16-бап. Күзет қызметiн көрсету туралы шарт
1. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша қызмет көрсетушi клиентке тараптардың келісiмімен айқындалған күзет қызметтерiн осы шартта белгiленген тәртiпте, көлемде және ақыға көрсетуге мiндеттенедi.
2. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша қызмет көрсетушi ретiнде iс-қимыл жасауға (осы Заңнан туындайтын талаптарды ескере отырып) күзет қызметiнiң мынадай субъектiлерi:
1) iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi;
2) жеке күзет ұйымдары;
3) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
3. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша клиент ретiнде жеке және заңды тұлғалар iс-қимыл жасауға құқылы.
4. Күзет қызметiн көрсету туралы шартта:
1) қызмет көрсетушiнiң күзет қызметiн көрсету лицензиясының нөмiрi мен оның берiлген күнi көрсетiле отырып, уағдаласушы тараптар туралы мәлiметтер;
2) қызмет көрсетушiнiң мiндеттерi көрсетiле отырып, көрсетiлетiн күзет қызметiнің түрлерi;
3) шарттың объектiсi туралы мәлiметтер;
4) шарттың мерзiмi мен жасалған күнi;
5) тараптардың жауапкершiлiк шаралары болуға тиiс.
5. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарттың жазбаша нысанда жасалуын сақтамау оның жарамсыз болуына әкеп соғады.
17-бап. 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 222-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-1-бап өзгертілді; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 17-1-бап жаңа редакцияда (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
17-1-бап. Күзет қызметiн жүзеге асырумен байланысты шектеулер
1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары мен азаматтарының күзет қызметiмен айналысатын бiрнеше ұйымның бiр мезгiлде құрылтайшысы, қатысушысы және (немесе) меншiк иесi болуға құқығы жоқ.
2. Жеке күзет ұйымы қызметкерлерiнiң санын өз мiндеттерiн орындауға қажеттi адам саны нормативiнен асыруға болмайды. Адам саны нормативiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
Адам санын нормативтен асыру лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады. Уәкiлеттi орган (лицензиар) жеке күзет ұйымы қызметкерлерiнiң саны лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған күннен бастап күнтiзбелiк қырық күн iшiнде адам саны нормативiнің талаптарына сәйкес келтiрiлмеген жағдайда лицензиатты лицензиясынан айыру туралы арызбен сотқа жүгiнедi.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жеке күзет ұйымы күзеттен басқа өзге де қызметтi жүзеге асыратын ұйымның еншiлес кәсiпорны бола алмайды. Жеке күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы) үшiн қызметтiң осы түрi негiзгi болуға тиiс.
Мыналар:
1) құрылатын ұйым өздеріне қатысты күзет қызметтерiн көрсететiн ұйымдардың құрылтайшылары не лауазымды адамдары;
2) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген адамдардың жақын туысы (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, бiр әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-iнiлері мен апа-қарындастары (сiңлiлері), атасы, әжесі, немерелері), некеде тұрған адамы, сондай-ақ жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, бiр әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-iнiлері мен апа-қарындастары (сiңлiлері), атасы, әжесі, немерелері) болып келетін жеке тұлғалар;
3) қылмыс жасағаны үшiн соттылығы бар азаматтар, сондай-ақ құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамында көрсетiлген адамдар бар заңды тұлғалар;
4) құрылатын ұйым өздеріне қатысты күзет қызметтерiн көрсететiн заңды тұлғалар және солармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
5) қоғамдық бiрлестiктер жеке күзет ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) бола алмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде және екінші бөлігінің 1) және 4) тармақшаларында белгіленген тыйым салулар күзет ұйымдарын құру құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен берілетін ұлттық компаниялардың жеке күзет ұйымдарын құру жағдайларына қолданылмайды.
Ұлттық компаниялар құрған күзет ұйымдарының үшінші тұлғаларға күзет қызметін көрсетуге құқығы жоқ.
4. Жеке күзет ұйымдарының басшыларына және олардың күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiне:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік органдардың айрықша құзыретiне жатқызылған процессуалдық және өзге қызметтi жүзеге асыруға;
2) құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерiн иемденуге;
3) құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң заңды қызметiне кедергi келтiруге;
4) адам мен азаматтың ар-намысын және абыройын түсiретiн не құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектейтiн әрекеттер жасауға тыйым салынады.
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы өзгертілді (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
4-тарау. Күзет қызметі субъектілерінің қару және арнаулы құралдар пайдалануы
ҚР 22.02.02 ж. № 297-II Заңымен; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді
18-бап. Күзет қызметi субъектiлерiн қарумен және арнаулы құралдармен жарақтандыру шарттары
1. Күзет қызметiнiң субъектiлерi өздерiнiң күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiн олардың қызметтiк мiндеттерiн жүзеге асыруы кезiнде заңдарда белгiленген тәртiппен қаруландыруға құқылы.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Тиiстi лицензия алғаннан кейiн күзет қызметi субъектiлерiнiң өнiм берушi заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтiк тегiс ұзын ұңғылы және қысқа ұңғылы қару, сондай-ақ жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қару мен электрлi қару, арнаулы құралдар сатып алуға құқығы бар. Күзет қызметi субъектiлерi жұмыскерлерiнiң пайдалануына арналған қарудың түрлерiн, үлгiлерiн, модельдерi мен санын, сондай-ақ арнаулы құралдар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Өз қызметін магистральды теміржол желілері, магистральды құбыр тораптары мұнай өңдеу өндірісі және атом энергиясы саласында жүзеге асыратын ұлттық компаниялар құрған күзет ұйымдарын қоспағанда, күзет қызметі субъектілеріне қызметтік ойық ұзын ұңғылы және қысқа ұңғылы қаруды сатып алуға және пайдалануға тыйым салынады.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Сатып алынған қару тиiстi iшкi iстер органында оның сатып алынған күнiнен бастап бiр апта мерзiмде тiркелуге жатады. Қаруды тiркеу кезiнде қаруды сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттар негiзiнде бұл қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге бес жыл мерзiмге рұқсат берiледi.
Рұқсаттың нысанын және оның қолданыс мерзiмiн ұзарту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Жеке күзет ұйымының күзетшісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаруды және арнаулы құралдарды сақтау мен алып жүру құқығына рұқсат алуға тиіс.
5. Объектiлердi күзету және патрульдеу үшiн қызметтiк иттер пайдаланылуы мүмкiн.
6. Күзет ұйымдарының басшылары заңдарда белгiленген тәртiппен қаруды күзетшi қызметiн атқаратын штаттағы қызметкерлерге олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезеңiне бередi. Қару қызметкерлер тиiстi даярлықтан өткен соң берiледi.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді
19-бап. Күзет қызметi субъектiлерiнiң қаруды және арнаулы құралдарды қолдануының шарттары, негiздерi мен тәртібі
1. Күзет қызметiн жүзеге асыру барысында арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша ғана қолдануға рұқсат етiледi.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жеке күзет ұйымдары күзетшiлерiнiң қару мен арнаулы құралдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте:
1) күзетiлетiн объектiге немесе оның қызметкерлерiне шабуылдарды тойтару үшiн;
2) күзетiлетiн адамға шабуылды тойтару үшiн;
3) құқық бұзушыларды ұстап алу үшін, оның ішінде егер олар қарсылық көрсетсе, оларды iшкi iстер органдарына апару үшiн, егер олар қашып кетуi немесе айналасындағыларға немесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн деп пайымдауға жеткіліктi негiздер болса;
4) жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн;
5) дабыл сигналдарын беру немесе көмекке шақыру үшiн;
6) қажеттi қорғаныс және аса қажеттiлiк жағдайларында қолдануға құқығы бар.
Арнаулы құралдар мен қаруды осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерінде көзделмеген мақсаттарда қолдануға тыйым салынады.
Арнаулы құралдарды немесе қаруды өзге мақсаттарда, сондай-ақ өз өкiлеттiктерiнен, қажеттi қорғаныс шегiнен асыра пайдалануға жол берген адам Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Арнаулы құралдарды немесе қаруды өз өкiлеттiгiнен, қажеттi қорғаныс шегiнен асыра қолдану жеке күзет ұйымы күзетшiсi құжаттарының күшiн жоюға әкеп соғады.
3. Арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды қолдану алдында олар қарсы қолданылуы мүмкiн адамдарға бұл туралы анық ескертiлуге тиiс.
4. Қарулы не топтасып шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайларды қоспағанда, әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық адамдарға, жасы белгiлi немесе айқын болған жағдайда кәмелетке толмағандарға қатысты қызметтiк қару мен арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады.
5. Қызметтiк қару қолданылатын барлық жағдайларда айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшiн шаралар қолданылуы, iшкi iстер органдары мен прокуратураға жиырма төрт сағат iшiндехабарлануы қажет.
6. Жеке күзет ұйымдарының күзетшiлерi арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды қолдануға байланысты жағдайлардағы өз мiндеттерiн орындауға жарамдылығы жөнiнде мерзiмдi тексеруден өтiп тұруға мiндеттi.
7. Күзет қызметiнiң субъектiлерi өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезiнде келтiрген зияны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық жауапты болады.
5-тарау. Қорытынды ережелер
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Мемлекеттік бақылау
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметіне, мамандандырылған оқу орталықтары қызметіне, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждау, іске қосу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке мемлекеттік бақылауды «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган мен оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 22.02.02 ж. № 297-II Заңымен; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 53- ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді; 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Күзет қызметiнiң субъектiлерiн, мамандандырылған оқу орталықтарын есепке алу
Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық құрылымдық бөлiмшелерi күзет қызметiнiң барлық субъектiлерiн, мамандандырылған оқу орталықтарын, сондай-ақ лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру немесе олардан айыру туралы деректердi бiрыңғай есепке алуды жүзеге асырады.
22-бап. Күзет қызметiн қадағалау
Қазақстан Республикасының аумағында осы Заңның және күзет қызметi саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актілердiң қолданылуын қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратурасы мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
23-бап. Заңсыз күзет ұйымдарын құрғаны және белгiленген тәртiптi бұза отырып күзет қызметтерiн көрсеткенi үшiн жауаптылық
Осы Заңда көзделмеген күзет ұйымдарын, күзет қызметi жөніндегі оқу орындарын құру немесе олардың қызметi, сондай-ақ лицензия алмай немесе осы Заңда белгiленген тәртiптi бұза отырып күзет қызметтерiн көрсету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының