«Пилотсыз ұшу аппараты» («ҰҰА») (9) - бортта адамның қатысуынсыз бақыланатын ұшуды және аэронавигацияны қолдауға және ұшып көтерілуге қабілетті кез келген ұшу аппараты.
«Ғарышта қолдану үшін жарамды» (3, 6) - 100 км немесе одан астам биіктіктерде жұмыс істейтін спутниктерді немесе биіктікті ұшу аппараттарын ұшыру және өрістету кезінде қолдануға арналған жұмыс істеу шартында арнайы электрлік және механикалық талаптарға немесе жұмыс істеу талаптарына сәйкестікке жобаланған, жасалған және сынақтан өткізілген жабдық.
«Арнаулы бөлінуші материал» (0) - бұл плутони - 239, «уран, байытылған изотоптарымен 235 немесе 233» немесе жоғарыда аталған бар кез келген басқа материал.
«Серпінділіктің шекті модулі» (0,1,9) - бұл Паскальдағы Юнг модулі, ол Н/кв.м-ға эквивалентті, Н/куб.м-де үлес салмағына бөлінген, (296 +/- 2) К ((23 +/- 2) oС) температурада өлшенген және ылғалдылығы шамамен (50 +/-5) %.
«Созуға шекті төзімділігі» (0,1,9) - бұл Паскаль бойынша созуға ең шекті төзімділігі, ол Н/кв. м-ға эквивалентті, Н/куб.м-де үлес салмағына бөлінген, (296 +/- 2) К ((23 +/- 2) oС) температурада өлшенген және ылғалдылығы шамамен (50 +/-5) %.
«Тамшының шапшаңдық шынығуы» (1) -суытылған кедергіге соғылған балқыған металдың, үпелек тәріздес өнім қалыптастыра отырып, тез қатаю процесі.
Айрықша ескертпе: «Тез қатаю» - 1 000 К/с асып түсетін суу жылдамдығы кезінде материал балқымасының қатаюын қамтитын процесс.
«Спектрді кеңейту» (5) - энергия байланыстың тар белдеулі каналына қатысты елеулі түрде неғұрлым кең энергетикалық спектрге кеңейетін әдіс.
«РЛЖ спектрінің кеңейтілуімен» (6) - «РЛЖ спектрін кеңейту қараңыз»
«Тұрақтылық» (7) - тұрақты температуралық жағдайларда өлшенген оның калибрленген мәнінен кейбір параметрдің нұсқасының стандартты девиациясы (1 сигма). Уақыт функциясы ретінде көрініс табады.
«Химиялық қару туралы конвенцияға (СWС) қатыс(па)ушы елдер» (1) - Химиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге, жинақтауға және қолдануға тиым салу туралы конвенция күшіне ен(бе)ген мемлекет. (Қараңыз. www.opew.org)
«Басқарылатын қоса қондырылған бағдарлама» (2,3,8) - қандай да бір болмасын тапсырылған функцияларды басқару үшін процессор атқара алатын, электронды жадқа қондырылған командаларды пайдаланатын басқару әдісі.
Айрықша ескертпе: Жабдық электронды жад осы жабдықтың сыртында немесе ішінде орналасқандығына қарамастан қондырылған бағдарламамен басқарылуы мүмкін.
«Төсем» 3 - қосылыстар құрылымымен немесе онсыз негізгі материалдың пластинасы, оған немесе оның ішінде дискретті компоненттер немесе интегралды схемалар немесе олар және басқалар бірге орналасуы мүмкін.
1 айрықша ескертпе: «Дискреттік компонент» - жеке сыртқы тұжырымдамалары бар бөлек корпустағы «схемалар элементі».
2 айрықша ескертпе: «Схемалар элементі» - бір диод, транзистор, резистор, конденсатор және тағы сол сияқты электрондық схеманың бөлек белсенді немесе енжар деталі.
«Дайындамалар» (6) - тұтастай құйылған массалар, олардың мөлшері айна немесе мөлдір оптикалық терезелер секілді оптикалық элементтерді өндіруге сай келеді.
«Токсиннің құрамдас бөлігі» (1) - тұтас «токсиннің» құрылымдық және функционалдық бірегей компоненті.
«Суперқорытпалар» (2,9) - никель, кобальт немесе темірдің негізіндегі қорытпалар, олардың беріктігі жұмыс істеудің және қоршаған ортаның шиеленісті жағдайында 922 К (649 С) жоғары температура кезіндегі А 151, 300 сериясындағы кез келген қорытпаның беріктігінен асады.
«(Аса өткізгіш) (1,3,6,8) (аса өткізгіштік тиімділігінің негізінде) - термин материалдарға, мысалы, толық электрлік қарсыласуын жоғалта алатын, мысалы, шексіз жоғары электр өткізгіштігі болатын және джоулдік қыздырусыз үлкен электр тоғы болатын металдарға, қорытпаларға немесе қосылыстарға қатысты.
Айрықша ескертпе: Материалдың аса өткізгіштік күйі ең шектен асқан температурамен, температураның функциясы болып табылатын шектен асқан магнит өрісімен және магнит өрісінің де, сондай-ақ температураның функциясы болып табылатын токтың шектен асқан тығыздығымен дербес сипатталады.
«Аса жоғары қуатты лазер» (АЖЛ) (6) - 50 мс ішінде 1 кдж астам энергияны сәулелендіруге қабілетті (жалпы немесе ішінара) немесе 20 квт астам үздіксіз қуаты бар лазер.
«Аса пластикалық қалыптау» (1,2) - кем дегенде екі есе қашықтықта беріктік модулі де мәнінің жағдайы кезінде ұзартуға қол жеткізу мақсатында бөлме температурасы жағдайында созуға еріктік модулін әдеттегі сынақтан өткізу кезінде еріктік шегінің нүктесінде ұзарту коэффициентінің төмен мәндерімен сипатталатын (20 кем) металдарды қыздыруды пайдаланатын деформациялау процесі.
Симметриялық алгоритм (5) - шифрлау үшін де, шифрсыздандыру үшін де бір кілтті пайдаланатын криптографиялық алгоритм.
Айрықша ескертпе: «Симметриялық алгоритм» әдетте ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету үшін қолданылады.
«Жүйелердің траекториясы» (6) - әуе қозғалысын басқару орталығының диспетчеріне көрінетін ұшудағы ұшақтың күйі туралы өңделген, түзетілген (ұшу тапсырмасының позициясымен мақсаты туралы РЛЖ деректерінің синтезі) және жаңаланған мәліметтер (есептер).
«Систологиялық матрицасы бар ЭЕМ»(4) - деректердің ағыны және олардың түрленуі пайдаланушының қисындық схемасының деңгейінде динамикалық бақыланатын компьютер.
«Таспа» (1) - алдын ала қарамай сіңірілген кезек келіп тұратын немесе бір бағыттағы «моноталшықтардан», «жіптен», «үйірмелерден, «арқаншалардан» немесе «шүйкелерден» және т.б тұратын материал.
Айрықша ескертпе: «Шүйке» - шамамен параллель орналасқан моноталшықтардың (әдетте 200 астам) орамы.
«Технология» (жалпы технологиялық ескертпе) - жабдықты әзірлеу, өндіру немесе қолдану үшін талап етілетін арнаулы ақпарат. Ақпарат техникалық деректер немесе техникалық көмек нысанын қабылдай алады.
Айрықша ескертпе: 1. Техникалық көмек нұсқамалық, дағдыларды үйрену, оқу өндірістік білім, консультациялық қызмет көрсетулер секілді нысанды қабылдай алады. Техникалық көмек техникалық деректерді беруді қамти алады.
2. Техникалық деректер жарық көшірмелері, жоспарлар, диаграммалар, модельдер, формалар, кестелер, техникалық жобалар мен мамандырмалар, пайдаланушы басшылығы және қолжазба түрінде немесе дискіде, лентада, ПЗУ секілді басқа да көздерде жазылған нұсқаулықтар нысандарын қабылдай алады.
«Көлбеу шпиндель» (2) - инструментті ұстап тұрған шпиндель, ол өңдеу процесінде басқа осьтерге қатысты өзінің орталық білігінің бұрыштық күйін өзгертеді.
«Тұрақты уақыт» (6) - түпкі мәнінен (яғни, түпкі мәнінің 63 процентінен) деңгейге қол жеткізу үшін (1-1 е) токты көбейткен кезінде жарықтық көтермелеуге талап етілетін уақыт.
«Уақыт бойынша жоғары кең белдеулі модулдеу» (5) - өте қысқа радиожиілік импульстері уақыт бойынша өте дәл айқындалған жағдаймен берілетін деректерге сәйкес ИПМ-ның жалған кездейсоқ шулы кодтарына сәйкес арналатын немесе қайта орналасатын, содан кейін нәтижесінде ультра ауқымды жиілік диапазондарында төтенше аз тығыздық қалыптасатын, алып жүретін жиілікті пайдаланусыз тікелей импульстік түрде берілетін және қабылданатын импульстердің уақытша жағдайын өзгерту жолымен (әдетте импульстік позициялық модуляция, ИПМ, деп аталатын) модулденуіне сәйкес технология. Бұл технология сонымен қатар импульстік радио (радиобайланыс) ретінде белгілі.
«Ұшуды жалпы басқару» (7) - ұшу аппаратының ауыспалы параметрлерінің және міндеттер, бүлінулер туралы бөлінулер немесе уақыттың нақты масштабындағы басқа да ұшу аппараттары туралы деректердің өзгерістеріне сәйкес қойылған міндетті орындау мақсатында оның ұшу траекториясын автоматтандырылған басқару.
«Цифрлық берудің жалпы жылдамдығы» (5) - арнаны, молшылықты және сол сияқтыларды цифрлық беру жүйесінде тиісті жабдықтар арасында берілетін уақыт бірлігіне кодтауды қоса алғанда, биттер саны.
Айрықша ескертпе: сондай-ақ «Сандық берудің жалпы жылдамдығын» қараңыз.
«Шүйке» - оралған жіптердің орамы, әдетте параллельдерге жақын.
«Токсиндер» (1,2) - олар патологиялық үлгілер, дәнді дақылдар, тамақ өнімдері немесе «микроорганизмдердің» тұқымдық қоры секілді токсиндерден ерекшеленетін басқа материалдардың ластаушы заттары болып табылатын қалай өндіргеніне қарамастан әдейі оқшауландырылған препараттар немесе қоспалар нысанындағы токсиндер.
«Өтпелі лазер» (6) - қозбаған атомның немесе қозбаған атомдары немесе молекулалары бар молекулалардың қос соғуы кезінде энергияның өтуі арқылы генерациялау ортасы қозатын лазер.
«Бейімделіп құрылатын» лазер (6) - лазердің бірнеше өту диапазонында толқынның барлық ұзындығында сәулеленуді генерациялау қабілетті лазер. Лазер кейбір сызықты таңдап ала отырып лазердің бір өтуінің шектерінде толқындардың дискретті ұзындықтарының сәулеленуін генерациялайды және бейімделіп құрылатын болып есептелмейді.
«235 немесе 233 изотоптарымен байытылған уран» (0) - 235 изотопының табиғи урандағы 238 изотопына қатынасы осы изотоптардың жиынтығы 238 изотопына қатынасының саны сол немесе басқасы бірге алғанда 235 немесе 233 изотопы болатын уран (изотоптық арақатынас 0,72%).
«Қолдану» пайдалануды, құруды (оның ішінде пайдалану орнында құруды), жұмыс істеу қабілетін қолдауды, тексеруді, жөндеуді, күрделі жөндеуді және қалпына келтіруді білдіреді.
«Пайдаланушының бағдарламалаушылығы» (6) - пайдаланушыға:
а. Қосылыстардың немесе ажыратқыштардың физикалық өзгерісінен
б. Енгізілетін параметрлерді бақылауды қоса алғанда функцияларды бақылауды белгілеуден басқа бағдарламаны өзге құралдармен қоюға, модификациялауға немесе алмастыруға мүмкіндік беретін жабдықтың болуы.
«Вакцина» (1) - лицензия бойынша таратылатын, немесе нарыққа шығаруға немесе клиникалық практикада пайдалану үшін реттеуші органдардан немесе өндіруші елден немесе пайдаланушы елден рұқсаты бар фармацевтикалық құрамдағы дәрілік зат.
«Вакуумдық тозаңдану» (1) - қорытпа ағынының вакуумның әрекет етуі кезінде сұйық газ бөле отырып 500 мкм немесе одан кіші диаметр тамшыларға тозаңдану процесі.
«Ауыспалы геометриялы аэродинамикалық бейіндер» (7) - жай-күйі ұшуда реттелінетін жабуларды не триммерлерді, не жабық алдындағыларды немесе тұмсық бөлігінің бұрышын шарнирлі реттеуді қолдану.
«Талшық» (1) - иірілген талшықтардың байластырылған түрі.
Айрықша ескертпе: «Жіп» - «жалғыз талшықты» байланыстырушы, шамамен параллель орналасқан.
0 Санат.
Ядролық материалдар, қондырғылар және жабдықтар
0А Жүйелер, жабдықтар және компоненттер
0А001 «Ядролық реакторлар және арнайы әзірленген немесе дайындалған жабдық және мынадай компоненттер»:
а. Бөлудің бақыланатын өзін-өзі қолдайтын тізбекті реакциясының режимінде жұмыс істеуге қабілетті «ядролық реакторлар»;
b. Жинауындағы арнайы әзірленген немесе дайындалған металл корпустар немесе оларда «ядролық реакторлардың» белсенді аймағын орналастыруға арналған және бірінші контурдың жылу көзінің жұмыс қысымын ұстап тұруға қабілетті зауыттық дайындаудың негізгі бөліктері;
с. Жүктеме немесе «ядролық реакторлардан» отынды алуға арналған арнайы жасалған немесе дайындалған манипуляторлық жабдық;
d. «Ядролық реакторларда» реакцияның жылдамдығын басқаруға арналған арнайы жасалған немесе біліктер, тіректік және ішкі салмақтық конструкциялар, жетектер мен біліктерге арналған бағыттаушы түтіктер;
е. 5,1 Мпа асатын жұмыс қысымы кезінде «ядролық реакторларда» отын элементтер мен бірінші контурдың жылу көзін орналастыруға арналған жоғары қысымның арнайы жасалған немесе дайындалған реакторлық түтікшелері;
f. Гафнидің салмағы бойынша цирконийге арақатынасы 1:500 кем «ядролық реакторларда» пайдалануға арналған металл цирконийдан немесе оның қорытпасынан жасалған арнайы жасалған немесе дайындалған цирконий текшелері немесе түтікшелердің жинастырмасы;
g. «Ядролық реакторлардың» бірінші контурының жылу көзінің циркуляциясын қолдауға арналған арнайы жасалған немесе дайындалған насостар;
h. Белсенді аймақтың колонналарын қолдайтын, біліктерді, жылу экрандарын, қоршамаларды, түтікшелік белсенді зонаның торларын, диффузордың пластиндерін реттеуге арналған түтікшелер секілді «ядролық реакторда» пайдалануға арналған арнайы жасалған немесе дайындалған «реактордың ішкі бөліктері»;
Ескертпе: В 0А001.h «Реактордың ішкі бөлігі» - белсенді аймақты қолдау, отын элементтерінің орналасуы салқындатушының негізгі ағынын бағыттау,
і. «Ядролық реактордың» бірінші контурында пайдалануға арналған арнайы жасалған немесе дайындалған алу ауыстырғыштары (бу генераторлары);
j. «Ядролық реактордың» белсенді аймағында нейтрондық ағынды айқындауға арналған нейтрондардың арнайы жасалған немесе дайындалған детекторлары мен өлшеу приборлары.
0А001, а | 8401 10 000 0 |
0А001, b | 8401 40 000 0 |
0А001, с | 8426 19 000 0 |
| 8426 99 900 0 |
0A001, d | 8401 40 000 0 |
0А001, е | 7304 7507 12 000 0 7608 20 8109 90 000 0 8401 40 000 0 |
0A001, f | 8109 90 000 0 |
0A001, g | 8413 81 000 9 |
0A001, h | 8401 40 000 0 |
0A001, i | 8419 50 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) |
| 8404 20 000 0 8402 19 900 9 |
0A001, j | 9030 10 000 0 |
0В Сынақ, бақылау және өндірістік жабдық
0В00 «Табиғи уранның», «кедейлендірілген уранның» және «арнайы бөлшектенетін материалдардың» изотоптарын бөлуге арналған арнайы құрылғылар және осы үшін арнайы жасалған немесе дайындалған мына секілді жабдық пен компоненттер:
а. Мыналар секілді «табиғи уранның», «кедейлендірілген уранның» және «арнайы бөлшектенетін материалдардың» арнайы жасалған қондырғылар:
1. Газ центрифугалары;
2. Газды-диффузионды кедергілер;
3. Аэродинамикалық байыту қондырғылары;
4. Химиялық алмасу қондырғылары;
5. Иондық алмасу қондырғылары;
6. Атомарлы булар әдісі бойынша изотоптарды «лазерлік»
бөлуге арналған қондырғылар (АVLIS);
7. Молекулярлық әдіс бойынша изотоптарды «лазерлік бөлуге»
арналған қондырғылар (МLIS);
8. Плазмалық бөлу қондырғылары;
9. Электромагниттік бөлу қондырғылары;
b. Газ центрифугаларында пайдалануға арналған арнайы жасалған немесе дайындалған газ центрифугалары, тораптары мен компоненттері:
Ескертпе: В0б001.b «тығыздыққа беріктіктің қатынасының жоғары мәні бар материал мыналардың кез келгенін білдіреді»:
а. 2,0, 5,0 МРа немесе одан артық ажырауға беріктігіне барынша жоғары шегі бар матенцивті-көнерген болаттар;
b. 460 Мра немесе одан артық ажырауға беріктігіне барынша жоғары шегі бар алюминийлі қорытпалар;
с. «Композициялық» құрылымдарда пайдалануға жарамды және 3.18*10 м артық үлестік модуль мәні бар және ажырауға арналған беріктігінің барынша жоғары шегі 76.2* 10 м «талшықты материалдар»;
1. Газ центрифугалары;
2. Толық роторлы жинамалар;
3. Роторлық түтіктердің цилиндрі, қабырғасының қалыңдығы 12 мм немесе одан кем, диаметрі 75 мм-нен 400-ге дейін Тығыздыққа беріктігінің қатынасының «жоғары мәні» бар бір немесе одан көп материалдардан әзірленген;
4. Сақина немесе сильфондар, қабырғасының қалыңдығы 3 мм немесе одан кем, диаметрі 75 мм-нен 400-ге дейін, роторлық түтіктерді немесе роторлық түтіктердің қосылыстарын қолдауға арналған және «тығыздыққа беріктігінің қатынасының жоғары мәні» бар материалдардың бірінен әзірленген;
5. Қоршамалар, центрифуганың роторлық түтігінің ішіне орнатуға
арналған, диаметрі 75 мм-нен 400-ге дейін «тығыздыққа беріктігінің қатынасының жоғары мәні» бар материалдардың бірінен әзірленген;
6. Диаметрі 75 мм-нен 400-ге дейін, жоғарғы/төменгі қақпашалар, роторлық түтіктің ұшының диаметріне дәл келеді, «тығыздыққа беріктігінің қатынасының жоғары мәні» бар материалдардың бірінен әзірленген;
7. Демпферуленетін ортада ұсталатын обоймде ілінген сақиналық
магниттен тұратын магниттік ілмесі бар подшипниктер. Обойм «U6» топтануға - төзімді материалдан» дайындалады немесе осындай материалды жабумен қорғалынған. Магнит ротордың жоғарғы қақпағына орнатылған полюстік ұштықпен немесе екінші магнитпен қосылады;
8. Демпферге қондырылған білік/тығыздаушы сақина түйіні бар арнайы дайындалған подшипниктер;
9. Егелген немесе ішкі спиральды канавкалармен жаншылған және ішкі тесіктермен тесілген цилиндрлерді қамтитын молекулярлық насостар;
10. Жиіліктердің 600-2000 Гц диапазонындағы және 50-1000 ВА қуаттар диапазонындағы вакуум жағдайында синхронды жұмысқа арналған ауыспалы токтың аса жылдам көп фазалы гистерезистік (немесе реактивтік) электр двигательдері үшін сақина нысанының статорлары;
11. Газ центрифуганың онда роторлы түтіктің жинамасын орналастыруға арналған центрифугидің корпустары/қабылдағыштары. Корпус подшипниктерді орнатуға арналған прецизионды өңделген ұштары мен қабырғасының қалыңдығы 30 мм дейінгі қатты цилиндрден тұрады. Корпустар «тоттануға - төзімді «U6» материалдардан» дайындалады немесе осындай материалдардың қапталуымен қорғалған;
12. Пито түтігінің әдісі бойынша роторлық түтіктен «UF6» газын алуға арналған ішкі диаметрі 12 мм-ге дейінгі түтіктерден тұратын ұстап қалғыштар. Түтіктер «тоттануға - төзімді «UF6» материалдардан» дайындалады немесе осындай материалдардың қапталуымен қорғалған;
13. Жиіліктердің арнайы жасалған немесе дайындалған түрлендіргіштері (конверторлар немесе инвенторлар) және мынадай сипаттамалардың толық жиынтығына ие газ центрифугилеріне арналған двигательдердің статорларын қоректенуге арналған олардың компоненттері:
а. 600-ден 200Гц-ге дейін диапазонда көп фазалы шығу;
b. Жиіліктерді 0.1% қарағанда жақсы тұрақтандыру;
с. 2% қарағанда төмен сызықтық аз бұрмалау; және
d. 80% астам КПД;
с. Газды-диффузиялық байыту кезінде пайдалануға арналған арнайы жасалған немесе дайындалған жинамалар мен компоненттер:
1. Кеуек металдан, полимерлік немесе кеуектігінің мөлшері 10-нан 100 мм-ге дейінгі, қалыңдығы 5 мм немесе одан кем «U6»-ға тоттануға төзімді материал» керамикалықтан, ал түтіктік нысандар үшін диаметрі 25 мм немесе одан кем әзірленген газды-диффузиялық кедергілер;
2. «UF6»-ке тоттануға-төзімді материалдан» әзірленген диффузорлар камерасы және осындай материалдардан дайындалған немесе осындай материалдарды жабумен қорғалынған диффузорлар камерасы;
3. Компрессорлар (центрифугилік және біліктік үлгідегі оң қозғалатын) немесе кіруінде бір текше м/мин өндіргіштікпен немесе «UF6» астам және шығуында 666.7 кПа қысымдағы газ үрлегіштер, «U6»-ге тоттануға-төзімді материалдан» дайындалған немесе осындай материалдар қапталынып қорғалынған;
4. ОВ0001.с.3, көрсетілген компрессорларға немесе газ үрлегіштерге арналған айналушы біліктердің нығыздалуы. Мұндай нығыздалу әдетте буферлік газдың ағуының жылдамдығына 1000 текше см/мин кем болады;
5. Алюминийден, мыстан, никельдің 60% астамынан тұратын қорытпалардан, немесе олардың комбинацияларынан дайындалған не олармен қапталған, атмосфералықтан төмен қысым кезіндегі жұмыс үшін құрастырылған және 100 кПа қысымның басуы кезінде сағатына он Па кем кетуді айқындайтын қысымның өзгерісінің жылдамдығын қамтамасыз ететін жылу алмастырғыштар;
6. «U6»-ға тоттануға төзімді материалдан» дайындалған немесе осындай материалдардың қапталуымен қорғалынған, диаметр 40-тан 1500 мм-ге дейінгі сейфонды үлгідегі клапандар;
d. Аэродинамикалық байыту қондырғыларда пайдалануға арналған арнайы жасалған немесе дайындалған жабдық пен компоненттер:
1. 1 мм-нен кем майысу радиусымен қуысты бөгілген каналдардан
тұратын «U6» тоттануға төзімді материалдан» дайындалған және шүмек арқылы ағатын газды екі фракцияға бөлетін ішкі кесуші пышағы бар бөлуші шүмектер;
2. Цилиндрлі немесе конус түріндегі мысалға ие «U6» тоттануға төзімді материалдардан» дайындалған немесе осындай материалдармен қапталуымен қорғалынған және ұзындық диаметрге қатынасы 20:1 немесе одан кем кезінде 0,5 см-ден 4 см-ге дейінгі диаметрі, сондай-ақ бір немесе одан көп танденциялды кіру тесігі бар құйынды түтіктер;
3. Компрессорлар (центрифугилік және біліктік үлгідегі оң қозғалатын) немесе кіруінде бір текше м/мин өндіргіштікпен немесе «U6» астам және шығуында 666.7 кПа қысымдағы газ үрлегіштер, «U6»-ге тоттануға төзімді материалдан» дайындалған немесе осындай материалдардан қапталынып қорғалынған;
4. «U6» тоттануға төзімді материалдардан» дайындалған немесе осындай материалдармен қорғалынған жылу алмастырғыштар;
5. Оларға құйындық түтіктерді немесе айыру шүмектерін орналастыру үшін «U6» немесе осындай материалдардың қапталуымен қорғалынған айырушы элементтерінің қаптары;
6. «U6» дайындалған және осындай материалдардың қапталуымен қорғалынған диаметрі 40-1500 мм-ге дейінгі сифонды үлгідегі клапандар.
7. Миллионның бір бөлігіне дейін келетін газдан (сутегі немесе гелий) U6 бөлуге арналған және мыналар секілді жабдықты қамти алатын жүйелер:
а. 153 К (-120 С) немесе одан кем температура жасауға қабілетті криогенді жылу алмастырғыштармен криосепараторлар;
б. 153 К (-120 С) немесе одан кем температура жасауға қабілетті криогенді салқындату блоктары;
с. Келетін газдан «UF6» бөлуге арналған айыру сопельдерінің немесе құйындық түтіктерінің блоктары;
д. 253 К (-20 С ) немесе одан кем температура жасауға қабілетті «UF6» салқын ұстағыштар;
е. Мыналар секілді химиялық байыту қондырғыларында пайдалану үшін арнайы әзірленген немесе дайындалған жабдық пен компоненттер:
1. Сұйық-импульстік алмастыру колонналары. Тұзды қышқылдың концентрацияланған ерітінділеріне тоттану орнықтылығы үшін бұл колонналар мен олардың ішкі компоненттері тиісті пластикалық материалдардан дайындалған (фторланған көмір сутегілі полимерлер немесе әйнек секілді) немесе осындай материалдар жабылып қорғалынған. Колонналар каскадтағы уақыттың қысқа өтуіне (30 секунд немесе одан кем) жобаланған;
2. Сұйық-центрифугилік қатынастық сүзгілер. Тұзды қышқылдың концентрацияланған ерітінділеріне тоттану орнықтылығы үшін бұл колонналар мен олардың ішкі компоненттері тиісті пластикалық материалдардан дайындалған (фторланған көмір сутегілі полимерлер немесе әйнек секілді) немесе осындай материалдар жабылып қорғалынған;
3. Уранды бір валентті күйінен екіншісіне қалыпқа келтіруге арналған электр химиялық қалпына келтіру ұясы. Ұялардың материалдары тұзды қышқылдың концентрацияланған ерітінділеріне тоттануға-төзімді болуы тиіс.
Органикалық ағыннан V+4 алу үшін ерітіндінің экстракциясының жабдығынан тұратын электр химиялық қалпына келтіру ұяларының қоректендіру жүйесі. Технологиялық ағынмен қатынастағы жүйе жабдығының бөлігі тиісті материалдардан дайындалуы (шыны, фторланған сутегі полимерлері, сульфат полифениль сульфаты, полиэфир сульфоны және қара май сіңірілген графит) немесе осындай материалдардан жабылып қорғалынуы тиіс;
5. Ерітінді экстракциясын ерітуге арналған жабдықтан және (немесе) тазалауға арналған ион алмастырғыш жабдықтан, сондай-ақ V+6 немесе V+4 немесе V+3 қалпына келтіруге арналған электролитті ұялардан тұратын жоғары жиілікте уранның хлоридінің қоректік ерітінділерін өндіруге арналған қоректі дайындау жүйелері;
6. V+4-тегі V+3-ті қышқылдандыруға арналған уранның қышқылдандыру жүйесі;
f. Мыналар секілді ион алмастыруды байыту қондырғыларында пайдалану үшін арнайы әзірленген немесе дайындалған жабдық пен компоненттер:
1. Белсенді емес кеуек қосалқы құрылымның үстіңгі бетінде химиялық алмасудың белсенді топтары жабумен шектелген микроторлы құрылымның (және) мембраналы құрылымның кеуек қара майын қоса алғанда тез реакция беретін ион алмастырғыш қара майлар (апсорменттер) және бөлшектерді немесе талшықтарды қоса алғанда кез келген қабылданымды нысанындағы басқа да «композициялық» құрылымдар. Бұл ион алмастырғыш қара майлар/абсорбенттердің диаметрі 0,2 м немесе одан кем және тұзды қышқылдың концентрацияланған ерітінділеріне қатысты химиялық төзімді болуға тиіс. Қарамайлар/абсорбенттер уранның изотоптарының өте тез алмастыруының (жартылай алмастырудың ұзақтығы 10 см кем) кинетикасын алуға арнайы арналған және 343 К (100 С)-дан 473 К (200 С)-қа дейінгі температура кезінде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие;
2. Диаметрі 1000 мм астам ион алмастырғыш колонналар (цилиндрлік). Бұл колонналар тұзды қышқылдың концентрацияланған ерітінділерді тудыратын тоттануға төзімді материалдардан (титан немесе фторланған көмірсутегілі полимерлер секілді) дайындалады немесе осындай материалдардан жабылынып қорғалынады және 343 К (100 С)-дан 473 К (200 С)-қа дейінгі температура кезінде және 0,7 МПа жоғары қысымдарда жұмыс істеуге қабілетті;
3. Уранның ион алмастырғыш байыту каскадтарында пайдаланылатын химиялық қалпына келтіру немесе қышқылдандыру реагентін (реагенттерін) регенирациялауға арналған рефлюкстің ион алмастырғыш жүйелері (химиялық немесе электр химиялық қышқылдану немесе қалпына келтіру);
g. Мыналар секілді атомарлы булар әдісі бойынша (AVLIS) лазерлік бөлудің байыту қондырғыларында пайдалану үшін арнайы әзірленген немесе арнайы жасалған жабдық пен компоненттер:
1. Уранды буландыру жүйелерінде пайдаланған нысанаға 2,5 кВт/см астам қуатпен берілетін жоғары қуатты белдеулік немесе растырлық электронды-сәулелік пушкалар;
2. Тиглдерге арналған тиглдерден және салқындатқыш жабдықтан тұратын сұйық балқытылған уранды немесе сұйық урандық құймаларды өңдеуге арналған жүйелер. Тиглдер мен осы жүйенің басқа да компоненттері тоттануға төзімді және термотөзімді материалдардан дайындалған немесе осындай материалдардан жабылынып қорғалынған. Қабылданымды материалдар танталды иттрийдің қышқылмен жабылған графикті, жер бетінде сирек кездесетін басқа элементтердің қышқылдарымен жабылған графитті немесе олардың қоспаларын қамтиды;
Айрықша ескертпе: сондай-ақ 2а 225-ті қараңыз
3. «Өнімдерді», жабылған «құйрықшаларды» жинауға арналған осы агрегаттарға арналған компоненттер металл уранның немесе сұйық уранның буымен пайда болатын қыздыруға және тоттануға төзімді материалдардан дайындалған немесе осындай материалдар жабылынып қорғалынған (иттрийдің қышқылымен жабылған график немесе тантал);
4. Оларға металл уранның буларының кезін, электронды-сәулелік пушкалардың және «өнімдердің» және «қалдықтардың» колекторларының кезін орналастыруға арналған бөліп тұрушы модульдің қаптамасы (цилиндрлі немесе тік бұрышты камералар);