ҚР 03.07.03 ж. № 463-II Заңымен 8-1-баппен толықтырылды; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңымен 8-1-бап өзгертілді
8-1-бап. Карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтер (улы химикаттар) қоры
1. Карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтер (улы химикаттар) қоры дегеніміз пестицидтердің (улы химикаттардың) ұдайы жаңартылып отыратын белгілі бір көлемі және ол уәкілетті органның қарауындағы (билігіндегі) мемлекеттік меншік болып табылады.
2. Пестицидтер (улы химикаттар) қоры карантиндік объектілердің анықталған таралу ошақтарын оқшаулауға және жоюға арналады және бюджет қаражаты есебiнен сатып алынатын пестицидтер (улы химикаттар) көлемiнен қалыптастырылады .
3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Қызметі карантинге жатқызылған өнімдермен байланысты тұлғалардың міндеттері
Қызметi карантинге жатқызылған өнiмдi өндiруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдау мен өткізуге байланысты мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар:
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын және уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі тиісті іс-шараларды жүргізу туралы нұсқамаларын сақтауға және орындауға;
2) Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың талап етуi бойынша карантинге жатқызылған өнiм мен карантиндi объектiлердiң бар екендiгi туралы мәлiметтердi табыс етуге;
3) егiстiктi, аумақты, карантинге жатқызылған өнiм сақталатын қоймаларды жүйелi тексерiп отыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ карантинге жатқызылған қолда бар өнiмдi тексеру және сараптамадан өткізу үшiн ұсынуға;
4) карантиндi объектiлер анықталған жағдайда уәкілетті органды дереу хабардар етуге мiндеттi.
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен 9-1-баппен толықтырылды; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңымен 9-1-бап өзгертілді. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 9-1-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-1-бап өзгертілді
9-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары:
1) карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат береді;
1-1) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері - жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастырады;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) уәкілетті органның ұсынуы бойынша тиісті аумақтарда карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдайды;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 9-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-2-бап. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
1. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді; 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-бап. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде өсімдіктер карантині жөніндегі қадағалауды жүргізу үшін кеден органдарына өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар іссапарға жіберіледі.
Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде осы Заңның 7-бабы 1-тармағының 16) және 19) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын өсімдіктер карантині жөніндегі бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдарына іссапарға жіберілген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілерді әкелудің алдын алу, олардың таралу қаупі бар ошақтарын уақтылы анықтау, оқшаулау және жою мақсатында карантинге жатқызылған өнімдерді тұрақты карантиндік тексеруді, үлгілерін іріктей отырып, оның зертханалық сараптамасын, іріктеу арқылы қадағалау тексерулерін жүргізу, карантин құжаттарын қарау және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалуына қадағалауды жүзеге асыру өсімдік және азық-түлік ресурстарын қорғауға, карантинді объектілерге қарсы күреске арналған бюджет қаражатының болжанбаған шығындарына жол бермеуге, сондай-ақ отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалау мен карантиндік шараларды жүргізу адамдардың өсімдіктер карантині бойынша қадағалау объектілеріне жатқызылған мүлкін сақтауға бағытталған.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңымен 11-бап өзгертілді; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1. Ведомствоның және оның фитосанитариялық бақылау бекеттері бар аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды адамдары нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етіледі.
Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тiзбесiн, нысанды киім (погонсыз) үлгiлерiн және оны киiп жүру тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.
Нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.
2. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар қаза тапқан немесе мертіккен жағдайда олардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен зиянды өтеттіруге құқығы бар.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектiлерi
Өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектiлерi мыналар болып табылады:
1) ауыл шаруашылық, орман және сәндiк дақылдарының тұқымдары мен отырғызылатын материалдары, өсiмдiктер мен олардың бөлiктерi (қалемшесi, жуашығы, түйнегi, жемiсi), сондай-ақ карантиндi объектiлердi жұқтырушы болуы мүмкін өсiмдiк тектi басқа да кез келген өнiм;
2) өсiмдiктер ауруларын қоздырушылар - тiрi саңырауқұлақтар өсiмдерi, вирустар, бактериялар, сондай-ақ нематодтар, кенелер мен насекомдар;
3) насекомдардың, өсiмдiктер ауруларын қоздырушылардың коллекциялары, тұқымдардың, гербарийлерi мен коллекциялары;
4) карантиндi объектiлердiң жұқтырғыштары болуы мүмкiн ауыл шаруашылық машиналары мен топырақ өңдеуге арналған құралдар, көлiк құралдары, ыдыстың барлық түpі, буып-түю материалдары, өсiмдiк материалдарынан жасалған өнеркәсiп тауарлары мен бұйымдар, топырақ құймалары мен үлгiлерi;
5) өсiмдiк тектi өнiмдi өсiретiн, дайындайтын, жинайтын, өңдейтiн және өткiзетiн ұйымдардың, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайлары, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа мақсатқа арналған жерлер.
6) ішкі сауда объектілері, темір жол вокзалдары, автовокзалдар, өзен порттары, пристаньдар, почта байланысы ұйымдары;
7) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауы.
18.02.02 ж. № 293-II; 03.07.03 ж. № 463-II; 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Карантинге жататын өнiмдi әкелу, әкету, транзиттеу, ішкі мемлекеттік тасымалдау, тексеру және залалсыздандыру тәртібі
1. Карантинге жататын өнiмдi беруге немесе оның транзитiне шарт жасасқан кезде өнiм берушi уәкілетті органнан карантин шаралары туралы қажеттi ақпарат алуға және карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнiң алдын алуды қамтамасыз ететiн жағдайларды қарастыруға мiндеттi.
Құпия сипаттағы ақпараты бар жасалған шарт өнiм берушiнiң жазбаша келісімiнсiз жария етiлмеуге тиiс.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге фитосанитариялық бақылау бекеттерi арқылы ғана рұқсат етiледi.
Карантинге жатқызылған өнiмге арналған кедендік құжаттарды ресімдеу фитосанитариялық қадағалаудан өткiзiлгеннен кейін жүргізіледi.
Егер басқа мемлекеттердiң карантиндік шаралары Қазақстан Республикасында қолданылатын фитосанитариялық қорғаудың тиiстi деңгейiн қамтамасыз ететiн болса, олар танылады.
Импорттық және транзиттік карантинге жатқызылған өнiм Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жабық немесе изотермиялық, ақаусыз және пломбаланған контейнерлермен, герметикалық орамдармен, вагондармен, автофургондармен, авторефрижераторлармен және басқа да көлiк құралдарымен тасымалданады.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктердiң, консулдық мекемелердiң, халықаралық ұйымдар өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ артықшылықтар мен иммунитеттi пайдаланатын тұлғалардың карантинге жатқызылған өнiмдi әкелуi Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүргiзiледi.
2-1. Қазақстан Республикасының аумағына:
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарысыз карантинге жатқызылған өнімді;
2) карантиндік объектілер мен бөтен түрлер жұқтырған карантинге жатқызылған өнімді;
3) топырақты, тамыр жайған өсімдіктерді топырағымен қоса;
4) уәкілетті органмен келісім бойынша ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін әкелінетін үлгілерді қоспағанда, өсімдік ауруларын қоздырушыларды - тірі саңырауқұлақ өскіндерін, бактерияларды, вирустарды, сондай-ақ өсімдіктерді бүлдіретін жәндіктерді, кенелерді, нематодтарды, карантиндік арамшөптер тұқымдарын әкелуге тыйым салынады.
3. 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Карантинге жатқызылған өнімді әкетуге уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері беретін фитосанитариялық немесе карантиндік сертификаттар болған жағдайда:
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге - фитосанитариялық сертификаттар болған жағдайда;
2) Қазақстан Республикасының ішінде - карантиндік сертификаттар болған жағдайда рұқсат етіледі.
Жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық сертификат алу үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне аумақтық органдарға мынадай мәліметтерді:
1) карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен санын;
2) импортқа шығарушы елдің атауын және карантинге жатқызылған өнім баратын мекен-жайды;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) экспортталатын карантинге жатқызылған өнiмге арналған шартта көрсетiлген импорттаушы елдiң өсiмдiктер карантинi жөніндегі ұлттық қызметiнiң өсiмдiктер карантинi саласындағы талабын;
4) карантинге жатқызылған өнімді тиеп-жөнелту мерзімі мен орнын;
5) сол арқылы карантинге жатқызылған өнімді әкелу болжанатын импортқа шығарушы елдің шекаралық пунктінің атауын көрсетіп өтінім береді.
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар карантинге жатқызылған әкелінетін өнімнің карантиндік жай-күйін жүкті тиеп-жөнелтудің бастапқы орындарында және экспорттық партияларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезінде теңіз және өзен порттарында (айлақтарында), әуежайларда, теміржол станцияларында, почта байланысы ұйымдарында, ішкі сауда объектілерінде автовокзалдарда (автостанцияларда) және өзге де объектілерде қайтадан белгілейді. Қайта тиеусіз әкету кезінде шекаралық пунктте және постыда тиеп-жөнелту орнында берілген фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресімделуін қадағалау ғана жүзеге асырылады.
Фитосанитариялық сертификатты карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің бар-жоғын зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және өзінің жеке қолымен және белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) куәландырады. Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруға, жүргізілген залалсыздандыру, осы өнімді жеткізу жөніндегі басқа да қосымша карантиндік талаптарды орындау туралы мәліметтері болуға тиіс.
Фитосанитариялық сертификатты алуға өтінім берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сертификат немесе оны беруден дәлелді бас тарту ресімделеді.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-1-тармақ өзгертілді
4-1. Карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы беретін карантиндік сертификаттар болған кезде жүзеге асырылады.
Карантиндік сертификатты алу үшін жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтінім береді және карантиндік жай-күйді айқындау үшін өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспекторға карантинге жатқызылған өнімді ұсынады.
Өтінімде карантинге жатқызылған өнімнің атауы, баратын пункті және пайдалану мақсаты көрсетіледі.
Карантинге жатқызылған өнімді жүретін жолында немесе баратын пунктінде басқа мекен-жайға жіберу уәкілетті органның өз аумағында осы операциялар жүзеге асырылатын аумақтық бөлімшесінің рұқсаты бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының карантинді аймағынан әкетілетін карантинге жатқызылған өнімді жүру жолында басқа мекен-жайға жіберуге тыйым салынады.
Әкелінетін карантинге жатқызылған өнім оның баратын пунктінде қайтадан карантиндік тексеруге жатады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Карантинге жататын өнiмдi және көлiк құралдарын тексеру мен залалсыздандыру, зертханалық сараптама, карантин құжаттарын беру олардың иелерi қаражатының есебiнен, Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасына сәйкес және онда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін карантинге жатқызылған өнім, карантинге жатқызылған өнім тасымалданатын көлік өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауға және қажет болғанда фитосанитариялық қадағалау бекеттерінде карантиндік тексеруге, сондай-ақ тиісті актілер ресімделе отырып, карантинге жатқызылған өнім баратын жерде карантиндік тексеруге жатады.
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын түсiндiредi, экспорттаушы елдiң ұлттық карантиндiк қызметiнiң фитосанитариялық сертификатының болуын анықтайды, көлiкке, карантинге жатқызылған өнiмге сыртқы тексеріп қарауды жүргiзедi, карантиндiк зиянкестердi, өсiмдiк ауруларын және арамшөптердi анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнен үлгiлердi iрiктеп алып, оларға сол жерде зерттеу жүргiзедi. Қажет болған кезде үлгiлер мен объектiлер Республикалық карантиндiк зертханаға объектiлердiң қандай карантиндiк түрге жататынын растауға берiледi.
Егер тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнімді өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалау жүргізу үшін көрсетуден бас тартса, онда өнім оның иесінің қаражаты есебінен экспорттаушы елге қайтаруға жатады, ол туралы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін, Қазақстан Республикасының шекара және кеден органдарын хабардар етеді.
Карантинді объектілер табылған карантинге жатқызылған өнім қайтаруға, карантиндік арамшөптерден залалсыздандыруға, тазартуға немесе техникалық қайта өңдеуге жатады. Карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруға, тазартуға немесе қайта өңдеуге байланысты шығыстарды оның иелері төлейді.
Ерекше ғылыми немесе өзге де құндылығы бар карантинді объектілер залалдаған тұқымдар мен отырғызылатын материал солардың иелерінің өтініштері бойынша жерсіндіру-карантиндік көшеттіктерге зерттеу үшін берілуі мүмкін. Карантинді объектілерден залалдануы жойылғаннан кейін тұқымдар мен отырғызылатын материал иесіне қайтарылады.
Карантинге жатқызылған өнімді алып қоюды (оның ішінде, почталық жөнелтілімдерден, қол жүгінен және багаждан) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор жүзеге асырады, ол туралы алып қою актісі жасалады.
Карантинге жатқызылған өнім карантиндік тексеруден өткізілгеннен кейін және өсімдіктер карантині жөніндегі қажетті іс-шаралар жүргізілген соң өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор баратын пунктіне әкелуге немесе транзиттеуге рұқсат бере отырып, ілеспе тауар-көлік құжаттарына өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі мөртабан басады және оның иесіне карантиндік тексеру актісін береді.
Фитосанитариялық қадағалау бекеттерінде карантинге жатқызылған өніммен жүк операцияларын (басқа көлік құралдарына қайта тиеуді) оның иелері өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалау және міндетті карантиндік тексеру жүргізілгеннен кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың рұқсаты бойынша жүргізеді.
Фитосанитариялық қадағалау бекеттерінде карантиндік тексеруден өткізілген әкелінетін карантинге жатқызылған өнімдер, сондай-ақ көлік құралдары карантинге жатқызылған өнім жеткізілетін соңғы пунктте карантиндік тексеруге жатады.
Карантинге жатқызылған өнімнің баратын пунктінде карантинге жатқызылған өнімдерді және көлік құралдарын тексеруді, талдау мен сараптама жасау үшін үлгілерді іріктеп алуды кейіннен зиянкестердің түрлік құрамын, өсімдік аурулары мен арамшөптерді анықтау үшін сараптама жүргізе отырып, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады, олардың нәтижелері бойынша осы өнімдерді пайдаланудың шарттары туралы жазбасы бар тексеру актісі жасалады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Карантиндiк объектiлермен залалданған көлiк құралдары мен карантинге жатқызылған өнiмдер, залалсыздандыру көзделген өнiмдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының ұйғарымы бойынша карантиндiк тұрғыдан ықтимал қаупi бар көлiк құралдары мен карантинге жатқызылған өнiмдер залалсыздандыруға жатады.
Карантинге жатқызылған өнімнің иелерi карантиндiк қарап тексерудің нәтижелерi бойынша өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымдарымен көзделген карантинге жатқызылған өнiмдердi залалсыздандыруды фумигациялық отрядтармен шарт жасасу негiзiнде жүргiзедi.
Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өнiмден карантиндiк объектiлер анықталған кезде Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде фумигациялық камераларда, штабельдерде, кемелер мен баржалардың трюмдерінде, вагондарда, контейнерлерде және көлiктiң басқа да түрлерiнде залалсыздандыру бойынша жұмыстар жүргiзiледi.
Карантинге жатқызылған импорттық өнімді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының карантиндi аймақтарынан өнiмдi тасымалдаудан кейiн көлiк құралдарының барлық түрлерi өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор белгiлеген жерлерде өнiм қалдықтары жойыла отырып, мiндеттi тазартуға, ал қажет болған жағдайда - фумигациялануға жатады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-1-бап өзгертілді
13-1-бап. Карантинді объектілерді анықтау тәртібi
1. Карантинді объектілерді уақтылы анықтау, олардың таралу ошақтарының шекараларын айқындау мақсатында жер және орман алқаптары, ауыл шаруашылығы, әсемдік, дәрілік және басқа да дақылдардың егістіктері мен көшеттері, үйлер, ғимараттар, контейнерлер, қоймалар, өзге де объектілер және карантинге жатқызылған өнімді шығарумен, өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты ұйымдардың аумақтары және карантинді объектілерді жұқтыру мен тарату көзі болуы мүмкін өзге де объектілер жүйелі түрде тексеруге жатады.
Бұл жұмыстарды орындауды өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың нұсқамалары бойынша жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы қамтамасыз етеді.
2. Зерттеу нәтижелері, сондай-ақ бұл ретте, анықталған зиянкестер, өсімдік ауруларының қоздырғыштары мен арамшөптер осы объектілердің карантиндік түрлерге тиістілігін айқындау және растау үшін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларға жіберіледі. Объектілер анықталмаған жағдайда өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар карантиндік түрлерге тиістілігін растау үшін оларды республикалық карантиндік зертханаға жібереді.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары аталған объектілерге бақылау және қадағалау тексерулерін жүргізеді. Тексеру нәтижелері өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылау жүргізілгені туралы актімен ресімделеді.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңымен 14-бап өзгертілді
14-бап. Карантин белгiлеу мен оны алып тастау тәртібі
1. 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Карантиндi аймақтарда карантиндi объектiлер залалдаған карантинге жатқызылған өнiмдi әкетуге тыйым салынады немесе шектеу енгiзiледi, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар әзірленіп, жүзеге асырылады.
Карантиндi аймақтан әкетiлген залалданған өнiм қайтарылуға, тазартуға, залалсыздандырылуға немесе өңдеушi ұйымдарға берiлуге тиiс.