5. «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттармен жұмыс істеу
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 75-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
75. «Қызмет бабында пайдалану үшін» (бұдан әрі - «ҚПҮ») деген белгісі бар құжаттардағы, істер мен басылымдардағы таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа тартылуына шектеулер қызметтік қажеттіліктен туындаған, Кеңсенің немесе басқа да мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты мәліметтер жатады. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен жұмыс істеген кезде Кеңседе пайдаланылатын ақпараттық ресурстарды қорғау жөніндегі талаптар орындалуға тиіс.
Ашық баспасөзде жариялауға, радио мен теледидар бойынша, ашық электрондық байланыс және Интернет желілерінде таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты беруге тыйым салынады.
76. Кеңсеге келіп түскен «ҚПҮ» деген белгісі бар құжаттар іс жүргізу және мұрағат секторында қабылданады, тіркеледі және есепке алынады. Бұл ретте карточкалардағы тіркеу нөмірлеріне «ҚПҮ» деген белгі қосылады және дананың нөмірі қойылады.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 77-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
77. Кеңсе бөлімшелерінде таратылуы шектелген мәліметі бар құжаттарды дайындау және ресімдеу кезінде оларға «ҚПҮ» деген белгісі мен дананың нөмірі қойылады. Құжаттың және ілеспе хаттың әрбір данасының соңғы парағының сырт жағында жөнелтілген құжаттың даналары қайда жолданғаны және оның жібергендігі, құжатты орындаушының тегі және файлды жою туралы белгі көрсетіледі.
«ҚПҮ» деген белгіні қоюдың қажеттілігін орындаушы және/немесе құжатқа қол қойған басшы айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 78-тармақ жаңа редакцияда
78. Егер құрамындағы мәліметтер таратылуы шектелген мәліметтердің тізбесіне кірмейтін болса, Кеңсе Басшысының, оның орынбасарларының және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері басшыларының алынған құжаттардан «ҚПҮ» деген белгіні алып тастауға құқығы бар, сондай-ақ құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторымен келісім бойынша осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен осы құжаттардың көшірмелерін жасауға рұқсат бере алады.
«ҚПҮ» деген белгісі бар ксерокөшірме жасалған құжаттардың есебін жүргізу әр данасы бойынша ТБК-да «ҚПҮ» деген белгі қойылып немесе «ҚПҮ» деген белгісі бар құжаттарды тіркеу журналдарының бөлек бөлімдерінде жүзеге асырылады.
79. «ҚПҮ» деген белгісі бар құжаттарды іс жүргізу және мұрағат секторына жөнелтуге тапсырар алдында оларға даналарының нөмірлері қойылады. Мұндай құжаттарды бірнеше мекен-жайға жөнелту кезінде құжаттармен бірге жөнелтілетін даналардың нөмірлері көрсетіле отырып, Кеңсенің құжатты дайындаған құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі немесе оның орынбасары қол қойған тарату көрсеткіші қоса беріледі. «ҚПҮ» деген белгісі бар құжаттар пакеттеріне де «ҚПҮ» деген белгі қойылады.
80. Кеңсе қызметкерлері «ҚПҮ» деген белгісі бар құжаттарды жоғалтқаны, таратылуы шектеулі ақпараттарды жариялағаны немесе таратылуы шектеулі мәліметтерді қамтитын ақпараты бар құжаттармен жұмыс істеу ережесін бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
6. Үкімет мәжілістерін және Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі мен оның орынбасарлары өткізетін
кеңестерді дайындау және өткізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 81-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 81-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
81. Үкімет мәжілістерінде қаралуға жататын мәселелердің тізбесі тоқсан сайын мемлекеттік органдардың ұсыныстарының негізінде жасалады және оны Премьер-Министрмен және оның орынбасарларымен келісім бойынша Кеңсе Басшысы тоқсан алдындағы айдың 20-күнінен кешіктірмей бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 82-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
82. БҚҚБ мәжіліске дейін 5 (бес) күн бұрын мемлекеттік және орыс тілдерінде белгіленген нысан бойынша Үкімет мәжілісі күн тәртібінің жобасын, шақырылғандардың алдын ала тізімін жасайды және оларды Кеңсе Басшысына қол қоюға береді.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 83-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 83-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
83. Кеңсе Басшысы қол қойған Үкімет мәжілісінің күн тәртібін БҚҚБ дереу 1 (бір) сағат ішінде «Мобильдік кеңсе» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - «Мобильдік кеңсе» АЖ) арқылы мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшыларына, оның ішінде баяндамашылар ретінде көрсетілген лауазымды адамдардың атына, сондай-ақ Кеңсенің күн тәртібіне енгізілген мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жібереді. Телефонограмма Үкімет мәжілістеріне қатысушылардың көмекшілеріне немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне «Мобильдік кеңсе» АЖ арқылы беріледі, олар мемлекеттік органның басшысын уақтылы хабардар ету үшін дербес жауапты болады. Көмекшілер немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері мемлекеттік орган басшылығының Үкімет мәжілістеріне және Премьер-Министрде өтетін кеңестерге қатысуын «Мобильдік кеңсе» АЖ арқылы растауды қамтамасыз етеді.
БҚҚБ мемлекеттік құпияларды және (немесе) «ҚПҮ» деген белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, күн тәртібін және қорғалмаған байланыс арналары арқылы беруге тыйым салынбаған тиісті материалдарды Кеңсе Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мобильдік кеңсе» АЖ арқылы беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес Кеңсе Басшысы қол қойған мәжіліске шақырылғандардың тізіміне сәйкес Үкімет мүшелеріне және басқа да лауазымды адамдарға «Мобильдік кеңсе» АЖ арқылы мобильдік құрылғыларға жібереді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 84-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 84-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.11.08. № 910 Қаулысымен 84-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
84. Мыналардың:
1) Үкімет мүшелерінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ», «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамдарының төрағалары мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының, сондай-ақ қажет болған жағдайда, орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының қатысуын Кеңсенің БҚҚБ қамтамасыз етеді;
2) Үкімет мәжілісіне облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің, сондай-ақ өңірлердің өзге де өкілдерінің, соның ішінде селекторлық режимде қатысуын Өңірлік даму бөлімі қамтамасыз етеді;
3) баспасөз өкілдерінің қатысуын (және олардың залдан шығаруды) Кеңсенің Баспасөз қызметі қамтамасыз етеді;
4) Үкімет мәжілісіне шақырылған өзге де тұлғалардың қатысуын Үкімет мәжілісінде қаралатын мәселе құзыретіне жататын жауапты құрылымдық бөлімше қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 85-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 85-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
85. Үкіметтің мәжіліс залын техникалық дайындауды (бейнеконференц байланысы мен селекторлық байланысты, дыбыс күшейткішті, дыбыс жазбаны және микрофондарды, қосу желілерін, электрондық дауыс беру жүйелері мен пульттерін, дауыс берудің аппараттық-бағдарламалық кешендерімен интеграцияланған конференц-жүйені, дыбыс күшейту және мәжіліс залын дыбыстандыру, ілеспе аударма және стенография жүйесін, сондай-ақ бейнепроекторды, ұжымдық пайдаланылатын ақпаратты көрсету құралын (экранды), ақпараттық жүйелер мен жұмыс орындарын (Үкімет мүшелерінің компьютерлерін, ақпаратық материалдардың (слайдтардың) берілген форматта таныстыруға және көрсетуге әзір болуын, залды тиісінше жарықтандыруды және кондиционерлеуді, жазу керек-жарақтарын) БҚҚБ бақылауымен «ӘҒД» РМК мен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы «Инженерлік-техникалық орталық» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - ИТО» АҚ) мамандары жүзеге асырады.
Мәжіліс залын техникалық дайындау нәтижелері бойынша «ӘҒД» РМК жауапты маманы «ИТО» АҚ маманының, сондай-ақ техникалық дайындауды жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың қатысуымен мәжіліс басталғанға дейін 30 минут қалғанда тиісті техникалық актіні ресімдеп, қол қояды, мұндай акт Үкімет мәжілістерін, Премьер-Министр мен оның орынбасарларында өтетін кеңестерді дайындау және өткізу жөніндегі техникалық регламентте көзделген.
Мәжіліс залындағы барлық жүйелер мен жабдықтардың техникалық дайындалуы, әзірлігі, сапасы мен үзіліссіз жұмыс істеуі үшін жауапкершілік «ӘҒД» РМК мен «ИТО» АҚ басшылығына жүктеледі.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 86-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
86. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдарды, Үкімет мәжілісіне шақырылғандардың тізімін анықтау немесе нақтылау жөніндегі ұсыныстарды мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік орган мәжіліске дейінгі 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей, ал таныстырулардың электрондық нұсқаларын мәжіліс болатын күннің алдындағы екі күннен кешіктірмей енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 87-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
87. Үкімет мәжілістері Премьер-Министрдің не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның тапсырмасы бойынша жедел тәртіппен өткізілетін ерекше жағдайларда материалдар Кеңсеге ол өткізілетін күні енгізілуі және Үкімет мәжілісіне қатысушыларға «Мобильдік кеңсе» АЖ арқылы тікелей мәжіліс үстінде жеткізілуі мүмкін, бұл ретте материалдардың мазмұны мен оларды дайындау сапасына қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше жауапты болады.
88. Кеңседе материалдардың уақтылы енгізілуі жөніндегі бақылау үшін мәжілісте қаралатын мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше жауапты болып табылады.
89. Үкімет мәжілісіне материалдар уақтылы тапсырылмаған, сондай-ақ олар толық емес көлемде және сапасыз пысықталған түрде ұсынылған жағдайда Премьер-Министр не оның келісімі бойынша Кеңсе Басшысы жоспарланған мәселені қараудан алу немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 90-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
90. Үкімет мәжілісіне материалдар хаттамалық шешімнің жобасын, көлемі 5 (бес) беттен аспайтын анықтамаларды, салыстырма кестелерді, кмінде 3 (үш) дана түрлі түсті басып шығарылған слайдтарды (2 (екі) мегабайттан аспайтын көлемдегі), ақпараттық (талдамалық) материалдарды, баяндамаларды (ұзақтығы 7-10 минуттан аспайтын) және Үкімет мәжілісінде қаралатын мәселелер бойынша басқа да материалдарды қамтуы және мемлекеттік және орыс тілдерінде енгізілуі тиіс.
Қаралатын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары болған жағдайда, олардың іске асырылу барысы туралы тиісті ақпарат слайдтарда, сондай-ақ құрылымдық блімшелердің анықтамаларында көрсетіледі.
Әкімдердің және өңірлердің басқа да өкілдерінің баяндамаларын Өңірлік даму бөлімі Үкімет мәжілісінің алдындағы күннің сағат 12.00-ден кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 91-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 91-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
91. Қаралатын мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелер материалдарды талдауды жүргізеді, сондай-ақ аталған құжаттарды ескере отырып, шақырылатын адамдар тізімін дайындайды, жүргізу тәртібінің жобасы бойынша ұсыныстар және қажет болған кезде материалдар бойынша анықтама жасайды және егер Кеңсе Басшысы өзге мерзімді белгілемеген болса, Үкімет мәжілісінің алдындағы күні сағат 12.00-ден кешіктірмей Кеңсе Басшысының қарауына енгізеді.
БҚҚБ-ға Мобильдік кеңсеге жіберу үшін материалдар Кеңсе Басшысымен келісілгеннен кейін ғана тапсырылады.
БҚҚБ Үкімет мәжілісіне тиісті материалдарды, егер Кеңсе Басшысы өзге мерзімді белгілемеген болса, Кеңсе Басшысымен келісілгеннен кейін Үкімет мәжілісінің алдындағы күні сағат 15.00-ден кешіктірмей Мобильдік кеңсе арқылы жібереді.
Заң бөлімі көрсетілген материалдарды Кеңсе Басшысының қарауына енгізгенге дейін оларды Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) алдын ала келіседі.
92. Жүргізу тәртібінің жобасы, материалдар бойынша анықтама, егер Кеңсе Басшысы өзге мерзім белгілемеген болса, мәжіліске дейін кемінде 3 күнтізбелік күннен кешіктірмей қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшемен, Кеңсе Басшысымен келісіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 93-тармақ өзгертілді
93. Кеңсе Басшысымен келісілген және тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы бұрыштама қойған ақпараттың электрондық жеткізгіштеріндегі Үкімет мәжілісіне материалдарды БҚҚБ Премьер-Министрдің Хатшылығына мәжіліс алдындағы күні сағат 16.00-ге дейін жібереді. Премьер-Министр Хатшылығының талап етуі бойынша көрсетілген материалдар қағаз жеткізгіштерде де сұратылуы мүмкін.
Көрсетілген материалдарға Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қосымша бұрыштама қоюы Заң бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде талап етіледі.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 94-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
94. Үкімет мәжілісіне шақырылғандар тізімінің түпкілікті нұсқасын жасау үшін мәжіліс алдындағы күні сағат 12.00-ге дейін БҚҚБ шақырылғандардың тізімін нақтылайды.
Үкімет мәжілістеріне қатысатын мемлекеттік органдар мәжіліс алдындағы күні сағат 12.00-ге дейін өздерінің қатысатынын «Мобильді кеңсе» АЖ арқылы растайды не БҚҚБ-ға өзгерістер туралы хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 95-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
95. Мәжіліске қатысушылардың құрамындағы барлық өзгерістер туралы Кеңсе Басшысына баяндалады. БҚҚБ анықтама жасайды, онда Үкімет мәжілісінің кворумы және болмау себептерін көрсете отырып, қатыспаған Үкімет мүшелерінің тізімі айқындалады. Өңірлік даму бөлімі жергілікті атқарушы органдар басшыларының болмау себептері туралы ақпараты бар ұқсас ақпаратты БҚҚБ-ға ұсынуы тиіс.
96. Үкімет мәжілісіне шақырылғандардың түпкілікті тізіміне Кеңсе Басшысы қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 97-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
97. БҚҚБ шақырылғандар тізімінің Кеңес Басшысы қол қойған соңғы нұсқасын мәжілістің алдындағы күні көбейтеді:
1) отырғызуды жүзеге асыру үшін бір данасын Сыртқы байланыстар және протокол бөліміне береді;
2) нөмірлік мөртаңба қойғаннан кейін бір данасын Премьер-Министрдің күзет қызметіне және үш данасын әкімшілік ғимараттың күзетіне береді;
3) Премьер-Министрдің (түпнұсқа) және оның орынбасарларының атаулы папкаларына салады және көрсетілген папкаларға салу үшін тиісінше Премьер-Министр Хатшылығына және Кеңсе Басшысының көмекшісіне береді, тікелей Үкімет мәжілісінің алдында БҚҚБ Кеңсе Басшысына кворум туралы баяндайды.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 98-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
98. Әдетте, Үкімет мәжілістерінің дыбысжазбасы жүргізіледі. Қажет болған кезде, жабық мәселелерді қоспағанда, Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша мәжілістің бейнежазбасы жүргізілуі мүмкін.
Хаттаманың шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында мәжіліс барысында БҚҚБ қызметкері баяндамашылар мен сөз сөйлеушілердің тегін, Үкімет мүшелері және қатысушылар айтқан ескертулер мен ұсыныстарды жұмыс бабында жазуды, сондай-ақ мәжіліс фонограммасының (стенограммасының) толық жазылуымен (егер мұндай жүргізілсе) салыстырылатын талқыланатын мәселелер бойынша төрағалық етуші берген тапсырмаларды есепке алуды жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 99-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
99. БҚҚБ ілеспе аударма (мемлекеттік және орыс тілдері) үшін жауапты болып табылады. Шетелдік азаматтардың баяндамаларын тыңдау не олар қатысқан кезде Сыртқы байланыстар бөлімі ілеспе аудармашымен қамтамасыз етеді, Өңірлік даму бөлімі жергілікті жерде аудармашымен қамтамасыз ету үшін бұл туралы әкімдер мен өңірлердің басқа өкілдеріне хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 100-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 100-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
100. Баяндамашылардың таныстыруларын (слайдтарын) көрсетуді тексеруді құзыретіне таныстырылатын мәселелер кіретін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері мәжіліс өткізілер алдындағы күні БҚҚБ-мен және баяндамашы мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 101-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
101. Мәжіліске қатысушыларды тіркеуді БҚҚБ жүзеге асырады.
102. Мәжіліске қатысушыларды тіркеу мәжіліс басталғанға дейін кемінде 30 минут бұрын, ал кеңейтілген мәжілістерде - мәжіліс басталғанға дейін 1 сағат бұрын басталады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 103-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
103. Мәжіліске қатысушыларды тіркеу, әдетте, мәжіліс басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын аяқталады. Үкімет мәжілісіне қатысып отырғандардың, сондай-ақ кешігіп келгендердің тізімін БҚҚБ Кеңсе Басшысына баяндап, Үкімет мәжілісіне іс жүзінде келген уақытын көрсетеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 104-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 104-тармақ жаңа редакцияда
104. Үкімет мүшелері, ұлттық басқарушы холдингтердің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, баяндамашылар келмеген жағдайда, БҚҚБ-ның тіркеуді жүзеге асыратын қызметкері келмеген қатысушының көмекшісімен немесе қабылдау бөлмесінің қызметкерімен дереу хабарласады, келмей қалу себептерін нақтылайды.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 105-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
105. Тіркеу аяқталғаннан кейін мәжіліске нақты қатысатындардың тізімі және Үкімет мәжілісінің кворумы айқындалған түпкілікті анықтама және себептері көрсетілген Үкіметтің келмеген мүшелерінің тізімі Кеңсе Басшысына беріледі.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 106-тармақ жаңа редакцияда
106. БҚҚБ тиісті материалдармен бірге күн тәртібін «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы қол қойған мәжіліске шақырылған адамдардың тізіміне сәйкес және осы Нұсқаулықтың 83-тармағының талаптарын сақтай отырып, Үкімет мүшелерінің және басқа да лауазымды адамдардың мобильдік құрылғыларына жібереді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 107-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 107-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
107. Премьер-Министрге және Кеңсе Басшысына арналған материалдар арнайы тыстарда реттік нөмірлері көрсетіліп, атаулы папкаларға жинақталады және мәжіліске дейін 1 (бір) күн қалғанда тиісінше Премьер-Министр Хатшылығына және Кеңсе Басшысының қабылдау бөлмесіне беріледі.
Материалдарға қосымша Премьер-Министрдің және Кеңсе Басшысының папкаларына қаралатын мәселелер (болған жағдайда) құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелердің анықтамалары, сондай-ақ жүргізу тәртібі қоса салынады.
БҚҚБ Премьер-Министр мен Кеңсе Басшысы үшін Үкімет мәжілісінің материалдарын жинақтауға жауапты болып табылады. Үкімет мәжілісінде қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше (Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) алдын ала келісім бойынша Заң бөлімі):
Кеңсе Басшысы белгілеген тәртіппен ресімделген және Кеңсе Басшысының тиісті орынбасарымен келісілген қаралатын мәселе бойынша Үкімет мәжілісін жүргізу тәртібінің жобасын, сондай-ақ Үкімет мәжілісінің қарауына енгізілген құжаттар бойынша анықтама дайындайды және мәжіліске дейін күнтізбелік 3 (үш) күн қалғанда Премьер-Министр Хатшылығына береді.
БҚҚБ мәжіліске шақырылған адамдардың жалпы тізімдерін жасайды, оларға Кеңсе Басшысы қол қояды.
108. Кюверттік карточкаларды қоюды және мәжіліске қатысушыларды отырғызуды Кеңсенің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі жүзеге асырады.
109. Үкіметтің мәжілістерінде Премьер-Министр, ал ол болмағанда - Премьер-Министр белгілеген тәртіппен Премьер-Министрдің орынбасары не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы төрағалық етеді.
110. Мәжілістерге Президент қатысқан кезде Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр төрағалық етеді.
111. Үкімет мәжілістері ашық болып табылады және мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің не Премьер-Министрінің бастамасы бойынша Үкіметтің жабық отырыстары өткізілуі мүмкін.
112. Егер мәжіліске Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екі бөлігі қатысса, ол заңды болып есептеледі. Үкімет мүшелері мәжілістерге алмастыру құқығынсыз қатысады.
113. Қаулылардың жобаларын қарау мәжілістің күн тәртібіне енгізіледі және осы Нұсқаулықта көрсетілген тәртіпке сәйкес Үкімет мүшелерінің назарына жеткізіледі.
114. Үкіметтің мәжілістерінде қаулы жобасы бойынша әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы баяндайды. Қолда бар ескертулер мен ұсыныстар бойынша жоба жөнінде Кеңсе Басшысы баяндайды.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 115-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
115. Үкімет қаулыларының жобалары бойынша, әдетте, электрондық дауыс беру жүйесін пайдалана отырып, электрондық дауыс беру жүргізіледі және Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін көрсете отырып, хаттамалық шешім қабылданады.
116. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
117. Үкіметтің мәжілісі барысында Кеңсенің құзыретіне қаралатын мәселе жататын құрылымдық бөлімшесінің қатысып отырған қызметкері не осы бөлімшенің басшысы хаттамалық жазбалар жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 118-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
118. Үкімет мәжілісінде қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді, ол талқыланған мәселелердің атауы, баяндамашылардың тектері мен қабылданған шешімдер көрсетіліп, қысқаша жасалады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 119-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
119. Үкімет мәжілісінің фонограммасын толық жазуды және оларды басып шығаруды мәжілістен кейінгі күні сағат 12.00-ден кешіктірмей дирекция жүзеге асырады.
Басып шығарылған фонограмма (стенограмма) қажет болған жағдайда көбейтіліп таратылады және БҚҚБ мәселелері Үкімет мәжілісінде қаралған құрылымдық бөлімшелерге береді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 120-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
120. Хаттамалар Үкімет мәжілісінің стенограммасы мен жауапты құрылымдық бөлімшенің қысқаша жазбасы негізінде және соған сәйкес дайындалады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 121-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 121-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
121. Мәжілісте қаралған мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелер хаттамалық шешімнің құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұрыштама қойған жобасын, сондай-ақ ақпаратты электрондық жеткізгіште хаттаманың жобасын дайындайды және мәжілістен кейінгі күні сағат 18.00-ден кешіктірмей БҚҚБ-ға береді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 122-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
122. БҚҚБ Үкімет мәжілісінің хаттамасын Үкіметтің елтаңбалық бланкісінде жасайды.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 123-тармақ жаңа редакцияда