Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесінде бірыңғай тәртіптік комиссия құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай тәртіптік комиссиясы орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.
3. Тәртiптiк лайықсыз әрекетке жол берген мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiнi оны тағайындаған басшы белгiленген тәртiппен жауаптылығы туралы мәселе шешiлгенге дейiн лауазымдық мiндеттерiн атқарудан уақытша шеттетуi мүмкiн.
4. Мемлекеттік қызметшi өз iс-әрекетiнiң заңсыздығы үшiн жауап бередi. Атқару үшiн алынған өкiмнiң заңдылығына күмәнданған жағдайда бұл жөнiнде ол өзiнiң тiкелей басшысына және өкiмдi берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиiс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы аталған өкiмдi жазбаша растаған жағдайда мемлекеттік қызметшi, егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиiс әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, оны орындауға мiндеттi. Мемлекеттік қызметшiнiң заңсыз өкiмдi орындауының салдары үшiн осы өкiмдi растаған басшы жауап бередi.
5. Мемлекеттік қызметшiлер қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негіздер мен тәртiп бойынша тиiсiнше қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық жауапты болады.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен 28-1-баппен толықтырылды
28-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптiк жаза қолдану мерзiмдерi
1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.
2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, бiрақ адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық тәртiптiк терiс қылық белгiлерi болған кезде, тәртiптiк жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей, бiрақ терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктірiлмей қолданылуы мүмкiн.
2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Мемлекеттік қызметшiнiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiне, мемлекеттік немесе қоғамдық мiндеттердi орындау үшiн жұмыстан босатылуына, демалыста, iссапарда болуына байланысты жұмыста болмаған уақытында бiр жылдық және үш айлық тәртiптiк жаза қолдану мерзiмi еңбек заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрады.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 28-2-баппен толықтырылды
28-2-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін тәртіптік жазалар қолдану мерзімдері
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін тәртіптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.
29-бап. Мемлекеттік қызметшiлер құқықтарының оларды тәртiптiк жауапқа тарту кезіндегі кепiлдiгi
2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік қызметші өзін тәртіптік жауаптылыққа тартуға байланысты барлық материалдармен міндетті түрде таныстырылуға тиіс, оған қызметтік тексеру рәсіміне жеке өзінің қатысу құқығы беріледі.
2. Жауапқа тартылушы мемлекеттік қызметшiлер мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның iс-әрекетi мен шешiмдерiне уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен не сотқа шағым жасай алады.
8-тарау. Қорытынды ережелер
30-бап. Осы Заңның күшіне енгізілу тәртібі
Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының