3) осы Заңның 51-бабының 4) тармақшасында және 55-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер болса;
4) егер сұралып отырған учаске немесе оның бір бөлігі басқа жер қойнауын пайдаланушының пайдалануында болса, қабылданбауға жатады.
Өтінімді қабылдаудан бас тарту өтінім берушіні қайтадан өтінім беру құқығынан айырмайды.
6. Тікелей келіссөздер өтінім қабылданғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
7. Тікелей келіссөздер қорытындылары бойынша өтінім берушімен үлгілік келісімшарт жасалады.
8. Барлау үшін оңайлатылған тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығын алған жер қойнауын пайдаланушы кадрлардағы, тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелерден босатылады.»;
38) 58-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Барлауға, өндiруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған өтiнiмде:
1) қол қойылатын бонус мөлшері;
2) кадрлардағы, тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту мөлшерлері;
3) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшері;
4) қазақстандық кадрларды оқыту жөніндегі міндеттемелер;
5) келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажет, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшерi көзделуге тиіс.»;
39) 59-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Құзыреттi органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының тiкелей келiссөздер қорытындылары бойынша шешiмi тiкелей келiссөздер хаттамасымен ресiмделедi, оған жұмыс тобының қатысып отырған барлық мүшелерi және өтінім берушінің уәкілетті өкілі қол қояды.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарының талаптары осы Заңның 57-1-бабында көзделген тәртіппен жүргізілетін тікелей келіссөздерге қолданылмайды.»;
40) 60-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тікелей келіссөздердің нәтижелері бойынша тараптар хаттамаға қол қояды.»;
5-тармақта:
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 3-тармағында көзделген, коммерциялық табу нәтижесінде өндіруге арналған келісімшарт жасасу жөніндегі тікелей келіссөздердің тараптары келіскен мөлшерлерден кем болмайтын міндеттемелері;»;
6, 7 және 8-тармақтар алып тасталсын;
9-тармақтағы «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Барлауға арналған келісімшарт шеңберінде ұсынылған келісімшарттық аумақтың бір бөлігіне өндіруге арналған келісімшарт жасалған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған келісімшартқа сәйкес оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қалған келісімшарттық аумақта міндеттемелерді орындауды жалғастырады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Егер конкурс нәтижелерi бойынша өндiруге арналған келiсiмшарт жасалған жер қойнауын пайдаланушы келiсiмшарт күшiне енгеннен кейiн белгiленген мерзiмде кен орнын тапқан және бағалаған тұлғаға осы баптың 5-тармағының талаптарына сәйкес барлауға арналған шығындарды өтемеген жағдайда, онда мұндай дау сот тәртібімен шешілуге тиіс.»;
41) 61-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) барлау құқығы оңайлатылған тәртіппен берілетін тұлғаның барлау жүргізуі үшін - барлауға арналған үлгілік келісімшарт;»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшартты (шартты) және барлауға арналған үлгілік келісімшартты қоспағанда, келiсiмшарт құзыретті орган бекiтетiн жер қойнауын пайдалану түрлерi бойынша модельдiк келiсiмшарттарда көзделген нысан мен мазмұн бойынша жасалады.
Келісімшартта мынадай шарттар қамтылуға тиіс: келісімшарттың мақсаты, келісімшарттың қолданылу мерзімі, келісімшарттық аумақ, құпиялылық, еңсерілмейтін күш.
Келiсiмшарт: қол қойылатын бонусты төлеудiң мөлшерi мен шарттары жөніндегі; өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстардың мөлшерi мен шарттары жөніндегі; кадрлардағы жергiлiктi қамту жөніндегі; Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келiсiмшартты орындау кезiнде тартылған жұмыскерлерді оқытуға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және оларды қайта даярлауға және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтарын құзыреттi органмен келiсiлген мамандықтар тiзбесi бойынша оқытуға жіберілетін шығыстардың мөлшерi жөніндегі; тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердегi жергiлiктi қамту жөніндегі; мердiгерлiк жұмыстармен айналысатын персоналды қоса алғанда, жұмысқа тартылған шетелдiк персоналға қатысты алғанда қазақстандық персонал үшiн еңбекке ақы төлеудiң тең жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі; тарату қоры жөніндегі; Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға осы Заңда белгiленген шығыстардың мөлшерi жөніндегі мiндеттемелерге қатысты ерекше шарттарды да қамтуға тиiс.
Қазақстандық кадрларды тарту жөніндегі міндеттемелер, мердiгерлiк жұмыстармен айналысатын персоналды қоса алғанда, жұмысқа тартылатын кадрлардың жалпы санынан пайыздық қатынасты, оның ішінде жылдар бойынша пайыздық қатынасты қамтуға тиіс. Тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердегi жергiлiктi қамтудың мөлшері жөніндегі міндеттемелер сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердің жалпы санынан пайыздық қатынасты қамтуға тиіс.
Бұрын келiсiмшарт тоқтатылған жер қойнауы учаскесiне келiсiмшарт жасалған жағдайда, жаңа жер қойнауын пайдаланушымен жасалатын келiсiмшарт, осы Заңның 72-бабының 10-тармағына сәйкес берiлген мүлiктiң құнын қоса алғанда, бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы және сенiмгерлiк басқарушы бұрын жүргiзген шығындарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелерді, сондай-ақ сенiмгерлiк басқарушыға сыйақы төлеу жөнiндегi мiндеттемені қамтуға тиiс.
Келiсiмшарт талаптары жер қойнауын пайдаланушының өзi қабылдаған, оның iшiнде тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетiлетiн қызметтердегi және кадрлардағы жергiлiктi қамту жөніндегі, келiсiмшартта көзделген салықтық емес сипаттағы төлемдер жөніндегі мiндеттемелердi орындамағаны, тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсiмпұлдар) мөлшерiн қамтуға тиiс.
Көмiрсутек шикiзатын өндiруге арналған келiсiмшарт жер қойнауын пайдаланушының iлеспе газды қайта өңдеу (кәдеге жарату) жөнiндегi мiндеттемелерiн қамтуға тиiс.
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалардың ірі және бірегей қорлары бар кен орнын тапқан жағдайда, осындай кен орындарына қатысты өндіруге арналған келісімшарт ережелері осы Заңның 71-бабының 4-тармағында көрсетілген міндеттемелердің бірін қамтуға тиіс.
Келiсiмшарт басқа да ережелердi қамтуы мүмкiн.
3. Келiсiмшарт талаптарының Қазақстан Республикасы үшiн тиiмдiлiгi тiкелей келiссөздер қорытындылары бойынша не тендерге қатысу үшін конкурстық ұсыныста немесе аукционға қатысу үшін өтінімде белгiленген талаптардан төмен болмауы керек.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын бұзушылықтарды жою мерзімі міндеттемелердің физикалық көлемі бойынша жазбаша хабарлама алынған күннен бастап - алты айдан, қаржылық міндеттемелер бойынша - үш айдан, келісімшарттың өзге талаптары бойынша бір айдан аспауға тиіс.
Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға келісімшарт талаптарын бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту туралы мұндай ұзартудың себептерін негіздей отырып ұсыныс жіберуге құқылы. Келісімшарт талаптарын бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту туралы
ұсынысты қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган он күн мерзімде жер қойнауын пайдаланушыны мұндай мерзімді ұзартуға келісім беретіндігі туралы хабардар етеді немесе мұндай ұзартудан уәжді бас тартуын береді.
Осы тармақта айқындалған мерзімде келісімшарт талаптарын бұзушылықтарды жою анық мүмкін болмаған жағдайда, құзыретті орган осындай бұзушылықты жою мүмкін болатын өзге мерзімді белгілеуге құқылы.»;
42) 62-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың жобасы модельдiк келiсiмшарт, тiкелей келiссөздер хаттамасы немесе тендер жеңiмпазының конкурстық ұсынысы, аукцион жеңімпазының өтінімі және аукцион хаттамасы негiзiнде әзiрленедi.»;
3-тармақта:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшарттың (шарттың) жобасын және осы Заңның 57-1-бабында көзделген тәртіппен жасалатын барлауға арналған үлгілік келісімшарттың жобасын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың жобасы міндетті құқықтық сараптамаға жатады. Өндіру бойынша жұмыстар жүргізуге арналған келісімшарттың жобасы да міндетті экономикалық сараптамаға жатады.
Сараптамалар келісімшарт ережелерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан жүргізіледі.»;
төртінші бөлік алып тасталсын;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:»;
«Көрсетілген ескертпелер жойылған жағдайда, мемлекеттiк орган қайталама сараптама жүргiзедi.»;
43) 63-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«63-бап. Жұмыс бағдарламасы
1. Жұмыс бағдарламасы келiсiмшарттың мiндеттi бөлiгi (қосымшасы) болып табылады және жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 3-тармағында көрсетілген инвестициялық жобалау көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қажетті міндеттемелерін қамтиды.
Барлау үшін жер қойнауын пайдалану құқығы осы Заңның 57-1-бабында көзделген оңайлатылған тәртіппен берілген жағдайларда, жұмыс бағдарламасы жасалмайды.
2. Жұмыс бағдарламасына енгізілген инвестициялық жобалау көрсеткіштерін қозғайтын жобалау құжаттарының көрсеткiштерi өзгерген кезде, жұмыс бағдарламасына тиiстi өзгерiстер енгiзiлуге тиiс.
Жобалау құжаттарындағы өзгерiстерге байланысты жұмыс бағдарламасына өзгерiстердi келiсу жобалау құжатын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның бекiтуiмен бiр мезгiлде жүргiзiледi. Көрсетілген өзгерiстер жұмыс бағдарламасына жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен жұмыс бағдарламасы келiсiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жер қойнауын пайдаланушы мен құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы арасындағы келiсiмшартқа қосымша келiсiмге қол қою арқылы енгiзiледi.
3. Барлау кезеңінің жұмыс бағдарламасы жобалау құжаттарында көзделген мынадай негізгі жобалау көрсеткіштерін және инвестициялардың қажетті көлемін қамтуға тиіс:
1) геологиялық-барлау жұмыстарының түрлері мен көлемін, оларды орындау мерзімдерін, оның ішінде сейсмикалық зерттеулердің түрлерін;
2) бағалау жұмыстарының (бағалау кезеңіндегі) түрлері мен көлемін және оларды орындау мерзімдерін;
3) барлау (бағалау) ұңғымаларының саны мен оларды бұрғылау мерзімдерін.
Өндіру кезеңінің жұмыс бағдарламасы жобалау құжаттарында көзделген мынадай негізгі жобалау көрсеткіштерін және инвестициялардың қажетті көлемін қамтуға тиіс:
1) жыл сайынғы өндіру көлемін;
2) өндірістік объектілерді және оларды жобалау, салу (тұрғызу) мерзімдерін;
3) келісімшарттық аумақта бұрғылануы жоспарланған ұңғымалардың санын, оларды аяқтау мерзімдерін;
4) қажетті инфрақұрылым объектілерінің тізбесін, оларды жобалау, салу (тұрғызу) мерзімдерін.
Жұмыс бағдарламасы негізгі жобалау көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қажетті іс-шараларды да жылдар бойынша бөліп және қажетті шығындарды көрсете отырып қамтуға тиіс.»;
44) 64-баптың 1, 2, 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Барлауға, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартқа қол қойылғанға және ол тіркелгенге дейін конкурс жеңімпазы не келісімшарт тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға іздеу жұмыстарының жобасын әзірлейді.
Іздеу жұмыстарының жобасы келісімшарттық аумақтың жер қойнауын ұтымды және кешенді зерттеуді қамтамасыз ететін іздеу мен зертханалық-талдамалық зерттеулердің қазіргі заманғы және дәлділігі жоғары әдістерін қоса алғанда, аумақты зерттеудің тиімді бағдарламасын қамтуға тиіс.
Осы Заңның 57-1-бабында көзделген оңайлатылған тәртіппен барлау құқығын алған жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған үлгілік келісімшартқа қол қойылғаннан және ол тіркелгеннен кейін іздеу жұмыстарының жобасын әзірлейді және дербес бекітеді.
2. Іздеу жұмыстарының жобасы міндетті түрде мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.
3. Iздеу жұмыстарының жобасын әзiрлеу мен келiсу мерзiмi келiсiмшарт тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлға үшiн - тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап немесе конкурс жеңiмпазы болған тұлға үшiн конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап сегіз айдан аспауға тиiс. Іздеу жұмыстарының жобасын әзiрлеу мен келiсу конкурс жеңімпазының не келісімшарт тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлғаның еркіне тәуелді емес мән-жайларға байланысты мерзімінде аяқталмаса, іздеу жұмыстарының жобасын әзiрлеу мен келiсу мерзiмi алты айға дейінгі мерзімге ұзартылуы мүмкiн.
4. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбалар бойынша iздеу жұмыстарының жобасы осы баптың 2-тармағында көрсетілген сараптамадан өткеннен кейін орталық комиссияға беріледі, жоба орталық комиссияға келiп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні iшiнде қаралады және оны құзыретті орган орталық комиссиядан ұсыныстар келiп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде бекiтедi.
Осы Заңның 57-1-бабында көзделген оңайлатылған тәртіппен барлау құқығын алған жер қойнауын пайдаланушы іздеу жұмыстарының жобасын дербес бекітеді және оны жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға жібереді.
Өңiраралық комиссия кең таралған пайдалы қазбалар бойынша iздеу жұмыстарының жобасын өңiраралық комиссияға жоба келiп түскен күннен бастап бір ай iшiнде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi өңiраралық комиссиядан ұсыныстар келiп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде оны бекiтедi.
5. Бекiтiлген iздеу жұмыстарының жобасында айқындалған жұмыстардың шарттары мен көлемдерiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар қажет болған жағдайда, iздеу жұмыстарының жобасына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар жобасы жасалады, оны осы баптың 4-тармағында айқындалған органдар қарайды және бекiтедi.
Егер осы баптың 2-тармағында көрсетiлген сараптаманың терiс қорытындысы болса, жер қойнауын пайдаланушыға iздеу жұмыстарының жобасына осындай өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуiне рұқсат берілмеуге тиіс.
Іздеу жұмыстарының жобасына өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды қарау және бекiту мерзiмi iздеу жұмыстарының жобасына тиiстi өзгерiстер және (немесе) толықтырулар жобасы орталық комиссияға немесе өңiраралық комиссияға келiп түскен күннен бастап бiр айдан аспауға тиiс.
Осы Заңның 57-1-бабында көзделген оңайлатылған тәртіппен барлау құқығын алған жер қойнауын пайдаланушы іздеу жұмыстарының жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді дербес жүргізеді. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға іздеу жұмыстарының жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат жібереді.»;
45) 65-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасын немесе сынамалы пайдалану жобасын қамтитын бағалау жұмыстарының жобасы мынадай:
1) мемлекеттік экологиялық;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы;
3) санитарлық-эпидемиологиялық міндетті сараптамаларға жатады.
Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасын немесе сынамалы пайдалану жобасын қамтымайтын бағалау жұмыстарының жобасы мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.»;
4-тармақта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк өндiру көлемдері мен мерзімдері жер қойнауына алдын ала сараптама нәтижелері бойынша келісіледі.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша іздеу-бағалау жұмыстарының жобасы жасалады, ол осы Заңда белгіленген тәртіппен келісіледі және бекітіледі.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бағалау жұмыстарының жобасын әзiрлеу және келiсу мерзiмi бағалау жұмыстары кезеңіне көшу туралы шешiм қабылданған күннен бастап сегіз айдан аспауға тиiс.
Бағалау жұмыстарының жобасын әзiрлеу мен келiсу жер қойнауын пайдаланушының еркіне тәуелді емес мән-жайларға байланысты мерзімінде аяқталмаса, бағалау жұмыстарының жобасын әзiрлеу мен келiсу мерзімі құзыреттi органның шешімімен алты айға дейінгі мерзімге ұзартылуы мүмкiн.»;
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы баптың 2-тармағында көрсетiлген сараптамалардың бiрiнiң терiс қорытындысы болса, жер қойнауын пайдаланушыға осындай өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуiне рұқсат берілмеуге тиіс.»;
46) 66-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өндiруге арналған келiсiмшартқа қол қойылғанға және ол тiркелгенге дейiн конкурс жеңiмпазы не келiсiмшарт тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлға осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес жобалау құжаттарының әзiрленуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбаларды өндіруге жобалау құжаттары әзірленбейді.»;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қатты және кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары бойынша:»;
2) тармақша алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кен орнының игерілу сатысына және зерттелу дәрежесіне, оның қорларының жай-күйіне қарай көмiрсутек шикiзаты бойынша:»;
1) тармақшадағы «мерзімі мен көлемі жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның шешімімен айқындалады» деген сөздер «мерзімдері мен көлемдері жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «жобасы;» деген сөз «жобасы әзірленеді.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақта көрсетілген жобалау құжаттарын жасау және оның қолданылу тәртібі, реттілігі, мерзімдері пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда айқындалады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы бапта көзделген жобалау құжаттары олардың орындалуына қарай келісімшарттың қолданылу мерзімі шегінде пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидалардың талаптарына сәйкес кезең-кезеңмен әзірленеді.
Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарын қоспағанда, осы бапта көзделген жобалау құжаттары жобалауға арналған қажеттi лицензиялары бар жобалау ұйымын шарт негiзiнде мiндеттi түрде тарта отырып әзiрленедi. Осындай жобалау ұйымымен жасалған шартта жобалау ұйымының авторлық қадағалауды жүргiзу жөнiндегi мiндеттемелерi көзделуге тиiс.
Кен орындарының қорларын сыныптау жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жүргiзiледi.
Жобалау құжаттарында экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары ескеріле отырып, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану қамтамасыз етілуге тиіс.»;
5-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жобалау құжаттарын әзiрлеу мен келiсу мерзiмi келiсiмшарт тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлға үшiн - тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап немесе конкурс жеңiмпазы болған тұлға үшiн конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап жиырма бір айдан аспауға тиiс.
Бағалау жұмыстарының жобасын әзірлеу мен келісу жер қойнауын пайдаланушының еркіне тәуелді емес мән-жайларға байланысты мерзімінде аяқталмаса, жобалау құжаттарын әзірлеу мен келісу мерзімі құзыреттi органның шешімімен алты айға дейінгі мерзімге ұзартылуы мүмкiн.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер бекітілген жобаларда айқындалған өндіру көлемдері бекітілген жобалау көрсеткіштерінен нақты мәнде жиырма пайыздан аз өзгеретін жағдайда, қатты пайдалы қазбалар бойынша бекiтiлген жобаларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар жобалары жасалмайды.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Белгіленген тәртіппен бекітілген өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарынсыз өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарында көзделген пайдалы қазбаларды өндіру кезінде минералдық шикізаттың құрамындағы ілеспе пайдалы қазбаларды өндіруі жобалау құжаттарының талаптарын бұзу болып табылмайды.»;
47) 67-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурс жеңімпазы, келісімшарт тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға, сондай-ақ келісімшарт жасасқан тұлға Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қол қойылатын бонус төлейді. Ұлттық компания жер қойнауын пайдаланушы болып әрекет ететін келiсiмшарттар бойынша ұлттық компания Қазақстан Республикасының пайдасына төлеген қол қойылатын бонусты, егер стратегиялық әрiптеспен жасалған бiрлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, оның осындай әрiптесi өтейдi.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Құзыреттi орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органды конкурс жеңiмпазының немесе келiсiмшарт тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлғаның кiнәсiнен келiсiмшарттың жасалмау фактiсi туралы жазбаша хабардар етеді.»;
48) 68-бапта:
48) тармақшаның екінші - бесінші абзацтары 2014 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Келісімшарт құзыретті органда міндетті тіркелуге жатады және тіркелген кезінен бастап күшіне енеді.
Құзыретті орган келісімшарттарды мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізеді және келісімшарттың сақталуын қамтамасыз етеді.
Келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар да келісімшарттарды мемлекеттік тіркеу тізіліміне тиісті жазбалар енгізу арқылы құзыретті органда міндетті тіркелуге жатады. Келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген кезінен бастап күшіне енді деп танылады.»;
2-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі «деп танылған» деген сөздер «болған» деген сөзбен ауыстырылсын;
49) 69-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңсерілмейтін күш мән-жайлары туралы куәлік ұсынса, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін құзыретті орган осындай мән-жайлардың әрекет ету мерзіміне ұзартады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өндiруге арналған келiсiмшарт - жиырма бес жылдан аспайтын, ал пайдалы қазбалардың ірі және бірегей қорлары бар кен орындары бойынша қырық бес жылдан аспайтын мерзімге жасалады. Өндiруге арналған келiсiмшарттың қолданылу мерзімі қорларды толық игеруге қажетті мерзімнен аспауға тиіс.
Егер жер қойнауын пайдаланушы жұмыстардың аяқталуына дейiн алты айдан кешiктiрмей құзыреттi органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiшпен мұндай ұзартудың себептерiн негiздей отырып жүгiнсе, жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарттық мiндеттемелер бойынша жойылмаған бұзушылықтары болмаған жағдайда құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы өндiруге арналған келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiн ұзартады. Келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш құзыреттi органға келiп түскен күнiнен бастап екi айдан кешiктiрiлмей қаралуға тиiс.
Өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі, егер пайдалы қазбаны пайдалану қосылған құны жоғары (неғұрлым жоғары қайта жасалған және өңделген) өнім өндіруді көздейтін индустриялық-инновациялық жобаны «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес іске асыруға байланысты болса, ұзартылуға жатады.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер тараптар өзге мерзімді келіспесе, ұзарту мерзімі тиісті толықтыру тіркелген күннен бастап есептеледі.»;
50) 70-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: