидалары, байланыс желілерін күзету қағидалары және басқа да нормативтік техникалық құжаттар негізінде байланыс желілерінің күзет аймақтары белгіленуі мүмкін.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Энергетика жерiне:
2009.04.07 № 166-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) су электр станцияларын, атом станцияларын, жылу станцияларын және олардың құрылыстары мен объектілеріне қызмет көрсететін басқа да электр станцияларын, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) электр берудің әуе желiлерiнің тіректерін, электр берудің кабельдік желiлерiнiң жер бетiндегi құрылыстарын, кіші станцияларды, тарату құрылғыларын, энергетиканың басқа да құрылыстары мен объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жер учаскелерi жатады.
Халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және энергетика объектiлерiн пайдалануға жағдай жасау үшiн электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекiткен электр желiлерi объектілерінің күзет аймақтарын және жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгiлеу қағидаларына, жылу желiлерi объектілерінің күзет аймақтарын және жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгiлеу қағидаларына сәйкес жерді пайдаланудың ерекше шарттарымен электр және жылу желілерінің күзет аймақтары белгіленеді.
2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен 119-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
119-1-бап. Ғарыш қызметі мұқтажына арналған жер
1. Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін орналастыру және пайдалану үшін бөлінген жер, сондай-ақ олардың күзет аймақтары ғарыш қызметі мұқтажына арналған жерге жатады.
2. Ғарыш қызметін дамыту үшін жағдайлар жасау мақсатында ғарыш қызметі мұқтажына арналған жерді резервте қалдыру осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
3. Шектерінде аймақтарды белгілеу мақсаттарымен үйлеспейтін қызмет түрлері шектелетін немесе оларға тыйым салынатын тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөлшектер құлайтын аудандарды қоспағанда, халықтың қауіпсіздігін, сондай-ақ жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін сақтауды және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жерді пайдаланудың ерекше шарттарымен күзет аймақтары белгіленеді.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 119-2-баппен толықтырылды
119-2-бап. Арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың жерлері
1. Арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың жерлері тиісті басқарушы компанияларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатына жатпайтын жерлерден уақытша өтеулі жер пайдалануға беріледі, олар өз кезегінде бұл жерлерді Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың қатысушыларына береді.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың қатысушылары Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес алынған жер учаскелерін осы Кодексте көзделген тәртіппен мынадай жағдайларда:
1) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы шартта көзделген міндеттемелерді орындаған жағдайда арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу мерзімі өткеннен кейін;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінде жаңа өнім үшін шикізатты, материалдарды, заттарды, құрамдастарды өңдеуге байланысты өңдеу өнеркәсібі салаларына жататын жобаларды іске асыру кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген барлық объектілер (құрылыстар, құрылысжайлар) пайдалануға берілген кезден бастап үш жыл өткен соң сатып алуға құқылы.
Тиісті объектілерде (құрылыстарда, құрылысжайларда) өнім өндіруді жүзеге асыру осы тармақшаға сәйкес жер учаскесін сатып алудың міндетті шарты болып табылады.
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 84-бабына сәйкес арнайы экономикалық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі үшін мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан мәжбүрлеп иеліктен шығару жолымен мемлекеттік меншікке өткен жер учаскелеріне қатысты қолданылмайды;
2) республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ қатысушысының жобасында көзделген барлық объектілер пайдалануға берілген жағдайда кез келген уақытта сатып алуға құқылы.
Бұл ретте республикалық немесе өңірлік маңызы бар арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушылары осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда жер учаскесін қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалған кезде белгіленген кадастрлық (бағалау) құнына тең баға бойынша сатып алуға құқылы.
Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты тарату кезінде жылжымайтын мүлік объектілерінің және (немесе) олармен байланысты ғимараттардың (құрылысжайлардың) құрылысын аяқтамаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар үш жылдан аспайтын мерзімге өтеулі жер пайдалану құқығын береді.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалар тиісті басқарушы компанияға өтінішхат береді.
Өтінішхатқа:
жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат немесе құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
жылжымайтын мүлік орталығынан жер учаскесіне мәмілелер жасасуға кедергі келтіретін ауыртпалықтардың жоқ екендігі туралы анықтама;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін);
жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (дара кәсіпкерлер үшін) қоса беріледі.
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер учаскелерін алған арнайы экономикалық аймақтың, республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушылары үшін тиісті басқарушы компания берген, қызметін жүзеге асыру туралы шарт және жер учаскесінің схемасы жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар болып табылады.
4. Басқарушы компания барлық қоса берілетін құжаттармен бірге өтінішті жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жібереді, ол осы Кодекстің 47-бабында белгіленген тәртіппен қаралады.
5. Арнайы экономикалық аймақтарды немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтарды орналастыру үшін жер учаскесі елді мекен шегінде берілген жағдайда, мұндай жерлер осы Кодекстің 107-бабына сәйкес айқындалатын коммерциялық аймаққа жатқызылады.
