«мемлекеттік республикалық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;»;
2) 54-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«мемлекеттік облыстық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;»;
3) 55-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«мемлекеттік қалалық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;»;
4) 56-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«мемлекеттік аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;».
7. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат, № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнындағы 24, 106-1 және 583-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Салық қызметі органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылы»;
7-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«106-1-бап. Қайта сақтандыру активтерін азайту бойынша шегерім»;
«583-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және жергілікті атқарушы органдардың салық қызметі органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі міндеттері»;
2) 24-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Салық қызметі органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылы»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Салық қызметі органдары салықтық тексеру барысында тексерілетін салық төлеушіге қатысты еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды алу жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен өзара іс-қимыл жасайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мұндай қорытындыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті орган белгілеген тәртіппен табыс етеді.»;
7-тармақтың 3) тармақшасы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 64-баптың 3-тармағындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 4) тармақшасы 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 77-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:
«3-3) осы Кодекстің 90-бабы 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көзделген, борышкерлерге қойылатын талаптар мөлшерін азайтуларды есепке алу жөніндегі;»;
5) 78-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лизинг алушы Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылған және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шығарылған;»;
7-тармақтың 6) тармақшасы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 89-1-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай активтердің мөлшері арасындағы оң айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері түріндегі табысы деп танылады.»;
7) 90-бапта:
7-тармақтың 7) тармақшасының екінші абзацы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың бірінші абзацындағы «, осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-3 және 4-тармақтарына сәйкес» деген сөздер «, осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
7-тармақтың 7) тармақшасының төртінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
алтыншы және тоғызыншы абзацтардағы «осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-3 және 4-тармақтарына сәйкес» деген сөздер «осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 7) тармақшасының бесінші - сегізінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) борышкер — жеке тұлға күшiне енген сот шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе күшiне енген сот шешiмi негiзiнде ол қайтыс болған деп жарияланған;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) борышкер — жеке тұлғаға I, II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ борышкер — жеке тұлға қайтыс болған;»
7-тармақтың 7) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) және 4) тармақшалардағы «осы Кодекстiң 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес» деген сөздер «осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) борышкер — дара кәсiпкердiң Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылуына байланысты дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен алынған;»;
мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
7-тармақтың 7) тармақшасының он үшінші абзацы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«7) қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк туралы заңнамасы талаптарына сәйкес төленбеген, мерзімі өткен кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы, құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешек түрінде борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепті салық кезеңінде борышкерге салық төлеушінің мұндай талап қою құқығын толық немесе ішінара тоқтатуы болмаған жағдайда осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші бухгалтерлік есепте азайтқан;
7-тармақтың 7) тармақшасының он төртінші - он алтыншы абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
8) осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша үмiтсiз берешекті кешіруге байланысты кредиттер (қарыздар) және олар бойынша сыйақы бойынша салық кезеңінде кешірілген үмiтсiз берешектің жалпы сомасының салық кезеңінің басындағы кредиттер (қарыздар) және олар бойынша сыйақы бойынша негізгі борыш сомасына арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде борышкерге қойылатын талап мөлшерін азайтқан жағдайлар. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең.
Осы тармақша, егер кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша үмiтсiз берешек уәкiлеттi органның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген негіздерде және тәртiппен кешірілген жағдайда қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаты үшін кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша үмiтсiз берешекті кешіру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес борышты кешіру нәтижесінде кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша талап ету құқығын тоқтату, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықтан ипотекалық шарт жасасқан күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепіл мүлікті кепілге берілген мүлкін сатудан кейін өтелмеген кредиттің (қарыздың) сомасына сату кезінде кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша талап ету құқығын тоқтату болып танылады.»;
7-тармақтың 7) тармақшасының он жетінші, он сегізінші абзацтары 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Есепті салық кезеңінің соңында еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған сақтандыру резервтерінің бұрын шегерімге жатқызылған мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай резервтердің мөлшері арасындағы теріс айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.»;
8) 105-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, оған қосымша банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы көшiрмесiнiң болуы қажет. Салық төлеушi жоғарыда көрсетiлген шарттар сақталған кезде, банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы күшiне енген салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша күмәндi талаптың сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.»;
9) 106-бапта:
7-тармақтың 9) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың екінші бөлігі және 1-3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезiнде кепiлдiң және басқа қамтамасыз етудiң құны қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекіткен провизиялар (резервтер) құру қағидаларында белгіленген жағдайларда және тәртіппен өздерiне қарсы провизия (резерв) құрылатын активтің, шартты міндеттеменің мөлшерін азайтады.»;
7-тармақтың 9) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтары 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған сақтандыру резервтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай резервтердің мөлшері арасындағы оң айырма ретінде айқындалған мөлшерде еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.»;
7-тармақтың 10) тармақшасы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 106-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«106-1-бап. Қайта сақтандыру активтерін азайту бойынша шегерім
Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының осы Кодекстің 89-1-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша қайта сақтандыру активтерінің азайтылған сомасын есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай активтердің мөлшері арасындағы теріс айырма ретінде айқындалған мөлшерде шегерімге жатқызуға құқығы бар.»;
7-тармақтың 11) тармақшасы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) 133-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының екінші бөлігіндегі «және (немесе) тәжiрибелiк-конструкторлық» деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақтың 12) тармақшасы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 147-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «бюджеттік субсидиялар танылады» деген сөздер «, оның ішінде бюджеттік субсидиялар танылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 13) тармақшасы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13) 155-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:
«29) мұндай тұлғаға кредит (қарыз) беруден кейін басталған мынадай:
қарыз алушы - жеке тұлға күшiне енген сот шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе күшiне енген сот шешiмi негiзiнде ол қайтыс болды деп жарияланған;
қарыз алушы - жеке тұлғаға I немесе II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы — жеке тұлға қайтыс болған;
асыраушысынан айырылу жағдайларында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы — жеке тұлғада кіріс, жүктілігі мен босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, олар бір жасқа толғанға дейін баланы күтіп-бағуға байланысты, көрсетілген төлемдерден басқа кіріс болмаған жағдайларда;
қарыз алушы - жеке тұлғада және қарыз алушы - жеке тұлғамен бірлесіп банк алдында ортақ және субсидиялық жауаптылықта болатын үшінші тұлғаларда мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе өндіріп алынуы мүмкін кірістер болмаған жағдайда атқарушылық құжатты банкке қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы күшіне енген және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;
«Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ипотекалық шарт жасалған күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен, кепілге берілген мүлікті негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта кепіл мүлікті кепілге берілген мүлкін сатудан кейін өтелмеген кредиттің сомасына сатқан немесе мұндай мүлік кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда кредит (қарыз) жөніндегі азаматтық заңнамаға сәйкес міндеттемелердің тоқтатылуы кезіндегі кіріс.
Осы баптың ережелері:
банк қызметкеріне, банк қызметкерінің жақын туыстарына, банктің өзара байланысты тарапына берілген;
талап ету құқығын беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды.»;
7-тармақтың 14) тармақшасы 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 248-бап 23) тармақшасындағы «қалдықтарын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.» деген сөздер «қалдықтарын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
«24) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктердің діни мақсаттағы заттарды өткізуі бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшада көрсетілген заттардың тізбесі мен оларды іріктеу критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
7-тармақтың 15) тармақшасы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 255-баптың 1-тармағы 13) тармақшасының үшінші - алтыншы бөліктері алып тасталсын;
16) 263-баптың 7-тармағында:
7-тармақтың 16) тармақшасының екінші абзацы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші бөліктегі «бес жұмыс күнінен» деген сөздер «күнтізбелік бес күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 16) тармақшасының үшінші абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
төртінші бөліктегі «бес жұмыс күнінен» деген сөздер «күнтізбелік бес күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 17) тармақшасы 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
17) 270-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «68-бабында» деген сөздер «68-бабында және осы тармақта» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 278-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбесе, осы Кодекстiң 279-бабында аталған акцизделетiн тауарлардың мүліктік массасын өткiзудi жүзеге асыратын;»;
19) 281-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мүліктік массаны, тәркiленген және (немесе) иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген, акцизделген тауарларды өткiзуі;»;
7-тармақтың 20) тармақшасы 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
20) 367-баптың 1-1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Осы Кодекстің осы бабының және 8-тарауының мақсаты үшін:»;
7-тармақтың 21) тармақшасы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
21) 387-баптың 6-тармағының үшінші бөлігіндегі «айқындау» деген сөз «анықтау» деген сөзбен ауыстырылсын;
22) 465-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) банкрот-заңды тұлғалардың мүліктік массасын өткізу жөнiндегi аукциондардан;»;
23) 541-баптың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«24) банкроттықты және оңалтуды басқарушылар — Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген өз өкiлеттiктерi шегiнде банкроттық рәсімі, оңалту рәсiмi мүдделерiне орай қуынымдар берген кезде;»;
24) 557-бапта:
1-тармақ 10) тармақшасындағы «туралы мәліметтерді қоспағанда, салық қызметі органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез келген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.» деген сөздер «туралы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес құпия ақпарат болып табылмайтын мәліметтерді қоспағанда, салық қызметі органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез келген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.»;
3-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға береді.
Оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді.»;
7-тармақтың 25) тармақшасы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
25) 581-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) азаматтық заңнамаға сәйкес жеке немесе заңды тұлға болып табылатын қарыз алушыға берiлген кредиттер (қарыздар) бойынша мiндеттемелердің тоқтатылуы кезінде тоқтатылған міндеттеменің мөлшері туралы қарыз алушының орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органын күнтізбелік отыз күн ішінде хабардар етуге;»;
26) 583-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«583-бап. Уәкілеттi мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және жергілікті атқарушы органдардың салық қызметi органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі мiндеттерi»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тексерілетін салық төлеушіге қатысты салықтық тексеру барысында уәкілетті органның сұрау салуы бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті орган белгілеген тәртіппен табыс етеді.»;
27) 609-баптың 3-1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
1) банкрот деп танылған жағдайда — банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылған күннен бастап есепке жазу жүргізілмеген өсімпұлды қоспағанда, салық төлеушіні банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
2) оңалту рәсімі қолданылған жағдайда — сот оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым шығарған күннен бастап тоқтатылатын, мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке және (немесе) ол бойынша мәмілелері мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке иелік етуді шектеуді қоспағанда, оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайда сомасы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген салық міндеттемесі бойынша осындай салық төлеушілерге қатысты мұндай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері қолданылады;»;
28) 614-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау - банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы сот ұйғарым шығарған күннен бастап;
3) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімін қолдану - өсімпұлды есепке жазуды қоспағанда, борышкердің өтініші түскен күннен бастап, — оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне сомасы енгiзiлмеген салық міндеттемесі бойынша осындай салық төлеушілерге қатысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайда, осындай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері қолданылады;»;
29) 620-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банкрот деп танылған салық төлеушiнi (салық агентiн) тарату тәртібі Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
30) 653-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық органдары акцизделетiн тауарларды өндiрушiлердiң, импорттаушылардың, борышкердің мүлкiн (активтерiн) өткiзу кезінде банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың осы бапта айқындалған акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн таңбалау, акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыру тәртiбiн сақтауы бөлiгiнде, сондай-ақ акциздiк бекеттер орнату арқылы акцизделетiн тауарларға бақылауды жүзеге асырады.»;
«3. Таңбалауды акцизделетiн тауарларды өндiрушiлер мен импорттаушылар, банкроттықты және оңалтуды басқарушылар борышкердiң мүлкiн (активтерiн) өткiзген кезде жүзеге асырады.».
8. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат):