1. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылауды облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады және ол Қазақстан Республикасы заңнамасының мақтаның қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Мақтаның қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау адам өмiрiне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесіне зиян келтiруге байланысты тәуекелге жол бермеу мақсатында жүзеге асырылады.
3. Мақтаның сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау:
1) мақта нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде, мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында мақтаны сақтау мен қайта өңдеуге қабылдау және беру кезінде мақтаның сапа көрсеткіштерін айқындауға бақылауды;
2) мақта нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде, мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында сақтаудағы және қайта өңдеудегі мақтаның сандық-сапалық жай-күйін бақылауды қамтиды.
4. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысанда жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
10-бап. Шитті мақтаның сапасына сараптама жасау
1. Шитті мақтаның сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) жүзеге асырады.
2. Мақта нарығына қатысушы шитті мақтаның сапасына сараптама жасау үшін аккредиттелген сынақ зертханасына (орталығына) шарт негізінде өтініш жасауға құқылы.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мақта нарығына қатысушылардың мүдделерін қорғау мақсатында аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтарының) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру тәртібін сақтауы жөніндегі қызметін бақылауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп жүзеге асырады.
11-бап. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау
1. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау міндетті болып табылады және ол мақта талшығының әрбір бумасы бойынша (бума бойынша) жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мақта талшығының сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын сарапшылық ұйым осы Заңның 7-бабының 5) тармақшасына сай бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Мақта талшығының иесі қажет болған жағдайда өз қаражаты есебінен өзге сараптама ұйымында мақта талшығының сапасына қайта сараптама жасауды жүзеге асыруға құқылы.
3. Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру ережелерін сарапшы ұйымның сақтауын бақылауды жыл сайын уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Мақта талшығының сапа паспортынсыз мақта талшығын сатуға жол берілмейді.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-тарау. Мақта өндірумен айналысатын ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің, мақта өңдеу ұйымдары мен сервистік-дайындау орталықтарының қызметі
12-бап. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің құқықтары мен міндеттері
1. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері:
1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес берілген жер учаскелерінде шитті мақта өсіруге;
2) өзіне тиесілі мақтаға өз қалауы бойынша иелік етуге, оны пайдалануға және оған билік етуге;
3) мақта саласын дамытуға мемлекеттік қолдау алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
2. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері:
1) мақта өндіруді ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің құнарлылығын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін, сондай-ақ мұндай қызметтің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін болдырмайтын немесе шектейтін тәсілдермен жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.
13-бап. Мақта өңдеу ұйымы
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мақта өңдеу ұйымы лицензияның негізінде мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтерді көрсетеді.
Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы жоқ заңды тұлғаның өз атауында, тауар таңбаларында, құжаттарында, хабарландырулар мен жарнамасында «мақта өңдеу ұйымы», «мақта тазалау зауыты», «мақта қабылдау пункті» деген сөздерді немесе одан туындайтын сөздерді пайдалануға құқығы жоқ.
2. Мақта өңдеу ұйымы ортақ пайдаланудағы тауар қоймасы деп танылады.
3. Мақта өңдеу ұйымында:
1) мақта тазалау зауытында:
кемінде бір мақта қабылдау пункті;
шитті мақтаны талшықты мақта етіп бастапқы өңдеу жөніндегі технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдық;
таразы жабдығы;
желдеткіш жабдығы;
тиеу-түсіру тетіктері;
өрт сөндіру құралдары;
мақтаның сапасын айқындауға арналған өндірістік-технологиялық зертхана;
мақта сақтауға арнайы бөлінген орын;
2) мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінде:
шитті мақтаны текшелеуге және сақтауға арналған ашық (жабық) алаң;
таразы жабдығы;
желдеткіш жабдығы;
шитті мақтаның сынамасын іріктеуге және сапасын анықтауға арналған зертхана жабдығы;
тиеу-түсіру тетіктері;
өрт сөндіру құралдары болуға тиіс.
Мақта тазалау зауытының, сондай-ақ мақта тазалау зауыты орналасқан жерден тыс тұрған мақта қабылдау пунктінің аумағы қоршалуға тиіс.
