1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтаманы;
2) жергілікті атқарушы органның жеке қосалқы шаруашылықта пайдаланылатын:
алаңы көрсетілген жер учаскесінің;
саны көрсетілген үй жануарларының;
саны көрсетілген үй құстарының болуы туралы растауын;
3) салық салуға жататын табыстарды түзетуді қолдануға арналған өтініш табыс еткен кезде, салық салуға жататын табыстардан алып тасталады. Бұл ретте құжаттар салық агентіне осындай түзету қолданылған күнтізбелік жылы кемінде бір рет табыс етіледі.
5. Осы баптың 1-тармағы 13-1) тармақшасының ережесін тек бір салық агенті - агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым ғана қолданады.»;
45) тармақша 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
45) 163-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қызметкердің мына табыстары, оның ішінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің бухгалтерлік есепке алуында шығыстар (шығындар) ретінде танылған:»;
46) 166-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықақыларының (егер шартта сақтандыру сыйлықақыларын бөліп төлеу көзделген жағдайда - мерзімдік сақтандыру жарналарының) сомасы;»;
5-тармақтың 2) тармақшасымынадай редакцияда жазылсын:
«2) сақтандыру шарты және сақтандыру сыйлықақыларының (егер шартта сақтандыру сыйлықақыларын бөліп төлеу көзделген жағдайда - мерзімдік сақтандыру жарналарының) төленгенін растайтын құжат;»;
47) 177-бапта:
бірінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысы;»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүліктік табыс дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың табысы болып табылмайды.»;
48) 178-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табыстарын қоспағанда, салық төлеушіде төлем көзінен салық салынбайтын бірнеше табыс түрлері болған кезде салық төлеуші жеке табыс салығын есептеуді төлем көзінен салық салынбайтын барлық табыс түрлерінің сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргізеді.»;
49) тармақша 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
49) 180-1-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Жеке тұлға осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағына осындай тұлға бұдан бұрын әкелген мүлікті өткізген жағдайда:
1) Кеден одағына мүше емес мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралдары және (немесе) тіркемелер бойынша - Кеден одағына мүше емес мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралының және (немесе) тіркеменің сатып алынғанын растайтын шартта (келісімшартта) немесе өзге де құжатта көрсетілген баға (құн) және тауарлар декларациясында көрсетілген және осындай механикалық көлік құралдарын және (немесе) тіркемелерді әкелу кезінде төленген қосылған құн салығы мен акциз сомасы;
2) Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралдары және тіркемелер бойынша - Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралының және (немесе) тіркеменің сатып алынғанын растайтын шартта (келісімшартта) немесе өзге де құжатта көрсетілген баға (құн) және импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі салық декларациясында көрсетілген және осы Кодексте белгіленген тәртіппен төленген қосылған құн салығы мен акциз сомасы оны сатып алу бағасы (құны) болып табылады.»;
50) 20-тараудың 2-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«§ 2. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысы»;
51) 181-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«181-бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысы
Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысы тиісінше заң көмегін көрсеткені, нотариаттық әрекеттер жасағаны үшін ақы төлеуді қоса алғанда, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық, адвокаттық қызметті, кәсіби медиатордың қызметін жүзеге асырудан алынған барлық табыс түрлері, сондай-ақ қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің алынған сомалары болып табылады.»;
52) 182-баптың 1-тармағымынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табыстары бойынша жеке табыс салығының сомасы әрбір айдың қорытындылары бойынша алынған табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы, бір айда алынған табыстар бойынша есептеледі.»;
53) 183-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары осы Кодекстің 133-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес салық салынатын табысын осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында көзделген қызметпен қамтылған қызметкерлердің салық салынуға жататын, осы Кодекстің 110-бабының 1-тармағына сәйкес шегеруге жатқызылатын табыстары бойынша салық кезеңінде есепке жазылған жұмыс беруші шығыстарының бір еселенген мөлшеріне азайтады.»;
54) тармақша 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2017 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады
54) 184-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түскен, салық салынуға жататын, олар бойынша төлем көзінен жеке табыс салығын ұстау жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғаның салық агентіне анық емес мәліметтерді табыс етуіне байланысты жүргізілмеген табыстар.»;
55) 185-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар;»;
56) 193-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлға төлейтін дивидендтер осындай азайту жүргізілген салық кезеңіне кіретін кезең үшін есепке жазылған жағдайда, мұндай дивидендтер бойынша қолданылмайды;»;
57) 200-1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлға төлейтін дивидендтер осындай азайту жүргізілген салық кезеңіне кіретін кезең үшін есепке жазылған жағдайда, мұндай дивидендтер бойынша қолданылмайды;»;
58) 213-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетуден (халықаралық шартқа сәйкес салық салынуға жатпайтын) және Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында тасымал (тасымалдау) жөніндегі қызметтер көрсетуден (салық салынуға жататын) түсетін табыстар сомасын бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті.»;
59) 225-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, халықаралық шартты қолдану мақсатында, сондай-ақ өзге де мақсаттарда тұлға Қазақстан Республикасының резиденттігін растау үшін осындай тұлға орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына резиденттігін растауға арналған салықтық өтінішті табыс етеді.
Егер тұлға уәкілетті органға сатылы түрде тікелей бағынатын салық органында орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген жағдайда, резиденттігін растауға арналған салықтық өтініш осындай салық органына табыс етіледі.
Бұл ретте төменде көрсетілген тұлғалар салық органына резиденттігін растауға арналған салықтық өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) өзінің тиімді басқару орнының Қазақстан Республикасында орналасуы негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға - заңды тұлғаны тиімді басқару орнының (нақты басқару органы орналасқан жер) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың (өткізілген орны көрсетіле отырып, директорлар кеңесінің немесе осы сияқты органның жалпы жиналысы хаттамасының немесе негізгі басқару және (немесе) бақылау, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау орнын растайтын өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшірмесін;
2) резидент болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы - жеке куәлігінің немесе Қазақстан Республикасы паспортының көшірмесін;
3) резидент болып табылатын шетелдік және азаматтығы жоқ адам:
шетел паспортының немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің;
Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың (бар болса);
Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.»;
60) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
60) 230-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Кодекстің 241-бабында белгіленген жағдайда бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша қосылған құн салығын төлеуші жасаған айналым салық салынатын айналым болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Мынадай шарттардың бірі сақталған кезде:
бейрезидент заңды тұлғаның филиалымен, өкілдігімен жасалған келісімшарт болса;
бейрезидент заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі жазып берген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактура болса;
бейрезидент заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі қол қойған орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі болса;
бейрезидент заңды тұлғамен жасалған, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді осындай бейрезидент заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі жүзеге асыратыны көзделген келісімшарт болса;
бейрезидент заңды тұлға қол қойған орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде осындай бейрезидент заңды тұлға филиалының, өкілдігінің жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені көрсетілсе;
орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін табыс бейрезидент заңды тұлғаның филиалына, өкілдігіне төленетін болса, бейрезидент заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды таниды.»;
61) 231-бапта:
61) тармақшаның екінші, үшінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың 2) тармақшасымынадай редакцияда жазылсын:
«2) тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде төлемді бөліптөлеу және (немесе) басқа тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге айырбастау шартымен тауарды тиеп-жөнелтуді;»;
3-тармақ 17) тармақшасындағы «өтеусіз беруі өткізу бойынша айналым болып табылмайды.» деген сөздер «өтеусіз беруі;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18), 19), 20), 21) және 22) тармақшалармен толықтырылысын:
61) тармақшаның бесінші абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады
«18) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасының субсидиясы;
19) қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымның тек қана осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағының екінші абзацында көрсетілген заңды тұлғаның қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджеттен төлемдер алуы;
20) осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағының екінші абзацында көрсетілген заңды тұлғаның нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджеттен осы тармақтың 19) тармақшасында көрсетілген коммерциялық емес ұйым алған ақшаны осындай коммерциялық емес ұйымнан алуы;
21) концессионердің мемлекеттік меншіктегі объектіні тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақыны қолдана отырып, пайдалануды жүзеге асыруы;
22) концессионердің концессия объектісін тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақыны қолдана отырып, басқаруы өткізу бойынша айналым болып табылмайды.»;
62) 236-баптың 2-тармағында:
4) тармақшада:
62) тармақшаның үшінші, төртінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелудің негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюдың негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.»;
төртінші бөліктің оныншы абзацы алып тасталсын;
62) тармақшаның алтыншы - сегізінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы баптың осы тармағының 1) - 4) тармақшаларында және 4-тармағында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететiн тұлғаның кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа қызметтi жүзеге асыратын орны жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу орны болып танылады.
Осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін тұлға әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелудің негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюдың негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, осындай тұлғаның кәсіпкерлік немесе басқа қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.»;
63) 237-бапта:
1-1-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта (шот-фактурадан басқа) көрсетілген қол қою күні жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні деп танылады.»;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кредит (қарыз, микрокредит) беру, теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк багажын және поштаны тасымалдау бойынша қызметтерді көрсету, банк операцияларын жүзеге асыру кезінде мына күндердің неғұрлым ертерегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады:»;
мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:
«2-3. Күнтізбелік айдың соңына дейін осындай ай ішінде орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісіне қол қойылмаған, бірақ осындай ай үшін ақы төлеу жүргізілген жағдайда, мүлікті уақытша иелік етуге және пайдалануға ұсынған (берген) кезде осындай күнтізбелік айдың соңғы күні жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.»;
63) тармақшаның сегізінші, тоғызыншы абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Күнтізбелік жыл ішінде осы баптың 1-1-тармағы екінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттар болмаған кезде:»;
мынадай мазмұндағы 11 және 12-тармақтармен толықтырылсын:
«11. Түзетілген шот-фактура бойынша өткізу айналымын жасау күні күші жойылатын шот-фактурада көрсетілген айналым жасау күні бойынша айқындалады.
12. Қосымша шот-фактура бойынша өткізу айналымын жасау күні:
1) осы Кодекстің 265-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайда - осы Кодекстің 239-бабында көзделген жағдайлар басталған күн бойынша;
2) осы Кодекстің 265-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда - қосымша шот-фактура жазып берілген күн бойынша, бірақ осы Кодекстің 265-бабына сәйкес қосымша шот-фактура жазып берілуге тиіс болатын кезең аяқталған күннен кешіктірілмейтін күн бойынша айқындалады.»;
64) 238-бап мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Шығу туризмі бойынша туроператор қызметтерін көрсету кезінде салық салынатын айналым мөлшері туристік өнімді өткізу құны мен жолаушыларды сақтандыру, әуе көлігімен тасымалдау және тұру, оның ішінде, егер тұру құнына қосылған болса, тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер құнының арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;
65) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
65) 241-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«241-бап. Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде салық салынатын айналым»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, бейрезидент ұсынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, егер оларды өткiзу орны Қазақстан Республикасы болып табылса, Қазақстан Республикасы салық төлеушiсiнiң айналымы болып табылады және оларға осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салынуға жатады.»;
6-тармақ 4) тармақшасындағы «жатпайтын болса, осы баптың ережелері қолданылмайды.» деген сөздер «жатпайтын болса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы Кодекстің 230-бабының 1-2-тармағына сәйкес, бейрезидент заңды тұлға филиалының, өкілдігінің айналымы болып табылса, осы баптың ережелері қолданылмайды.»;
66) 244-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актiлерi, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға қабылдап алу-беру актiлерi;»;
67) 248-баптың екінші бөлігі 24) тармақшасындағы «өткізуі бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.» деген сөздер «өткізуі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
«25) келу туризмі бойынша туроператордың көрсетілетін қызметтерін өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.»;
68) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
68) 254-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар бойынша айналымдар:»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (оның ішінде лицензиялауға жатпайтын медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде) медициналық көмек нысанындағы көрсетілетін қызметтерді өткізген;»;
мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы көрсететін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы көрсетілетін қызметтерді өткізген;
5) мыналар:
ветеринария саласында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар;
Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасында көзделген, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызмет жүзеге асыруға арналған рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген жеке және заңды тұлғалар;
Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринария ұйымдары ветеринария саласында көрсететін қызметтерді өткізген жағдайларда, қосылған құн салығынан босатылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.»;
69) 255-баптың 1-тармағында:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мыналар:
Қазақстан Республикасы Дәрілік заттарының, медициналық мақсаттағы бұйымдары мен медициналық техникасының мемлекеттік тізілімінде тіркелген;
Қазақстан Республикасы Дәрілік заттарының, медициналық мақсаттағы бұйымдары мен медициналық техникасының мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген кез келген нысандағы дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника импорты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін кез келген нысандағы дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық техникаға сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының «фармацевтикалық өнім» тобында көрсетілген тауарлар жатады;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттар; ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар және ветеринариялық техника, мүгедектерге берілетін протездік-ортопедиялық бұйымдарды, арнайы қозғалыс құралдарын қоса алғанда, сурдотифлотехника; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдар, жабдықтар және жинақтаушы материалдар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;»;
70) 256-бапта:
2-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресiмделген тауарлар декларациясында көрсетiлген, белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетiне төленген және кедендік рәсімнің шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:
тасымалдаушы берген отырғызу талоны болса;
электрондық жол жүру құжаты құнының төлену фактісін растайтын құжат болса, салық төлеуші тасымалдаушының сәйкестендіру нөмірі мен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлігінің нөмірі көрсетіле отырып, теміржол көлігінде берілетін электрондық жол жүру құжатында бөлек белгіленген;»;
мынадай мазмұндағы 3-4, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«3-4. Осы Кодекстің 237-бабының 2 және 2-3-тармақтарында көзделген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша (осы Кодекске сәйкес шот-фактураны жазып беру талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда) қосылған құн салығы шот-фактураны жазып беру тура келетiн салық кезеңiнде есепке жатқызылады.»;
70) тармақшаның он бірінші абзацы 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«7. Электрондық түрде жазып берілген шот-фактурадағы қосылған құн салығын есепке жатқызу мақсаттары үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға қатысты осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 2-1) және 3) тармақшаларында көзделген деректемелерді көрсету міндетті болып табылмайды.
8. Осы бөлімнің мақсаттары үшін, алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін төленуге жататын қосылған құн салығы сомаларын есепке жатқызуға бірнеше негіз болған кезде қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызу неғұрлым ертеректегі негіз бойынша бір рет жүргізіледі.»;
71) 257-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) соттың үкімінде немесе қаулысында көрсетілмеген салық төлеушімен жасалған не сот азаматтық-құқықтық тәртіппен жарамды деп таныған мәмілелер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомаларын қоспағанда, соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша;»;
72) 262-бап мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:
«2-3. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензиясы бар дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туроператор қызметтерін көрсету мақсатындағы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алуды басқа қызметтен бөлек жүргізеді. Туроператор қызметтерін көрсету мақсатындағы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алу осы Кодекстің 248-бабының 25) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған айналым және салық салынатын айналым бойынша бөлек жүргізіледі.»;
73) 263-бапта:
73) тармақшаның екінші - отыз жетінші абзацтары 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақтың бірінші бөлігінде: