Қазақстан Республикасында азаматтық мәселелер жөнінде шешім қабылдайтын лауазымды адам Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы;
Қазақстан Республикасы азаматтығын қалпына келтіру туралы;
Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығару туралы;
осы Заңда көзделген реттерде Қазақстан Республикасы азаматтығын сақтау туралы шешімдер қабылдайды;
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 30-бап жаңа редакцияда; 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-бап. Iшкi iстер органдарының өкiлеттiгi
Iшкi iстер органдары:
1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөніндегі өтініштер қабылдайды және оларды қажеттi құжаттармен бiрге Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жiбередi;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделгендей, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды тiркеудi жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылуын тiркейдi;
4) жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азматтығына қабылдауды ресімдейді;
5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болуын (болмауын) айқындайды.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу тәртібін бекітеді.
2004.20.12 ж. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31-бап өзгертілді
31-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің өкілеттігі
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi:
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде арыздар қабылдайды және оларды қажетті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуына тіркейді;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізеді.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болуын айқындайды.
Белгілі бір елде Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi болмаған ретте бұл органдардың міндеттерін тиісті шарттар негізінде басқа мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері атқарады.
6-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі арыздар мен ұсыныстарды қарау бойынша іс жүргізу
2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
32-бап. Азаматтық мәселелер жөнінде арыз беру тәртібі
Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздар осы Заңның 30 және 31-баптарында көрсетілген органдар арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің атына беріледі.
Арызды немесе ұсынысты қарау мерзімі алты айдан аспауға тиіс.
Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтық алуды тіркеу мәселелері жөніндегі өтініштер ішкі істер органдарына беріледі.
17.05.02 ж. № 322-II; 2004.20.12 ж. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 33-бап өзгертілді
33-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздар түрі
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, азаматтықты қалпына келтіру немесе одан шығу туралы өтініштер арыз берушінің жазбаша өтініші бойынша қаралады. 18 жасқа толмаған, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен қабілетсіз деп танылған адамдар жөніндегі өтініштер олардың заңды өкілдерінің нотариат куәландырған, басқа мемлекеттерде - Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесi куәландырған өтініш бойынша қаралады.
14 жастан 18 жасқа дейінгі баланы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, оның Қазақстан Республикасы азаматтығын қалпына келтіру және одан шығару туралы арыз берген кезде оның келісімі болуы міндетті, келісім жазбаша түрде білдіріліп, оны нотариат куәландыруға, басқа мемлекеттерде - Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесi куәландыруға тиіс.
Ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болып қалатын 14 жасқа дейінгі баланың Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуы туралы өтініш берген кезде сол ата-атасының арызы да табыс етілуге, онда баланың Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуына көзқарасы көрсетілуге тиіс. Мұндай арызды - нотариат, ал басқа мемлекеттерде Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесi куәландырады.
Егер арыз беруші арызға сауатсыз болғандықтан немесе дене кемістігі салдарынан қол қоя алмайтын болса, арызға оның өтініші бойынша басқа адам қол қояды, бұл жөнінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нотариусы, шетелдегi мекемесi арызға тиісті жазба жасайды.
Азаматтыққа қабылдау туралы арызға арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар қоса тіркелуге тиіс.
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығымен; 2004.20.12 ж. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 34-бап өзгертілді
34-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздар бойынша қорытындылар
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары, шетелдегi мекемелерi өздерінің арыздар бойынша қорытындылары немесе азаматтық мәселелер жөніндегі ұсыныстарын азаматтыққа қабылдау туралы өтініш жасаушы адамның осы Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы жазбаша міндеттемесімен бірге Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі немесе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің атына жібереді.
Сыртқы iстер министрлiгi және Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрақты тұратын әрбір арыз берушіні Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың немесе оны қалпына келтірудің орындылығы туралы, оның ішінде оны Қазақстан Республикасында еңбекке, тұрғын үйге және өзге де орналастыру мүмкіндігі туралы Қазақстан Республикасының Президентіне дәлелді қорытынды береді.
Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу туралы арыздар жөніндегі қорытындыларда арыз берушінің мемлекет алдындағы міндеттемелерінің немесе оның мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары, олармен азаматтардың немесе кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделерінің байланысты екені туралы, оның айыпкер ретінде қылмыстық жауапқа тартылуы, не оның заң жүзінде күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеуі туралы, не ол адамның азаматтықтан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келетіні туралы нақты мәліметтер хабарланады.
35-бап. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия
Осы Заңның 29-бабында көрсетілген азаматтық мәселелерді алдын ала қарау үшін Қазақстан Республикасының Президенті азаматтық мәселелер жөнінде комиссия құрады.
Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздар мен ұсыныстарды қараған кезде Комиссия арыз берушінің дәлелдеріне, ұсыныс мазмұнына, мемлекеттік органдар қорытындыларына, өзге де құжаттарға және куәлардың тиісті түрде ресімделген айғақтарына жан-жақты баға береді.
Комиссия өзі жүргізіп отырған іс жөнінде тиісті мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден құжаттар мен материалдар талап етуге қақылы, олар қажетті ақпаратты комиссия белгілеген мерзімде табыс етеді.
Комиссия әрбір арыз немесе ұсыныс бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыныс енгізеді.
Егер Комиссия мәжілісіне оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, ол заңды болады. Комиссия шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады.
Комиссия шешімі комиссияның мәжіліске қатысқан барлық мүшелері қол қоятын протоколмен ресімделеді.
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 36-бап өзгертілді
36-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі актілер
Азаматтыққа қабылдау, оны өзгерту мәселелерi жөнiнде және өтiнiш қабылданбаған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шығарылады.
Азаматтық мәселе жөнінде қайталап берілген арыз бұл мәселе жөніндегі осының алдындағы шешімнен кейін бір жыл өткен соң қаралады. Іс үшін арыз берушіге мәлім болмаған және мәлім болуы мүмкін болмаған елеулі мән-жайлар туған ретте қайталап жасалған өтініш ертерек те қаралуы мүмкін.
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 37-бап өзгертілді; 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
37-бап. Азаматтық алу және одан айырылу мерзімінің есептелуі
Қазақстан Республикасы азаматтығына:
- азаматтыққа қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шыққан күні;
- кәмелетке толмағандардың туған немесе асырап алынған күні;
- кәмелетке толмағандардың ата-анасын Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шыққан күні;
- мемлекетаралық шарттарында көзделгендей тәртiп бойынша тіркелген күні;
жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу тіркелген күні ие болады.
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
- Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтықтан шығару туралы Жарлығы шыққан күнi;
- осы Заңда көзделген тәртiппен мемлекеттік органдардың одан айырылғанын тiркеген күнi;
- Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы тiркелген күнi тоқталады.
ҚР 17.05.02 ж. № 322-II Заңына сәйкес 38-бап өзгертілді
38-бап. Республика территориясында тұру мерзімінің есептелуі
Осы Заңның 16-бабының 1) тармақшасында көрсетілген республика территориясында тұру мерзіміне:
егер адам армияға дейін Республика территориясында тұрып, армиядан босатылған күні мен Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген күні арасындағы үзіліс үш айдан аспаса, армияда қызмет еткен уақыты;
егер оқуды бітірген немесе оқу орнынан шығарылған күні мен Қазақстан Республикасына келген күні арасындағы үзіліс үш айдан аспаса, республикадан тыс жерлерде оқыған уақыты;
егер командировканың аяқталуы мен Қазақстан Республикасына келген күнінің арасындағы үзіліс үш айдан аспаса, республикадан тыс жерлерге командировкаға барған уақыты есептеледі.
Науқастанып қалған, дүлей апат болған ретте немесе басқа да дәлелді себептер бойынша осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген үш айлық мерзімді есептеу тоқтатылады.
Басқа мемлекеттердің сот органдары тағайындаған қылмыстық жазалау шараларын өтеу уақыты, сондай-ақ республика территориясында командировкада болған, емделген мерзімі және басқа да уақытша тұрған реттер Қазақстан Республикасы территориясында тұру мерзіміне есептелмейді.
Қазақстан Республикасының азаматы болып саналуының күші жойылғаннан бұрынғы кезең Қазақстан Республикасы территориясында тұру мерзіміне есептелмейді.
7-тарау. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалуы
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығымен 39-бап өзгертілді; 17.05.02 ж. № 322-II ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді; 2004.20.12 ж. № 13-III ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
39-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөніндегі шешiмдердi орындаушы органдар
Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын адамдарға қатысты азаматтық мәселелер жөніндегі шешiмдердiң орындалуы құжаттандыру және паспорттар мен жеке бас куәлiктердi беру жөніндегі уәкiлеттi органға, басқа мемлекетте тұратын адамдарға қатысты - Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiне жүктеледi.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдарға құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәлiктердi беру жөніндегі уәкiлеттi орган, не шетелдегi мекемелер Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiн және (немесе) паспортын тапсырады. Он алты жасқа толмаған баланың құжаттарында оның азаматтыққа қатыстылығы туралы жазба жасалады.
Қазақстан Республикасында тұратын, азаматтығы тоқтатылған адамдарға iшкi iстер органдары азаматтығы жоқтығы туралы куәлiк бередi.
40-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалуын бақылау
Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
8-тарау. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдерге шағым беру
41-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдерге шағым беру
Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасы Президентінің қайта қарауы мүмкін.
Азамат болу және азаматтығынан айырылу туралы мәселелер жөніндегі шешімге шағымдар Қазақстан Республикасы Президентінің атына беріледі.
Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздарды қабылдаудан орынсыз бас тартуға, арыздардың қаралу мерзімін бұзуға, сондай-ақ лауазымды адамдардың азаматтық туралы істің қаралу тәртібін және азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалу тәртібін бұзатын басқа да заңсыз іс-әрекеттеріне заңда белгіленген тәртіппен бағыныштылық реті бойынша жоғары тұрған лауазымды адамға не сотқа шағым берілуі мүмкін.
ҚР 17.05.02 ж. № 322-II Заңына сәйкес 9-тарау жаңа редакцияда
9-тарау 2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының