18) 43-1-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары немесе оралмандар болып табылатын дара кәсіпкерлер қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынылған салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару салық органына таратудың салық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында ұсынылған салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын жағдайда, төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Салық органы осы тармаққа сәйкес салық міндеттемесі орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.
Салық органы:
1) осы баптың 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмеген және (немесе) осы баптың 3-тармағының талаптары орындалмаған кезде - қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап үш жүмыс күні ішінде;
2) осы тармақта көзделген талаптар орындалмаған кезде - салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартады және уәкілетті органның интернет-ресурсында ақпаратты орналастырады.»;
6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде - салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару күнінен;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салық органы осы бапқа сәйкес дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылғаннан кейін талап мерзімінің ескіруі ішінде бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, дара кәсіпкер ретінде тіркелу кезеңінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша салық міндеттемелерін есептеуді жеке тұлға оларды төлеу бойынша міндеттемелер туындаған кезде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізеді.»;
19) 63-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«63-бап. Жалпы ережелер
1. Салық есептілігі - салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес салық органдарына ұсынылатын, салық төлеуші туралы, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды есептеу туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.
2. Салық есептілігі салық төлеушінің (салық агентінің) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жасауына және ұсынуына жататын салық декларацияларын, есеп-қисаптарын, оларға қосымшаларды, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер ұсынатын мониторинг бойынша есептілікті, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштерді қамтиды. Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын осы Кодекстің 65 - 67-баптарының ережелерін ескере отырып, уәкілетті орган бекітеді.
3. Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қоспағанда, салық есептілігі мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы есептілік - салық төлеушіні тіркеу есебіне қою жүргізілген және (немесе) тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттеме алғаш туындаған салық кезеңі үшін осы тұлғаның ұсынатын салық есептілігі;
2) кезекті есептілік - салық төлеушіні тіркеу есебіне қою жүргізілген және (немесе) тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттеме алғаш туындаған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін, сондай-ақ салық кезеңі ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда - салық кезеңінің қорытындылары бойынша осы тұлғаның ұсынатын салық есептілігі.
Осы Кодекстің 37-1-тарауының мақсаттарына орай тауарларды импорттаған тұлға осындай тауарлар есепке қабылданған салық кезеңі үшін ұсынатын салық есептілігі импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі кезекті декларация болып табылады;
3) қосымша есептілік - өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын салық кезеңі үшін бұрын ұсынылған салық есептілігіне тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде осы тұлға ұсынатын салық есептілігі;
4) хабарлама бойынша қосымша есептілік - салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған салық кезеңі үшін бұрын ұсынылған салық есептілігіне тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде осы тұлға ұсынатын салық есептілігі;
5) тарату есептілігі - салық төлеуші қызметін тоқтатқан немесе қайта ұйымдастырылған кезде тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, сондай-ақ тіркелу есебінен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша осы тұлға ұсынатын салық есептілігі.»;
20) 67-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы, 1) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық агенттері, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер және Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес (оңайлатылған декларация және патент негізінде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда) әлеуметтік аударымдарды төлеушілер үшін Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларация:
1) жеке тұлғалардың өздерінен жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есептелетін және ұсталатын, оның ішінде өзінің пайдасына есептелетін, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептелетін, оның ішінде өзінің пайдасына есептелетін табыстары;»;
«4) есептелген салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың сомасы туралы ақпаратты көрсетуге арналған.»;
3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өздерінен жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есептелетін және ұсталатын, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептелетін табыстары;»;
«3) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сәйкес есептелген және бюджетке төленуге жататын салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың сомасы туралы ақпаратты көрсетуге арналған.»;
21) 69-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жою әдісімен салық есептілігін кері қайтарып алу кезінде тіркеу есебінің орны бойынша салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарында кері қайтарып алынатын салық есептілігі бойынша салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген (азайтылған) сомаларына түзету жасауды жүзеге асырады.»;
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде - тексерілетін салық кезеңінің;»;
22) 70-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұсынылу мерзімі міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы заңнамасына сәйкес салық міндеттемелерін орындау кезінде қолданылатын сәйкестендіру нөмірлерін енгізудің алдындағы күнге сәйкес келетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде салық төлеушінің тіркелу нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымша салық есептілігін ұсынған кезде салық төлеуші (салық агенті) немесе осы Кодекстің 586, 587-баптарына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы анықтаған салықтың, басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың сомалары салық төлеушiнi (салық агентiн) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартпай бюджетке енгізілуге жатады.»;
5-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде (ұзартуды және тоқтата тұруды ескере отырып) - тексерілетін салық кезеңінің;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында көрсетілген салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде - шағым жасалатын салық кезеңінің;»;
23) 72-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салықтардың өзге де түрлері, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша - декларацияны және (немесе) есеп-қисапты ұсыну үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу мерзімін өзгертпейді.»;
24) 73-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салық кезеңінің басынан бастап салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру күніне дейін салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша салық есептілігін ұсынады. Егер кезекті салық есептілігін ұсыну мерзімі салықтық өтініш ұсынылғаннан кейін басталатын жағдайда, осындай кезекті салық есептілігін ұсыну салықтық өтініш ұсынылатын күнге дейін жүргізіледі;»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салық төлеушіде (салық агентінде) өтініш берілген күні салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған;»;
25) 74-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Салық есептiлiгiн ұсынуды тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешiм өтініш берілген күні салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған немесе салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық есептілігін ұсынбаған жағдайларда қабылданады.»;
26) 77-баптың 4-1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстарын, осындай табыстар бойынша салық міндеттемелерін, барлық салықтар мен аударымдарды қоса алғанда міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды есепке алу жөніндегі міндеттемелерді есепке алу бойынша;»;
27) 155-баптың 3-тармағында:
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды уақтылы ұстамағаны (есебіне жазбағаны) және (немесе) аудармағаны үшiн есебіне жазылған өсiмпұл сомалары;»;
мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:
«31-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;»;
28) 250-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тарту, зейнетақы активтерінен алынған инвестициялық табысты бөлу мен есепке жатқызу бойынша көрсетілетін қызметтер;»;
29) 426-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Патент - жеке табыс салығын (төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда), әлеуметтік салықты, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу фактісін растайтын электрондық құжат.»;
30) 432-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Патент құнына жеке табыс салығының (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа), әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың төленуге жататын сомалары қосылады.»;
үшінші бөліктегі «міндетті зейнетақы жарналары мен» деген сөздер «міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 437-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетіледі.»;
32) 438-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«438-бап. Салықтардың жекелеген түрлерiн, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу ерекшелiктерi
Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы, әлеуметтік аударымдар сомаларын төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25 күнінен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.»;
33) 446-баптың тақырыбы және 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«446-бап. Салықтардың жекелеген түрлерiн және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, әлеуметтік аударымдарды төлеу және міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімдері
1. Бірыңғай жер салығын, әлеуметтік салықты, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер бетіндегі су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын аудару мынадай тәртіппен:»;
34) 447-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда бірыңғай жер салығының, әлеуметтік салықтың, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, жер бетіндегі су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетіледі.»;
35) 556-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;»;
36) 557-баптың 3-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) Қазақстан Республикасының заңнамасында салық құпиясын құрайтын салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер ұсыну көзделген мемлекеттік органдарға және (немесе) тұлғаларға береді;»;
37) 581-баптың бірінші бөлігінде:
3) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға арналған төлем құжаттарын қабылдау кезінде сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларына және уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес сәйкестендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті.»;
7) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтiк аударымдардың сомаларын:»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) осы Кодексте көзделген жағдайларда, салық органының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарындағы (корреспонденттік шоттарын қоспағанда) салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу жөніндегі операциялардан басқа барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға;»;
38) 83-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«83-тарау. Салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу»;
39) 588-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«588-бап. Жалпы ережелер
1. Салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алуды салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотын жүргізу арқылы жүзеге асырады.
2. Салық органдарының салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотын жүргізуі:
жеке шотты ашуды;
кейіннен дербес шотта салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген, есепке жазылған, азайтылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын көрсетуді;
жеке шотты жабуды қамтиды.
Жеке шотты жүргізу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Міндеттемелерді ұлғайтуды немесе азайтуды қоса алғанда:
1) салық төлеуші (салық агенті) - салық есептілігінде;
2) салық органдары - уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша;
3) уәкілетті мемлекеттік органдар осы Кодексте көзделген негіздер бойынша есептеген сома салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген, азайтылған сомасы болып табылады.
Осы тараудың мақсаты үшін есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуі де азайтылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.
4. Міндеттемелерді ұлғайтуды немесе азайтуды қоса алғанда, салық органы:
1) салықтық тексерудің нәтижелері бойынша;