Сервитут алуға үміткер мен жер қойнауын пайдаланушы арасында сервитут белгілеу мүмкіндігі туралы немесе сервитут белгілеу туралы шарттың талаптары туралы келісімге қол жеткізілмесе, мүдделі тұлға сотқа жүгінуге құқылы.
Сервитут - құзыретті органда, ал егер жер қойнауы учаскесі кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған болса, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында тіркеуге жатады.
Егер сервитут белгілеу адамдардың өмірі мен денсаулығына немесе қоршаған ортаға қатер төндіретін, сондай-ақ жер қойнауы учаскесінде барлауды және (немесе) өндіруді жүргізудің мүмкін болмауына әкеп соғатын жағдайда, сервитут белгілеуге тыйым салынады.
Жер қойнауы учаскесіне сервитут белгіленген кезде, егер сервитут белгілеу туралы шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сервитуттың құқық иесі жер қойнауын пайдаланушыға сервитутпен байланысты залалды өтеуге міндетті.
Сервитут белгілеу туралы шартта немесе сот шешімінде сервитуттың құқық иесі жер қойнауын пайдаланушыға сервитут үшін төлейтін төлем көзделуі мүмкін.
Сервитут ол белгіленген мерзім өткеннен кейін не солар бойынша ол белгіленген негіздер тоқтатылған кезде не сервитуттың құқық иесі бас тартқан жағдайда тоқтатылады.
Сервитут мәмілелердің, оның ішінде сатып алу-сату және кепіл мәмілелерінің дербес нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға оны қамтамасыз ету үшін осындай сервитут белгіленген құқықпен бірге ғана ауысуы мүмкін. Сервитут жер қойнауын пайдалану құқығын берген және жер қойнауын пайдалану құқығы сервитутпен жүктелген жер қойнауы учаскесіне қатысты әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен басқа тұлғаға ауысқан жағдайда сақталады.
Жер қойнауы учаскесінің бір бөлігіне сервитут белгілеу Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, жер учаскесіне сервитутты алу қажет болған жағдайда осындай сервитуттың туындауына негіз болады.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Егер пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізу кезінде табудың немесе кен орнының географиялық шекараларының (құрлықта немесе теңізде орналасуына қарамастан) геологиялық немесе тау-кендік бөлуде көрсетілген келісімшарттық аумақ шегінен шығып кеткені байқалса, онда оны кеңейту туралы мәселені кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізу кезінде құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы, егер бұл аумақ жер қойнауын пайдаланудан бос болған жағдайда, келісімшарт жасасу үшін осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде конкурс өткізбей-ақ, келісімшарт талаптарын өзгерту арқылы шешуге тиіс.
5. Келісімшарттық аумақты қайтарудың талаптары мен тәртібі осы Заңда және келісімшартта айқындалады.
6. Келісімшарттық аумақтың бөліктерін қайтару келісімшарттық аумақтың қайтарылатын бөліктері тиісті геологиялық бөлуден шығарыла отырып, геологиялық бөлуді қайта ресімдеу жолымен жүзеге асырылады.
71-бап. Келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу
1. Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, келісімшарт талаптарын өзгертуге және (немесе) толықтыруға тараптардың келісімі бойынша жол беріледі.
2. Тараптардың бірінің талабы бойынша келісімшарт талаптарын өзгертуге және (немесе) толықтыруға Қазақстан Республикасының заңдарында және келісімшартта көзделген негіздер бойынша және тәртіппен жол беріледі.
3. Егер стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне, кен орындарына қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының іс-әрекеті ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін өзгертуге әкеп соғатын жағдайда, құзыретті орган Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында келісімшарттың, оның ішінде бұрын жасалған келісімшарттың талаптарын өзгертуді және (немесе) толықтыруды талап етуге құқылы.
72-бап. Келісімшарттың қолданылуын тоқтату
1. Егер тараптар осы Заңның 69-бабында белгіленген тәртіппен келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы келісімге қол жеткізбесе, келісімшарт қолданылу мерзімі өткеннен кейін тоқтатылады.
2. Келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуға тараптардың келісімі бойынша, сондай-ақ тараптардың бірінің талабы бойынша осы Заңда көзделген жағдайларда жол беріледі.
3. Құзыретті орган мынадай жағдайларда:
1) жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта не жобалау құжаттарында белгіленген міндеттемелерді екі реттен көп бұзуды құзыретті органның хабарламасында көрсетілген мерзімде жоймаса;
2) осы Заңның 36-бабының 5-тармағына сәйкес мұндай рұқсат ету талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, құзыретті органның рұқсатынсыз осы Заңның 36-бабының 1 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді берген кезде келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органның хабарламасында белгіленген мерзімде толық жойған келісімшарт талаптарының бұзылуы келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болып табылмайды.
4. Осы Заңның 71-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда құзыретті орган, егер:
1) құзыретті органнан келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру туралы хабарлама алған күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге өз келісімін жазбаша түрде растамаса не оларды жүргізуден бас тартса;
2) жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге келісімі алынған күннен бастап төрт айға дейінгі мерзімде тараптар келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөніндегі келісімге келмесе;
3) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру жөніндегі келісілген шешімге қол жеткізілген күннен бастап алты айға дейінгі мерзімде тараптар келісімшарттың талаптарына өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға қол қоймаса, біржақты тәртіппен келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
5. Егер стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне, кен орындарына қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының іс-әрекеті ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін өзгертуге әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құзыретті орган келісімшарттың, оның ішінде бұрын жасалған келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен тоқтатуға құқылы.
Келісімшарттың қолданылуы аталған негіз бойынша біржақты тәртіппен тоқтатылған жағдайда құзыретті орган ол жөнінде жер қойнауын пайдаланушыны кемінде екі ай бұрын ескертуге тиіс.
6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта не жобалау құжаттарында белгіленген міндеттемелерді екі реттен көп бұзуды құзыретті органның хабарламасында көрсетілген мерзімде жоймаған кезде кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
Жер қойнауын пайдаланушы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының хабарламасында белгіленген мерзімде толық жойған келісімшарт талаптарының бұзылуы келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болып табылмайды.
7. Егер жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстары нарықта қолданылатын бағалардың өзгеруі салдарынан, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының еркіне тәуелді емес басқа да мән-жайларға байланысты келісімшарт жасасу, жұмыс бағдарламасы мен жобалау құжаттарын бекіту кезінде ескерілгендерден кем болып шықса, бірақ бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің келісімшартта, жұмыс бағдарламасында және жобалау құжаттарында көзделген нақты көлемі толық көлемде орындалса, жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстарының мұндай азаюы келісімшарт талаптарын бұзу және келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтату үшін негіз болып табылмайды.
8. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшартты сот тәртібімен мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге немесе келісімшартта белгіленген негіздер бойынша келісімшартты орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға құқылы.
9. Келісімшарттың қолданысын тоқтату жер қойнауын пайдаланушыны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келісімшарттық аумақты мемлекетке қайтару және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың зардаптарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
10. Құзыретті орган келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде ұлттық компания келісімшарттық аумақты сенімгерлікпен басқаруға қабылдайды. Технологиялық процестің үздіксіз болуын және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылыстар мен жабдықтарды бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы жаңа жер қойнауын пайдаланушыға мүлік берілгенге дейінгі мерзімге ұлттық компанияның уақытша иеленуі мен пайдалануына беруге тиіс. Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол мүлікті ұлттық компанияға беруден бас тартқан жағдайда құзыретті орган осындай мүлікке қатысты оның сенім білдірген адамы ретінде іс-қимыл жасайды.
Құзыретті орган келісімшартта көзделген жер қойнауы учаскесін конкурсқа шығаруға немесе тікелей келіссөздер өткізуге міндетті.
73-бап. Барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың қолданылуын қайта жаңғырту үшін негіздер
1. Құзыретті орган мынадай жағдайларда:
1) келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдауға елеулі әсер еткен дәйексіз деректер негізінде келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдау фактісі анықталғанда, оның ішінде, егер келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдау күні жер қойнауын пайдаланушыда дәлелді себептер бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалғанын растайтын құжаттар болмаса;
2) келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы не тиісті түрде орындалмауы, жер қойнауын пайдаланушының еркіне тәуелді емес себептер салдарынан, оның ішінде еңсерілмейтін күштің әсерінен болған себептер, яғни осындай жағдайлар кезінде келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауына не тиісті түрде орындалмауына тікелей әсер еткен төтенше және еңсерілмейтін мән-жайлар (дүлей зілзала құбылысы, әскери қимылдар және тағы сондайлар) анықталғанда және расталғанда келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту туралы шешім қабылдау және құзыретті органның бастамасы бойынша бұрын қабылданған келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы шешімнің күшін жою жолымен өз бастамасы бойынша бұрын тоқтатылған барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың қолданысын сот қарауынан тыс тәртіппен қайта жаңғыртуға құқылы.
2. Өзімен жасалған келісімшарт тоқтатылған тұлғаның өтініші не құзыретті органның бастамасы бойынша келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап алты ай ішінде құзыретті органның келісімшартты қайта жаңғырту негіздерін дербес анықтауы құзыретті органның бастамасы бойынша бұрын тоқтатылған келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту туралы мәселені құзыретті органның қарауы үшін негіз болып табылады.
3. Құзыретті органның келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту және құзыретті органның бастамасы бойынша келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы бұрын қабылданған шешімнің күшін жою туралы шешімі өзімен жасалған келісімшарт тоқтатылған тұлғадан өтініш келіп түскен не құзыретті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайларды анықтаған күннен бастап бір ай ішінде қабылданады.
4. Осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту және құзыретті органның бастамасы бойынша келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы бұрын қабылданған шешімді жою туралы шешім қабылданған жағдайда құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы осындай шешім қабылданған күннен бастап үш ай ішінде келісімшартқа қосымша келісімді белгіленген тәртіппен келіседі және жасасады, онда келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту мәселелері, оның ішінде келісімшарт бойынша қызмет үзілісімен байланысты мәселелер және жауапкершілік мәселелері реттелуге тиіс. Құзыретті органның шешімі бойынша келісімшартқа қосымша келісімді келісу және жасасу үшін осы тармақта көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін.
5. Құзыретті органның барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттың қолданысын жаңғырту және құзыретті органның бастамасы бойынша келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы бұрын қабылданған шешімнің күшін жою туралы шешімі қабылданған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде онымен жасалған келісімшарт бұрын тоқтатылған тұлғаның назарына жеткізіледі және осы баптың 4-тармағына сәйкес келісімшартқа қосымша келісімге қол қойылғанға дейін жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт бойынша қызметті қайта жаңғыртуына негіз болып табылады.
6. Осы баптың ережелері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту туралы шешім қабылдаған кезде қолданылады.
74-бап. Келісімшартты жарамсыз деп тану
1. Мыналар:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың жарамсыз деп танылуы;
2) осы Заңда белгіленген міндетті талаптардың келісімшартта болмауы;
3) құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына оның осы тұлғамен келісімшарт жасасу жөніндегі шешіміне әсер еткен көрінеу дәйексіз ақпарат берудің анықталуы;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер келісімшартты жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.
2. Жарамсыз деп танылған келісімшарт, оның жарамсыздығымен байланыстыларды қоспағанда, құқықтық салдарға әкеп соқпайды және оны жасасқан кезден бастап жарамсыз болады.
Келісімшартты жарамсыз деп тану жер қойнауын пайдаланушыны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келісімшарттық аумақты мемлекетке қайтару және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың зардаптарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру және қайта ресімдеу соның негізінде жүзеге асырылған шартты сот тәртібімен жарамсыз деп тану не бұзу нақ сол келісімшарттың емес, жер қойнауын пайдалану құқығын осындай беруге байланысты келісімшартқа қабылданған өзгерістер мен толықтырулардың жарамсыздығына әкеп соғады.
4. Келісімшартты жарамсыз деп тану осындай келісімшарттың негізінде берілген жер қойнауын пайдалану құқығы солардың нысанасы болып табылатын барлық кейінгі мәмілелердің жарамсыздығына әкеп соғады.
7-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
75-бап. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
Жер қойнауын пайдаланушының:
1) келісімшартта көзделген талаптарға сәйкес өзіне берілген келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі іс-әрекетті дербес жасауға;
2) егер келісімшартта не Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өз қызметінің нәтижелерін, оның ішінде минералдық шикізатты өз қалауынша пайдалануға;
3) келісімшарттық аумақта, ал қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіппен берілген өзге де жер учаскелерінде жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік және әлеуметтік сала объектілерін салуға, сондай-ақ шарттар негізінде келісімшарттық аумақта да, одан тысқары жерлерде де жалпыға ортақ объектілер мен коммуникацияларды пайдалануға;
4) келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы келіссөздерге бастамашылық жасауға;
5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін мердігерлерді тартуға;
6) осы Заңда белгіленген талаптарды сақтай отырып, құқықтарды немесе олардың бір бөлігін басқа тұлғаларға беруге;
7) осы Заңда немесе келісімшартта айқындалған жағдайларда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатуға құқығы бар.
76-бап. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
1. Жер қойнауын пайдаланушы:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды келісімшартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға қойылатын талаптарды сақтауға;
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде адам өмірінің, денсаулығының және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
3) келісімшарттық аумақты тек қана келісімшартта көзделген мақсаттарда пайдалануға;
4) жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне негізделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға;
5) егер келісімшартта өзге мерзім көзделмесе, келісімшарт тіркелген күннен бастап барлауды немесе өндіруді жүргізуге кірісуге;
6) жерасты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі келісімшарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалар қызметі ашықтығының бастамасын іске асыруға қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумның талаптарын сақтауға;
7) персоналдың және халықтың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін, жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жобалау құжаттары мен технологиялық схемалардың ережелерін сақтауға;
8) егер бұл қауіпсіздіктің ерекше жағдайларымен байланысты болмаса және мұндай қызмет жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге кедергі келтірмесе, келісімшарттық аумақ шегінде басқа адамдардың еркін жүруіне, жалпыға ортақ объектілер мен коммуникацияларды пайдалануына кедергі жасамауға;
9) Қазақстан Республикасында өндірілген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнімді, олар конкурстың және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, міндетті түрде пайдалануға;
10) егер осы көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының резидент еместері орындайтын біртектес жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, әуе, темір жол, су және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерді міндетті түрде тартуға;
11) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға артықшылық беруге;
12) Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыру ісін келісімшартқа сәйкес жүзеге асыруға;
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды
12-1) тауарларды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілер көрсететін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды нақты қызмет бойынша жиынтық жылдық табыстың кемінде бір пайызы мөлшерінде жыл сайын жүзеге асыруға міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты емес, қосылған құны жоғары өнімді (қайта жасалуы жоғары) алуға бағытталған жұмыстарға, экология, еңбекті қорғау, жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету, өндірістік қызмет шеңберінде (технологиялық цикл) энергия үнемдеуге жұмсаған нақты шығыстары және (немесе) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қаржыландыруға арналған шығыстары оның ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындауы болып табылады.
Осы тармақшаның ережелері келісімшарттардың мынадай:
кеңінен таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған;
жерасты суларын барлауға және (немесе) өндіруге арналған;
емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге арналған;
барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған түрлеріне қолданылмайды;
13) құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жұмыс бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат беруге;
14) Қазақстан Республикасының бақылаушы органдары лауазымды адамдарының қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде оларға қажетті құжаттарды, ақпаратты беруге және жұмыс орындарына оларды кедергісіз өткізуге және олар анықтаған бұзушылықтарды уақтылы жоюға;
15) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға келісімшарттық аумақтағы қызмет нәтижелері бойынша геологиялық есептілікті ұсынуға;
16) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеуге;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) жыл сайын сатып алуды жүргізу жоспарланып отырған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей құзыретті органға ол бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алдағы жылға сатып алудың жылдық бағдарламасын ұсынуға;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18) жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей құзыретті органға ол бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алдағы кезеңдерге сатып алудың орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламаларын ұсынуға;
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19) тармақша жаңа редакцияда
19) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей құзыретті органға ол бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамтым бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді ұсынуға;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей құзыретті органға ол бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған жұмыскерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептер ұсынуға;
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21) есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, жыл сайын құзыретті органға кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есепті ұсынуға;
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 21-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-1) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей құзыретті органға ол бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептер ұсынуға;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22) құзыретті орган бекіткен тәртіппен Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамаларының талаптарына сәйкес аудиторлық есеппен расталған есептілікті ұсынуға;