Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған коммерциялық, банктік құпияны қамтитын мәліметтерді, кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн кәсiптiк немесе қызметтiк жұмысына байланысты өзiне белгілі болған тұлғаның олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпелер.
1. Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған коммерциялық, банктік құпияны құрайтын мәліметтерді не кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты меншiк иесiне немесе заңнамалық актiлерге сәйкес мұндай мәлiметтердi алу құқығы бар тұлғаларға олардың заңды талап етуі бойынша берген жағдайда, тұлға жауапты болмайды.
2. Осы бапта көзделген іс-әрекеттi жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту залал келтiрiлген ұйымның, меншiк иесiнiң немесе дара кәсiпкердiң арызы бойынша жүзеге асырылады.
186-бап. Сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясын не микрокредит беру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу
Кәсiптік немесе қызметтiк жұмысына байланысты сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясын немесе микрокредит беру құпиясын қамтитын мәлiметтер өзіне белгiлi болған тұлғаның олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұларды сақтау мiндетiн бұзуы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
187-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзу
1. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристерге туристік қызметтер ұсыну қағидаларында көрсетілген, саяхаттың ерекшеліктері, саяхат жасаған кезде оларға тап болуы мүмкін қауіптер туралы мәліметтерді ұсынбау, уақтылы немесе толық ұсынбау не туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырмауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристік қызмет көрсетуге жазбаша шарт жасаспай туристік қызметтерді көрсетуі -
лицензиясының қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайларға ұшырағаны туралы ақпарат бермеуі немесе уақтылы бермеуі -
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне -жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
188-бап. Сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу
Сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу, егер оны беру заңда көзделсе, -
заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
189-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi мен мерзімдерін бұзу
1. Ірі кәсіпкерлік субъектісінің Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасында белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзуы -
заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың біріншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет (әрекетсіздік) -
заңды тұлғаларға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15-тарау. Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
190-бап.Тұтынушыларды алдау
1. Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, есептен жеуі, тауардың (көрсетілетін қызметтердің) тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруы немесе өзгедей алдауы -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
белгілі бір қызмет түріне лицензиядан айыра отырып және үш жылға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, елеулі залал келтіруге әкеп соққан әрекеттер -
белгілі бір қызмет түріне лицензиядан айыра отырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ірі залал келтіруге әкеп соққан әрекеттер -
белгілі бір қызмет түріне лицензиядан айыра отырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бапқа қатысты бір айлық есептік көрсеткіштен асатын сома - елеулі мөлшердегі залал, кемінде үш айлық есептік көрсеткіш сомасы - ірі мөлшердегі залал деп танылады.
191-бап. Қаруды және оның патрондарын сату қағидаларын бұзу
1. Тиісті лицензиясы бар заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қаруды және оның патрондарын сату қағидаларын бұзуы -
лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
лицензиядан айыра отырып, сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
192-бап. Арнаулы техникалық құралдарды сату тәртiбiн бұзу
Арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдарды, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардан басқа, тиiстi рұқсаты жоқ тұлғаларға сату -
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
193-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңнамасын бұзу
1. Сатып алушының өтiнуi бойынша тауар, оның шығарылған жерi, дайындаушылары, тұтыну қасиеттерi, кепiлдi мiндеттемелері және талаптар қою тәртiбi туралы қажеттi ақпарат бермеу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - екi, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты құқыққа сыйымсыз пайдалану -
тауарлар тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - жетi, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап әрекеттерді (әрекетсiздiкті) жасау -
тауарлар тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
194-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi қабылдаудан бас тарту
1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның төлем карточкаларын пайдалана отырып, оларды қабылдаудан бас тартуы -
ескерту жасауға немесе шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
195-бап. Дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы
1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
196-бап. Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау
Еркiн сауда жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасау -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
197-бап. Темекi бұйымының маркасын пайдалану
1. Темекi бұйымдарының өздерiн немесе темекi бұйымы сатылатын немесе тасымалданатын кез келген қорапты, қаптаманы қоспағанда, өзiнде темекi бұйымының маркасы бар кез келген тауарларды қасақана тарату, көрмеге қою, сату -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
198-бап. Темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі заңнама талаптарын бұзу
1. Темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі заңнама талаптарын бұзу -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
199-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі, сондай-ақ темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіру, сату және тарату жөніндегі талаптарын бұзу
