1) аграрлық бейіндегі немесе өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу жөніндегі мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің болуын;
2) арнайы даярлықтан өткендігін (байқаудан өткізушілер үшін - байқаудан өткізушілер курстары);
3) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханадағы (тұқым сарапшылары үшін) жұмысы немесе тағылымдамасы (кемінде екі ай) туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
2. Байқаудан өткізушілер және (немесе) тұқым сарапшылары мынадай талаптарға сай болуға тиіс:
1) байқаудан өткізушілер үшін:
аграрлық бейіндегі мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;
арнайы даярлығы (байқаудан өткізушілер курстары) туралы құжаттың болуы;
2) тұқым сарапшылары үшін:
аграрлық бейіндегі мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;
тұқым сапасына және екпе материалына сараптама жасау жөнiндегi зертханадағы жұмысы немесе тағылымдамасы (кемінде екі ай) туралы құжаттың болуы.
15-бап. 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16-бап. Тұқым топтарын сату мен тасымалдау
1. Тұқым топтарын сату мен тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тұқым топтарын сатқан және тасымалдаған кезде олар ыдысқа салынған (буып-түйiлген) немесе ыдысқа салынбаған (үйiлген) күйде болуы мүмкiн.
3. Тұқым топтарын ыдысқа салынған (буып-түйiлген) күйiнде сатқан және тасымалдаған кезде олардың ыдыстары мен бумаларында белгiленген нысанда этикетка болуға тиiс.
4. Бiрегей және элиталық тұқымдарды ыдысқа салынған (буып-түйiлген) күйде ғана сату мен тасымалдауға рұқсат етiледi.
5. Тұқымдарды ыдысқа салынбаған (үйiлген) күйiнде сатқан және тасымалдаған кезде осы тұқым топтарына тұқымдардың әрбiр тобы сортының атауы, тұқымдардың өсiрiлген жерi мен сапасы туралы деректер көрсетiлген iлеспе құжаттарды ресiмдеу талап етiледi.
6. Химиялық және биологиялық препараттармен өңделген тұқым топтары ыдысқа салынған (буып-түйiлген) жағдайда болуға тиiс. Осы тұқымдардың ыдыстары мен бумаларында мұндай тұқымдардың ұсталу тәртібін анықтайтын және адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету мүмкiндiгi туралы мәлiметтер қамтылған тиiстi жазбалар болуы керек.
7. Тұқым топтарын сатқан және тасымалдаған кезде ыдыстар мен бумаларда, этикеткаларда және iлеспе құжаттарда сорттың атауы, тұқымдардың өсiрiлген жері мен сапасы туралы шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтер көрсетуге, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында тұқым топтары туралы көрiнеу жалған жарнама таратуға тыйым салынады.
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 17-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
17-бап. Тұқымдардың сақтандыру және өтпелi қорлары
1. 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Сақтық тұқым қорлары ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқым қорлары болып табылады және астық шықпай қалған жағдайда тұқым себудi қамтамасыз ету үшiн оларды ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi дербес қалыптастырады.
4. Өтпелi тұқым қорлары күздiк ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң қорлары болып табылады және оларды ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi дербес қалыптастырады.
18-бап. Тұқымдарды дайындау, өңдеу, сақтау және пайдалану
1. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдарын дайындауды, өңдеудi, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру тәртібін тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
2. Патент иесiнiң ерекше құқық объектiсi болып табылатын тұқымдарды пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен рұқсат етiледi.
19-бап. Тұқым топтарын Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету
1. Тұқым топтарын Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасына әкелінетін және Қазақстан Республикасынан әкетілетін тұқым партияларымен олардың сұрыптық және егістік сапаларын куәландыратын құжаттар бірге жүруге және ол тұқым шаруашылығы саласындағы техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
6. 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. Қазақстан Республикасына әкелiнетiн тұқым топтарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өсiмдiктер карантинi жөніндегі бақылау, фитосанитариялық және тұқымдық сараптама жасалуға тиiс.
20-бап. Тұқым сапасына кепiлдiктер
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тұқым өткізушілер тұқымдардың сорттық және егу сапасы олардың сапасын растайтын iлеспе құжаттарда көрсетiлген мәлiметтерге сәйкестiгiне кепiлдiк бередi.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тұқымдардың сорттық және егу сапасы iлеспе құжаттарда көрсетiлген мәлiметтерге сәйкес келмеген жағдайда тұқым өткізушілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сатып алынған тұқымдарға кепiлдiктер тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде, ұлттық стандарттарда және басқа да нормативтiк құжаттарда белгiленген мерзiм iшiнде қолданылады.
5-тарау. Тұқымның сорттық және егу сапаларын анықтау тәртібі
21-бап. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерi тұқымдарының сорттық сапасын анықтау
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сұрыптық сапаларын анықтау нормативтік құқықтық актілерде, стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес егістерді байқаудан өткізу, жерге егіп бағалау және зертханалық сұрыптық сынақтар арқылы жүргізіледі және аттестатталған тұқым өндірушілер үшін міндетті болып табылады.
2. Тұқымдары тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң сатуына немесе өздерiнiң тұқымдық егiстерiне пайдалануына арналған ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiне мiндеттi түрде байқау өткiзiлуге тиiс.
3. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген сорттарының бiрегей және элиталық тұқымдары жерге егiп бағалануға тиiс.
4. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген сорттарының кейiннен сатылуға арналған элиталық тұқымдары мен бiрiншi көбейтiлген тұқымдары зертханалық сорттық сынақтан өткiзiлуге тиiс.
22-бап. Тұқымдардың егу сапасын анықтау
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Өткізуге және егу үшін пайдаланылуға жататын тұқымдардың егу сапасын айқындау «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен аккредиттелген тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларда тұқымдардың сынамаларын іріктеп алу және оларға кейіннен талдау жасау арқылы жүргізіледі.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Өткізілуге тиiс тұқым топтарынан сынамалар iрiктеп алуды тұқым өндiрушi өкiлiнiң қатысуымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жүргiзедi.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Тек қана егуге арналған тұқымдар топтарынан сынамаларды iрiктеп алуды тұқым өндiрушілердiң өтiнiмi бойынша тұқым сарапшылары және (немесе) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларда тиiстi даярлықтан өткен тұқым өндiрушiлер (олардың өкiлдерi) жүргiзедi.
23-бап. Тұқымдарға құжаттама жасау
1. Тұқымдардың сорттық және егу сапасын куәландыратын тиiстi құжаттарсыз оларды iшкi рынокта, экспорт және импорт кезiнде сатуға, сондай-ақ тұқымдарды егу үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.
2. Сату және тасымалдау кезiнде бiрегей, суперэлиталық және элиталық тұқымдарға - тұқым аттестаты, бiрiншi және одан кейiнгi көбейтiлген тұқымдарға тұқым куәлiгi қоса берiледi.
3. Тұқым шаруашылығы субъектiлерi егу үшiн өзi өсiрген тұқымды пайдаланған жағдайда байқаудан өткізу актiсi мен тұқымдардың кондициялылығы туралы куәлiк не байқаудан өткізу aктici мен тұқымдарға талдау жасау нәтижесi олардың сорттық және егу сапасын растайтын құжаттар болып табылады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар берген, олардың сорттық және егу сапасын растайтын құжаттар (сорттық егiстердi байқаудан өткiзу актiсi, тұқымдардың кондициялығы туралы куәлiк, тұқымдарға талдау жасау нәтижелерi) негiзiнде тұқым өндірушілер тұқым аттестатын немесе тұқым куәлiгін бередi.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 23-1-баппен толықтырылды
23-1-бап. Тұқымдарды кәдеге жарату және жою кезіндегi қауіпсіздіктің жалпы талаптары
1. Тұқымдық сараптау нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалану үшін жарамсыз деп танылған тұқымдар техникалық регламенттерде белгіленген тәртіппен қосымша өңделуге, кәдеге жаратылуға және (немесе) жойылуға тиіс.
Сараптама жүргізуге және оларды одан әрі пайдалану мүмкіндігі немесе жою қажеттігі туралы шешім қабылдауға қажетті кезеңде тұқымдар қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жағдайлар сақтала отырып, жеке үй-жайларда сақталуға тиіс.
2. Мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз тұқымдарды тасымалдауға, сақтауға, сараптауға, пайдалануға немесе жоюға байланысты шығындарды олардың иесі төлейді.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 23-2-баппен толықтырылды
23-2-бап. Тұқымдардың қауіпсіздігі мен сапасы туралы ақпаратқа қойылатын талаптар
Тұқымдардың қауіпсіздігіне және оның өмірлік циклі процестеріне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында тұқым өндірушілер сатып алушыларға және (немесе) тұтынушыларға тұқымдардың қауіпсіздігі мен сапасының көрсеткіштері туралы толық және дәйекті ақпарат беруге міндетті.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен мазмұн 5-1-тараумен толықтырылды
5-1-тарау. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 23-3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 23-3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-3-бап. Сұрыптардың патент қабілеттілігін және шаруашылыққа пайдалылығын сараптау және сынау
Ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарының патент қабілеттілігі және шаруашылыққа пайдалылығы уәкілетті орган бекітетін өсімдіктер тектері мен түрлерінің тізбесіне сәйкес мемлекеттік сынақ және (немесе) өтініш берушінің деректері бойынша бағаланады.
23-4-бап. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағын қаржыландыру көздері
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы бойынша шығыстарды қаржыландыру:
1) бюджет қаражаты;
2) мемлекеттік сорт сынағы саласындағы қызмет көрсетулерге ақы төлеу тәртібімен түсетін қаражат;
3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы нәтижесінде алынған өнімдерді өткізуден түсетін қаражат;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) бiрегей, элиталық тұқымдарға және кейiнгi көбейтiлген тұқымдарға зертханалық сұрыптық сынақтар жүргізу жөніндегі қызметтерге ақы төлеу тәртібімен түсетін қаражат;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрып сынағы саласында баспа өнімдерін және ақпараттық бюллетеньдерді өткізуден түсетін қаражат;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүргізіледі.
6-тарау. Тұқым шаруашылығы саласындағы дауларды шешу және жауапкершілік
24-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезіндегі дауларды шешу
Тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 25-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25-бап. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының