18-бап. Масс-медиа саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жастар ұйымдарымен масс-медиа мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
3) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастырады;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органы өз құзыреті шегінде:
1) жылына кемінде бір рет жергілікті атқарушы органдар басшыларының мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы туралы есептерін тыңдайды;
2) әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестердің қызметіне қатысады;
3) жылына кемінде бір рет мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу мәселелері бойынша жария тыңдаулар өткізеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
2) мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың өзекті проблемаларын анықтау және шешу, тиімділігін арттыру үшін жастардың қажеттіліктеріне мониторинг және бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді;
3) уақытша бос жүрген жастар үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді, сондай-ақ біліктілікті арттыруды қамтамасыз етеді;
4) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатының іске асырылуын қамтамасыз етеді, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастырады;
5) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдеседі;
6) жастар ресурстық орталықтарын құрады, олардың қызметін қамтамасыз етеді және үйлестіреді;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6-1), 6-2), 6-3), 6-4) және 6-5) тармақшалармен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) мемлекеттік жастар саясаты, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша және конфессияаралық келісім мен діни толеранттылықты нығайту бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
6-2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
6-3) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады;
6-4) талантты жастарды және перспективалы жастар шығармашылық ұжымдарын іздеуге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
6-5) жастар арасында конфессияаралық келісім мен діни толеранттылықты нығайту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады;
7) жастардың өңірлік форумын өткізуді қамтамасыз етеді;
8) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық толеранттылықты нығайту жөнінде шаралар қолданады;
9) жастар еңбек жасақтарын құрады, ұйымдастырады, қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізеді;
10) жастардың даму индексін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің даму басымдықтарын ескере отырып, жастарға арналған сатып алу және (немесе) жекешелендіру құқығынсыз жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үй беру жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және бюджет есебінен іске асырады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесінде жүзеге асырады.
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
2) мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың өзекті проблемаларын анықтау және шешу, тиімділігін арттыру үшін жастардың қажеттіліктеріне мониторинг және бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді;
3) уақытша бос жүрген жастар үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді, сондай-ақ біліктілікті арттыруды қамтамасыз етеді;
4) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатының іске асырылуын қамтамасыз етеді, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастырады;
5) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдеседі;
6) жастар ресурстық орталықтарын құрады, олардың қызметін қамтамасыз етеді және үйлестіреді;
7) жастардың өңірлік форумын өткізуді қамтамасыз етеді;
8) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық толеранттылықты нығайту жөнінде шаралар қолданады;
9) жастар еңбек жасақтарын құрады, ұйымдастырады, қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізеді;
10) жастардың даму индексін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесінде жүзеге асырады.
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ
20-бап. Республикалық және өңірлік жастар форумдары
1. Жастар форумы республикалық және өңірлік деңгейлерде өткізіледі.
2. Республикалық жастар форумы:
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) орталық, жергілікті атқарушыоргандар мен жастар, жастар ұйымдары арасындағы диалог пен өзара іс-қимылды;
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауды;
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3) мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар тұжырымдауды қамтамасыз етеді.
3. Республикалық жастар форумында «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасы талқыланады, орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептері тыңдалады, оның қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізіледі.
4. Өңірлік жастар форумы:
1) жергілікті атқарушы органдар мен жастар, жастар ұйымдары арасындағы диалог пен өзара іс-қимылды;
2) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауды;
3) мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар тұжырымдауды қамтамасыз етеді.
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
20-1-бап. Жастардың даму индексі
Қазақстан Республикасында Жастардың даму индексі Жастардың жаһандық даму индексін ұлттық өзіндік ерекшелікке бейімдеу, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бөлігінде мемлекеттік органдардың тиімділігін рейтингтік бағалау мақсатында іске асырылады.
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 20-2-баппен толықтырылды (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
20-2-бап. Уақытша бос жүрген жастар
1. Мемлекет жастарды қолдау және дамыту мақсатында уақытша бос жүрген жастар санын азайту жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
2. Уәкілетті орган мемлекеттік органдардың уақытша бос жүрген жастар санын азайтуға бағытталған іс-шаралар жөніндегі қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады.
21-бап. Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы консультативтік-кеңесші органдар
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оның өкілеттіктерін, қызметін ұйымдастыру және оның тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
2. Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатын және өз қызметін мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдау мақсатында жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.
3. 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Орталық атқарушы органдарда үкіметтік емес ұйымдармен, оның ішінде жастар ұйымдарын тарта отырып, өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтастық жөніндегі кеңестер құрылуы мүмкін.
22-бап. Жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым
1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
2. Жастар ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды және өздерінің жарғылық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті өзге де мүлікті өтеусіз пайдалануға алуы мүмкін.
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23-бап. Жастар ресурстық орталықтары
1. Жастар ресурстық орталықтары жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету мақсатында құрылады.
2. Жастардың қажеттіліктері мен мүдделері негізінде жастар ресурстық орталықтары жастарға арналған әлеуметтік қызметтер көрсетеді.
3. Жастар ресурстық орталықтарының жұмыскерлері жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларына сай келуге тиіс.
4. Жастар ресурстық орталықтары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен бірлесіп репродуктивтік денсаулықты сақтау және отбасын жоспарлау, ойынқұмарлықтың (лудоманияның) қауіптілігі мәселелері бойынша жастармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын, консультативтік жұмысты жүзеге асырады.
5. Жастар ресурстық орталықтары жастар еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастырады.
6. Жастар ресурстық орталықтарының көрсетілетін қызметтері тегін ұсынылады.
24-бап. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы
1. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды ғылыми қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылады.
2. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ғылыми зерттеулер жүргізеді және мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
3. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының қызметін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
25-бап. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер
1. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер өз қызметін жастардың зияткерлік, рухани, дене бiтiмiнің, шығармашылық тұрғысынан дамуы, кәсiби даярлығы және кәсіпкерлік әлеуетін іске асыру үшін жағдайлар жасау мақсатында жүзеге асырады.
2. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер қызметінің негізгі бағыттары:
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж, арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған, алкоголизмнен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан емдеуден өткен жастарға, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар қатарындағы жастарға психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтік, заң көмегін және консультация беруді жүзеге асыру;
2) жастардың құқыққа қарсы әрекеттерінің профилактикасы;
3) тұрғылықты жері бойынша жастардың бос уақытын ұйымдастыру;
4) жастардың кәсiпкерлiк қызметiн қолдау мен дамыту;
5) жастардың өзiн-өзi басқаруын дамытуға жәрдемдесу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар болып табылады.
26-бап. Халықаралық ынтымақтастық
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының негізінде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мемлекеттік жастар саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа:
1) жастар мен жастар ұйымдарын Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың қызметіне тарту;
2) тәжірибе алмасуға, достық және іскерлік қарым-қатынастарды дамытуға ықпал ететін іс-шараларды ұйымдастыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-шараларды ұйымдастыру арқылы жәрдем көрсетеді.
27-бап. Мемлекеттік жастар саясатын қаржылық қамтамасыз ету
Мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
4-тарау. ЖАСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУҒА ҚАТЫСУЫ
28-бап. Жастар ұйымдары
1. Жастар ұйымы үкіметтік емес ұйым болып табылады, оның қызметі жастарды дамытуға, олардың өзін-өзі көрсетуіне, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ жастардың әлеуметтік, мәдени, білім алу, рухани және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады, жастар өкілдері оның мүшелері (қатысушылары) болып табылады.
2. Жастар ұйымдары:
1) мемлекеттік жастар саясатының өзекті мәселелерін талқылауға;
2) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметіне;
3) республикалық және өңірлік жастар форумдарының жұмысына;
4) жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметіне қатысуға құқылы.
29-бап. Жастардың волонтерлік қызметі
1. Жастардың волонтерлік қызметі жеке және заңды тұлғалардың мүдделерінде өтеусіз негізде жүзеге асырылатын ерікті, қоғамға пайдалы қызмет болып табылады.
2. Жастардың волонтерлік қызметі саяси партияларды және діни бірлестіктерді қолдауға бағытталмауға тиіс.
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Жастардың волонтерлік қызметін қолдау шаралары «Волонтерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
30-бап. Жастардың өзін-өзі басқаруы
1. Жастардың өзін-өзі басқаруы тұлғалық және кәсіби өсу, қоғамда ойдағыдай әлеуметтену, өзінің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдайлар жасау жөніндегі жастар қызметін ұйымдастыру нысаны болып табылады.
2. Жастардың өзін-өзі басқару органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес негізгі орта, орта (жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру), орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында және еңбек ұжымдарында құрылуы мүмкін.
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртiбi
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 95-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы ақпанның 9-ы.
№ 285-V