4. Мақта өңдеу ұйымы:
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мақтаны қабылдау және сақтау шарттарын орындауға және стандарттау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде, техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті қамтамасыз етуге;
2) сақтауға және (немесе) өңдеуге қабылданған мақтаның мөлшерлік және сапалық сақталуын берілген мақта қолхаттарына сәйкес қамтамасыз етуге;
3) көрсетілген қызметтер үшін берешегі болмаған кезде сақтау және (немесе) өңдеу шартының талаптарына сәйкес мақта қолхатын ұстаушының талабы бойынша мақта қолхатының орнына сақтаудағы мақтаны беруге;
4) мақта иесінің талабы бойынша мақтаның сапасын тексеру үшін мақта сынамасын іріктеуді қамтамасыз етуге;
5) мақта иелері алдындағы сақтау шартында және (немесе) өңдеу шартында көзделген міндеттемелерін орындауға міндетті.
14-бап. Мақта өңдеу ұйымының қызметтеріне ақы төлеу
Мақта өңдеу ұйымының қызметтеріне ақы төлеу сақтау шартына және (немесе) өңдеу шартына сәйкес ақшалай не мақта иесінің мақта қолхатында индоссамент жасай отырып, тиісті мақта мөлшерін мақта өңдеу ұйымына беру арқылы жүргізіледі.
15-бап. Мақта өңдеу ұйымының қызметін шектеу
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мақта өңдеу ұйымдарының:
1) мақта талшығын өңдеу өнімі мен шитті мақтаны өңдеудің қосалқы өнімдерін, тоқыма өнімін өндіруі мен сатуын;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) кеден қоймасы қызметтерін көрсетуін;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мақта өңдеу ұйымының мүлік кешенін тұтастай кепілге қоюын қоспағанда, мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерге жатпайтын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ кепілдіктер беруіне және өз мүлкін үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілге қоюына тыйым салынады.
Мақта өңдеу ұйымдары мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет және мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметіне байланысты емес қызмет операцияларының есебін жеке-жеке жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Негізгі құрал-жабдықтарсыз мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру мүлде мүмкін болмайтын не қызмет айтарлықтай нашарлайтын жағдайда, мақта өңдеу ұйымының оларды иеліктен шығаруына тыйым салынады.
3. Сақтауға және (немесе) өңдеуге тапсырылған мақтаға мақта өңдеу ұйымдарының билік етуіне тыйым салынады.
2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-бап. Мақта өңдеу ұйымының есебі және есептілігі
1. Мақта өңдеу ұйымы өзінің мақтаға қатысты жасаған операцияларын көрсететін құжаттардың есебін қатаң жүргізуге және олардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Есепке алу құжаттарының тізбесі мен нысандарын, мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету, мақта нарығының мониторингін жүргізу жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды сақтау мәселелері бойынша есептілікті ұсыну мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.
2-1. Ведомстволық статистикалық байқауларды уәкілетті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес жүргізеді.
3. Сақталуға тиісті құжаттардың тізбесі, оларды сақтау мерзімдері мақтаның мөлшерлік-сапалық есебін жүргізу ережелерімен белгіленеді.
4. Мақта өңдеу ұйымы уәкілетті органның және облыстың жергілікті атқарушы органының жазбаша сауал салуы бойынша өз қызметіне байланысты мақта нарығының мониторингін жүргізу үшін қажетті ақпаратты беруге міндетті.
17-бап. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесі
1. Мақта өңдеу ұйымы мақта қолхаттарын ұстаушылардың алдындағы өз міндеттемелерін мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу жолымен орындауды қамтамасыз етуге міндетті.
2. Мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорымен жасалатын қатысу шарты негізінде жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорлары өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауаптылықта болады.
18-бап. Мақта өңдеу ұйымының аудиті
1. Мақта өңдеу ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептілік аудитін жүргізуге міндетті.
2. Егер мақта өңдеу ұйымы аудит жүргізуден жалтарса, аудит кез келген мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша сот шешімімен тағайындалуы мүмкін.
3. Мақта өңдеу ұйымының ішкі аудит қызметінің аудитті жүзеге асыруы оны аудит жүргізу міндетінен босатпайды.
