2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның қатысуымен қаралады. Аталған адамға iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiстi түрде хабарланғаны туралы деректер болған және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiш түспеген ретте ғана iс оның өзi болмаған жағдайда қаралуы мүмкiн.
3. Он сегіз жасқа толмаған адам жасаған не жасалуы әкімшілік қамауға алу, сондай-ақ шетелдікті не азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік шығарып жіберу немесе адамға берілген арнайы құқықтан (көлік құралдарын басқару құқығын қоспағанда) айыру түріндегі әкімшілік жазаға әкеп соқтыратын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде әкімшілік жауапқа тартылып отырған адамның қатысуы міндетті.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде аталған адамдар іс жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда, бұл адамды мәжбүрлеп алып келу іске асырылуы мүмкін.
Алып келу туралы сот ұйғарымын сот приставы немесе ішкі істер органдары; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын органның (лауазымды адамның) ұйғарымын ішкі істер органдары (полиция) орындайды.
5. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан кәмелетке толмаған адам, талқылануы оған терiс әсер етуi мүмкiн iстiң мән-жайын қарау кезiнде уақытша шығарыла тұруы мүмкiн.
Ескерту. Осы Кодексте тиісінше хабарлау (хабардар ету) деп оның тікелей өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне қолы қойылып, тапсырылғаны туралы жөнелтушіге қайтарылуы тиіс тапсырыстық хатпен, жеделхатпен табыс етілген хабарлама танылады. Заңды тұлғаға жіберілген хабарлама өзінің тегін, аты-жөні мен лауазымын көрсетіп, қолы қойылған заңды тұлғаның басшысына немесе қызметкеріне табыс етіледі.
Осы Кодексте тиісінше хабарлау (хабардар ету) деп салық қызметінің органы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға электрондық тәсілмен жіберген хабарлама (хабардар ету) да танылады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 585-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
585-бап. Жәбірленушi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан тән жарақатын алған, мүлiктiк немесе моральдық жағынан зақым келтiрiлген жеке немесе заңды тұлға жәбірленушi болып табылады.
2. Жәбірленушi iстiң барлық материалдарымен танысуға, түсiнiктеме беруге, дәлелдемелер табыс етуге, өтiнiш және қарсылық мәлiмдеуге, өкiл ұстауға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымдануға, өзiне осы Кодекспен берiлген өзге де iс жүргiзу құқықтарын пайдалануға құқылы.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жәбірленушiнiң қатысуымен қаралады. Ол адамға iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiстi түрде хабарланғаны туралы деректер болған және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiш түспеген ретте ғана iс оның өзi болмағанда қаралуы мүмкiн.
4. Жәбiрленушiден осы Кодекстiң 594-бабында көзделген тәртiппен куә ретiнде жауап алынуы мүмкiн. Егер жәбiрленушi заңды тұлға болса, куә ретiнде оның өкiлiнен жауап алынуы мүмкiн.
586-бап. Жеке адамның заңды өкiлдерi
1. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан жеке адамның немесе кәмелетке толмаған не тән саулығына немесе психикалық жай-күйiне байланысты өз құқықтарын өз бетінше жүзеге асыру мүмкiндiгiнен айрылған жәбірленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды олардың заңды өкiлдерi жүзеге асырады.
2. Жеке адамның ата-анасы, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары және қорғаншысы немесе асыраушысы болып отырған өзге де адамдар оның заңды өкiлдерi болып табылады.
3. Жеке адамның заңды өкiлдерi болып табылатын адамдардың туысқандық байланыстары немесе тиiстi өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құжаттармен куәландырылады.
4. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан жеке адамның заңды өкiлi әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамды әкiмшiлiк ұстау кезiнен немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезден бастап iске қатысуға жiберiледi.
5. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан жеке адамның және жәбірленушiнiң заңды өкiлдерiнiң өздерi өкiл болып отырған адамдарға қатысты осы Кодексте көзделген құқықтары болады және сондай мiндеттердi өз мойнына алады.
6. Он сегiз жасқа толмаған адам жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралған кезде оның заңды өкiлiнiң қатысуы мiндеттi. Кәмелетке толмаған адамның заңды өкiлi келуден жалтарған жағдайда оған iшкi iстер органының (полицияның) алып келуi қолданылуы мүмкiн.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 587-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 587-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
587-бап. Заңды тұлғаның өкілдері
1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан немесе жәбiрленушi болып табылатын заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды оның өкiлдерi жүзеге асырады.
2. Заңды тұлғаның атынан іс-әрекет жасайтын заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаның заңды өкiлi болып табылады. Заңды тұлғаның заңды өкiлiнің өкiлеттiктерi оның қызметтiк жағдайын куәландыратын құжаттармен расталады.