1. Осы Кодекстің 133-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі талаптарын бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіру, сату, тарату -
жеке тұлғаларға - үш, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сегіз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
200-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу
1. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу -
тиісті қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Алкоголь өнімін (сауда үйлерінде, мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткізуді қоспағанда):
жұмыс күндері сағат 23-тен таңғы 8-ге дейін, демалыс, мереке күндері сағат 24-тен таңғы 8-ге дейін өткізу -
тиісті қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
201-бап. Тауарларды сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне әкелуді шектеу
1. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда қызметі субъектілерінің тауарлар беру туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартуынан не көрінеу кемсітушілік сипаттағы және:
1) сауда қызметі субъектісіне осыған ұқсас қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен, сондай-ақ осыған ұқсас немесе өзге де талаптар бойынша басқа да сауда қызметі субъектілерімен тауарлар беру шарттарын жасасуға тыйым салу туралы;
2) тауарлар беруді жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісінің осыған ұқсас қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен жасалатын шарттары туралы мәліметтер беруін талап ету туралы талаптар қамтылатын шарт жасасудан көрінетін, тауарларды сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне әкелуді шектеуі -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
202-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асыру
1. Сауда қызметі субъектілерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асыруы -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
203-бап. Тауарларды құжаттарсыз сату
1. Осы Кодекстің 415 және 416-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкерлердің және сауда қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың тауарды шығарған ел туралы, дайындаушы, беруші немесе сатушы туралы қазақ және орыс тiлдерiндегі мәліметтер не тауар (көрсетілетін қызмет) туралы анық және жеткiлiктi ақпаратты қамтитын құжаттарсыз сатуы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - тоқсан, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
204-бап. Белгiленбеген орындарда сауда жасау
1. Жергiлiктi атқарушы орган белгiлегеннен тыс орындарда сауда жасау -
ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
205-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық және уақтылы төлемеу
Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық және уақтылы төлемеу -
жеке тұлғаларға - жеті, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алты жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
206-бап. Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан бас тарту
1. Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген, осы бапқа ескертпеде көрсетілген жағдайлардан басқа, төлемнің заңды құралы болып табылатын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тарту -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген және осы бапқа ескертпеде көрсетілген жағдайлардан басқа, төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Қазақстан Республикасының ұлттық валюта банкноттары мен монеталары мынадай жағдайларда:
1) егер қолдан жасаудың (жалған екенінің) анық белгілері болса;
2) техникалық шарттардан ауытқудың анық белгілері бар жарамсыз банкноттар мен монеталар (пішімінің сәйкес келмеуі, жыртылуы, нөмірленуінің сәйкес келмеуі, түзетілген жері, бояуларының араласуы, соғылғандағы бейненің араласуы және (немесе) көмескі болуы және басқа);
3) ақша айналысынан алынған, сондай-ақ өтелген банкноттар мен қатпарлы монеталар;
4) «ОБРАЗЕЦ», «SPECIMEN»,«ҮЛГІ» деген жазуы бар банкноттар төлемнің заңды құралы болып табылмайды.
207-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық, аукциондық құжаттамаға қойылатын не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiлерге тиесiлiлігiн айқындайтын сипаттамаларын көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу -
лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Конкурстық не аукциондық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға конкурстық не аукциондық құжаттамаға енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн уақтылы жiбермеу, сол сияқты нақтыланған конкурстық не аукциондық құжаттаманы уақтылы жарияламау -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту -
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдер бар конверттердi конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiмiн, уақыты мен орнын бұза отырып ашу, сондай-ақ көрсетілген өзгерiстердi конкурстық құжаттамаға енгiзбей, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдер бар конверттердi ашу күнiн, уақыты мен орнын өзгерту -
лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi жеткiлiксiз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiсiнше ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге байланысты сауал жiберу, конкурстық комиссияның сол сияқты әрекеттері -
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Әлеуеттi өнiм берушiлерге және (немесе) олар тартатын қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) конкурстық не аукциондық құжаттамада Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеу -
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн критерийлердi конкурстық құжаттамаға енгiзбеу бөлiгiнде бұзу -
лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн критерийлердiң салыстырмалы мәнiн баға ұсыныстарына қолданбау бөлiгiнде бұзу -
лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Әлеуеттi өнiм берушiнi және (немесе) ол тартатын қосалқы мердiгерлердi (бiрлесiп орындаушыларды) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына және (немесе) конкурстық не аукциондық құжаттаманың талаптарына сай емес деп негiзсiз тану -
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін олардың біртекті түрлеріне қарай және (немесе) оларды жеткізу (орындау, көрсету) орнына қарай лоттарға бөлмеу -