19-бап. Мақта өңдеу ұйымының мүлкін иеліктен шығару (сатып алу) ерекшеліктері
1. Мақта тазалау зауыты бөлінбейтін мүлік болып табылады және:
1) мақта тазалау зауыты тұрған орыннан тыс орналасқан мақта қабылдау пунктін иеліктен шығарған (сатып алған);
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тоқтатқан және мақта саласындағы мемлекеттік инспектор растаған мақта қолхаттарын ұстаушылардың алдында орындалмаған міндеттемелері болмаған;
3) мақта өңдеу ұйымын таратқан кезде мүлікті өткізу жағдайларын қоспағанда, бөлінбейтін мүлік ретінде иеліктен шығарылады (сатып алынады).
2. Мақта өңдеу ұйымы мақта тазалау зауытын немесе мақта тазалау зауытынан тыс орналасқан мақта қабылдау пунктін иеліктен шығарғанға дейін екі айдан кешіктірмейтін мерзімде өзіне белгілі мақта қолхаттарын ұстаушыларды мүлікті иеліктен шығару жөнінде жазбаша хабардар етуге, сондай-ақ республикалық мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде тиісті хабарландыру беруге міндетті.
3. Мақта өңдеу ұйымы осы баптың 1 және 2-тармақтарын бұза отырып, жасаған мақта тазалау зауытын немесе мақта тазалау зауытынан тыс орналасқан мақта қабылдау пунктін өткізу жөніндегі мәмілелерді сот мақта қолхаттарын ұстаушылар мен өзге де мүдделі тұлғалардың талап-арызы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мақта тазалау зауытының (мақта тазалау зауыты тұрған орыннан тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінің) бұрынғы меншік иесі берген мақта қолхаттарынан туындайтын міндеттемелерді орындау мүлікті қабылдау-беру жөніндегі комиссия жасаған және мақта саласындағы мемлекеттік инспектор бекіткен қалдық мақтаны түгендеу актісімен белгіленген мөлшерде мақта тазалау зауытын (мақта тазалау зауыты тұрған орыннан тыс орналасқан мақта қабылдау пунктін) сатып алушыға немесе мұндай мүлікті соттың немесе аралық соттың шешімін орындау тәртібімен алған тұлғаға жүктеледі.
Егер қалдық мақтаны түгендеу актісі жасалмаған жағдайда, мүліктің бұрынғы меншік иесі мақта өңдеу ұйымы берген барлық мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау:
1) мақта тазалау зауытын иеліктен шығару кезінде осы мақта тазалау зауытының жаңа иесіне жүктеледі;
2) мақта тазалау зауыты тұрған орыннан тыс орналасқан мақта қабылдау пунктін иеліктен шығарған кезде осы мақта қабылдау пунктінің бұрынғы меншік иесі жүзеге асырады.
5. Мақта тазалау зауытының және (немесе) мақта тазалау зауытынан тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінің жаңа меншік иесі қалдық мақтаны түгендеу актісі бойынша қабылданған мақтаны өңдеуді және сақтауды бұрынғы меншік иесі мен мақта иесінің арасында бұрын жасалған өңдеу шарты жағдайында, мұндай шарттың қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырады.
6. Нарықта үстем жағдайға ие нарық субъектісі болып табылатын мақта өңдеу ұйымының мүлкін иеліктен шығару, сондай-ақ нарықта үстем жағдайға ие тұлғаның мақта өңдеу ұйымының мүлкін сатып алуы Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
5-тарау. Мақта қолхаты
20-бап. Мақта қолхаты
1. Мақта өңдеу ұйымы мақта қолхатын мақтаны қабылдап алғанын растау үшін сақтау шарты және (немесе) өңдеу шарты негізінде береді.
2. Мақта қолхаты екі бөліктен: қажет болған кезде бір-бірінен бөлінуі мүмкін қойма куәлігінен және кепіл куәлігінен тұрады. Мақта қолхаты және оның бөліктерінің әрқайсысы эмиссиялық емес ордерлік бағалы қағаздар болып табылады.
