1. Жалпы жиналыс (конференция) адвокаттар алқасы қызметiнiң кез келген мәселелерiн шешуге құқылы.
2. Жалпы жиналыстың (конференцияның) ерекше құзыретiне мыналар жатады:
1) адвокаттар алқасының Жарғысын және Жарғыға өзгерістер енгізу туралы шешiмдер қабылдау;
2) төралқаны, төралқа төрағасын, тексеру комиссиясын, тексеру комиссиясының төрағасын сайлау;
3) Жарғыда көзделген басқа органдарды және олардың басшыларын сайлау, осы органдар туралы ережелердi бекіту;
4) адвокаттар алқасы органдарының, адвокаттар алқасы басшылары мен қызметкерлерiнiң қызметi туралы есептердi тыңдау мен бекіту;
5) 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) органдардың және адвокаттар алқасы басшылары мен қызметкерлерiнiң шешiмдерiне адвокаттардың шағымдарын қарау;
8) адвокаттар алқасының басшылары мен қызметкерлерiн мерзiмiнен бұрын керi шақыру;
2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) адвокат өзін алқаға мүшелікке қабылдаған күннен бастап алты айдың ішінде төлейтін және тек қана адвокаттар алқасының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасын нығайтуға жұмсалатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген айлық есептік көрсеткішке еселенген мөлшерде есептелетін бастапқы нысаналы жарна ставкаларын белгілеу;
2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген айлық есептік көрсеткішке еселенген мөлшерде есептелетін ай сайынғы мүшелік жарна ставкаларын белгілеу жатады, бұл ретте кәсіптік қызметін ауылдық елді мекендерде жүзеге асыратын не бір жылдан аспайтын адвокаттық қызмет өтілі бар адвокаттар белгіленген ставканың елу пайызы мөлшерінде ай сайынғы мүшелік жарналарды төлейді.
3. Жалпы жиналыс (конференция) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсi немесе, тиiсінше, конференция сайлаған делегаттар құрамы болған жағдайда шешiмдер қабылдауға құқылы.
4. Жалпы жиналысты (конференцияны) жылына кемiнде бiр рет адвокаттар алқасының төралқасы шақырады. Тексеру комиссиясының немесе алқа мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде төрттен бiрiнiң талап етуi бойынша алқасы төрағасы отыз күн iшiнде жалпы жиналысты (конференцияны) шақыруға мiндеттi.
5. Адвокаттар алқасының Жарғысында жалпы жиналыстың (конференцияның) ерекше құзыретiне жататын өзге мәселелер көзделуi мүмкiн.
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 24-бап өзгертілді
24-бап. Адвокаттар алқасының төралқасы
2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Адвокаттар алқасының төралқасы жасырын дауыспен төрт жыл мерзiмге сайланады.
2. Адвокаттар алқасының төралқасы:
1) адвокаттар алқасының жеке және заңды тұлғаларға заң көмегiн, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегін көрсету жөніндегі жұмысын ұйымдастырады;
2) жалпы жиналыстың (конференцияның) шешiмдерiн орындауды ұйымдастырады, жалпы жиналысты (конференцияны) шақырады;
3) адвокаттардың кәсiби және өзге де құқықтарын қорғайды;
4) адвокаттар алқасының мүшелiгiне қабылдауды жүзеге асырады, алқа мүшелiгiнен шығарады, адвокаттардың тағлымдамадан өтушiлерiн даярлауды ұйымдастырады;
2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) 2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырылды
4-2) адвокаттардың қызметі туралы олардың жинақталған есептерін Республикалық адвокаттар алқасына тоқсан сайын ұсынады;
4-3) адвокаттық қызметін ауылдық елді мекенде кемінде үш жыл міндетті түрде жүзеге асыру шартымен адвокаттар алқасына мүше болып қабылданатын адвокаттарды бастапқы нысаналы жарна төлеуден босатады;
4-4) жүктілігі және тууы бойынша не бала үш жасқа толғанға дейін оны күтіп-бағу бойынша демалыста болған кезеңінде адвокаттарды және уақытша еңбекке жарамсыздығы салдарынан қатарынан екі айдан астам адвокаттық қызметті жүзеге асырмаған адвокаттарды ай сайынғы мүшелік жарнаны төлеуден босатады;
5) адвокаттың әрекеттерiне жеке және заңды тұлғалардан түскен шағымдарды (ұсыныстарды) тексеру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
6) адвокаттардың тәртiптiк терiс қылықтары туралы материалдарды қарайды және кiнәлi адамдарға тәртiптiк жаза қолданады;
7) адвокаттарды аттестациялауды өткізудi және олардың кәсiби біліктiлiк арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) осы Заңда көзделген негiздер бойынша лицензиарға адвокатқа қатысты адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап-арызды дайындау туралы өтiнiш береді;
9) адвокаттардың кәсiби деңгейiн көтеру жөніндегі шараларды жүргiзедi, оң жұмыс тәжiрибесiн талдайды, қорытады және таратады;
2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) кодификациялық-анықтамалық жұмысты жүргiзудi ұйымдастырады, адвокаттық қызмет мәселелерi бойынша әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдар әзiрлейдi және басып шығарады;
11) заң консультацияларын құрады, олардың меңгерушiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
12) адвокат куәлiгiн бередi, оның нысанын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі бекiтедi;
13) адвокаттар алқасының қаражатына Жарғы мен жалпы жиналыс (конференция) белгiлейтiн тәртiппен иелiк жасайды;
14) бухгалтерлік есептің, қаржылық есептіліктің жүргізілуін, іс қағаздарын жүргізуді және алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыруды ұйымдастырады;
2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14-1) адвокаттар алқасының мүлкіне билік ету тәртібін белгілейді;
15) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысының (конференциясының) ерекше құзыретiне жатқызылғандарды қоспағанда, адвокаттар алқасы қызметiнiң өзге де мәселелерiн шешедi.
2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 123-V ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
25-бап. Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы
1. Өзі сайланған күнге дейін кемiнде екi жыл тiкелей адвокаттар алқасының мүшесi болған адвокат адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы болып сайлана алады.
Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады.
Бұл ретте бір адам қатарынан екі мерзімнен артық адвокаттар алқасының төрағасы лауазымында бола алмайды.
2. Алқаның жарғысына сәйкес адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы:
1) төралқаның жұмысын ұйымдастырады, оның отырыстарында төрағалық етеді және төралқа, алқа мүшелерiнiң жалпы жиналыстары (конференциялары) шешiмдерiнiң орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
2) төралқа аппаратының жұмысына басшылық жасайды, алқа аппаратының қызметкерлерiн жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдар мен мекемелерде адвокаттар алқасы атынан өкілдік етеді;
4) адвокаттық қызметті ұйымдастырудың адвокат таңдаған нысанын және заңды мекенжайын көрсетіп, адвокаттар алқасына мүше болып кірген лицензиаттар туралы, сондай-ақ шығарылу себебін көрсете отырып, адвокаттар алқасы мүшелігінен шығарылғандар туралы мәліметтерді лицензиарға ұсынуды қамтамасыз етеді;
5) адвокаттар көрсеткен заң көмегі туралы статистикалық мәліметтерді қоса алғанда, адвокаттар алқаларының қызметі туралы есепті Республикалық адвокаттар алқасына ұсынуды қамтамасыз етеді;
6) адвокаттар көрсеткен тегін заң көмегі туралы және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды бюджет қаражаты есебінен өтеу туралы жиынтық есепті аумақтық әділет органына уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;
7) адвокаттардың тағылымдамадан өтушiлерінің тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етеді;
8) адвокаттарды кәсiптік оқыту бағдарламасын iске асыруды қамтамасыз етедi.
Адвокаттар алқасының төралқасы төрағасының басқа да өкілеттіктері адвокаттар алқасының жарғысында айқындалады.
26-бап. Адвокаттар алқасының тексеру комиссиясы
1. Адвокаттар алқасының тексеру комиссиясы оның бақылау-тексеру органы болып табылады.
2. Тексеру комиссиясы, оның төрағасы алқа мүшелерiнiң жалпы жиналысында (конференциясында) төрт жыл мерзiмге сайланады.
3. Тексеру комиссиясы адвокаттар алқасының, заң консультацияларының, адвокаттық кеңселердiң қаржы-шаруашылық қызметiне, сондай-ақ жеке дара жұмыс iстейтiн адвокаттардың қаржылық қызметiне тексеру жүргiзедi.
27-бап. Адвокаттар алқасына мүшелiк
2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Адвокаттар алқасына мүшелiк мiндеттi болып табылады.
Осы Заңның 7-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлардың бірінің анықталуы адвокаттар алқасына мүшелікке қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Адвокаттар алқасына мүшелiкке қабылдаудан бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.
2. Кiсi алқадан шығарылған, бiрақ адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясын сақтап қалған жағдайда ол шығарылған сәттен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн алқаға қайта қабылдануы мүмкiн. Бұл кезеңде адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға жол берiлмейдi.
28-бап. Адвокаттар алқасы мүшесiнiң құқықтары
1. Адвокаттар алқасы мүшесiнiң:
1) алқаның, оның органдары мен лауазымды адамдарының жәрдемiн, кәсiби көмегiн және қорғауын пайдалануға;жәрдемiн
2) адвокаттар алқасының органдарына сайлауға және сайлануға;
3) адвокаттар алқасы органдары алдына алқа қызметiне қатысты мәселелер қоюға, алқа мен оның органдарының жұмысын жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгізуге, шешiмдердi талқылау мен қабылдауға қатысуға, адвокаттар алқасы органдарынан олардың қызметi туралы құжаттар мен материалдар берудi талап етуге;
4) алқа органдары оның қызметiн немесе мiнез-құлқын тексерген және талқылаған барлық жағдайларда өзi қатысуға;
5) алқаның жарғысында белгiленген тәртiп пен шарттарда адвокаттар алқасының мүлкiн пайдалануға;
6) өз бастамасымен алқа құрамынан шығуға құқығы бар.
2. Адвокаттар алқасының мүшелерi өзiнiң құқықтары мен мiндеттерi жөнiнен тең болады.
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
29-бап. Адвокаттар алқасы мүшесiнiң мiндеттерi
1. Адвокаттың осы Заңның 15-бабында көзделген жалпы мiндеттерінен басқа, адвокаттар алқасының мүшесi:
1) адвокаттар алқасы жарғысының талаптарын сақтауға;
2) адвокаттар алқасы мен оның органдарының жалпы жиналысының шешiмдерiн орындауға;
3) бастапқы нысаналы және ай сайынғы мүшелік жарналарды төлеуге;
4) адвокаттар алқасының төралқасына өз жұмысы туралы статистикалық есепті ұсынуға;
5) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) өзгерген жағдайда, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттармен лицензиарға беруге;
6) өзінің заңды мекенжайының өзгергені туралы адвокаттар алқасының төралқасына хабарлауға;
7) ол көрсеткен заң көмегiнiң сапасына жеке және заңды тұлғалардың шағымдары бойынша тексеру үшiн қажетті материалдарды адвокаттар алқасының төралқасына ұсынуға міндетті.
2. Адвокаттар алқасының мүшесі бастапқы нысаналы және ай сайынғы мүшелiк жарналарды төлеу мiндеттемесiнен басқа, адвокаттар алқасының алдында өзгедей біржақты мүлiктiк мiндеттемелер алмауға тиіс.
2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-бап. Адвокаттардың тәртiптiк жауапкершiлiгi
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының, Адвокаттардың кәсiптік әдебі кодексiнiң, адвокаттар алқасы жарғысының талаптарын бұзғаны үшiн адвокат мынадай тәртiптiк жауапкершiлiк шараларының бiрiне тартылады:
1) ескерту;
2) сөгiс;
3) қатаң сөгiс;
4) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап-арызды дайындау туралы лицензиарға өтiнiш бере отырып, адвокаттар алқасынан шығару.
2. Тәртiптiк iс жүргiзу адвокаттар алқасы төралқасының құзыретiне жатады.
3. Адвокаттың Қазақстан Республикасы заңнамасының, Адвокаттардың кәсiптік әдебі кодексiнiң, адвокаттар алқасы жарғысының талаптарын бұзғанын көрсететін жеткілікті деректердің болуы тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау үшiн негіз болып табылады.
4. Әділет органдары тәртiптiк iс жүргiзу туралы ұсыныс енгізген жағдайда оны қарау әділет органы өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады. Қараудың уақыты және орны тиісті түрде хабарланған әділет органы өкілінің келмеуі тәртiптiк iсті қарауға кедергі болмайды.
5. Тәртіптік жазалар қолданудың, оларды алып тастаудың және оларға шағым жасаудың тәртібі адвокаттар алқасының жарғысында айқындалады.
Адвокаттың тәртiптiк терiс қылық жасағаны үшiн бiр тәртiптiк жаза ғана қолданылуы мүмкiн.
6. Адвокаттар алқасы төралқасының тәртiптiк жаза қолдану туралы шешiмiне адвокат сот тәртiбiмен шағым жасауы мүмкін.
7. Егер тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап алты ай iшiнде адвокат жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, ол тәртіптік жазаға тартылмаған болып есептеледi.
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
31-бап. Адвокаттар алқасынан шығару
1. Адвокатты алқадан адвокаттар алқасының төралқасы мынадай жағдайларда:
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара);2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиясынан айырылған немесе қолданылуы тоқтатылған;
2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) адвокат өз міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен нормаларын, адвокаттар алқасының жарғысында бекітілген адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметінің принциптерін, адвокаттардың кәсіби әдебі ережелерін өрескел не бірнеше рет бұзған;
3) біліктiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi салдарынан адвокаттың өз кәсiби мiндеттерiн орындай алмайтыны анықталған;
4) мүшелiк жарнаны ұдайы төлемеген;
5) кәсiпкерлiк қызметпен, сондай-ақ өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысқан;
6) өз тiлегi бойынша;
7) алқа Жарғысында көзделген өзге де жағдайларда шығарады.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы баптың 1-тармағының 2), 3)-тармақшаларында көзделген негiздер бойынша адвокатты алқадан шығару адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясының қолданысын тоқтатуға әкеп соғады.
3. Алқадан шығаруға алқа төралқасының шығару туралы қаулысының көшiрмесi адвокатқа берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.
32-бап. Заң консультациясы
2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Азаматтарға білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін адвокаттар алқасының төралқасы заң консультацияларын, оның ішінде мамандандырылған заң консультацияларын құрады.
2. Заң консультациясы орналасатын жердi адвокаттар алқасының төралқасы белгiлейдi.
3. Заң консультациясы адвокаттар алқаларының құрылымдық бөлiмшесi (филиалы) болып табылады. Оның өз атауы мен тиiстi адвокаттар алқасына тиесiлiлiгi белгiленген мөрi мен мөртаңбасы, заң көмегiн көрсетудi ұйымдастыру үшiн қажеттi өзге де атрибутикасы болады. Заң консультациясы адвокаттар алқасының жалпы жиналысы (конференциясы) бекiткен Ереже негiзiнде iс-қимыл жасайды.
4. Заң консультациясын адвокаттар алқасының төралқасы тағайындайтын меңгерушi басқарады.
33-бап. Адвокат кеңсесi
1. Адвокат кеңсесi мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Адвокат кеңсесi адвокаттардың заң көмегiн көрсетуiнiң материалдық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де шарттарын қамтамасыз ету мақсатында құрылады /ұйымдастырылады/.
3. Адвокат кеңсесiн адвокаттар алқасының мүшесi (мүшелерi) құрады.
Адвокат тек бiр ғана адвокат кеңсесiнiң құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) бола алады.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Бiр адвокат құрған адвокат кеңсесi өз қызметiн Жарғының негiзiнде жүзеге асырады.
Адвокат кеңсесiн бiрнеше адвокат құрған жағдайда Құрылтай шарты да құрылтай құжаты да болуы мүмкiн.
Адвокат кеңсесiнiң құрылтайшысы (құрылтайшылары) мемлекеттiк тiркеуден өткен соң күнтізбелік он күн ішінде бұл туралы тиiстi адвокаттар алқасын жазбаша хабардар етуге және адвокат кеңсесiнiң құрылтай құжаттарын оның иелігіне ұсынуға мiндеттi.
5. Адвокат кеңселерiн құруға мемлекеттік органдардың арнайы рұқсаты талап етiлмейдi.
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен 31-1-баппен толықтырылды
33-1-бап. Адвокаттық қызметті жеке-дара жүзеге асыру
2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кәсіби қызметті жеке-дара жүзеге асыруға шешім қабылдаған адвокат бұл туралы адвокаттар алқасын хабардар етеді. Хабарламада адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болғанда), оның тұрақты тұратын жері көрсетіледі.
2. Кәсіби қызметті заңды тұлға құрмай жеке-дара жүзеге асыратын адвокат банктерде есеп айырысу және өзге де шоттар, жеке мөр, мөртабандар, жеке бланкілер иеленуге құқылы.
2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 33-2-баппен толықтырылды
33-2-бап. Республикалық адвокаттар алқасы
1. Республикалық адвокаттар алқасы адвокаттар алқаларының міндетті мүшелігіне негізделген, коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіптік, өзін-өзі басқаратын, өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
2. Республикалық адвокаттар алқасы адвокаттық өзін-өзі басқару ұйымы ретінде Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі мемлекеттік және өзге де ұйымдарда адвокаттар алқалары мен адвокаттардың мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау, адвокаттар алқаларының қызметін үйлестіру, адвокаттар көрсететін заң көмегінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
3. Республикалық адвокаттар алқасын Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы құрады.
4. Республикалық адвокаттар алқасының жарғысын Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы қабылдайды.
5. Республикалық адвокаттар алқасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге жатады.
6. Республикалық адвокаттар алқасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
7. Республикалық адвокаттар алқасының және оның органдарының өздерінің құзыреті шегінде қабылданған шешімдері адвокаттар алқалары үшін міндетті.
2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 33-3-баппен толықтырылды
33-3-бап. Республикалық адвокаттар алқасының жарғысы
1. Республикалық адвокаттар алқасының жарғысында:
1) Республикалық адвокаттар алқасының атауы, қызметінің нысанасы мен мақсаттары;
2) Республикалық адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері;
3) Республикалық адвокаттар алқасының құрылымы, оның органдарының құрылу тәртібі және құзыреті;
4) мүлкін қалыптастыру көздері және оған иелік ету тәртібі;
5) адвокаттар алқалары жүзеге асыратын аударымдар мөлшері мен тәртібі;
6) Республикалық адвокаттар алқасын қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі көзделуге тиіс.
2. Республикалық адвокаттар алқасының жарғысы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелерді қамтуы мүмкін.
2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 33-4-баппен толықтырылды
33-4-бап. Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы
1. Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы Республикалық адвокаттар алқасының жоғары органы болып табылады, ол кемінде екі жылда бір рет шақырылады. Егер конференция жұмысына сайланған делегаттар санының кемінде үштен екісі қатысқан болса, ол заңды деп саналады.
2. Конференция Республикалық адвокаттар алқасының кез келген мәселелерін шешуге құқылы.
Конференцияның айрықша құзыретіне:
1) Республикалық адвокаттар алқасының жарғысын қабылдау және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
2) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының орналасатын жерін айқындау;
3) адвокаттар алқаларынан Республикалық конференцияға делегаттардың өкілдік ету нормасын бекіту;
4) Адвокаттардың кәсіптік әдебі кодексін әзірлеу мен бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
5) Адвокаттардың аттестаттаудан өту тәртібі туралы ережені әзірлеу және бекіту;
6) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасын сайлау;
7) Республикалық адвокаттар алқасының тексеру комиссиясын сайлау;
8) адвокаттар алқалары Республикалық адвокаттар алқасының ортақ қажеттіліктеріне жүзеге асыратын аударымдар мөлшері мен тәртібін айқындау;
9) Республикалық адвокаттар алқасын ұстауға арналған шығыстар сметасын бекіту;
10) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының есебін, оның ішінде Республикалық адвокаттар алқасын ұстауға арналған шығыстар сметасының орындалуы туралы есепті бекіту;
11) тексеру комиссиясының Республикалық адвокаттар алқасының қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есебін бекіту;
12) конференция регламентін бекіту;
13) Республикалық адвокаттар алқасының жарғысында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 33-5-баппен толықтырылды
33-5-бап. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы
1. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы Республикалық адвокаттар алқасының алқалы атқарушы органы болып табылады.
2. Төралқаны Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайлайды.
3. Төралқа мүшелерінің санын Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы айқындайды. Төралқаның құрамында әрбір адвокаттар алқасының өкілдігі қамтамасыз етілуге тиіс.
4. Төралқа:
1) Республикалық адвокаттар алқасының жұмысын ұйымдастырады;
2) Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
3) өз құрамынан Республикалық адвокаттар алқасының төрағасын жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайлайды. Бұл ретте бір адам қатарынан екі мерзімнен артық төраға лауазымында бола алмайды;
4) конференциялардың арасындағы кезеңде төралқаның және тексеру комиссиясының осы Заңда көзделген негіздер бойынша адвокаттар алқасының мүшесінен шығарылған мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімдер қабылдайды;
5) Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Республикалық адвокаттар алқасынан өкілдік етеді;
6) адвокаттар алқаларының қызметін үйлестіреді;
7) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне адвокаттар көрсеткен заң көмегі туралы статистикалық мәліметтерді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекітетін нысан бойынша ұсынады;
8) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Тағылымдамадан өтушілердің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережеге ұсынымдарды енгізеді;
9) адвокаттардың кәсіби деңгейін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, адвокаттарды және олардың көмекшілерін кәсіптік даярлаудың бірыңғай әдістемесін әзірлейді;
10) адвокаттардың әлеуметтік және кәсіптік құқықтарын қорғайды;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен адвокаттық қызметке жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жасауға қатысады;
12) адвокаттар алқаларының қызметі туралы олардың есептерін тоқсан сайын жинақтап қорытады;
13) адвокаттар алқаларының тәртіптік практикасын жинақтап қорытады, оның нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірлейді;
14) адвокаттық қызмет мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;