мынадай мазмұндағы 42) және 43) тармақшалармен толықтырылсын:
«42) шартты зейнетақы міндеттемелері - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және өзге де түсімдер есебінен төленетін зейнетақы төлемдері жөніндегі міндеттемелері;
43) шартты зейнетақы шоты - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің келіп түскен міндетті зейнетақы жарналары және өзге де түсімдер туралы мәліметтер, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы мәліметтер ескерілетін, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке тұлғаның атына ашылған шот.»;
ҚР 2015.28.10. № 369-V Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру жөнiндегi мемлекеттiк кепiлдiктер
1. Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтарды 1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген мөлшерiн сақтай отырып, зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, одан кейiнгi кезеңдерде зейнетақы төлемдерi осы Заңның 15-бабының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
19-тармақтың 2) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтары 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
19-тармақтың 2) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтары 2018 жылғы 1 шілдеге дейін 2-баптың редакциясында қолданылады
2. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi:
1) жасына байланысты зейнетақы төлемдері 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған;
2) өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларды, әскери қызметшiлерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiн, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды қоспағанда, осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған жеке тұлғаларға беріледі.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 50 пайызы мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырыла отырып, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін беру кезінде:
1) осы Заңның 13-бабына сәйкес есептелген, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде істеген еңбек өтілі;
19-тармақтың 2) тармақшасының оныншы абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең;
19-тармақтың 2) тармақшасының он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтары 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
19-тармақтың 2) тармақшасының он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтары 2018 жылғы 1 шілдеге дейін 2-баптың редакциясында қолданылады
3) жұмыс iстемейтiн ананың немесе жұмыс істемейтін әкенің (бағып-күтуді ол нақты жүзеге асырған кезде) жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегiнен аспайтын уақыт;
4) 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-күткен уақыт;
5) осы Заңның 64-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдар үшін әскери қызметтегі, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі кезеңдер;
6) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметтері мен халықаралық ұйымдар қызметкерлерi жұбайының (зайыбының) шетелде тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңі;
7) әскери қызметшiлер (мерзiмді қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезең зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есепке жатқызылады.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі бюджет қаражаты есебінен беріледі.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі жасына байланысты және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алуына қарамастан беріледі.»;
3. Ең төмен зейнетақы мөлшері «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады.
4. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жыл сайын жүргізіледі.
5. Мемлекет еңбек сiңiрген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындайтын және (немесе) жүзеге асыратын органдарда осы құқығын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi. Бұл жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметтен босатылған күннен бастап осы баптың 1 және 4-тармақтарының шарттары сақтала отырып жүзеге асырылады.»;
3) 5-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен адамдардың осы Заңның 11-бабының 1-тармағында және 32-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген жасқа толуы кезінде, инфляция деңгейiн ескере отырып, сондай-ақ 31-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында, 32-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.
Мемлекет осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған кезден бастап осы Заңның 11-бабы 1-тармағында белгіленген жасқа толғанға дейінгі кезең ішінде жүзеге асырылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.»;
2-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Зейнетақы активтерінің сақталу кепiлдiгi, сондай-ақ:
19-тармақтың 3) тармақшасының жетінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
19-тармақтың 3) тармақшасының жетінші абзацы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін 2-баптың редакциясында қолданылады
1) міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландыру;»;
4) 6-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекітеді;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) міндетті зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;»;
19-тармақтың 4) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 3-1), 4-1) және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу (есебiне жазу) мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды;»;
«4-1) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;»;
«5-1) әскери қызметшілердің (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларын бекiтедi;»;
6) және 6-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) өндірістердің, жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекітеді;»;
«6-3) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын бекітеді;»;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) 7-бапта:
1), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өндірістердің, жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін әзірлейді;»;
19-тармақтың 5) тармақшасының төртінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«5) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың бірыңғай тiзiмiн қалыптастыру қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
6) міндетті зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді;»;
19-тармақтың 5) тармақшасының алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) және 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу (есебiне жазу) мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртiбi мен мерзiмдерiн әзірлейді;
7-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
7-3) әскери қызметшiлердің (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларын әзірлейді;»;
19-тармақтың 5) тармақшасының оныншы, он бірінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
8) және 9-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Мемлекеттік корпорация арасындағы жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«9-4) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын әзірлейді;»;
19-тармақтың 5) тармақшасының он үшінші және он төртінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 9-7) тармақшамен толықтырылсын:
«9-7) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді алушыларға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
6) 8-бап мынадай мазмұндағы жаңа 1-1), 1-2) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді;
1-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын әзірлейді және бекітеді;»;
«4-1) зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін белгілейді;»;
7) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындау
1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындау:
2001 жылғы 1 шiлдеден бастап - ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.
Бұл ретте әйелдерге Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау:
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа толғанда;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа толғанда;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі.
2. Төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз - 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
1) ерлердің - 50 жасқа толғанда;
2) әйелдердің - 45 жасқа толғанда Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері тағайындалуына құқығы бар.
3. 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
4. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері толық көлемде осы баптың 1 - 3-тармақтарында белгіленген жасқа толғанда, азаматтардың мына санаттарына:
1) ерлерге - 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемiнде жиырма бес жыл еңбек өтілі болған кезде;
2) әйелдерге - 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемiнде жиырма жыл еңбек өтілі болған кезде тағайындалады.
5. Орталықтан төленетін толық емес көлемдегі зейнетақы төлемдері осы баптың 1 - 3-тармақтарында көрсетілген азаматтар санаттарына олардың Орталықтан төленетін зейнетақы төлемін толық көлемде алу құқығы болмаған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілі болған кезде тағайындалады.
6. Орталықтан төленетін толық емес көлемдегi зейнетақы төлемдерi Орталықтан төленетін толық көлемдегі зейнетақы төлемінен 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтіліне пропорционалды түрде есептеледi.
7. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларға Орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалмайды.»;
8) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру кезеңi
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерi өмiр бойына тағайындалады және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен айын қоса алғанда жүзеге асырылады.»;
9) 13-баптың 1-тармағында:
5), 7) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кәсіпкерлік және кірістер әкелетін өзге де қызмет;»;
«7) 16 жасқа дейiнгi мүгедек баланы бағып-күткен уақыт;»;
«13) әскери қызметшiлер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңi;»;
14) және 17) тармақшалар алып тасталсын;
10) 14-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
11) 16-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орталық мемлекеттiк монополияға жататын мынадай қызмет түрлерiн:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, бiржолғы және Орталықтан төленетін өзге де төлемдердi төлеудi ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;
19-тармақтың 12) тармақшасының төртінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
19-тармақтың 12) тармақшасының төртінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтарға дейін 2-баптың редакциясында қолданылады
2) мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың бірыңғай тiзiмiн қалыптастыруды;
3) агент нақты енгiзген мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерiн келесi қаржы жылына инфляцияның болжамды деңгейiн ескере отырып айқындауды;
19-тармақтың 12) тармақшасының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
19-тармақтың 12) тармақшасының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы абзацтары 2018 ж. 1 қаңтарға дейін 2-баптың редакциясында қолданылады
4) мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алуды;
5) мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
6) жеке сәйкестендіру нөмiрi және (немесе) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ және (немесе) деректемелерiнде қателер жiберiлген адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке қайтаруды;
7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға оның өтініші бойынша қайтаруды;
8) Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған және Мемлекеттік корпорациядан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары бойынша және (немесе) олардың өсімпұлдары бойынша агенттердiң төлем құжаттарының тiзiлiмдерін қалыптастыруды және оларды салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ұсынуды;
9) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылар iстерiнiң макетiн қалыптастыруды;
10) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылардың автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды және оларды дербестендiрiлген есепке алуды;
11) агенттермен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы жарналарын және (немесе) олар бойынша өсімпұлдарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасауды;
12) орталық атқарушы органның бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыруды;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, Орталықтың автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорын пайдаланушылар болып табылатын орталық атқарушы және жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің оларға қол жеткізуін ұйымдастыруды;
14) Қазақстан Республикасының зейнетақы жинақтарының құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi заңнамасының талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға Орталықтың қызмет түрлерi бойынша көрсетілетін ақпараттық қызметтер ұсынуды;
15) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын ұйымдастыруды және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
16) бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
19-тармақтың 12) тармақшасының он тоғызыншы абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
17) бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушыларға жұмыс берушінің бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
18) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де қызмет түрлерiн жүзеге асырады.»;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
19-тармақтың 13) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
19-тармақтың 13) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтарға дейін 2-баптың редакциясында қолданылады
«24-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары агенттердің осы Заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша төлеуіне жатады.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден:
1) осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар;
2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар жеке тұлғалар босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;
3) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;