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
3. Мақта қолхатының әрбір бөлігі мынадай міндетті деректемелерді:
1) лицензиар беретін мақта өңдеу ұйымының кодын;
2) мақта қолхаттарының тізілімі бойынша мақта қолхатының ағымдағы нөмірін;
3) мақта қолхаты бланкісінің сериясы мен нөмірін;
4) мақтаны қабылдап алған мақта өңдеу ұйымының атауын, орналасқан жерін және бизнес-сәйкестендіру нөмірін;
5) мақта иесінің атауын: жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауын; мақта иесінің орналасқан жерін: жеке тұлғаның тұрғылықты жерін немесе заңды тұлғаның орналасқан жерін; жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нөмірін; салық төлеуші мақта иесінің тіркеу нөмірін;
5-1) мақта иесі туралы деректерді: жеке тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауын; жеке тұлғаның тұрғылықты жерiн немесе заңды тұлғаның орналасқан жерiн; сәйкестендіру нөмірін;
6) тұқымның сорттық және егістік сапасын куәландыратын құжаттың деректемелерін;
7) мақтаның сапалық-мөлшерлік көрсеткіштерін;
8) мақта сақтау орнын: мақта тазалау зауыты орналасқан жерді және (немесе) мақта тазалау зауыты орналасқан жерден тыс тұрған мақта қабылдау пунктінің орналасқан жерін;
9) шитті мақтаны сақтау және (немесе) өңдеу мерзімін; мақта тұқымын және мақта талшығын сақтау мерзімін;
10) сақтау шартының және (немесе) өңдеу шартының деректемелерін (нөмірі мен жасалған күнін);
11) мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорына қатысуы туралы белгіні;
12) мақта қолхаты берілген күнді;
13) уәкілетті адамның қолын және мақта өңдеу ұйымының мөрін;
14) мақта қолхатының тиісті бөлігінің атауын;
15) сақтағаны үшін ақы төлегені туралы белгіні қамтуға тиіс.
4. Осы баптың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құжат мақта қолхаты болып табылмайды.
5. Кепіл куәлігін қойма куәлігінен бөлген кезде қойма куәлігінде мынадай ақпарат бар белгі жасалады:
1) жеке тұлғаға қатысты - индоссаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) және тұрғылықты жері; заңды тұлғаға қатысты - индоссаттың атауы және орналасқан жері;
2) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің, ол бойынша сыйақы ставкасын қоса алғанда, мәні, мөлшері, міндеттемені орындау мерзімі;
3) индоссаттың қолы;
4) кепіл куәлігінің бөлінген күні.
6. Кепіл куәлігін қойма куәлігінен бөлген кезде кепіл куәлігінде мынадай ақпарат бар белгі жасалады:
1) жеке тұлғаға қатысты - индоссанттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) және тұрғылықты жері; заңды тұлғаға қатысты - индоссанттың атауы және орналасқан жері;
2) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің, ол бойынша сыйақы ставкасын қоса алғанда, мәні, мөлшері, міндеттемені орындау мерзімі;
3) индоссанттың қолы;
4) кепіл куәлігінің бөлінген күні.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Мақта өңдеу ұйымдары облыстың жергілікті атқарушы органына мақта қолхаттарына қол қоюға уәкілеттік берілген жеке тұлғалардың тектері, аттары, әкелерінің аттары (олар бар болса) бар карточканы, олардың қолдарының үлгілерін, сондай-ақ мақта қолхатына қойылатын мөр бедерінің үлгісін табыс етуге міндетті.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Мақта қолхатындағы қойылған қолдарының, мөр бедерінің облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынылатын карточкада көрсетілген қолдарының үлгілері мен мөр бедеріне сәйкес келмеуі осы мақта қолхатын жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.
21-бап. Мақта қолхатын беру тәртібі
1. Мақта қолхаты сапасы бойынша біртектес әрбір мақта партиясына беріледі. Тапсырылған мақтаның барлық көлеміне берілетін мақта қолхаттарының санын өзінің өтінімі бойынша мақта иесі айқындайды.
Мақта өңдеу ұйымы мақта қолхатын мақта партиясы түзіліп болғаннан кейін өтініш берген сәттен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде береді.
2. Мақта қолхаттары мақта иесіне мақта өңдеу ұйымы хронологиялық тәртіппен жүргізетін мақта қолхаттарының тізіліміне тіркеліп және оның қолы қойылып беріледі.
3. Жаңа мақта қолхаттары мақта қолхаттарын ұстаушылардың талабы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мақта қолхатында индоссамент жасау үшін бос орын болмаған;
2) мақта қолхаты тозған;
3) мақта қолхаты айырбасталған;
4) мақта қолхаты жоғалған жағдайларда беріледі.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Сервистік-дайындау орталығында жүзеге асырылатын қызмет лицензиялауға жатпайды. Сервистік-дайындау орталығындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар мақта қолхаттарын беруге құқылы емес.
22-бап. Мақта қолхаты мен оның бөліктері бойынша құқықтарды беру
1. Мақта қолхаты мен оның бөліктері бойынша құқықтар оларда беру жазбаларын - индоссамент жүргізу жолымен беріледі.
2. Бөлінбеген мақта қолхаты бойынша құқықтар беру тек қана қойма куәлігінде индоссамент жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
3. Кепіл куәлігін қойма куәлігінен бөлу осы Заңның 20-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес мақта кепілге қойылған кезде жүзеге асырылады.
23-бап. Мақта қолхаты мен оның бөліктерін ұстаушылардың құқықтары
1. Мақта қолхатын ұстаушының мақта өңдеу ұйымының мақта тазалау зауытында (мақта қабылдау пунктінде) сақтаулы мақтаға толық көлемде билік етуге құқығы бар.
2. Кепіл туралы мәліметі бар қойма куәлігін ұстаушы мақта қолхатында көрсетілген мақтаға билік етуге құқылы, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кепіл куәлігі бойынша қарызын өтегенге дейін мақтаны беруді талап етуге құқығы жоқ.
3. Кепіл куәлігін ұстаушы:
1) кепіл куәлігін қойма куәлігінен бөлген қойма куәлігін ұстаушыдан кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттеменің орындалуын талап етуге;
2) кепіл куәлігін және ол бойынша құқықтарды үшінші тұлғаларға беруге;
3) кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттеме орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілге қойылған затты өндіріп алуға құқылы.
24-бап. Мақтаны беру
1. Мақтаны беру мақта қолхатын ұстаушының талабы бойынша өтелуге жататын қойма және кепіл куәліктерінің түпнұсқасына айырбастау арқылы жүзеге асырылады.
Осы Заңның 26-бабына сәйкес сатылған мақтаны беру оны сатып алушының талабы бойынша сауда-саттық нәтижелері туралы құжатқа айырбастау арқылы жүзеге асырылады.
2. Мақта қолхатын ұстаушы мақтаны бөліп-бөліп беруді талап етуге құқылы. Бұл ретте оған бастапқы мақта қолхатының орнына мақтаның қалған көлеміне жаңа мақта қолхаты беріледі.
3. Мақтаны талап ету үшін мақта қолхатын ұстаушы өзі келуге немесе сенімхатқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген өкілеттігіне орай іс-әрекет жасайтын уәкілетті өкілін жіберуге міндетті.
4. Кепіл туралы мәліметтері бар қойма куәлігін ұстаушының талабы бойынша мақтаны беру уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады
25-бап. Кепіл куәлігі бойынша құқықтарды жүзеге асыру тәртібі
1. Кепіл куәлігін ұстаушы кепіл куәлігінде көрсетілген мақтаны кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме орындалмаған не тиісінше орындалмаған жағдайда ғана өндіріп алуға құқылы.
2. Кепіл куәлігімен қамтамасыз етілген міндеттеме мерзімінен бұрын орындалған жағдайда кепіл куәлігін ұстаушы кепіл куәлігін кепілдің тоқтатылуы туралы белгімен белгілі қойма куәлігін ұстаушыға не мақта өңдеу ұйымына өтеу үшін қайтарып беруге міндетті.
3. Егер өндіріп алу сәтіне қойма куәлігін ұстаушы мақтаны талап етсе, мақта өңдеу ұйымы кепіл куәлігін ұстаушыға кепіл куәлігінде көрсетілген міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжатты ұсынады.