2007 ж. 19 желтоқсандағы № 11-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 120-бап өзгертілді
120-бап. Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждарына арналған жер
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.05. № 337-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Әскери бөлімдерді, әскери полигондарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарын, базалары мен қоймаларын және белгіленген тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар шегіндегі оларға іргелес аумақтарды, әскери оқу орындарын, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының арнаулы (әскери) оқу орындарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының өзге де ұйымдарын, олардың қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы міндеттерді атқаратын объектілері мен құрылыс жайларын орналастыру және олардың тұрақты қызметі үшін берілген жер учаскелері қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер деп танылады.
Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою орталық уәкілетті органмен және тиісті уәкілетті органмен (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен) келісу бойынша жүзеге асырылады.
2. Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждарына байланысты жаттығулар мен басқа да iс-шаралар өткізу үшiн жердi уақытша пайдалану қажет болған жағдайда, жер учаскелерінің меншiк иелерiнен және жердi пайдаланушылардан жер учаскелері алып қойылмайды.
Осы жердi пайдалану iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн, сондай-ақ ерекше шарттармен пайдаланылатын аймақтар үшiн белгiленген тәртiпке орай жүзеге асырылады.
Жер учаскелерiн аталған мақсаттарда пайдалануға рұқсатты облыстық атқарушы орган бередi.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетудi қамтамасыз ету мақсатында инженерлiк-техникалық құрылыстар мен қоршауларды, шекара белгiлерiн, шекарадағы орман жолдарын, коммуникацияларды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өту пункттерiн жайғастыру мен күтiп-ұстау үшiн жер учаскелерi берiледi.
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2020.29.05. № 337-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Аудандық атқарушы органдар тиісті уәкілетті органмен (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен) келісу бойынша, әскери полигондарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарын, базалары мен қоймаларын және белгіленген тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар шегіндегі оларға іргелес аумақтарды орналастыру және олардың тұрақты қызметі үшін берілген жер учаскелерін қоспағанда, қорғаныс мұқтажы үшін берілген жерден жекелеген жер учаскелерін ауыл шаруашылығына пайдалану үшін жеке және заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалануға бере алады.
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 120-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
120-1-бап. Ядролық қауіпсіздік аймағының жері
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі үшін берілген жер ядролық қауіпсіздік аймағының жері деп танылады.
2. Ядролық қауіпсіздік аймағының жерін Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті ұйымға жер пайдалануға беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 121-бап өзгертілді
121-бап. Жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтары
1. Тұрғын халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және өнеркәсiп, көлiк объектiлерi мен өзге де объектiлердi пайдалану үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында аймақтар белгiленедi, аймақтарды белгiлеу мақсаттарына сай келмейтiн қызмет түрлерiне олардың шегiнде шек қойылады немесе тыйым салынады.
2. Жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтарына:
1) өнеркәсiп орындарының санитарлық-қорғау аймақтары;
2) темір жол мен автомобиль жолдарына бөлiнiп берiлген белдеуге iргелес жатқан, сел-көшкiн қаупi бар және орманды қорғау аймақтары;
3) бас саға құрылыстарын қорғау аймақтары;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) әуеайлақ маңындағы аумақ;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) магистральды құбыр жолдарының, байланыс, радио, электр және жылу желiлерiнiң күзет аймақтары;
2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары;
6) су күзету аймақтары;
2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
6-1) тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөлшектер құлайтын аудандарды қоспағанда, жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтары;
2020.29.05. № 337-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) әскери полигондардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арсеналдарының, базалары мен қоймаларының аумақтары және белгіленген тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар шегіндегі оларға іргелес аумақтар;
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) арнаулы мемлекеттік органдардың пайдалануындағы аумақтар;
2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9) тармақша өзгертілді
9) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне іргелес жатқан аумақ жатады.
2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Ерекше шарттармен пайдаланылатын аймақтарға енгiзiлген жер сол жерлерде арнаулы белгiлермен көрсетiледi. Бас саға құрылыстарын күзету аймағының бiрiншi белдеуiн қоспағанда, аталған жерлер жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан алынып қойылмайды.
Осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген аймақтағы жер учаскелері жер учаскелерінің меншік иелерінен, жер пайдаланушылардан алып қойылмайды.
2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген аймақтарды қоспағанда, аталған аймақтардың шекарасы мен олардағы жердi пайдалану режимiн нормаларға және жобалау-техникалық құжаттамаға сәйкес меншiкке немесе жер пайдалануға жердi беру туралы шешiм қабылдаған орган айқындайды.
Осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген аймақтардың шекаралары мен жерлерді пайдалану режимі осы Кодекске және Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің негізгі қоршауынан кемінде елу метр қашықтықта белгіленеді.
13-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер
122-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің, мемлекеттік зоологиялық парктердің, мемлекеттік ботаникалық бақтардың, мемлекеттік дендрологиялық парктер мен мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің жері жатады.
Мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың жер учаскелері жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынбай, басқа санаттардағы жерлер құрамында бөлінеді және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу кезінде ескеріледі.