2. Кеден қоймасында экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған кеден одағының тауарларын алты ай ішінде сақтауға жол беріледі.
3. Кеден қоймасының қызмет етуі тоқтатылған жағдайда, кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы қойманың қызмет етуін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде басқа кеден қоймасына ауыстырылуы не осы Кодекске сәйкес өзге кедендік рәсіммен орналастырылуға тиіс.
60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттер жасалмаған кезде осы Кодекстің 21-тарауына сәйкес тауарларды кеден органдары ұстайды.
235-бап. Кеден қоймасында сақталу кезеңінде жарамсыз болған, бүлінген немесе зақымданған тауарларды өзге кедендік рәсіммен орналастыру
Кеден қоймасында сақталу кезеңінде ырық бермес күш әсерінің салдарынан жарамсыз болған, бүлінген немесе зақымданған тауарлар жарамсыз, бүлінген немесе зақымданған күйінде әкелінгендей болғанда, декларант таңдап алған кедендік рәсіммен орналастырылуға жатады.
236-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау
1. Кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы тауарлардың кеден қоймасында сақталу мерзімі өткенге дейін тауарларды өзге кедендік рәсіммен орналастырумен аяқталады.
Кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар өзге кедендік рәсіммен толық немесе ішінара орналастырылуы мүмкін.
2. Тауарларды өзге кедендік рәсіммен орналастырғаннан кейін бұл тауарлар оларды өзге кедендік рәсіммен орналастырған күннен кейінгі күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде әкетілуге жатады.
237-бап. Кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі
1. Кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет:
1) декларантта кеден органының кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап;
2) кеден қоймасының иесінде - тауарларды кеден қоймасына орналастырған кезден бастап туындайды.
2. Кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет:
1) декларантта - тауарларды кеден қоймасына орналастыру кезінде не егер, тауарларды сақтау кеден қоймасында жүзеге асырылмаса, тауарларды өзге кедендік рәсіммен орналастыру кезінде;
2) кеден қоймасының иесінде - оларды өзге кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты тауарларды кеден қоймасынан беру кезінде;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақтарында көрсетілген тұлғаларда - тауарлар осы Кодекстің 21-тарауына сәйкес ұсталғанда, сондай-ақ осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
3. Әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі:
1) декларантта:
авария немесе дүлей күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, оларды кеден қоймасына орналастырғанға дейін тауарларды жоғалтқан жағдайда, - мұндай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күні;
авария немесе дүлей күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, егер тауарларды сақтау кеден қоймасында жүзеге асырылмаса, тауарларды өзге кедендік рәсіммен орналастырғанға дейін жоғалтқан немесе өзге тұлғаға берген жағдайда, - мұндай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастыру үшін үсынылған кедендік декларацияны тіркеген күні;
2) кеден қоймасының иесінде:
авария немесе дүлей күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, тауарларды жоғалтқан жағдайда, - тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - тауарлардың кеден қоймасына орналастырылған күні;
мұндай тауарларға қатысты олардың кедендік рәсіммен орналастырылуын растайтын құжаттарды ұсынбастан тауарларды кеден қоймасынан берген жағдайда, - беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, -тауарлардың кеден қоймасына орналастырылған күні болып саналады.
4. Кедендік әкелу баждарын, салықтар тарифтік артықшылықтарды және кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді ескерместен, тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын, кеден органының тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеу күніне есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.
238-бап. Оларды кеден қоймасында сақтағаннан кейін тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік баждарды, салықтарды есептеу ерекшеліктері
Тауарларды кеден қоймасында сақтағаннан кейін оларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезде осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаты үшін тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың табиғи көріністегі (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы) физикалық сипаттамасы кеден органының тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күніне оларды осы күні кеден одағының кедендік аумағына әкелгендей айқындалады.
34-тарау. Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімі
239-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімінің мазмұны
1. Кедендік аумақта қайта өңдеу - шетелдік тауарлар әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босатыла отырып және кейін қайта өңдеу өнімдерінің кеден одағының аумағынан тысқары әкетілумен тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан, белгіленген мерзімде кеден одағының кедендік аумағында қайта өңдеу бойынша операциялар жасау мақсаты үшін пайдаланылатын кездегі кедендік рәсім.
2. Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар шетелдік тауарлардың мәртебесін сақтайды, ал тауарларды қайта өңдеу бойынша операция нәтижесінде алынған тауарлар шетелдік тауарлардың мәртебесін алады.
3. Шетелдік тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау кезінде кеден одағының тауарларын пайдалануға жол беріледі.
240-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
1. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік. рәсімімен орналастыруға:
1) кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген және осы Кодекстің 244-бабымен айқындалған мәліметтерді қамтыған тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың ұсынылуы;
Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру мақсаты оларды жөндеу болып табылса, осы тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген құжат ретінде декларант кедендік декларацияны пайдалануға құқылы;
2) осы Кодекстің 248-бабына сәйкес балама тауарлармен ауыстыру жағдайын қоспағанда, кеден органдарының шетелдік тауарларды олардың қайта өңделу өнімдерінде сәйкестендіруі шартымен жол беріледі.
241-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу жөніндегі операциялар
1. Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімінде тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар:
1) ол кезінде шетелдік тауарлар өздерінің жеке сипаттамалары жоғалтатын тауарларды қайта өңдеуді және өңдеуді;
2) монтаждауды, жинақтауды, бөлшектеуді және шақтауды қосқанда, тауарларды дайындауды;
3) оны қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерді ауыстыруды қосқанда, тауарды жөндеуді;
4) егер бұл тауарлар толық немесе ішінара қайта өңдеу процесінде пайдаланылса да, қайта өңдеу өнімдерінің өндірісіне жәрдем беретін немесе оны жеңілдететін тауарлардың шикізаты ретінде пайдалануды қамтиды. Бұл операция осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген операциялардың бірімен бір мезгілде жасалуға тиіс.
2. Тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларға:
1) оларды сатуға және тасымалдауға дайындау кезінде тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша операциялар;
2) төл алу, жануарларды, құжаттарды, балықтарды өсіру және бордақылау, сондай-ақ шаян тәрізділер мен моллюскаларды өсіру;
3) ағаштар мен өсімдіктерді өсіру;
4) ақпаратты, дыбыс- және бейне жазбаларды ақпарат тасымалдағыштарының кез келген түрлеріне көшіру және көбейту;
5) шетелдік тауарларды технологиялық процесте көмекші құралдар ретінде (жабдықтар, станоктар, тетіктер және басқалар) пайдалану жатпайды.
242-бап. Шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдеріндегі сәйкестендіру
Шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру мақсатында мынадай тәсілдер пайдаланылуы мүмкін:
1) декларанттың, қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлғаның немесе кеден органдары лауазымды тұлғаларының бастапқы шетелдік тауарларға арналған құжаттарға мөрлерді, мөртаңбаларды, сандық және басқа да таңбалауды қоюы;
2) шетелдік тауарлар масштабында егжей-тегжейлі сипаттау, суретке түсіру, бейнелеу;
3) шетелдік тауарлардың және оларды қайта өңдеу өнімдерінің алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін салыстыру;
4) тауарларда бар маркалауды, соның ішінде сериялық нөмірлер түрінде пайдалану;
5) тауарлар сипатының және тауарларды қайта өңдеу бойынша жасалатын операциялардың негізінде, соның ішінде тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияны жасаудың технологиялық процесінде шетелдік тауарларды пайдалану туралы, сондай-ақ қайта өңдеу өнімдері өндірісінің технологиясы туралы ұсынылған егжей-тегжейлі мәліметтерді зерттеу жолымен немесе тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау уақытында кедендік бақылауды жүзеге асыру жолымен қолданылуы мүмкін өзге де тәсілдер.
243-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу мерзімі
1. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу мерзімі үш жылдан аспауға тиіс.
Тауарларды қайта өңдеу мерзімінің етуі оларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру күнінен, ал тауарларды жекелеген партиялармен (бірнеше партия) кедендік декларациялау кезінде - осы кедендік рәсіммен тауарлардың бірінші партиясын орналастыру күнінен басталады.
Кеден одағы комиссиясының шешімімен тауарлардың жекелеген санаттары үшін тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің неғұрлым ұзақ мерзімі айқындалуы мүмкін.
2. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің мерзімі:
1) тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің ұзақтығын;
2) қайта өңдеу өнімдерін іс жүзінде әкету үшін және шетелдік тауарлардың артық қалдықтарына және қалдықтарына билік етумен байланысты кедендік операцияларды жасау үшін қажетті уақытты;
3. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу мерзімі осы баптың 1-тармағымен белгіленген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.
4. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу мерзімін белгілеу және ұзарту тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
244-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжат
1. Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы беретін тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжатты аумағында осы құжат берілетін кеден одағына мүше мемлекеттің кез келген, соның ішінде тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды тікелей жасамайтын тұлғасы алуы мүмкін.
2. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжат:
1) құжат берілген тұлға;
2) қайта өңдеу операцияларын тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар);
3) шетелдік тауарлардың және оларды қайта өңдеу өнімдерінің атауы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жіктемесі, олардың мөлшері мен құны;
4) сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжаттар не сыртқы экономикалық мәміле шеңберінде тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар;
5) қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормалары;
6) тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар, оларды жасау тәсілдері;
7) тауарларды сәйкестендіру тәсілдері;
8) қалдықтар мен артық қалдықтардың атауы, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жіктелуі, олардың мөлшері мен құны;
9) тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу мерзімі;
10) егер мұндай ауыстыруға жол берілсе, балама тауарлармен ауыстыру;
11) қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдаланудың мүмкіндіктері;
12) тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын кеден органы (кеден органдары) туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
3. Егер бұл кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленсе, тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің шарттары туралы құжат өзге да мәліметтерді қамтуы мүмкін.
4. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру, оған өзгерістер немесе толықтыруларды енгізу, сондай-ақ оны қайтарып алу (жою) нысаны мен тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
5.Шетелдік тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне сәйкес шығаруды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжатты уәкілетті органы берген кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асырады.
245-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормалары
1. Қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасы деп шетелдік тауарлардың белгілі бір мөлшерін қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің мөлшері немесе проценттік құрамы түсініледі.
2. Егер кедендік аумақта қайта өңдеу бойынша операциялар сипаттамалары негізінен тұрақты болып қалатын және әдетте анық белгіленген техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын және қайта өңдеудің өзгермеген сападағы өнімдерін алуға әкелетін тауарларға қатысты жасалса, кеден одағына мүше мемлекеттердің құзыретті органдары қайта өңдеу өнімдерінің стандартты шығарылу нормаларын белгілеуі мүмкін.
246-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған артық қалдықтар және өндірістік шығасылар
1. Шетелдік тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған артық қалдықтар, көрсетілген артық қалдықтар оларды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз күйге қайта өңделген жағдайды қоспағанда, өзге кедендік рәсіммен орналастыруға жатады.
2. Кеден мақсаты үшін көрсетілген артық қалдықтар кеден одағының кедендік аумағына осы күйінде әкелінген тауарлар ретінде қаралады.
Қалдықтардың кедендік құнын айқындау ерекшеліктері Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.
3. Қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау нәтижесінде пайда болатын және (немесе) біржола жоғалатын өндірістік шығындар өзге кедендік рәсіммен орналастырылуға жатпайды.
247-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың қалдықтары
Шығарылу нормаларына сәйкес қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған тауарлардың қалдықтары өзге кедендік рәсіммен орналастырылуға жатады.
248-бап. Балама тауарлармен ауыстыру
1. Кеден органының рұқсатымен кедендік аумақта қайта. өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға жол беріледі.
2. Балама тауарлар деп өзінің сипаты, сапасы және техникалық сипаттамалары бойынша шетелдік тауарлармен сәйкес келетін кеден одағының тауарлары түсініледі.
Кедендік экспорт рәсіміне сәйкес бұрын әкетілген тауарлардың құрамына кірген ақаулы түрдегі бөлшектерді, тораптарды, агрегаттарды кепілдікті жөндеу үшін әкелген жағдайда, кеден одағының өздерінің сипаты, сапасы мен техникалық сипаттамалары бойынша әкелінген тауарлармен сәйкес келетін тауарлары олардың жөнделген және (немесе) тозған жай-күйін ескерместен, баламалы тауарлар ретінде қаралады.
3. Балама тауарларды қайта өңдеу нәтижесінде алынған тауарлар осы тараудың ережелеріне сәйкес шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдері ретінде қаралады.
4. Балама тауарлар шетелдік тауарлардың мәртебесін алады, сондай-ақ олармен ауыстырылған тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесін алады.
5. Егер шетелдік тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға рұқсат етілсе, балама тауарлардан алынған қайта өңдеу өнімдерін әкетуге шетелдік тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелгенге дейін жол беріледі. Бұл ретте мұндай ауыстыру тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
249-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау
1. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін қайта өңдеу өнімдерінің, қайта өңдеу бойынша операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарлардың, қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен артық қалдықтардың осы Кодекспен көзделген тәртіпте және шарттарда кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылуымен аяқталады.
Кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған қайта өңдеу өнімдерін, шетелдік тауарларды, қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен тұқылдарды осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне немесе кедендік транзит рәсімін қоспағанда, өзге кедендік рәсімге орналастыру арқылы аяқталуы мүмкін. Бұл ретте қайта өңдеу өнімдеріне қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.
2. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімінің қолданылуы (тауарларды қайта өңдеу мерзімінің өтуі) қайта өңдеу өнімдерін кедендік қойманың немесе уақытша әкелудің кедендік рәсімдерімен орналастырған жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкін. Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтата тұру және қайта жаңғырту тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
3. Қайта өңдеу өнімдері кері экспорттың кедендік рәсімімен және (немесе) өзге де кедендік рәсімдермен бір немесе бірнеше партиялармен (жөнелтілімдермен) орналастырылуы мүмкін.
Бұл ретте қайта өңдеу өнімдеріне қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.
250-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі
1. Декларантта кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет кеден органының кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.
2. Декларантта кедендік кедендік аумақта қайта өңдеудің рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет:
1) осы рәсімнің қолданылу уақытында әкелімдік кедендік баждарды салықтарды төлеу мерзімі келген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 243-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленген тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімі аяқталған кезде;
2) осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі:
1) шетелдік тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжат берілген тұлға болып табылмайтын және (немесе) қайта өңдеу бойынша операцияларды кеден органдарының рұқсатынсыз тікелей жүзеге асыратын тұлға болып табылмайтын тұлғаға берген кезде - тауарлардың берілген күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күні;
2) авария немесе дүлей күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, - тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күні;
3) осы Кодекстің 243-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленген тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімі аяқталмаған кезде - тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткен күн болып саналады.
4. Кедендік әкелу баждар, салықтар тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер ескерілместен, төленуге жататын, кеден органының тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеу күніне есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.
5. Кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған қайта өңдеу өнімдерін кеден одағының кедендік аумағынан әкетпеген кезде осы Кодекстің 300-бабының 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес төленуге жататын әкелімдік кедендік баждардың, салықтардың сомасынан осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлға көрсетілген сомаға қатысты әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімін ұзарту берілгендей, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпте проценттерді төлейді.
Проценттер кеден органының тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күнінен бастап кеден органының тауарларды кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күніне дейін есептеледі.
251-бап. Шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері
1. Тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік аумақта қайта өңдеудің рәсімімен орналастырылған және олардың шығарылу нормаларына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін дайындау үшін пайдаланылған шетелдік тауарларға қатысты есептелген кеден әкелу баждарының, салықтардың сомалары төленеді.
2. Қайта өңдеу өнімдерін және (немесе) қайта өңдеу бойынша операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде әкелімдік кедендік баждардың, салықтардың ставкалары, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталар бағамы кеден органының тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күніне айқындалады.
3. Қайта өңдеу өнімдерін және (немесе) қайта өңдеу бойынша операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасынан кеден органының тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны ұсынған күнінен бастап осы сомаға қатысты оларды төлеу мерзімін ұзарту берілгендей, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген проценттер төленеді.
35-тарау. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімі
252-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің мазмұны
1. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу - кейін қайта өңдеу өнімдері кеден одағының кедендік аумағында әкеліне отырып, кеден одағының тауарлары кеден одағының кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау мақсатымен кедендік баждарды, салықтарды төлеуден шартты түрде босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шараларын қолданылмастан белгіленген мерзімде кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін кездегі кедендік рәсім.
2. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған және кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесін жоғалтады.
253-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
1. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыруға:
1) кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген және осы Кодекстің 257-бабымен айқындалған мәліметтер бар тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың ұсынылуы шартымен жол беріледі.
Егер тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу рәсімімен орналастыру мақсаты оларды жөндеу болып табылса, осы тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген құжат ретінде кедендік декларация пайдаланылуы мүмкін;