Заңды тұлғаның мүддесін білдіретін өзге де тұлғалар тапсырма бойынша өкілдер болып табылады, олардың өкілеттіктері заңды тұлғаның атқарушы органы заңды тұлғаның атынан беретін және атқарушы органның басшысы қол қоятын сенімхатта айқындалады.
3. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлға және жәбірленуші өкiлдерінің өздері өкілдері болып отырған тұлғаларға қатысты осы Кодексте көзделген құқықтары болады және міндеттерді өз мойнына алады.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлға өкiлiнiң қатысуымен қаралады. Аталған адамға iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiстi түрде хабарланғаны туралы деректер болған жағдайларда ғана, егер одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат түспесе, iс оның өзi болмаған кезінде қаралуы мүмкiн.
5. Жасалуы әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты тәркiлеу немесе ақысын төлеп алып қою не әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстердi (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу түрiндегi әкiмшiлiк жазаға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын заңды тұлға өкiлiнiң қатысуы мiндеттi.
6. Заңды тұлғаның өкiлi iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда аталған адамға iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер органының (полицияның) алып келуi қолданылуы мүмкiн.
2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 588-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
588-бап. Қорғаушы
1. Қорғаушы - әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамның құқықтары мен мүдделерiн заңда белгiленген тәртiппен қорғауды жүзеге асыратын және оған заң көмегiн көрсететiн адам.
2. Қорғаушы ретiнде адвокаттар, әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкiлдерi жiберiледi. Егер заңда белгiленген тәртiппен өзара қатынас негiзiнде Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен халықаралық шартында көзделсе, шетелдiк адвокаттар iске қорғаушы ретiнде қатысуға жiберiледi.
3. Қорғаушы әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамды әкiмшiлiк ұстау кезiнен немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезден бастап iске қатысуға араластырылады.
4. Егер бірiнiң мүдделерi екiншiсiнiң мүдделерiне қайшы келсе, әкiмшiлiк жауапқа тартылатын екi адамға бір адамды қорғаушы етуге болмайды.
5. Адвокаттың әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамды өз мойнына алған қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 123-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 589-бап өзгертілді
589-бап. Қорғаушының мiндеттi түрде қатысуы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге мынадай жағдайларда, егер:
1) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам бұл жөнiнде өтiнiш жасаса;
2) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам дене немесе психикалық кемiстiктерi салдарынан өзiн қорғау құқығын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын болса;
3) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе;
4) iстiң материалдарында әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамға медициналық сипатта мәжбүрлеу шаралары белгiленуi мүмкiн деп пайымдайтын деректер болса;
5) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам кәмелетке толмаған болса, қорғаушының қатысуы мiндеттi.
2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар болған жағдайда қорғаушыны әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылатын тұлғаның өзi, оның заңды өкiлдерi, сондай-ақ оның тапсыруымен басқа тұлғалар шақырмаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) iс жүргiзудiң тиiстi сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, бұл туралы олар қаулы шығарады. Қаулы орындау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасына немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі және алынған кезінен бастап жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімде орындалуға жатады.
2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 123-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 590-бап өзгертілді
590-бап. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегiне ақы төлеу
1. Қорғаушыны, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам, оның өкiлдерi, сондай-ақ өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тапсыруымен немесе келiсуiмен басқа да адамдар шақырады. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам қорғау үшiн бiрнеше қорғаушы шақыруға құқылы.
2. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның өтiнуi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) қорғаушының қатысуын қамтамасыз етедi.
3. Таңдалған немесе тағайындалған қорғаушының қатысуы мүмкiн болмаған жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамға жиырма төрт сағат iшiнде басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолдануға құқылы. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) қорғаушы ретiнде белгiлi бір адамды шақыруға ұсыныс айтуға құқығы жоқ.
4. Әкiмшiлiк ұстау жағдайында, егер өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам таңдаған қорғаушының үш сағат iшiнде келуi мүмкiн болмаса, өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) басқа қорғаушы шақыруды ұсынады, ал одан бас тартылған жағдайда адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушыны тағайындауға шаралар қолданады.
5. Адвокаттың еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) оған негiздер болған жағдайда өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлетін тұлғаны заң көмегiне ақы төлеуден босатуға міндетті. Бұл жағдайда еңбекке ақы төлеу бюджет қаражаты есебiнен жүргізіледi.
6. Осы Кодекстiң 589-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген, адвокат іс бойынша iс жүргiзуге тағайындау арқылы қатысқан жағдайда да адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу жөніндегі шығыстар бюджет қаражаты есебiнен жүргізіледі.
7. Адвокат қорғаушы ретінде адвокаттың куәлігін және нақты істі жүргізуге оның өкілеттігін куәландыратын ордерді көрсетуі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысуға жіберіледі. Осы Кодекстің 588-бабының екінші бөлігінде аталған басқа да адамдар қорғаушы ретінде олардың іске қатысу құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлігін, сондай-ақ осы Кодекстің 586-бабының үшінші бөлігінде және 587-бабының үшінші бөлігінде аталған құжаттарды) тапсырады.
591-бап. Қорғаушыдан бас тарту
1. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам iс жүргiзудiң кез келген кезiнде қорғаушыдан бас тартуға құқылы, бұл оның өзiн қорғауды өз бетінше жүзеге асыру ниетiн бiлдiредi. Заң көмегiне ақы төлеуге қаражаты жоқтығын сылтау етiп қорғаушыдан бас тарту қабылданбайды. Бас тарту жазбаша түрде ресiмделедi.
2. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның қорғаушыдан бас тартуы оны бұдан былай қорғаушыны iске қатысуға жiберу туралы өтiнiш жасау құқығынан айырмайды. Қорғаушының iске кiрiсуi сол уақытқа дейiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау барысында жасалған әрекеттердi қайталауға әкеп соқпайды.
592-бап. Қорғаушының өкiлеттiгi
1. Қорғаушы iстiң барлық материалдарымен танысуға; iстi қарауға қатысуға; дәлелдемелер табыс етуге, өтiнiш мәлiмдеуге және қарсылық бiлдiруге; iстердi қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) рұқсатымен iстiң қаралу процесiнде жауап берушiге сұрақтар қоюға; iс жүргiзудi қамтамасыз етуге қолданылатын шаралар және iс бойынша қаулы жөнiнде шағымдануға; өзiне заңмен берiлген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
2. Қорғаушының: қорғалушының мүдделерiне қарсы қандай да болсын iс-әрекеттер жасауға және оның өз құқықтарын жүзеге асыруына кедергi келтiруге; қорғалушының көзқарасына қарамастан, оның әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа қатыстылығын және оны жасауға кiнәлiлiгiн тануға, қорғалушының жәбірленушiмен татуласқандығы туралы мәлiмдеуге; қорғалушының берген шағымы мен өтiнiшiн қайтарып алуға; заң көмегiн сұрау мен оның жүзеге асырылуына байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi жария етуге құқы жоқ.
593-бап. Жәбірленушiнiң өкiлi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзу кезiнде заң жүзiнде құқығы бар адвокаттар мен өзге де адамдар жәбірленушiнiң заңды мүдделерiн бiлдiретiн өкiл бола алады.
2. Жәбірленушi өкiлдерiнiң өздерi өкiл болып отырған жеке және заңды тұлғалармен осы Кодексте көзделген шекте iс жүргiзу құқықтары бірдей болады.
3. Өкiлдiң өзi өкiлi болып отырған адамның мүдделерiне қайшы қандай да бір iс-әрекеттер жасауға құқығы жоқ.
4. Жәбірленушiнiң iсiне жеке қатысы оны осы iс бойынша өкiл алу құқығынан айырмайды.
2004.28.12 № 24-III ҚР Заңымен 594-бап өзгертілді
594-бап. Куә
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша куә ретiнде, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, осы iс үшiн маңызы бар мән-жайлардан хабардар болуы мүмкiн кез келген адам шақырылуы мүмкiн.
2. Куә: өзiне, жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына қарсы айғақ беруден бас тартуға, өз айғақтарының тиiстi хаттамаға енгiзiлуiнiң дұрыстығы жөнiнде мәлiмдеме және ескерту жасауға; iстi қарау кезiнде ана тілінде сөйлеуге; аудармашының көмегiн тегiн пайдалануға құқылы.
3. Куә әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыртуы бойынша келуге, өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайдың бәрiн шынайы түрде хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап қайтаруға, өзi берген айғақтардың тиiстi хаттамаға енгiзiлуiнiң дұрыстығын өзi қол қойып куәландыруға мiндеттi.
4. Куәға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi органға (лауазымды адамға) айғақтар беруден жалтарғаны немесе одан бас тартқаны, көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiгi туралы және сотта осы әрекеттердi жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертiледi.
5. Куә әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыртуы бойынша келуден жалтарған жағдайда судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде оны iшкi iстер органдары (полиция) алып келуi мүмкiн.
6. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған куәға сауал қою кезiнде педагогтiң немесе психологтың қатысуы мiндеттi. Қажет болған жағдайда сауал қою осындай куәның заңды өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi.
595-бап. Куәгер
1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, iстiң қорытындысына мүдделi емес, өзi қатысып тұрған кездегi iс-әрекеттердi толық және дұрыс ұғынуға қабiлеттi кәмелетке толған адам куәгер ретiнде тартылады.
2. Куәгердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысуы жеке адамды тексерiп қарау, көлiк құралын, заттарды тексерiп қарау, жеке адамда болған құжаттар мен заттарды алып қою, заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайлар мен мүлiктi қарап шығу, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiктi алып қою туралы хаттамаларда көрсетiледi.
3. Куәгер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан лауазымды адамның шақыруы бойынша келуге, осы iстiң жүргiзiлуiне қатысуға және өзiнiң қатысуымен жасалған iс-әрекеттердiң жүзеге асырылу фактілерін, олардың мазмұны мен нәтижелерiн тиiстi хаттамаға өзi қол қойып куәландыруға мiндеттi.
4. Куәгердiң жасалған iс-әрекеттер жөнiнде хаттамаға енгiзiлуге тиiстi мәлiмдемелер мен ескертпелер жасауға құқығы бар.
5. Қажет болған жағдайда куәгерден осы Кодекстiң 594-бабында көзделген тәртiппен куә ретiнде жауап алынуы мүмкiн.
2006.04.07. № 151-III ҚР Заңымен 596-бап өзгертілді
596-бап. Маман
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге маман ретiнде қатысуға дәлелдемелердi жинауға, зерттеуге және бағалауға, сондай-ақ техникалық құралдарды пайдалануға жәрдем көрсету үшiн қажеттi арнаулы білімi бар және машықтанған, iстiң қорытындысына мүдделi емес кез келген кәмелетке толған адамды тағайындауға болады.
2. Маман: өзiнiң шақырылу мақсатын бiлуге; егер тиiсiнше арнаулы білімi мен машығы болмаса, iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға; өзiнiң қатысуымен жасалатын, iс жүргiзу әрекетiне қатысты iстiң материалдарымен танысуға; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) рұқсатымен iс жүргiзу әрекеттерiне қатысушыларға сұрақтар қоюға; салыстырма зерттеулерді қоспағанда, iс жүргiзу әрекеттерi шеңберiнде iс жүргiзу әрекеттерi хаттамасының бір бөлiгi болып табылатын хаттамада не ресми құжатта iстiң барысы мен нәтижелерi көрсетiлген iс материалдарына зерттеу жүргiзуге; өзi қатысқан iс жүргiзу әрекетiнiң хаттамасымен танысуға және өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген әрекеттiң барысы мен нәтижелерi көрсетiлуiнiң толық және дұрыс екендiгi жөнiнде хаттамаға енгiзiлуi қажеттi мәлiмдемелер мен ескертпелер жасауға құқылы.
3. Маман: әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге; арнаулы білімiн, машығын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, iс жүргiзу әрекеттерiне қатысуға; өзi жасаған әрекеттер бойынша түсiнiк беруге; аталған әрекеттердiң жасалу фактiсiн, олардың мазмұны мен нәтижелерiн өзi қол қойып куәландыруға мiндеттi.
ҚР 06.11.01 ж. № 251-II Заңымен 597-бап өзгертілді; 2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен 597-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 113-V ҚР Заңымен 597-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
597-бап. Сарапшы
1. Арнаулы ғылыми білімі бар, іске мүдделі емес адам сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін. Сот сараптамасын жүргізу:
1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;
2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаларға;
3) заң талаптарына сәйкес біржолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.
2. Сарапшы: сараптама нысанасына қатысты іс материалдарымен танысуға; қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы өтінішті мәлімдеуге; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізетін органның (лауазымды адамның) рұқсатымен іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге қатысуға және оларға қатысушы адамдарға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға; өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаларға енгізілуге тиісті ескертпелер жасауға; сот сараптамасын тағайындаған судьяның, органның (лауазымды адамның) келісімі бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, азаматтық іс үшін маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымда қамтылған мәселелердің шегінен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыреті шегінде қорытынды беруге; ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; аудармашыдан бас тартуды мәлімдеуге; сараптама жүргізу кезінде соттың және іс жүргізуге қатысушы өзге де адамдардың өзінің құқықтарына нұқсан келтіретін шешімдері мен әрекеттеріне шағым жасауға; сараптама жүргізу кезінде шеккен шығыстарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқылы.
3. Сарапшы: әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізетін судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге; өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге; өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген жазбаша қорытынды беруге; осы Кодекстің 611-бабының он үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда, қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді жазбаша хабарлама жасауға және оны сот сараптамасын тағайындаған органға (лауазымды адамға) жіберуге; жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге; зерттеліп жатқан объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге; істің мән-жайы туралы мәліметтерді және сот сараптамасын жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге міндетті.